БҰЙЫРАМЫН:
1. "Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының мазмұны мен көлемі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 732 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9922 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының мазмұны мен көлемі жөніндегі нұсқаулықта:
мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
"19-1. Атом станциясындағы жобадан тыс авария кезіндегі радиоактивті ластану аймақтарының мөлшері "Төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік. Атом станциясында жобадан тыс авария болған кезде радиациялық ахуалды бағалау әдістемесі" 4017-2025 Қазақстан Республикасы ұлттық стандартының талаптарына сәйкес айқындалады.";
81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"81. Жаңадан салынып жатқан тартымды шағын станциялар күшті қираулар болуы ықтимал аймақтар мен апатты су жайылулар болуы ықтимал аймақтар шегінен тыс орналасады. Автоматика мен телемеханика құрылғыларымен жабдықталатын тартымды шағын станцияларда поездар қозғалысын және инфрақұрылымды басқарудың өңірлік орталығының қосалқы басқару пункттерімен байланысты қамтамасыз етіп, оларды жергілікті басқаруға ауыстыру мүмкіндігін көздейді.";
83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"83. "Қазақстан темір жолы "Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы және оның поездар қозғалысын және инфрақұрылымды басқарудың өңірлік орталықтары ықтимал апаттық су басу аймақтарынан тыс орналасқан қосалқы басқару пункттерімен қамтамасыз етіледі.
"Қазақстан темір жолы "Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы мен оның азаматтық қорғаныс бойынша аса маңызды санатқа жатқызылған филиалдары қызметкерлерінің жедел құрамы үшін, сондай-ақ, тұрақты орналастыру орындарында қалатын теміржол станцияларының кезекші персоналы үшін азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары көзделеді.";
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Ч. Аринов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Атом энергиясы жөніндегі агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі