"Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мен шарттарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 132 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 18 мамырдағы № 233-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 23 мамырда № 38774 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мен шарттарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 132 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20666 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      тақырып келесі редакцияда жазылсын:

      "Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті, археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мен шарттарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы";

      кіріспе келесі редакцияда жазылсын:

      "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілген Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мен шарттары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде:

      реттік нөмірі 1 және 2-жолдары келесі редакцияда жазылсын:

      "

1.

Құрамында орта техникалық және кәсіптік білімі (реставрация), кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар кемінде бір реставратор маман немесе кемінде бес жыл жұмыс өтілі және осы салада ғылыми дәрежесі немесе магистр, бейіні бойынша доктор, философия докторы (PhD) дәрежелері бар, тиісті мамандық (архитектура) бойынша ғылыми қызметкер болуы. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензиясы бар ұйымда жұмыс істейтін ғылыми қызметкерді немесе реставратор маманды қызметтің көрсетілген түріне лицензия алуға өтініш беру процесінде басқа ұйым мәлімдей алмайды

Осы Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мен шарттарының 1- қосымшасына сәйкес нысан бойынша біліктілік талаптары мен шарттарына сәйкестігі туралы мәліметтер (бұдан әрі –Біліктілік талаптары) және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

2.

Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі мамандандырылған жабдықтардың болуы:
1) мамандандырылған жабдықтардың ең аз жиынтығын қамтитын меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және (немесе) жалға алу құқығындағы ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуы;
2) лицензияланатын қызмет түрінің өтініш берілген түрі үшін қажетті, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуге қажетті орнатылған бағдарламалық жасақтамасы бар компьютерлік техника

Осы Біліктілік талаптарының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бiлiктiлiк талаптары мен шарттарына сәйкестігі туралы мәлiметтер және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

      ";

      Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен шарттары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 1-қосымшасы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен шарттары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 2-қосымшасы осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілген Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мен шарттары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде:

      реттік нөмірі 1 және 2-жолдары келесі редакцияда жазылсын:

      "

1.

Құрамында тиісті мамандық (археология және этнология, тарих) бойынша жоғары білімі, кемінде бес жыл жұмыс өтілі және осы салада ғылыми дәрежесі немесе бейіні бойынша доктор, философия докторы (PhD) дәрежелері бар кемінде бір ғылыми қызметкер болуы. Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензиясы бар ұйымда жұмыс істейтін ғылыми қызметкерді қызметтің көрсетілген түріне лицензия алуға өтініш беру процесінде басқа ұйым мәлімдей алмайды

Осы Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мен шарттарының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша біліктілік талаптары мен шарттарына сәйкестігі туралы мәліметтер (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

2.

Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі мамандандырылған жабдықтардың болуы:
1) мамандандырылған жабдықтардың ең аз жиынтығын қамтитын меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және (немесе) жалға алу құқығындағы ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуы;
2) өтініш берілген қызметтің түрі үшін қажетті, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуге қажетті орнатылған бағдарламалық жасақтамасы бар компьютерлік техника

Осы Біліктілік талаптарының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бiлiктiлiк талаптары мен шарттарына сәйкестігі туралы мәлiметтер және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

      ";

      Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен шарттары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 1-қосымшасы осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен шарттары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 2-қосымшасы осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Мәдениет және
ақпарат министрі
2026 жылғы 18 мамырдағы
№ 233-НҚ Бұйрыққа 1-қосымша
Тарих және мәдениет
ескерткiштерiндегі ғылыми- реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен
шарттары және оларға
сәйкестікті растайтын құжаттар
тізбесіне 1-қосымша
  нысан

Бiлiктiлiк талаптары мен шарттарына сәйкестігі туралы мәлiметтер

      Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен шарттарына сәйкестігіні растайтын реставратор маман немесе ғылыми қызметкер туралы мәліметтер.

      1. Реставратор маман немесе ғылыми қызметкер туралы деректер:

      1) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      ____________________________________________________

      2) ғылыми дәрежесі, мамандығы және біліктілігі ____________________

      3) білімі туралы дипломының нөмірі, берілген уақыты _______________

      4) дипломды берген оқу орнының атауы ___________________________

      5) жұмыс орны _________________________________________________

      6) атқаратын лауазымы __________________________________________

      7) жұмысқа қабылдануы туралы бұйрықтың немесе жеке еңбек шартының нөмiрi және

      күнi ____________________________________________

      8) тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын

      жүргізудегі

      еңбек өтілі_____________________________________

      2. Ғылыми-реставарациялау жұмыстары саласындағы жетекшілік еткен жобалар

      туралы ақпарат:

      1) жобаның атауы _____________________________________________

      2) қызметтер мен жұмыстарды көрсетуге арналған шарт _____________


Жетекші __________________________
(заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің атауы, тегі,
атауы, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

_________________ (қолы)

Толтырылған күні: "_" ____ 20_ жыл

Мөр үшін орын
(болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Мәдениет және
ақпарат министрі
2026 жылғы 18 мамырдағы
№ 233-НҚ Бұйрыққа 2-қосымша
Тарих және мәдениет
ескерткiштерiндегі ғылыми- реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен
шарттары және оларға
сәйкестікті растайтын құжаттар
тізбесіне 2-қосымша
  нысан

Бiлiктiлiк талаптары мен шарттарына сәйкестігі туралы мәлiметтер

      Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен шарттарна сәйкестікті растайтын мамандандырылғани жабдықтар туралы мәліметтер:

      1) мамандандырылған жабдықтардың атауы және моделі ______________

      2) саны ________________________________________________________

      3) сапалық құрамының сипаттамасы (маркасы, қуаты) ________________

      4) мамандандырылған жабдықтарды сатып алу/сату/жалдау шартының

      нөмірі және жасалған күні _____________________________________________

      5) шарт жасалған заңды және (немесе) жеке тұлғаның атауы ___________


Жетекші __________________________
(заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің атауы,
тегі, атауы, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

_________________ (қолы)

Толтырылған күні: "_" ____ 20_ жыл

Мөр үшін орын
(болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және
ақпарат министрі
2026 жылғы 18 мамырдағы
№ 233-НҚ Бұйрыққа 3-қосымша
Археологиялық жұмыстарды
жүзеге асыру жөніндегі қызметті
лицензиялау кезінде қойылатын
бiлiктiлiк талаптары мен
шарттары және оларға
сәйкестікті растайтын құжаттар
тізбесіне 1-қосымша
  нысан

      Бiлiктiлiк талаптары мен шарттарына сәйкестігі туралы мәлiметтер

      Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде заңды тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен шарттарына сәйкестікті растайтын ғылыми қызметкер туралы мәліметтер.

      1. Ғылыми қызметкер туралы деректер:

      1) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)______________________

      2) ғылыми дәрежесі, мамандығы және біліктілігі ____________________

      3) білімі туралы дипломының нөмірі, берілген уақыты _______________

      4) дипломды берген оқу орнының атауы ___________________________

      5) археология жұмыстары саласындағы еңбек өтілі __________________

      6) жұмыс орны _________________________________________________

      7) атқаратын лауазымы __________________________________________

      8) жұмысқа қабылдануы туралы бұйрықтың немесе жеке еңбек шартының нөмiрi

      және күнi ______________________________________________________

      9) еңбек өтілі __________________________________________

      2. Археология жұмыстары саласындағы жетекшілік еткен жобалар туралы ақпарат:

      1) жобаның атауы ______________________________________________

      2) қызметтер мен жұмыстарды көрсетуге арналған шарт _____________


Жетекші __________________________
(заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің атауы,
тегі, атауы, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

_________________ (қолы)

Толтырылған күні: "_" ____ 20_ жыл

Мөр үшін орын
(болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Мәдениет және
ақпарат министрі
2026 жылғы 18 мамырдағы
№ 233-НҚ Бұйрыққа 4-қосымша
Археологиялық жұмыстарды
жүзеге асыру жөніндегі қызметті
лицензиялау кезінде қойылатын
бiлiктiлiк талаптары мен
шарттары және оларға
сәйкестікті растайтын құжаттар
тізбесіне 2-қосымша
  нысан

Бiлiктiлiк талаптары мен шарттарына сәйкестігі туралы мәлiметтер

      Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде заңды тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен шарттарна сәйкестікті растайтын мамандандырылғани жабдықтар туралы мәліметтер:

      1) мамандандырылған жабдықтардың атауы және моделі ________________

      2) саны __________________________________________________________

      3) сапалық құрамының сипаттамасы (маркасы, қуаты) __________________

      4) мамандандырылған жабдықтарды сатып алу/сату/жалдау шартының нөмірі және

      жасалған күні ________________________________________

      5) шарт жасалған заңды және (немесе) жеке тұлғаның атауы _____________


Жетекші __________________________
(заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің атауы,
тегі, атауы, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

_________________ (қолы)

Толтырылған күні: "_" ____ 20_ жыл

Мөр үшін орын
(болған жағдайда)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады