Құрылыс объектісін пайдалану жөніндегі шарт жасалатын жеке кәсіпкерге немесе заңды тұлғаға қойылатын талаптарды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 22 мамырдағы № 255 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 26 мамырда № 38782 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 137-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Құрылыс объектісін пайдалану жөніндегі шарт жасалатын жеке кәсіпкерге немесе заңды тұлғаға қойылатын талаптары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми жарияланғаннан кейін интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің
міндетін атқарушы
И. Шархан

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 22 мамырдағы
№ 255 бұйрығымен бекітілген

Құрылыс объектісін пайдалану жөніндегі шарт жасалатын жеке кәсіпкерге немесе заңды тұлғаға қойылатын талаптар

      Құрылыс объектісін пайдалану бойынша шарт жеке кәсіпкермен немесе заңды тұлғамен мынадай талаптарға сәйкес жасалады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Сыйақыға немесе шарттық негізде жылжымайтын мүлікті басқару" (ОКЭД 68.32) қызмет түрі бойынша жеке кәсіпкер не заңды тұлға ретінде тіркелген;

      2) штатта не азаматтық-құқықтық шарт негізінде "Кәсіби біліктіліктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес танылған кәсіби біліктілігінің болуын қоса алғанда, кәсіби стандарттардың талаптарына жауап беретін кемінде бір маманның болуы;

      3) мыналарды қоса алғанда, құрылыс объектісін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажетті материалдық-техникалық базаны орналастыру:

      құрылыс объектісін қауіпсіз пайдалануға және меншік иелері мен өзге де мүдделі тұлғаларды қабылдауға арналған үй-жайлар (кеңсе):

      құрылыс объектісін пайдалануды жүзеге асыруға арналған жабдықтар мен құралдар не осындай жұмыстарды орындауға арналған келісімшарттар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады