"Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 526 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 30 мамырдағы № 224 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 1 маусымда № 38853 болып тіркелді

  30.05.2026 редакциясында

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 526 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33811 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2026 жылғы 12 шілдеден бастап:

      Қағидалардың 2-тармағының 3), 4), 9), 11) 14), 16), 17), 18), 19), 20) тармақшалары, 5-тармақтың бірінші бөлігі, 8, 9, 10, 11-тармақтары, 12-тармақтың бірінші және екініші бөлігі, 13-тармақтың бірінші және екінші бөлігі, 14, 15, 16-тармақтары, 17-тармақтың бірінші бөлігі, 18-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы, 19, 20, 21-тармақтары, 22-тармақтың 1) тармақшасы, 23-тармақ, 25-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "3) "Е-макет" зейнетақы төлемдерін және жәрдемақыларды электрондық тағайындау" автоматтандырылған цифрлық жүйесі (бұдан әрі – "Е-макет" АЦЖ) - зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды тағайындау кезінде пайдаланушылардың бизнес-процестерін автоматтандыруға, сондай-ақ төлемдер тағайындалған адамдар есебі мен мониторингін жүзеге асыруға арналған автоматтандырылған цифрлық жүйе;";

      "4) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі (бұдан әрі – ЕШЕБЖ) – еңбек шарттарын, еңбек қызметін және жұмыскерлер санын есепке алуды автоматтандыруға арналған цифрлық жүйе;";

      "9) "Зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеудің орталықтандырылған дерекқоры" автоматтандырылған цифрлық жүйесі (бұдан әрі – "ОДҚ" АЦЖ) - Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген шарттарда төлем түрлерін жүзеге асыруға арналған уәкілетті мемлекеттік органның орталықтандырылған дерекқоры;";

      "11) мобильді азаматтар базасы (бұдан әрі – МАБ) – "цифрлық үкімет" пайдаланушыларының ұялы байланыс желісі абоненттік нөмірлерінің цифрлық ресурсы;";

      "14) "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" автоматтандырылған цифрлық жүйесі (бұдан әрі – "ТӨҰ" АЦЖ) – зейнетақы мен жәрдемақылар аударымдары және төлемдерін өңдеуді ұйымдастыру бойынша процестерді автоматтандыру жөніндегі цифрлық жүйесі;";

      "16) "цифрлық құжаттар сервисі – операторға бекітілген және цифрландыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған құжаттарды электрондық түрде көрсетуге және пайдалануға арналған "цифрлық үкімет" цифрлық объектісі;";

      "17) "Цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпарат пен электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрландыру нысаны;";

      "18) "Электрондық еңбек биржасы" цифрлық порталы (бұдан әрі – ЭЕБ) – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыс іздеуді және персоналды іріктеуге жәрдемдесуді, жұмыспен қамту саласында электрондық және проактивті форматта қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін, жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге арналған жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасын білдіретін цифрлық объектісі;";

      "19) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы);";

      "20) электрондық іс макеті (бұдан әрі – ЭІМ) – кәсіптік төлемді алушының Мемлекеттік корпорация "Е-макет" АЦЖ-да қалыптастырылатын электрондық іс макеті.";

      "5. Жұмыс беруші:

      жұмыскердің өтініші негізінде "ТӨҰ" АЦЖ-дан ақпарат сұратады және жиынтығында кемінде сексен төрт ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу фактісінің болуы туралы мәліметтерді алады;";

      "8. Жұмыс беруші еңбек шартын тоқтату не зиянды факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауыстыру туралы ақпаратты енгізгеннен кейін және жұмыскер елу бес жасқа толған және жиынтығында кемінде сексен төрт ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу фактісі болған кезде ЕШЕБЖ кәсіптік төлемді жүзеге асыру үшін мәліметтерді "Е-макет" АЦЖ-ға жібереді.";

      "9. ЕШЕБЖ-дан еңбек шартын тоқтату не зиянды факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауысу туралы ақпарат келіп түскеннен кейін "Е-макет" АЦЖ порталда алушының ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөмірін тіркеу туралы мәліметтерді растау үшін МАБ-қа сұрау салуды жүзеге асырады.";

      "10. Әлеуетті өтініш берушінің ұялы байланыс құрылғысының телефон нөмірі порталда тіркелген кезде "Е-макет" АЦЖ операторы кәсіптік төлемді жүзеге асыру немесе кәсіптік төлемді жүзеге асыру туралы хабарламаның түсу, сондай-ақ Кодекстің 127-3-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген шарттарға сәйкес келу фактісін растауды жүзеге асырады және өтінішті "үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті цифрлық жүйелеріне:

      "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры ЦЖ-де – алушының жеке басын куәландыратын және тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар бойынша;

      "ТӨҰ" АЦЖ-да – жиынтығында кемінде сексен төрт ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының болуына өтінімдер қалыптастырады.

      Цифрлық жүйелерден кәсіптік төлемді жүзеге асыру немесе кәсіптік төлемді жүзеге асыруға хабарлама келіп түсу фактісін растайтын мәліметтерді алған кезде проактивті қызметті көрсету процесі аяқталады.".

      "11. Кодекстің 127-3-бабының 1-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келмеген жағдайда, "Е-Макет" АЦЖ жұмыс беруші мен жұмыскерді жеке кабинетте хабардар ету үшін себебін көрсете отырып, ақпаратты ЭЕБ-ға жібереді.";

      "12. Кодекстің 127-3-бабының 1-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келген жағдайда және мемлекеттік көрсетілетін қызметті проактивті нысанында алуға сұрау салу болған жағдайда АЦҚ "Е-Макет" әлеуетті өтініш берушіге оның ұялы байланыс абоненттік құрылғысының нөміріне кәсіптік төлемді жүзеге асыру үшін банктік шотты таңдау туралы sms-хабар жібереді.

      Проактивті қызметті алуға келісімін растау үшін әлеуетті өтініш беруші "E-макет" АЦЖ-мен интеграция іске асырылатын ЕДБ тізімінен банктік шотты таңдайды және "E-макет" АЦЖ ұсынатын цифрлар комбинациясын теріп, жауап хабарламасын жібереді.";

      "13. Әлеуетті өтініш берушінің жауабы болмаған жағдайда, "Е-макет" АЦЖ сұрау түскен сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде әлеуетті өтінім берушіге жолдайды:

      ЕДБ цифрлық объектілері арқылы кәсіптік төлемге құқық және кәсіптік төлемді жүзеге асыру үшін келісім беру туралы PUSH хабарлама;".

      "14. Кәсіптік төлемді жүзеге асыруға келісімі бар жауап хабарламасын алған кезде Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Е-макет" АЦЖ-да азаматтардың өтініштерін (өтінімдерін) электрондық тіркеу журналында автоматты түрде тіркеу жүргізіледі, бұл ретте жіберілетін деректердің толықтығын, түпнұсқалығын, дұрыстығын, бұрмаланбауын және уақтылылығын ақпаратты ұсынатын цифрлық жүйелер әкімшілері қамтамасыз етеді.";

      "15. Жауап хабарламасы келіп түскен күні бір жұмыс күні ішінде, ал жұмыс уақытынан тыс келіп түскен жағдайда – жауап хабарламасы келіп түскен күннен кейін бірінші жұмыс күні "Е-макет" АЦЖ автоматты түрде кәсіптік төлемді жүзеге асыруға ЭІМ қалыптастырады және ақпаратты кәсіптік төлемнің жүзеге асырылуын растауға жұмыс берушінің ЭЕБ жеке кабинетіне жібереді.";

      "16. Жұмыс берушінің кәсіптік төлемді жүзеге асыруға ЭЦҚ-мен расталған келісімін алған кезде "Е-макет" АЦЖ автоматты түрде алушының көрсетілген банктік шотына төлем жасау үшін "ОДҚ" АЦЖ-ға ЭІМ жібереді.";

      "17. "Е-макет" АЦЖ:

      жұмыс берушіні кәсіптік төлемдерге келісім туралы ақпаратты алған айдан кейінгі айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей Мемлекеттік корпорация арқылы кәсіптік төлемді жүзеге асыруға соманы аудару қажеттігі туралы;";

      "18. Кәсіптік төлем мынадай мәліметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерден алынған мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады:";

      "19. "Е-макет" АЦЖ жұмыс беруші мен жұмыскерді ЭЕБ жеке кабинетінде кәсіптік төлемді тоқтата тұру туралы хабардар ету үшін ақпарат жібереді.";

      "20. Кәсіптік төлем, кәсіптік төлемді тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлардың аяқталғанын растайтын "ТӨҰ" АЦЖ-дан алынған мәліметтер негізінде қайта басталады.";

      "21. "Е-макет" АЦЖ жұмыс беруші мен жұмыскерді ЭЕБ жеке кабинетінде кәсіптік төлемді қайта бастау туралы хабардар ету үшін ақпарат жібереді.";

      "22. Кәсіптік төлем:

      1) кәсіптік төлемді алушының қайтыс болғаны туралы, оның ішінде цифрлық жүйелерден алынған мәліметтер;";

      "23. "Е-макет" АЦЖ Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген мәліметтерді алған күннен кейінгі күннен кешіктірмей жұмыс берушіні кәсіптік төлемді тоқтату фактісінің себебін көрсете отырып, кәсіптік төлемді тоқтату туралы хабардар ету үшін ЭЕБ-ға ақпарат жібереді.";

      "25. Жұмыс беруші "ТӨҰ" ЦЖ-дан хабарлама алғаннан кейін ай сайын төлем айының алындағы айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей, төлем кезеңін көрсете отырып, кәсіптік төлемді жүзеге асыруға арналған сомаларды, оның ішінде арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы төлеуге қажеттілікке кірген алушылардың тізіміне сәйкес қажеттілік қалыптастырылған айда пайда болған сомаларды Мемлекеттік корпорацияның шотына аударады.";

      Қағидаларға 1-қосымшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіптік төлемді жүзеге асыру үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, цифрлық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.".

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
А. Ертаев

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2026 жылғы 30 мамырдағы № 224
Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2023 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 526 бұйрығымен
бекітілген

Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 127-3-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы – Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 195-1-бабында көзделген жағдайлар туындаған кезде, кәсіптері уәкілетті мемлекеттік органдар бекітетін өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарға ақшалай төлемдер;

      3) "Е-макет" автоматтандырылған автоматтық жүйесі (бұдан әрі – "Е-макет" ААЖ) – "Зейнетақы төлемдерін және жәрдемақыларды электрондық тағайындау" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;

      4) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі (бұдан әрі – ЕШЕБЖ) – еңбек шарттарын, еңбек қызметін және жұмыскерлер санын есепке алуды автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;

      5) жұмыскер – жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға;

      6) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

      7) жұмыс берушінің қаражаты есебінен төленетін кәсіптік төлем (бұдан әрі – кәсіптік төлем) – еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін жұмыскерлерге елу бес жасқа толған және олар үшін жиынтығында кемінде сексен төрт ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген кезде олар еңбек жағдайлары зиянды жұмыстардағы еңбек қызметін тоқтатқан немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауысқан жағдайда жұмыс берушінің қаражаты есебінен төленетін ақшалай төлем;

      8) зейнетақы және жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі – ЕДБ) – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;

      9) "Зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеудің орталықтандырылған дерекқоры" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "ОДҚ" ААЖ) - Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген шарттарда төлем түрлерін жүзеге асыруға арналған уәкілетті мемлекеттік органның орталықтандырылған дерекқоры;

      10) кәсіптік төлемді алушы (бұдан әрі – алушы) – кәсіптік төлем жүзеге асырылатын жеке тұлға;

      11) мобильді азаматтар базасы (бұдан әрі – МАБ) – "электрондық үкімет" пайдаланушыларының ұялы байланыс желісінің абоненттік нөмірлерінің бірыңғай базасы;

      12) өтініш беруші – осы Қағидалардың 1- қосымшасына сәйкес кәсіптік төлем алуға құқығы бар және жұмыс берушіге өтініш берген жұмыскер;

      13) сақтандыру ұйымы – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде "өмірді сақтандыру" саласында сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      14) "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "ТӨҰ" ААЖ) – зейнетақы мен жәрдемақылар аударымдары және төлемдерін өңдеуді ұйымдастыру бойынша процестерді автоматтандыру жөніндегі ақпараттық жүйесі;

      15) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      16) цифрлық құжаттар сервисі – операторға бекітілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған құжаттарды электрондық түрде көрсетуге және пайдалануға арналған "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі;

      17) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге және электрондық нысанда көрсетілетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;

      18) "Электрондық еңбек биржасы" ақпараттық порталы (бұдан әрі – ЭЕБ) – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыс іздеуді және персоналды іріктеуге жәрдемдесуді, жұмыспен қамту саласында электрондық және проактивті форматта қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін, жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге арналған жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасын білдіретін ақпараттандыру объектісі;

      19) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;

      20) электрондық іс макеті (бұдан әрі – ЭІМ) – кәсіптік төлемді алушының Мемлекеттік корпорация "Е-макет" ААЖ-да қалыптастырылатын электрондық іс макеті.

2-тарау. Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді жүзеге асыру тәртібі

      3. Кодекстің 127-3-бабына көзделген кәсіптік төлем, жұмыскердің проактивті қызметті көрсетуге келісімін алған кезде проактивті қызмет арқылы жүзеге асырылады.

      4. Кәсіптік төлем алуға құқығы бар жұмыскер жұмыс берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушімен еңбек шартын бұзуға не зиянды өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауысуға өтініш береді.

      5. Жұмыс беруші:

      жұмыскердің өтініші негізінде "ТӨҰ" ААЖ-дан ақпарат сұратады және жиынтығында кемінде сексен төрт ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу фактісінің болуы туралы мәліметтерді алады;

      еңбек шарты тоқтатылған не зиянды өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауысқан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ЕШЕБЖ-ға еңбек шартының тоқтатылуы не еңбек шарты талаптарының өзгеруі туралы ақпарат енгізеді.

      6. Жұмыскермен еңбек шартын бұзу немесе жұмыс берушінің бұзу немесе басқа жұмысқа ауыстыру актісінде көрсетілген басқа жұмысқа ауыстыру күні еңбек қызметін тоқтату немесе басқа жұмысқа ауыстыру туралы күн жұмыскердің еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда еңбек қызметін тоқтату немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауысу күні болып есептеледі.

      7. Кәсіптік төлемді жүзеге асыру үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге жұмыскердің келіскен күні проактивті қызмет арқылы кәсіптік төлемді жүзеге асыру күні болып есептеледі.

      Кодекстің Кодекстің 127-3-бабының қарастырылған кәсіптік төлемді тағайындау күні оны алу құқығының жүгінген күні болып саналады.

      8. Жұмыс беруші еңбек шартын тоқтату не зиянды факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауыстыру туралы ақпаратты енгізгеннен кейін және жұмыскер елу бес жасқа толған және жиынтығында кемінде сексен төрт ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу фактісі болған кезде ЕШЕБЖ кәсіптік төлемді жүзеге асыру үшін мәліметтерді "Е-макет" ААЖ-ға жібереді.

      9. ЕШЕБЖ-дан еңбек шартын тоқтату не зиянды факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауысу туралы ақпарат келіп түскеннен кейін "Е-макет" ААЖ порталда алушының ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөмірін тіркеу туралы мәліметтерді растау үшін МАБ-қа сұрау салуды жүзеге асырады.

      10. Әлеуетті өтініш берушінің ұялы байланыс құрылғысының телефон нөмірі порталда тіркелген кезде "Е-макет" ААЖ операторы кәсіптік төлемді жүзеге асыру немесе кәсіптік төлемді жүзеге асыру туралы хабарламаның түсу, сондай-ақ Кодекстің 127-3-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген шарттарға сәйкес келу фактісін растауды жүзеге асырады және өтінішті "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне:

      "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры АЖ-да – алушының жеке басын куәландыратын және тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар бойынша;

      "ТӨҰ" ААЖ-да – жиынтығында кемінде сексен төрт ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының болуына өтінімдер қалыптастырады.

      Ақпараттық жүйелерден кәсіптік төлемді жүзеге асыру немесе кәсіптік төлемді жүзеге асыруға хабарлама келіп түсу фактісін растайтын мәліметтерді алған кезде проактивті қызметті көрсету процесі аяқталады.

      11. Кодекстің 127-3-бабының Кодекстің 127-3-бабының көзделген шарттарға сәйкес келмеген жағдайда, "Е-Макет" ААЖ жұмыс беруші мен жұмыскерді жеке кабинетте хабардар ету үшін себебін көрсете отырып, ақпаратты ЭЕБ-ға жібереді.

      12. Кодекстің 127-3-бабы 1-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келген жағдайда және мемлекеттік көрсетілетін қызметті проактивті нысанында алуға сұрау салу болған жағдайда ААЖ "Е-Макет" әлеуетті өтініш берушіге оның ұялы байланыс абоненттік құрылғысының нөміріне кәсіптік төлемді жүзеге асыру үшін банктік шотты таңдау туралы sms-хабар жібереді.

      Проактивті қызметті алуға келісімін растау үшін әлеуетті өтініш беруші "E-макет" ААЖ-мен интеграция іске асырылатын ЕДБ тізімінен банктік шотты таңдайды және "E-макет" ААЖ ұсынатын цифрлар комбинациясын теріп, жауап хабарламасын жібереді.

      Sms-хабарландыру осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша sms-хабарландыру журналында тіркеледі.

      13. Әлеуетті өтініш берушінің жауабы болмаған жағдайда, "Е-макет" ААЖ сұрау түскен сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде әлеуетті өтінім берушіге жолдайды:

      ЕДБ ақпараттық объектілері арқылы кәсіптік төлемге құқық және кәсіптік төлемді жүзеге асыру үшін келісім беру туралы PUSH хабарлама;

      әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы кәсіптік төлемге құқығы және алынған sms-хабарға жауап беру туралы хабарлама жібереді.

      14. Кәсіптік төлемді жүзеге асыруға келісімі бар жауап хабарламасын алған кезде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Е-макет" ААЖ-да азаматтардың өтініштерін (өтінімдерін) электрондық тіркеу журналында автоматты түрде тіркеу жүргізіледі, бұл ретте жіберілетін деректердің толықтығын, түпнұсқалығын, дұрыстығын, бұрмаланбауын және уақтылылығын ақпаратты ұсынатын ақпараттық жүйелер әкімшілері қамтамасыз етеді.

      15. Жауап хабарламасы келіп түскен күні бір жұмыс күні ішінде, ал жұмыс уақытынан тыс келіп түскен жағдайда – жауап хабарламасы келіп түскен күннен кейін бірінші жұмыс күні "Е-макет" ААЖ автоматты түрде кәсіптік төлемді жүзеге асыруға ЭІМ қалыптастырады және ақпаратты кәсіптік төлемнің жүзеге асырылуын растауға жұмыс берушінің ЭЕБ жеке кабинетіне жібереді.

      16. Жұмыс берушінің кәсіптік төлемді жүзеге асыруға ЭЦҚ-мен расталған келісімін алған кезде "Е-макет" ААЖ автоматты түрде алушының көрсетілген банктік шотына төлем жасау үшін "ОДҚ" ААЖ-ға ЭІМ жібереді.

      17. "Е-макет" ААЖ:

      жұмыс берушіні кәсіптік төлемдерге келісім туралы ақпаратты алған айдан кейінгі айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей Мемлекеттік корпорация арқылы кәсіптік төлемді жүзеге асыруға соманы аудару қажеттігі туралы;

      жұмыскерді кәсіптік төлемді ай сайын айдың 10 (оныншы) жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырылатыны туралы хабарлау үшін ЭЕБ ақпарат жібереді.

      ЭЕБ жеке кабинетіне келіп түскен ақпараттың негізінде жұмыс беруші осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыскер және (немесе) кәсіптік төлем жүзеге асырылатын адамды есепке алуды жүргізеді.

3-тарау. Кәсіптік төлемді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату тәртібі

      18. Кәсіптік төлем мынадай мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады:

      1) кәсіптік төлемді алушының банктік шоты бойынша үш және одан көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы мәлімет. Бұл ретте кәсіптік төлем ол тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;

      2) кәсіптік төлемді алушының Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуі туралы мәлімет. Бұл ретте кәсіптік төлем Қазақстан Республикасының аумағына тұрақты тұруға келген күннен бастап, бірақ төлем тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;

      3) шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімінің өтуі туралы мәлімет. Бұл ретте кәсіптік төлем Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат берілген күннен бастап, бірақ төлем тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;

      4) кәсіптік төлемді алушыға қатысты хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы туралы мәлімет. Бұл ретте кәсіптік төлем хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылған немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі күшіне енген күннен бастап, бірақ төлем тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;

      5) кәсіптік төлемді алушының "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуы туралы мәлімет. Бұл ретте кәсіптік төлем Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат берілген күннен бастап қайта басталады.

      19. "Е-макет" ААЖ жұмыс беруші мен жұмыскерді ЭЕБ жеке кабинетінде кәсіптік төлемді тоқтата тұру туралы хабардар ету үшін ақпарат жібереді.

      20. Кәсіптік төлем, кәсіптік төлемді тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлардың аяқталғанын растайтын "ТӨҰ" ААЖ-дан алынған мәліметтер негізінде қайта басталады.

      21. "Е-макет" ААЖ жұмыс беруші мен жұмыскерді ЭЕБ жеке кабинетінде кәсіптік төлемді қайта бастау туралы хабардар ету үшін ақпарат жібереді.

      22. Кәсіптік төлем:

      1) кәсіптік төлемді алушының қайтыс болғаны туралы, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер;

      2) Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату фактісі анықталғаны туралы мәліметтер;

      3) кәсіптік төлемді алушының пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу фактісі анықталғаны туралы мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.

      23. "Е-макет" ААЖ Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген мәліметтерді алған күннен кейінгі күннен кешіктірмей жұмыс берушіні кәсіптік төлемді тоқтату фактісінің себебін көрсете отырып, кәсіптік төлемді тоқтату туралы хабардар ету үшін ЭЕБ-ға ақпарат жібереді.

      24. Кәсіптік төлем алушы Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 207-бабында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін жүзеге асырылады.

      25. Жұмыс беруші "ТӨҰ" ААЖ-дан хабарлама алғаннан кейін ай сайын төлем айының алындағы айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей, төлем кезеңін көрсете отырып, кәсіптік төлемді жүзеге асыруға арналған сомаларды, оның ішінде арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы төлеуге қажеттілікке кірген алушылардың тізіміне сәйкес қажеттілік қалыптастырылған айда пайда болған сомаларды Мемлекеттік корпорацияның шотына аударады.

      Мемлекеттік корпорация ай сайын айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс берушінің шотына Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен кәсіптік төлемдердің артық есептелген (төленген) сомаларын аударады.

      Бірінші ай үшін төлем Кодекстің 127-3-бабының 4-тармағында белгіленген, тиісті айда жұмыскер еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда еңбек қызметін тоқтатқан немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауысқан күннен кейін қалған күнтізбелік күндер санына барабар есептелген төлем мөлшеріне сүйене отырып айқындалады.

      26. Мемлекеттік корпорация айдың 10 (оныншы) жұмыс күніне дейін ақшалай қаражатты алушының шотына аударады.

      27. Кәсіптік төлемді Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 "Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы қаулысымен" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібімен айқындалған форматтағы электрондық төлем тапсырмаларымен ЕДБ банктік шоттарына аудару жолымен, төлемдер графигіне сәйкес жүргізеді.

      28. Егер адам қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне орналастырылған сәтте кәсіптік төлем алушы болып табылса, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің орналасқан жердегі Мемлекеттік корпорация қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің әкімшілігі ұсынған, көрсетілген адамның өтініші негізінде төлемді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      29. Мемлекеттік корпорация ағымдағы айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс берушіге Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен

      30. Кәсіптік төлеммен байланысты банктік қызметтерге ақы төлеу Мемлекеттік корпорация мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында жасалған шарттар негізінде уәкілетті органның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      31. Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы өзгерген кезде жұмыс беруші төлем кезеңін міндетті түрде көрсете отырып, Мемлекеттік корпорацияның шотына өзгерісті ескере отырып, ақша қаражатының сомасын аударады.

      32. Алушы қайтыс болған жағдайда кәсіптік төлем қайтыс болған айды қоса алғанда, ал кәсіптік төлемді алушы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен жағдайда – кеткен айды қоса алғанда жүзеге асырылады.

  Жұмыс берушінің қаражаты
есебінен кәсіптік төлемді
жүзеге асыру, тоқтата тұру,
қайта бастау және тоқтату
қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстардағы еңбек қызметін тоқтату/зиянды өндірістік
факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауыстыру туралы өтініш

  ___________________________
(лауазымы, тегі,
басшының аты-жөні)
бастап
_________________________
(лауазымы, тегі,
жұмыскердің аты-жөні)

Өтініш

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 127-3-бабына сәйкес жұмыс берушінің
қаражаты есебінен кәсіптік төлемді жүзеге асыру үшін Сізден 20__ жылғы
"____" бастап __________ 20__ жылғы "___" _____ № __ еңбек шартын бұзуды/
20__ жылғы "___" бастап зиянды өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын басқа
жұмысқа ауыстыруды сұраймын (бар болса) (керегін көрсету).
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес кәсіптік төлемді жүзеге асыру үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға
және өңдеуге, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелердегі
мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Банк шотының иесі ретінде өзім туралы, екінші деңгейдегі банктердегі, қаржы нарығы
мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк
операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдардағы, "Қазпошта"
акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелеріндегі банк шотының нөмірі туралы
мәліметтерді алуға келісім беремін.
Мобильді телефонға sms-хабарландыру жіберу жолымен арнаулы әлеуметтік
төлемдерді жүзеге асыру туралы хабарламаға келісім беремін
___________________________ ____________________
(тегі, аты-жөні) (қолы)
20__ жылдың "___" __________
қызметкердің байланыс деректері:
мобильді ________ Е-пошта _______
Банктік деректемелер:
Банктің атауы ___________________
Банктік шот № __________________
Шот түрі: ______________________

  Жұмыс берушінің қаражаты
себінен кәсіптік төлемді
жүзеге асыру, тоқтата тұру,
қайта бастау және тоқтату
қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді жүзеге асыру туралы sms-хабарламалар журналы

№ р/с

Жеке сәйкестендіру нөмірі

тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Туған күні

істің №

Төлем түрі

sms-хабарламалар тапсыру күні

телефон №

Маман




























  Жұмыс берушінің қаражаты
есебінен кәсіптік төлемді жүзеге
асыру, тоқтата тұру, қайта
бастау және тоқтату
қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемдерді жүзеге асыруға азаматтардың өтініштерін (өтініштерін) тіркеудің электрондық журналы

Өтінімнің келіп түскен күні

Өтінімнің келіп түскен уақыты

өтініштердің №
(өтінімдерді)

Бөлімше

Қызмет коды

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Тегі

Аты-жөні

Әкесінің аты (ол болған жағдайда)










      кестенің жалғасы

Туған күні

Мәртебе

Негіздеме
(төлем түрі)

Бас тарту себебі









  Жұмыс берушінің қаражаты
есебінен кәсіптік төлемді
жүзеге асыру, тоқтата тұру,
қайта бастау және тоқтату
қағидаларына
4-қосымша
Нысан

Кәсіптік төлем жүзеге асырылатын қызметкерді және (немесе) тұлғаны есепке алу туралы ақпарат

Тегі

Аты-жөні

Әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Кәсіптік төлемді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату мерзімдері бойынша деректер (күнін көрсете отырып)












Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады