"Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың куәсі болған кәмелетке толмағандарды анықтау және оларға көмек көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы ішкі істер |
Қазақстан Республикасы | |
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасының | |
Қазақстан Республикасы |
Зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың куәсі болған кәмелетке толмағандарды анықтау және оларға көмек көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың куәсі болған кәмелетке толмағандарды анықтау және оларға көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың куәсі болған кәмелетке толмағандарды анықтау және оларға көмек көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылды:
1) баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандар – оқу пәндері бойынша үлгермейтін, қадағалаусыз, панасыз қалған, қаңғыбастықпен, қайыр сұраумен айналысатын, білім беру ұйымдарының жарғысын және (немесе) ішкі тәртіп қағидаларын өрескел немесе бірнеше рет бұзатын, бір ай ішінде төрт күн немесе одан да көп уақыт бойы дәлелді себепсіз сабақтарды жүйелі түрде өткізіп жіберетін, әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, алкогольдік, энергетикалық сусындарды, психикаға белсенді әсер ететін заттарды, электрондық тұтыну жүйелерін, темекі бұйымдарын тұтынатын, ойынқұмарлықтан зардап шегетін (лудомания), жүкті, зорлық-зомбылық, қатыгез қарым-қатынас жасаған, жәбірлеген (буллинг) кәмелетке толмағандар, қоғамға жат мінез-құлық жасаған арнайы білім беру ұйымдарының түлектері.
2) кейс-менеджер – өз құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке оңалту жоспары негізінде ведомствоаралық өзара іс-қимылды үйлестіруді және зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа куә болған кәмелетке толмағанды сүйемелдеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органының қызметкері;
3) құқық бұзушылық профилактикасының субъектілері – құқық бұзушылық профилактикасын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдары мен азаматтары.
2-тарау. Зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың куәсі болған кәмелетке толмағандарды анықтау тәртібі
3. Зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың куәсі болған кәмелетке толмағандарды анықтау жүзеге асырылады:
1) жергілікті атқарушы органдармен;
2) ішкі істер органдарымен;
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім басқармасы органдарымен;
4) білім беру ұйымдарымен;
5) қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдармен (бұдан әрі – қорғаншылық органдары);
6) Қазақстан Республикасының Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органдарымен;
7) кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялармен (бұдан әрі – КІҚҚК);
8) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілімен (бұдан әрі – БҚЖӨУ);
9) психологиялық қолдау орталықтарымен;
10) отбасын қолдау орталықтарымен;
11) мобильді топтармен;
12) отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі "111" байланыс орталығымен (бұдан әрі – "111" байланыс орталығы);
13) денсаулық сақтау ұйымдарымен;
14) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы ұйымдармен;
15) прокуратура органдарымен;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған құқық бұзушылық профилактикасының өзге де субъектілерімен.
4. Зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың куәсі болған кәмелетке толмағандарды анықтау мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің өздерінің функционалдық міндеттерін орындауы кезінде;
2) жеке тұлғаларды және (немесе) заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кезінде;
3) өтініштерді қарау кезінде;
4) кәмелетке толмаған баладан, баланың ата-анасынан немесе басқа да заңды өкілдерінен, БҚЖӨУ-ден, "111" байланыс орталығынан ақпарат алу кезінде;
5) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар мен хабарламалардың мониторингі кезінде.
5. Зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың куәсі болған кәмелетке толмағандарды анықтау кезінде келесі кәмелетке толмағандарға ерекше назар аударылады:
1) баса назар аударуды талап ететін;
2) орта білім беру ұйымдары немесе техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог-психологтері мен (немесе) әлеуметтік педагогтері тәуекел тобына алған;
3) отбасын қолдау орталықтары мен психологиялық қолдау орталықтарының сүйемелдеуіне алынған;
4) КІҚҚК отырыстарында қаралған;
5) баланың құқықтарының бұзылуына байланысты олардың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарда бұрын болған;
6) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильді топтары тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін анықтаған;
7) ата-аналары, заңды өкілдері кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) күтіп-бағу жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін.
6. Балаға қатысты қатыгездіктің болу белгілерін бағалау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 123, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 271 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 190 бірлескен бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33002 болып тіркелді) бекітілген әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлеріне сәйкес жүргізіледі.
7. Балаға жасалған зорлық-зомбылықтың, қатыгез қарым-қатынастың, баланың жәбірленуінің (буллинг), сондай-ақ зорлық-зомбылық куәгері болғанының ықтимал белгілеріне дене жарақаттары (көгеру, сызаттар, жаралар), мінез-құлықтың күрт өзгеруі, мазасыздық, депрессия, әлеуметтік оқшаулану белгілері, себепсіз жүйелі түрде сабақтан қалу жатады.
8. Кәмелетке толмаған адамның зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшырауы, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың куәгері болуы анықталған кезде және (немесе) ол туралы ақпарат түскен жағдайда осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген органдар мен ұйымдар ақпаратты дереу ішкі істер органдарына, Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органға, ал ол болмаған жағдайда қамқоршылық және қорғаншылық органдарына, БҚЖӨУ жолдайды.
9. Балаға қатысты жәбірлеу (буллинг) туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 506 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31180 болып тіркелді) (бұдан әрі - № 506 Бұйрық) бекітілген Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларына сәйкес беріледі.
10. Білім беру ұйымдарының қызметкерлері кәмелетке толмағандардың зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа ұшырағанын және (немесе) зорлық-зомбылықтың куәгері болғанын анықтаған және (немесе) ол туралы ақпарат алған жағдайда, бұл фактілер туралы білім беру ұйымының басшысына дереу хабарлайды.
11. Білім беру ұйымының басшысы кәмелетке толмағандардың зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа ұшырағаны, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың куәгері болғаны туралы ақпарат алған кезде:
1) баланың мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, бұл туралы баланың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне дереу хабарлайды;
2) кәмелетке толмағанда медициналық көмек көрсету қажеттігін айғақтайтын белгілер анықталған жағдайда, жедел медициналық жәрдемді дереу шақырады;
3) анықталған және (немесе) ақпарат алынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдау үшін КІҚҚК жолдайды.
12. Қазақстан Республикасының Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органдары, ал ол болмаған жағдайда қорғаншылық органдары:
1) зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа куә болған кәмелетке толмағандар туралы ақпаратты алған сәттен бастап 1 (бір) сағат ішінде оны Қазақстан Республикасының Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органға жолдайды;
2) зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа куә болған кәмелетке толмағандар туралы ақпарат алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде кәмелетке толмағанды алып жүруге жауапты кейс-менеджерді тағайындайды;
3) мобильдік топпен, БҚЖӨУ, психологиялық қолдау орталығымен бірлесіп, дереу оқиға орнына барады, кәмелетке толмағанның тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру актісін жүргізеді;
4) баланың өміріне немесе оның денсаулығына тікелей қатер төнген кезде Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес шаралар қолданады;
5) ата-ана қамқорлығы болмаған жағдайларда баланы баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға орналастыру жөнінде дереу шаралар қабылдайды;
6) анықталған және (немесе) ақпарат алынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдау үшін оны КІҚҚК береді;
7) анықталған және (немесе) ақпарат алынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны балаларға психологиялық көмек көрсету үшін психологиялық қолдау орталығына және олардың қажеттіліктеріне қарай баланың отбасына көмек көрсету және жан-жақты қолдау көрсету үшін отбасын қолдау орталығына береді.
13. БҚЖӨУ зорлық – зомбылыққа, қатыгездікке ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа куә болған кәмелетке толмағандар туралы ақпаратты алған сәттен бастап 1 (бір) сағат ішінде оны Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілге (бұдан әрі – БҚЖУ) береді.
14. "111" байланыс орталығы зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа куә болған кәмелетке толмағандар туралы ақпарат алған кезде:
1) келіп түскен мәселелер бойынша шешудің неғұрлым тиімді жолын айқындау үшін өтініштер бойынша ақпаратты жинауды және өңдеуді жүзеге асырады;
2) қолда бар байланыс арналары арқылы дереу орталық мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға, БҚЖУ, БҚЖӨУ келіп түскен ақпаратты береді;
3) жауапты мемлекеттік органдар қызметкерлерінің іс-әрекеттерін үйлестіруді және қадағалауды жүзеге асырады.
15. Ішкі істер органдары келіп түскен ақпаратты қарайды және әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің бар-жоғына тексеру жүргізеді.
16. Зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке ұшыраған кәмелетке толмаған түскен кезде денсаулық сақтау ұйымдары:
1) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелді) сәйкес ақпаратты дереу тіркейді;
2) баланы визуалды тексеріп, көрсеткіштер бойынша медициналық көмек көрсетеді.
3-тарау. Зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың куәсі болған кәмелетке толмағандарға көмек көрсету тәртібі
17. Зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың куәсі болған кәмелетке толмағандарға көмек көрсету жөніндегі қызметті үйлестіруді Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органдары, ал олар болмаған жағдайда қорғаншылық органдары (бұдан әрі – органдар) жүзеге асырады.
18. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген органдар мен ұйымдардан мәліметтер келіп түсуі, кәмелетке толмаған баланың және (немесе) ата-анасының немесе баланың басқа да заңды өкілінің өтініші зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа куә болған кәмелетке толмағандарға көмек көрсетудің негізі болып табылады.
19. Жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған кәмелетке толмағанға көмек №506 бұйрыққа сәйкес көрсетіледі.
20. Зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке ұшыраған кәмелетке толмағандар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жан-жақты көмек көрсету үшін зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинетіне дереу жеткізіледі.
21. Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органдары, ол болмаған жағдайда қорғаншылық органы зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа куә болған кәмелетке толмағандар туралы мәліметтер келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланың жағдайын бастапқы бағалауды жүргізеді.
22. Баланың жағдайын бастапқы бағалау негізінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оңалтудың жеке жоспары (бұдан әрі – ОЖЖ) әзірленеді.
23. ОЖЖ келесі көмек түрлерін қамтиды:
1) медициналық көмек;
2) психологиялық көмек;
3) педагогикалық көмек;
4) әлеуметтік көмек;
5) құқықтық көмек.
24. Медициналық көмек медициналық көрсеткіштерге сәйкес, тіркелген жерінде диагностикалау және емдеу клиникалық хаттамаларына сай көрсетіледі. 25. Психологиялық көмек Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 92 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36047 болып тіркелді) бекітілген Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің қағидаларына сәйкес көрсетіледі және оны психологиялық қолдау орталығы үйлестіреді.
26. Педагогикалық көмек:
1) әлеуметтік-педагогикалық кеңес беруді;
2) балаларға білім беру және оларды тәрбиелеу процесін ұйымдастыруды, олардың әлеуметтенуіне, әлеуметтік ортада бейімделуіне және ықпалдасуына жәрдемдесуді;
3) білім алуға жәрдемдесуді;
4) түзету-педагогикалық сүйемелдеуді көздейді.
27. Әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті жеңілдіктер, жәрдемақылар, өтемақылар, алименттер және тиісті төлемдер алуға, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға жәрдемдесуді көздейді.
28. Құқықтық көмек:
1) заңгерлік кеңес беруді;
2) зорлық-зомбылық, қатыгездік, сот ісін жүргізу және орындау фактілерін тексеру шеңберінде құқық қорғау, сот органдарымен ынтымақтастықта жәрдемдесуді;
3) заңды маңызы бар құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету және жәрдемдесуді;
4) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін және қызмет алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе оларға қысым жасайтын ұйымдардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне өтініштерді дайындауға және беруге көмек көрсетуді;
5) заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды және әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдемдесуді;
6) балалардың мүдделерін білдіруге сенімхаттарды ресімдеуді;
7) сот-тергеу органдары мен мекемелерінде балалардың мүдделерін білдіруді көздейді.
29. КІҚҚК зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа куә болған кәмелетке толмағандар туралы ақпарат алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асырады.
30. БҚЖӨУ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушысының 2024 жылғы 19 маусымдағы № 149 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34535 болып тіркелді) бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі қызметiнiң қағидаларына сәйкес балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
31. Отбасын қолдау орталықтары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 256-НҚ бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34499 болып тіркелді) бекітілген Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидаларына сәйкес адамдарға (отбасыларға) көмек және жан-жақты қолдау көрсету жөнінде шаралар қабылдайды.
32. Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағым жасау Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91 және 92-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
33. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген органдар мен ұйымдардың өз функцияларын орындауы кезеңінде белгілі болған кәмелетке толмағандардың дербес деректері "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жарияланбайды.
34. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген органдар мен ұйымдар "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес баланың және оның отбасының жеке деректері (сәйкестендіру деректері, фотосуреттері, мекен жайлары, білім беру ұйымдарының атауы) қамтылған материалдардың құпиялылығын қамтамасыз етуге мiндеттi.
| Зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың куәсі болған кәмелетке толмағандарды анықтау және оларға көмек көрсету қағидаларына 1-қосымша Нысан |
Баланың жағдайын бастапқы бағалау нысаны
Баланың деректері (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жынысы және жасы): |
Бағалауды жүргізген қызметкерлердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы: |
Баланың жағдайын бастапқы бағалау:
| Зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың куәсі болған кәмелетке толмағандарды анықтау және оларға көмек көрсету қағидаларына 2-қосымша Нысан |
Баланың жеке оңалту жоспары
Кәмелетке толмағанның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні
_____________________________________________________________________
Байланыс ақпараты ____________________________________________
Тұратын мекен жайы ___________________________________________
Баланың жағдайын бастапқы бағалау ______ бастап ______дейін жүргізілді
Баланы оңалтудың жеке жоспары _____бастап _____кезеңге дейін әзірленді
Баланың жағдайын бастапқы бағалауға сәйкес тағайындалған іс-шаралар (түрлері мен көлемін көрсету):
№ | Атауы | Тағайындалған күні | Аяқталған күні | Іс шараны іске асыруға жауапты ұйым | Іс шараларды орындау нәтижелері |
Медициналық көмек | |||||
Іс-шаралар | |||||
Психологиялық көмек | |||||
Іс-шаралар | |||||
Педагогикалық көмек | |||||
Іс-шаралар | |||||
Әлеуметтік көмек | |||||
Іс-шаралар | |||||
Құқықтық көмек | |||||
Іс-шаралар | |||||
Ескертпелер, толықтырулар: ____________________________________
Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті орган, ал ол болмаған жағдайда. қорғаншылық немесе қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы
_____________________________________________________________
Ата-ананың немесе баланың басқа заңды өкілінің жеке оңалту жоспармен келісуі:
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) _______________________
Қолы _______________________________________________
Күні ________________________________________________
Егер келісім алу мүмкін болмаса, себебін көрсетіңіз
____________________________________________________________
