"Субсидиялар мөлшерін есептеуді қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөнінде конкурс өткізу қағидаларын және уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеу тәртібін, байланыс операторларына қойылатын әмбебап байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі талаптарды, әмбебап байланыс қызметтері тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 289/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қатені түзеу

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 19 мамырдағы № 256/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 20 мамырда № 38754 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Субсидиялар мөлшерін есептеуді қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөнінде конкурс өткізу қағидаларын және уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеу тәртібін, байланыс операторларына қойылатын әмбебап байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі талаптарды, әмбебап байланыс қызметтері тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 289/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33201 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 124) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Субсидиялар мөлшерін есептеуді қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөнінде конкурс өткізу қағидалары және уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеу қағидаларында:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Конкурстық комиссияның шешiмдерi белгіленген тәртiппен комиссия хатшысы дайындайтын және комиссияның төрағасы, комиссия төрағасының орынбасары мен мүшелері қол қоятын хаттамалармен ресiмделедi.";

      15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес төлеу мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашатын күннің алдындағы үш айдан астам уақыт ішінде салық берешегiнiң, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ немесе бар екендігі туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы куәландырған электрондық құжаттың қағаздағы көшірмесін;";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Өткізілген конкурс нәтижелері бойынша туындаған барлық дауларды уәкілетті орган қарайды. Дауды қарау нәтижелері бойынша қабылданған уәкілетті органның шешіміне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әмбебап байланыс қызметтері тізбесінің 1-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1)

Интернет желісіне қосылу жылдамдығы 2 Мбит/с-тан 50 Мбит/с-қа дейінгі жеке қолжетімділік қызметтері

2)

Интернет желісіне қосылу жылдамдығы 50 Мбит/с-тан астам талшықты-оптикалық байланыс желілерінің технологиясы бойынша жеке қолжетімділік қызметтері

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрі
Ж. Мадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады