БҰЙЫРАМЫН:
1. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 20771 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редацияда жазылсын:
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның (бұдан әрі - Мемлекеттік қызметтер туралы Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
"13-1. Мемлекеттік орган, мемлекеттік мекеме және квазимемлекеттік сектор субъектісі болып табылмайтын заңды тұлғаны мемлекетік тіркеу кезінде атауында:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, мемлекеттік мекемелерінің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ресми атаулары;
мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің атауларымен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас атауларды, аббревиатураларды, туынды сөздерді және өзге де белгілемелерді қысқарту қолданылмайды.".
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті:
осы бұйрықты белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
Е. Сарсембаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі