Кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 1 маусымдағы № 61 және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2026 жылғы 1 маусымдағы № 7 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 2 маусымда № 38865 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Стратегиялық талдау және даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және реформалар
агенттігінің Төрағасы
_________А. Иргалиев
      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
_________С. Жумангарин

  Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Төрағасы
2026 жылғы 1 маусымдағы
№ 7 мен
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Ұлттық
экономика министрі
2026 жылғы 1 маусымдағы
№ 61 бірлескен бұйрығына
қосымша

Күші жойылған кейбір бірлескен бұйрықтардың тізбесі

      1. "Ұлттық жобалардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 11 тамыздағы № 79 және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2021 жылғы 12 тамыздағы № 1 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23968 болып тіркелген).

      2. "Ұлттық жобалардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 11 тамыздағы № 79 және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2021 жылғы 12 тамыздағы № 1 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 14 және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 2 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31822 болып тіркелген).

      3. "Ұлттық жобалардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 11 тамыздағы № 79 және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2021 жылғы 12 тамыздағы № 1 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 тамыздағы № 148 және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2023 жылғы 11 тамыздағы № 4 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33296 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады