"Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2026 жылғы 26 мамырдағы № 5-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 28 мамырда № 38811 болып тіркелді

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген 903. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізуі бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Осы Стандарттың ережелері жүзеге асырылуы "Республикалық бюджеттің жобасына оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 388 Жарлығымен, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің (бұдан әрі - Есеп комитеті) 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ағымдағы бағалауды жүзеге асыру және Жоғары аудиторлық палатаның жұмысы туралы ақпаратты ұсыну бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартымен және Республикалық бюджеттің атқарылуын кейіннен бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартымен регламенттелген алдын ала, ағымдағы және кейіннен бағалау шеңберінде қорытындылар жүргізуге және дайындауға қолданылмайды.";

      7-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) нәтижелілік – сараптамалық-талдау іс-шарасының ұйымдастырылуы оның негізінде сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасы бойынша оның даму тиімділігін және (немесе) оның ел экономикасына немесе экономиканың жекелеген саласына, өңірге, әлеуметтік салаға қосатын үлесін арттыруға бағытталған ұсынымдардың әзірленуін қамтамасыз етуі тиіс;

      5) негізділік – ұсынымдардың пайдасына жасалған аргументтер саны ең көп ұсыныстар қалыптастыру.";

      10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) анықталған:

      әлеуметтік-экономикалық даму, салалар, өңірлердің экономика салалары көрсеткіштерінің нашарлауы;

      бюджеттің жоспарлануын және атқарылуын бағалау қорытындысы бойынша жүйелі кемшіліктер мен тәуекелдер ескеріле отырып, тәуекелдерді бағалау жүйесі негізінде жүзеге асырылады.";

      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізудің мақсаты қаралып отырған салада ұсыным әзірлей отырып, мемлекеттік саясаттың іске асырылу тиімділігіне ықпал ететін түйінді факторларды айқындап, сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасы бойынша ағымдағы ахуалды бағалау болып табылады.";

      13. Факторларды айқындау себеп-салдарлық байланыстарды анықтау мақсатында біртұтас сипатты қалыптастыру немесе қаралып отырған саладағы ахуалдың одан әрі дамуын бағалау жолымен қамтамасыз етіледі.";

      15-тармақтың 3-бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ұсынымдарды көрсете отырып, сараптамалық-талдау іс-шарасы қорытындысының жобасын қалыптастыру;";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Сараптамалық-талдау іс-шарасының тобы жоспарлау процесінде қалыптастырылған топ қатарынан жауапты орындаушылар бойынша ранжирлей отырып, зерделеуге ұсынылатын негізгі мәселелер, оны өткізу мерзімдері көрсетілетін бағдарламаны осы Стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді.

      Сараптамалық-талдау іс-шарасының бағдарламасына сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысы қол қояды және ол Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) оны жүргізуге жауапты мүшесіне келісуге және бекітуге жіберіледі.

      Сараптамалық-талдау іс-шарасы барысында бағдарламада қамтылмаған, бірақ толық зерделенуі қажет мәселелер туындаған кезде топ құрамына қатысушылар топ жетекшісімен келісу бойынша Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) оны жүргізуге жауапты мүшесін жазбаша түрде хабардар етеді.

      Бағдарламада қамтылмаған мәселе бойынша сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізу орынды деп танылған жағдайда Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) оны жүргізуге жауапты мүшесі бағдарламаға толықтырулар енгізе отырып, топ жетекшісіне тиісті тапсырма береді.";

      23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Белгілі бір деректерді нақтылау және ұсынымдарды күшейту мақсатында сараптамалық-талдау қорытындысын қалыптастырудың барлық кезеңінде ақпарат жинау жалғасады.

      24. Сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізу барысында мынадай:

      сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасын және объектілерін зерделеу;

      сараптамалық-талдау іс-шарасының нәтижелерін растау;

      сараптамалық-талдау іс-шарасының сапасын қамтамасыз ету;

      сыртқы мемлекеттік аудит органы қызметкерлерінің және сарапшылардың сараптамалық-талдау іс-шарасының бағдарламасын орындағанын растау мақсатында материалдар қалыптастырылады.

      Көрсетілген материалдардың құрамына сараптамалық-талдау қорытындыcында тіркелген ұсынымдарға негіз болған құжаттар қосылады.

      Сараптамалық-талдау қорытындысында пайдаланылатын, қалыптастырылған материалдардан алынған ақпараттың деректемелері мен дереккөзіне сілтеме міндетті түрде жасалуы тиіс.";

      27-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қарар бөлігін:

      сараптамалық-талдау іс-шарасы бойынша қалыптасқан жағдайды оның негізгі көрсеткіштерін жақсарту және болып жатқан процестердің тиімділігін арттыру жағына қарай түзетуге мүмкіндік беретін ұсынымдарды қамтиды.";

      28-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ұсынымдар аргументтелуі және сараптамалық-талдау іс-шарасының материалдарымен расталуы тиіс;";

      29 және 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Сараптамалық-талдау қорытындысының мәтіндік форматы мынадай талаптарға сәйкес ресімделеді:

      қаріп – TimesNewRoman;

      қаріптің мөлшері – 14, кестелік материалдарда – 8-12.

      Сараптамалық-талдау қорытындысы мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырылады.

      30. Сараптамалық-талдау қорытындысының жобасы екі данада жасалады, оның біреуі Жоғары аудиторлық палатада (Тексеру комиссиясында) қалады, екінші данасы Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) регламентінде айқындалған тәртіппен сараптамалық-талдау іс-шарасының объектісіне (болған жағдайда) жіберіледі.

      Сараптамалық-талдау қорытындысының жобасы Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) отырысы өткізілетін күнге дейін төрт жұмыс күні бұрын Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізуге жауапты мүшесінің қолы қойылып, Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасына қарауға жіберіледі.

      Сараптамалық-талдау қорытындысының жобасы Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) мүшелеріне отырыс өткізілетін күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) отырысында қарау үшін жіберіледі.

      Құпия сипаттағы сараптамалық-талдау іс-шаралары бойынша отырыстар Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі заңнамасында белгіленген талаптар сақтала отырып өткізіледі.";

      Қосымша осы нормативтік қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Жоғары аудиторлық палатаның Талдау және бюджетті бағалау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Жоғары аудиторлық палатаның аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы А. Смаилов

  Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық
палатасының
2026 жылғы 26 мамырдағы
№ 5-НҚ нормативтік қаулысына
қосымша
Сыртқы мемлекеттік аудит
және қаржылық бақылау
органдарының сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізуі
бойынша сыртқы мемлекеттік
аудиттің және қаржылық
бақылаудың рәсімдік
стандартына қосымша
"Бекітемін"
_____________________
Сыртқы мемлекеттік
аудит органының мүшесі
20__ жылғы "___"______

Сараптамалық-талдау іс-шарасының БАҒДАРЛАМАСЫ

      1. Сараптамалық-талдау іс-шарасының атауы: _________________________

      2. Сараптамалық-талдау іс-шарасының нысанасы:______________________

      3. Сараптамалық-талдау іс-шарасымен қамтылатын негізгі мәселелер:

      _________________________________________________________________

      4. Сараптамалық-талдау іс-шарасымен қамтылатын кезең:

      _________________________________________________________________

      5. Сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізу мерзімдері (күндер саны):

      ______________________________________________________________

      6. Сараптамалық-талдау іс-шарасы тобының құрамы: топ жетекшісі, мемлекеттік

      аудиторлар (ассистенттер), құрылымдық бөлімшенің қызметкерлері, сарапшылар*.

      *қосалқы мердігер сарапшылар тартылған жағдайда олардың жұмыс нәтижелері,

      ұсынылған материалдардың анықтығы, сондай-ақ қорытынды құжаттарға қол қою

      үшін сараптамалық-талдау іс-шарасы тобының құрамындағы негізгі тартылған

      сарапшы жауапты болады.

      Сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы

      Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) жұмыскерлері, артылған

      сарапшылар

      _______________________

      (аты-жөні, тегі, қолы, күні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады