ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 160 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10147 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жер кодексінің 152-бабының 7-тармағына сәйкес Кадастрдың деректерін есепке алу мен оларды сақтау бірлігі тұйық шекарада бөліп шығарылған, белгіленген тәртіппен жер құқығы қатынастарының субъектілеріне бекітілген жер учаскесі болып табылады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін қалыптастыру топографиялық-геодезиялық, аэроғарыштық, картографиялық, жерге орналастыру жұмыстарын, топырақ зерттеу, геоботаникалық зерттеулер мен іздестірулер, жер мониторингі бойынша жұмыстарды, жерді сандық және сапалық есепке алуды жүргізумен, нақты жер учаскесіне жер-кадастр ісін жасаумен, жер-кадастр карталары мен жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты дайындаумен қамтамасыз етіледі.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Кадастр қағаз тасығышта, сондай-ақ ақпараттарды жинаудың, өңдеудің және сақтаудың цифрлық жүйелерін пайдалана отырып жүргізіледі.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Кадастрдың автоматтандырылған цифрлық жүйелері мамандандырылған бағдарламалық-техникалық кешендердің базасында құрылады.".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың сегізінші және оныншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
