ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 37) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды, күрделі жөндеуді қаржыландыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі бұйрығының, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі бұйрығының және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының бұйрығының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі бұйрығының құрылымдық элементінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Инвестициялық саясат және инфрақұрылымды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6. Мыналар:
1) 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қағидалардың 8-тармағының 2) тармақшасы, 14-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"2) мемлекеттік орта білім беру объектілерін салу кезінде олардың орналасқан жерін және жобалық қуатын Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінің 76-бабы бойынша елді мекенді дамытудың бас жоспарына сәйкес айқындайды;";
"1) Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 18-бабына, оның ішінде елді мекен аумағын функционалдық аймақтарға бөлу талаптарына сәйкес мемлекеттік орта білім беру объектілерін салу және реконструкциялау кезінде жер учаскесін айқындау;";
2) 2026 жылғы 12 шілдеден бастап Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"1) мемлекеттік орта білім беру объектілерін салуға, реконструкциялауға және күрделі жөндеуге қажеттілікті осы Қағидалардың 4 және 7-тармақтарында көзделген өлшемшарттарды ескере отырып және "Ұлттық білім беру деректер қоры" цифрлық жүйесінің білім алушылардың саны, контингенттің болжамы, орта білім беру ұйымдарының жобалық қуаты, олардың нақты толымдылығы, оқушы орындары тапшылығының болуы, үш ауысымды оқыту, мектептердің авариялық жай-күйі, бейімделген ғимараттардың саны, орта білім беру ұйымдарында жүргізілген күрделі жөндеулер туралы мәліметтері негізінде талдауды жүзеге асырады;".
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі |
Ж. Сулейменова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2026 жылғы 3 маусымдағы № 153-НҚ бұйрығына 1-қосымша |
Мемлекеттік орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды, күрделі жөндеуді қаржыландыру және жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды, күрделі жөндеуді қаржыландыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 37) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды, күрделі жөндеуді қаржыландыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
2-тарау. Мемлекеттік орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды және күрделі жөндеуді қаржыландыру тәртібі
2. Мемлекеттік орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды және күрделі жөндеуді қаржыландыру жергілікті бюджеттер қаражаты, жеке инвестициялар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік орта білім беру объектілерін салуды және реконструкциялауды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру мынадай өлшемшарттар бойынша жүзеге асырылады:
1) мемлекеттік орта білім беру объектілерін салу үшін:
оқушы орындарының тапшылығын жою;
мемлекеттік орта білім беру объектілерінде үш ауысымды оқыту проблемасын шешу;
мемлекеттік орта білім беру объектілері жоқ елді мекендердің тұрғын үй аймақтарында мемлекеттік орта білім беру объектілерін салу;
бейімделген ғимараттарда орналасқан мемлекеттік орта білім беру объектілерін типтік ғимараттарға көшіру (ауыстыру);
спорт, акт залдарын, асханаларды және тамақтану блогын, кітапханаларды салу, оның ішінде бейімделген ғимараттарда салу;
2) мемлекеттік орта білім беру объектілерін реконструкциялау үшін:
қолданыстағы орта білім берудің мемлекеттік объектілерінің ғимараттарын құрылыс, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық, қауіпсіздік талаптарына, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету талаптарына сәйкес келтіру;
оқушы орындарының тапшылығын азайту және екі ауысымды оқыту режиміне көшуді қамтамасыз ету мақсатында қолданыстағы мемлекеттік орта білім беру объектілерінің жобалық қуатын ұлғайту (оның ішінде қосымша құрылыстар салу және (немесе) үстеме қабаттар салу есебінен);
оқу жағдайларын, оның ішінде бейімделген ғимараттардағы оқу жағдайларын жақсарту үшін спорт, акт залдарын, асханалар мен тамақтану блогын, кітапханалар салу мақсатында қолданыстағы мемлекеттік орта білім беру объектілері ғимараттарының көлемдік-жоспарлау және функционалдық сипаттамаларын өзгерту (оның ішінде қайта салу және (немесе) қайта жоспарлау арқылы).
4. Мемлекеттік орта білім беру объектілерін салуға мынадай көрсеткіштермен расталған қажеттілік негіз болып табылады:
1) оқушы орындарының ағымдағы және болжамды тапшылығы;
2) үш ауысымды мемлекеттік орта білім беру объектілерінің саны;
3) авариялық жағдайдағы мемлекеттік орта білім беру объектілерінің саны;
4) ескірген ғимараттарда орналасқан мемлекеттік орта білім беру объектілерінің саны;
5) бейімделген ғимараттарда орналасқан мемлекеттік орта білім беру объектілерінің саны;
6) білім алушылардың табиғи өсімі;
7) мемлекеттік орта білім беру объектілерінің қамтамасыз етілуінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 2 қыркүйектегі № 710 қаулысымен бекітілген Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесіне (бұдан әрі – Өңірлік стандарттар жүйесі) сәйкестігі;
8) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 6 мамырдағы №185 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №27968 болып тіркелген) бекітілген Халықтың тығыздығына және елді мекендердің қашықтығына қарай білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативіне (бұдан әрі – білім беру ұйымдар желісі) сәйкестігі.
5. Оқушы орындарының ағымдағы тапшылығы жөніндегі деректерді жергілікті атқарушы орган мынадай формула бойынша есептейді:
Dc=P*Cs-K |
мұндағы:
Dc – елді мекен бойынша ағымдағы оқушы орындарының тапшылығы;
P – елді мекен бойынша қолданыстағы орта білім беру объектілерінің жобалық қуаты;
Cs – ауысым коэффициенті;
К – елді мекен бойынша орта білім беру объектілерінің 1–11 (12) сыныптарындағы білім алушылардың ағымдағы контингенті.
Cs ауысым коэффициенті мыналарға тең:
2003 жылға дейін пайдалануға берілген мемлекеттік орта білім беру объектілері үшін – 1,5;
2003 жылдан кейін пайдалануға берілген мемлекеттік орта білім беру объектілері үшін – 2;
жекеменшік орта білім беру объектілері үшін – 1.
6. Оқушы орындарының болжамды тапшылығын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
Dр = К * Segr - Р * Сs - On |
мұндағы:
Dр – елді мекен бойынша ағымдағы жылға болжанған оқушы орындарының тапшылығы;
Segr – елді мекен бойынша білім алушылар контингенті өсімінің коэффициенті;
On – тапшылықты есептеу жылында елді мекен бойынша жаңа оқушы орындарын енгізу. Екінші және одан кейінгі жылдарға орта білім беру объектілерінің тапшылығын есептеу кезінде өткен жылы енгізу жоспарланған объектілер пайдалануға берілген деп қабылданады;
Segr мынадай формуламен анықталады:
Segr = К / К 1 + Т |
мұндағы:
K₋1 – елді мекен бойынша өткен жылғы білім алушылар контингенті;
T – соңғы бес жылдағы өсу тренді, ол мынадай формула бойынша есептеледі:
Т = (Тпр+ Тпр 1 + Тпр 2)/3 |
мұндағы:
Tөсім, Tөсім-1, Tөсім-2 – елді мекен бойынша соңғы бес жылдағы өсім тренді.
Tөсім мынадай формула бойынша анықталады:
Төсім= К/К 1 - К 1/К 2 |
Tөсім-1 мынадай формула бойынша анықталады:
Төсім 1 = К 1/К 2 - К 2/К 3 |
Tөсім-2 мынадай формула бойынша анықталады:
Төсім 2 = К 2/К 3 - К 3/К 4 |
мұндағы:
K₋1 – елді мекен бойынша өткен жылғы білім алушылар контингенті;
K₋2 – елді мекен бойынша К1 жылының алдындағы (есепті кезеңге дейінгі екі жыл бұрынғы) білім алушылар контингенті;
K₋3 – елді мекен бойынша К2 жылының алдындағы (есепті кезеңге дейінгі үш жыл бұрынғы) білім алушылар контингенті;
K₋4 – елді мекен бойынша К3 жылының алдындағы (есепті кезеңге дейінгі төрт жыл бұрынғы) білім алушылар контингенті.
On мынадай формула бойынша анықталады:
On = Sgov * Сs + Spr * Сs |
Орта білім беру объектілерінің ағымдағы контингенті (Кp), қолданыстағы орта білім беру объектілерінің ағымдағы жобалық қуаты (Рs) жөніндегі дереккөздер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 570 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8369 болып тіркелген) бекітілген Білім беру мониторингінің шеңберіндегі әкімшілік деректер болып табылады.
Жаңа оқушы орындарын енгізу (On) жөніндегі дереккөздер жергілікті атқарушы органдардың деректері болып табылады.
Sgov – енгізу жоспарланып отырған мемлекеттік орта білім беру объектілерінің жобалық қуаты;
Spr – енгізу жоспарланып отырған жекеменшік орта білім беру объектілерінің жобалық қуаты.
7. Мемлекеттік орта білім беру объектілерін күрделі жөндеуді жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландыру мынадай өлшемшарттар бойынша жүзеге асырылады:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 702 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12425 болып тіркелген) бекітілген Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жөніндегі сараптамалық қорытынды (бұдан әрі – Сараптамалық қорытынды) негізінде тозу деңгейі 60 % (алпыс) және одан жоғары мемлекеттік орта білім беру объектілеріне күрделі жөндеу жүргізу;
2) Сараптамалық қорытынды болған жағдайда, пайдалануға берілген сәттен бастап күрделі жөндеу жүргізілмеген, пайдалану мерзімі елу жылдан асқан мемлекеттік орта білім беру объектілерінде күрделі жөндеу жүргізу;
3) Сараптамалық қорытынды болған жағдайда, шекаралас елді мекендерде орналасқан мемлекеттік орта білім беру объектілеріне күрделі жөндеу жүргізу;
4) Сараптамалық қорытынды болған жағдайда, басқа мемлекеттік орта білім беру ұйымдары жоқ ауылдық елді мекендердегі мемлекеттік орта білім беру объектілеріне күрделі жөндеулер жүргізу;
5) Сараптамалық қорытынды болған жағдайда, білім алушылардың жүктемесі жобалық қуаттан 100% (жүз) жоғары мемлекеттік орта білім беру объектілеріне күрделі жөндеу жүргізу;
6) Сараптамалық қорытынды болған жағдайда, мемлекеттік орта білім беру объектілеріне күрделі жөндеу жүргізу.
8. Жергілікті атқарушы орган мемлекеттік орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды және күрделі жөндеуді қаржыландыру үшін мынадай шараларды қабылдайды:
1) осы Қағидалардың 4 және 7-тармақтарында көзделген өлшемшарттарды ескере отырып, білім алушылар саны, контингенттің болжамы, жобалық қуаты, нақты толымдылығы, оқушы орындары тапшылығының болуы, үш ауысымды оқыту, сондай-ақ ғимараттардың техникалық жай-күйі туралы деректерді қоса алғанда, "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесінің мәліметтері негізінде мемлекеттік орта білім беру объектілерін салуға, реконструкциялауға және күрделі жөндеуге қажеттілікті талдайды;
2) мемлекеттік орта білім беру объектілерін салу және реконструкциялау кезінде "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабы бойынша сәйкес елді мекенді дамытудың бас жоспарына олардың орналасқан жерін және жобалық қуатын айқындайды;
3) жергілікті бюджет қаражатын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерді (оның ішінде бюджеттен тыс қорлар мен жеке сектор инвестицияларын) қамти отырып, мемлекеттік орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды және күрделі жөндеуді қаржыландыру көздерін айқындайды.
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 1 желтоқсандағы № 128 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ұлттық даму жоспарын, мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) даму жоспарларын әзірлеу, іске асыру, оларға мониторинг және түзету жүргізу әдістемесіне сәйкес облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту жоспарына енгізу үшін құрылыс салуды, реконструкциялауды және күрделі жөндеуді қажет ететін білім беру объектілерінің тізбесін қалыптастырады және оны келісу үшін білім беру саласындағы уәкілетті органға жібереді.
5) Құрылыс салуды, реконструкциялауды және күрделі жөндеуді қажет ететін білім беру объектілері тізбесінің жобасын білім беру саласындағы уәкілетті орган келіп түскен күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде қарайды.
9. Білім беру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік орта білім беру объектілерін салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу тізбесін қарау қорытындылары бойынша оны келісу немесе себептерін көрсете отырып, келісуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
10. Білім беру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік орта білім беру объектілерін салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу тізбесі қабылдамаған жағдайда, жергілікті атқарушы орган мемлекеттік орта білім беру объектілерін салу, реконструкциялау және тізбесіне өзгерістер енгізу немесе келіспеу негіздемесін білім беру саласындағы уәкілетті органның атына жолдау жөнінде шаралар қабылдайды.
11. Мемлекеттік орта білім беру объектілерінің инфрақұрылымын дамытуға арналған бюджеттік қаржыландырудың ең төменгі шекті көлемін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
Sжалпы = S құрылыс1,2,3… + Sжөндеу1,2,3… + Fжарақтандыру 1,2,3… |
мұндағы:
S құрылыс1,2,3…– кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысы бар бекітілген жобалау-сметалық құжаттама және (немесе) жиынтық сметалық есептер негізінде айқындалатын оқушы орындарының тапшылығын жоюға және авариялық объектілерді ауыстыруға бағытталған мемлекеттік орта білім беру объектілерін салуға жұмсалатын шығыстар сомасы.
Sжөндеу1,2,3... – кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысы бар бекітілген жобалау-сметалық құжаттама және (немесе) жиынтық сметалық есептер негізінде айқындалатын мемлекеттік орта білім беру объектілеріне күрделі жөндеу жүргізуге жұмсалатын шығыстар сомасы.
Fжарақтандыру1,2,3… – тиісті жылға мемлекеттік орта білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту және (немесе) жаңғырту үшін қажетті қаржыландырудың жалпы көлемі.
Бес жылдық кезеңнің жекелеген жылындағы мемлекеттік орта білім беру объектілерінің саны елді мекендердің Өңірлік стандарттар жүйесі, Білім беру ұйымдары желісінің нормативі және жергілікті атқарушы орган бекіткен мемлекеттік орта білім беру объектілерін салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу тізбесі бойынша орта білім беру объектілерімен қамтамасыз етілуі ескеріле отырып есептеледі.
12. Орта білім беру объектілерінің инфрақұрылымын дамытуға арналған бюджеттiк қаржыландырудың ең төменгі шекті көлемдерін жоспарлау және бөлінген бюджет қаражатын игеру Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 80-бабының 4-тармағына сәйкес жүргізіледі.
3-тарау. Мемлекеттік орта білім беру объектілерін салудың, реконструкциялаудың және күрделі жөндеудің тәртібі
13. Мемлекеттік орта білім беру объектілерін салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу архитектура, құрылыс және қала құрылысы саласындағы заңнамаға және мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
14. Мемлекеттік орта білім беру объектілерін салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу кезінде жергілікті атқарушы орган мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік орта білім беру объектілерін салу және реконструкциялау кезінде жер учаскесін "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына, оның ішінде елді мекен аумағын функционалдық аймақтарға бөлу талаптарына сәйкес айқындау;
2) мемлекеттік орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды және күрделі жөндеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12684 болып тіркелген) бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына сәйкес жүргізу;
3) мемлекеттік орта білім беру объектілерін реконструкциялауды және күрделі жөндеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 702 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12425 болып тіркелген) бекітілген Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес техникалық зерттеп-қарау нәтижелері негізінде жүргізу;
4) материалдық-техникалық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын құралдармен және жиһаздармен жабдықтау нормаларына (бұдан әрі – Жабдықтау нормалары) сәйкес жүзеге асыру;
5) білім алушылардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27414 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген) талаптарына сәйкес сақтау.
15. Спорт, акт залдары, асханалар мен тамақтану блогы, кітапханалар, оқу аудиторияларын орналастыру үшін жеткілікті алаңдар болмаған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар қосымша корпустар салу не қолданыстағы ғимаратты реконструкциялау (жапсарлас салу, үстеме салу, қайта жоспарлау) жұмыстарын жүзеге асырады.
16. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының объектілеріне күрделі жөндеу жүргізу кезінде ғимараттардың тозығы жеткен элементтерін қалпына келтіру немесе ауыстыру, сейсмикалық қауіпті аймақтардағы ғимараттардың орнықтылығын арттыру, ғимараттардың жоспарлануын жетілдіру, көрсетілетін қызметтердің саны мен сапасын арттыру кезінде экономикалық тұрғыдан орындылығы ескеріле отырып, тозған барлық конструкциялар мен бөлшектердің ақауларын жою, қалпына келтіру немесе оларды пайдалану көрсеткіштерін жақсартатын неғұрлым берік әрі үнемді материалдармен ауыстыру (тас және бетон іргетастарды, көтергіш қабырғалар мен қаңқаларды толық ауыстырудан басқа), жетіспейтін инженерлік жабдық түрлерімен қамтамасыз ету, айналасындағы аумақты абаттандыру, ғимараттарды жылыту (қоршау конструкцияларының жылу қорғау қасиеттерін арттыру жұмыстары), сондай-ақ ғимарат меншік иесінің балансындағы инженерлік желілерді ауыстыру бойынша жөндеу-құрылыс жұмыстары жүргізіледі.
| Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2026 жылғы 3 маусымдағы № 153-НҚ бұйрығына 2-қосымша |
Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі бұйрығының, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі бұйрығының және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының бұйрығының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі бұйрығының құрылымдық элементтерінің тізбесі
1. "Бюджет қаражаты есебінен орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 567 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22029 болып тіркелген);
2. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 567 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 17 ақпандағы № 39 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31916 болып тіркелген);
3. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 567 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 265 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33313 болып тіркелген);
4. Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесінің 40-тармағы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 98 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36060 болып тіркелген).
