ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 959 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10371 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі 2026 жылғы 18 мамырдағы № 353 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 959 бұйрығымен бекітілген |
Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
№ | Біліктілік талаптар | Құжаттар | Ескертпе |
1-тарау. Жеке күзет ұйымының, оның ішінде филиалының және өкілдігінің басшысы, сондай-ақ күзет қызметін жүзеге асыруға тартылған күзет ұйымының өзге де басшы қызметкерлері лауазымын келесі тұлға атқара алмайды: | |||
1. | Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ | Жеке куәлік | "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасынан (бұдан әрі – ЖТ МДБ) алу |
2. | жоғарғы заңгерлік білімі немесе Қарулы Күштерде, өзге де әскерлер мен әскери құрамаларда командалық лауазымдарда немесе құқық қорғау және арнайы органдарда басшы лауазымдарында кемінде үш жыл жұмыс өтілі жоқ | Диплом немесе еңбек қызметін растайтын мәліметтер | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің цифрлық жүйесінен немесе Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрлық жүйесінен (бұдан әрі – ЕжХӘҚМ ЦЖ) алу |
3. | арнайы даярлықты (біліктілігін арттыруды) өтпеген | Мамандандырылған оқу орталығының куәлігі | Осы талапқа сәйкестігі лицензиар бөлімшесінің өтініш берушінің, лицензиаттың қызметті жүзеге асыру орны бойынша тексеруі арқылы расталады |
4. | психикалық, мінез-құлықтық бұзылулармен (аурулармен), оның ішінде психикалық белсенді заттарды қолдануға байланысты, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған | Психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдардан медициналық анықтамалар | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің цифрлық жүйесінен (бұдан әрі – ДСМ ЦЖ) алу |
5. | қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар | Соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама | Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің "Арнайы есеп" автоматтандырылған цифрлық жүйесінен (бұдан әрі – ҚСжАЕАК АЕ АЦЖ) алу |
6. | Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған | Адамның қылмыстық және/немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер | Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің цифрлық сервисінен (бұдан әрі – ҚСжАЕАК ЦС) алу |
7. | күзетші лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде немесе осы лауазымда болған кезеңде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған, сондай-ақ күзетші лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде немесе осы лауазымында болған кезеңде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған | ||
8. | бұрын күзетшісі болып жұмысқа қабылданғанға дейін бір жыл ішінде немесе осы лауазымда болған кезеңде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 149, 434, 436, 438, 439, 440, 443, 450, 453, 462, 463, 464, 469, 470, 476, 477, 478, 479, 481, 482, 483, 484, 485, 486, 487, 488, 489, 490, 494, 495, 496, 504, 506, 665, 654, 658, 659, 665, 667, 669, 670, 673, 675-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған | ||
9. | мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан жағымсыз себептермен босатылғанына үш жыл болмаған | Еңбек қызметін растайтын мәліметтер | ҚСжАЕАК ЦС-тен алу |
10. | бұрын жеке күзет ұйымының күзетшісі лауазымын атқарған кезеңде, онымен осыдан үш жыл бұрын Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 9), 10), 11), 12), 15), 16) және 17) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шарты бұзылған | ЕжХӘҚМ ЦЖ-дан алу | |
2-тарау. Жеке күзет ұйымының, оның ішінде филиалының және өкілдігінің күзетшісі лауазымын келесі тұлға атқара алмайды: | |||
1. | Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ | Жеке куәлік | ЖТ МДБ-дан алу |
2. | жасы 19-дан төмен | ||
3. | арнайы даярлықты (біліктілігін арттыруды) өтпеген | Мамандандырылған оқу орталығының куәлігі | Осы талапқа сәйкестігі лицензиар бөлімшесінің өтініш берушінің, лицензиаттың қызметті жүзеге асыру орны бойынша тексеруі арқылы расталады |
4. | психикалық, мінез-құлықтық бұзылулармен (аурулармен), оның ішінде психикалық белсенді заттарды қолдануға байланысты, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған | Психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдардан медициналық анықтамалар | ДСМ ЦЖ-дан алу |
5. | қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар | Соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама | ҚСжАЕАК АЕ АЦЖ-дан алу |
6. | Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған | Адамның қылмыстық және/немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер | ҚСжАЕАК ЦС-тен алу |
7. | күзетші лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде немесе осы лауазымда болған кезеңде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған, сондай-ақ күзетші лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде немесе осы лауазымында болған кезеңде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған | ||
8. | бұрын күзетшісі болып жұмысқа қабылданғанға дейін бір жыл ішінде немесе осы лауазымда болған кезеңде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 149, 434, 436, 438, 439, 440, 443, 450, 453, 462, 463, 464, 469, 470, 476, 477, 478, 479, 481, 482, 483, 484, 485, 486, 487, 488, 489, 490, 494, 495, 496, 504, 506, 653, 654, 658, 659, 665, 667, 669, 670, 673, 675-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған | ||
9. | мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан жағымсыз себептермен босатылғанына үш жыл болмаған | Еңбек қызметін растайтын мәліметтер | ҚСжАЕАК ЦС-тен алу |
10. | бұрын осыған ұқсас лауазымды атқарған кезеңде, онымен осыдан үш жыл бұрын Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 9), 10), 11), 12), 15), 16) және 17) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шарты бұзылған | ЕжХӘҚМ ЦЖ-дан алу | |
3-тарау. Террористік тұрғыдан осал объектілерді күзету үшін жеке күзет ұйымдары, оның ішінде филиалдары мен өкілдіктері, сондай-ақ жеке күзет ұйымдарының өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері мыналардың болуын көздейтін талаптарға сәйкес келуі тиіс: | |||
1. | күзет қызметтерін көрсету саласында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің | күзет қызметін жүзеге асыруға лицензия | "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы" цифрлық жүйесінен (бұдан әрі – ЕЛ МДБ ЦЖ) алу |
2. | меншік не жалға алу құқығында орталықтандырылған күзет пунктін орналастыруға арналған офистік үй-жайының | Орталықтандырылған күзет пунктінің жұмыс істеуі үшін алаңның болуын растайтын меншік құқығына құжаттар не жалға алу шарты | "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" цифрлық жүйесінен алу не жалға алу шарты |
3. | орталықтандырылған бақылау пультінің |
Штаттық орналастыру. Мыналардың: | Осы талапқа сәйкестігін өтініш беруші (лицензиар) қызметті жүзеге асыру орны бойынша лицензиардың бөлімшесіне тиісті құжаттарды жолдау кезінде растайды |
4. | радиобайланыстың | Тиісті радиожиілік органы берген радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат не жиілігі бар радиобайланыстарға абоненттік (жалға алу) қызмет көрсетуге арналған шарт | Осы талапқа сәйкестігін өтініш беруші (лицензиар) қызметті жүзеге асыру орны бойынша лицензиардың бөлімшесіне тиісті құжаттарды жолдау кезінде растайды |
5. | объектілерден дабыл сигналдарына шығуды қамтамасыз ететін кемінде екі мобильді топтарының (жедел ден қою топтарының) | Меншік құқығындағы кемінде екі көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік | Осы талапқа сәйкестігін өтініш беруші (лицензиар) қызметті жүзеге асыру орны бойынша лицензиардың бөлімшесіне тиісті құжаттарды жолдау кезінде растайды |
Штаттық орналастыру және қызметкерлер санының нормативін негізге ала отырып, кемінде екі мобильді топтарды (жедел ден қою топтарын) құру және қызметкерлерді тағайындау туралы бұйрықтар | |||
6. | Қызметтік қаруының | Қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтауға және алып жүруге рұқсат | ЕЛ МДБ ЦЖ-дан алу |
4-тарау. Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптары | |||
1. | Күзет қызметін жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптардың 1, 2, 3-тарауларында көзделген талаптар; | Күзет қызметін жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптардың 1, 2, 3-тарауларында көзделген құжаттар тізбесі | |