Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарын күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 20 мамырдағы № 324 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 21 мамырда № 38764 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр бұйрықтары күшi жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы жөніндегі мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2026 жылғы 20 мамырдағы
№ 324 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Білім алушы тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған іс жүзіндегі шығыстарының нормаларын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 47 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16330 болып тіркелген).

      2. "Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 267 бұйрығы (Нормативтіқ құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 16688 болып тіркелген).

      3. ""Білім алушы тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған іс жүзіндегі шығыстарының нормаларын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 47 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 4 шілдедегі № 683 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде№ 19000 болып тіркелген).

      4. "Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 267 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 қарашадағы № 1213 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30931 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады