ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 165/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32416 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
аталған бұйрықпен бекітілген Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде:
4-реттік нөмірлі жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
4. | цифрлық майнинг қызметін цифрлық майнинг пулы арқылы жүзеге асыру туралы ақпарат | Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелген майнингтік пулдар бар кезінде цифрлық майнингтік пул арқылы цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыру туралы растайтын құжаттар (меншік құқығында немесе цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің басқа да заңды негіздерінде болған кезде): анықтама, жазбаша жауап немесе цифрлық майнинг пулымен жасалған шарт. |
Цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыру барысында бір цифрлық майнингтік пулынан екіншісіне ауысқан жағдайда, цифрлық майнер 2 (екі) жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органға цифрлық жүйе арқылы хабарлайды. |
";
9-реттік нөмірлі жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9. | цифрлық майнинг қызметін цифрлық майнинг пулы арқылы жүзеге асыру туралы ақпарат | Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелген майнингтік пулдар бар кезінде цифрлық майнингтік пул арқылы цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыру туралы растайтын құжаттар: анықтама, жазбаша жауап немесе цифрлық майнинг пулымен жасалған шарт). |
Цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыру барысында бір цифрлық майнингтік пулынан екіншісіне ауысқан жағдайда, цифрлық майнер 2 (екі) жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органға цифрлық жүйе арқылы хабарлайды. |
".
2. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы ,туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктеймін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі |
Ж. Мадиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі