ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14188 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күннен кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 11) тармақшасына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру тәртібін айқындайды.
Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай цифрлық жүйесі (бұдан әрі – Жүйе) – тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттды жүйелендіруге және есепке алуға және олар бойынша талап ету құқықтарын қайта табыстау туралы мәліметтерге арналған цифрлық жүйе;
2) квартирограмма – тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды немесе жеке тұрғын үй кешенін сатып алуға байланысты құқықтар мен міндеттердің, оның ішінде жоспарланған жобаларда және салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйлерде немесе жеке тұрғын үй кешенінде үлестер мен пайлардың есебін жүргізу үшін техникалық параметрлері (алаңы, қабаттылығы, үй-жайдың түрі, пәтерлер саны, үй-жайдың нөмірі, кіреберістің нөмірі, жер учаскесінің алаңы, тұрақ орындары) бар мәліметтер;
3) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы құрылыс салушы (бұдан әрі – құрылыс салушы) – өзінің меншікті және (немесе) уәкілетті компанияның жарғылық капиталына қатысу арқылы тартылған ақша есебінен, көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
4) уәкілетті компания – дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы құрылыс салушыға тиесілі, көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің үлестік құрылысын және көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үй кешеніндегі үлестерді іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, арнайы экономикалық аймақтардағы қызметті қоспағанда, қандай да бір өзге коммерциялық қызметпен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлға;
5) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу саласында басқаруды, сондай-ақ өз құзыреті шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
6) үлескер – көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті алу мақсатында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты жасасқан жеке тұлға (уақытша болатын шетелдіктерді қоспағанда), заңды тұлға немесе бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес қызметті жүзеге асыратын тұлға (жай серіктестік, консорциум).
2. "Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін кызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2-1. Орталық мемлекеттік органдар, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері және көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және Бірыңғай байланыс-орталығына және "цифрлық үкіметтің" операторына жібереді.
2-тарау. Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру тәртібі
3. Заңды тұлғалар – құрылыс салушы және уәкілетті компания (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "цифрлық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) және/ немесе цифрлық объектісі – www.qazreestr.kz жүйесі арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, өтінімді жібереді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшада жазылған.
5. Құжаттарды портал және/немесе жүйе арқылы берген кезде Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған өтінімді жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінімнің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Жүйе өтінімді тіркеуді олар түскен күні жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.
7. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен ұсынылған құжаттар тіркелген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді, көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту дайындап, портал және/ немесе жүйе арқылы арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарымен қоса өтінішті қарау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ресімдейді, қол қояды және оны не осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты портал және/ немесе жүйе арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жеткізгіште оң нәтиже не осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.
Өтініш оң қаралған және үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат берілген жағдайда, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды одан әрі есепке қою үшін жүйе автоматты түрде құрылыс объектісін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі №434 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14311 болып тіркелген) жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидаларына сәйкес тіркейді.
8. Көрсетілетін қызметті беруші құрылыс салушы және (немесе) уәкілетті компания Заңның 9-бабының 1, 1-1, 3 және 5-тармақтарында және 10-бабының 1 және 3-тармақтарында белгіленген бір немесе бірнеше талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда рұқсат беруден бас тартады.
9. Көрсетілетін қызметті алушылар дәлелді бас тарту кезінде көрсетілген ескертулерді жойғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беруге қайтадан өтініш бере алады немесе оған сот тәртібімен шағым жасай алады.
10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне түседі.
10-1. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесіне беруді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 қазандағы № 232 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14483 болып тіркелген) бекітілген Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларының 46-тармағына сәйкес қамтамасыз етеді.
10-2) Көрсетілетін қызметті беруші нақты уақыт режимінде рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы барлық қажетті тарихи деректерді толтыруды және сақтауды қамтамасыз етеді.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.
ҚР ӘРПК-нің 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.
3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағым жасау қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылатын әкімшілік орган, лауазымды адам сотқа пікірмен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамының уәжді ұстанымын ұсынады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
| Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру және "Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша |
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы |
Үлескерлердің ақшасын |
2 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары |
3 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауын | Жоқ |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері |
1) цифрлық объекті – www.qazreestr.kz тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай цифрлық жүйе (бұдан әрі – Жүйе); |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | 8 (сегіз) жұмыс күні |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған) |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауап |
8 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектінің жұмыс графигі |
1) веб-портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
10 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысу тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру кезінде: |
11 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардың құрамындағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда; |
12 | Мемлекеттік қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар | көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін жүйе арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. |
| Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру және "Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша |
нысан
Үлескердің ақшасын тартуға № ___________ рұқсат (екінші деңгейдегі банктің жобасына қатысу/көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасын салғаннан кейін)
_____________________ (ЖАО мекенжайы) | 20__ жылғы "___" |
Осы рұқсат – ______________ (құрылыс салушының толық аты (БСН)) құрылыс
салушыға ______________ (уәкілетті компанияның толық аты (БСН)) уәкілетті
компаниясына объектіні салу үшін үлескердің ақшасын тартуға берілді:
Құрылыс объектісінің жобалық атауы (нүктенің атауы):
Объектінің бірегей нөмірі (бар болса)______________.
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі: ______________.
Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат: ______________
(құжат түрі, құжаттың нөмірі және күні).
Сараптаманың оң қорытындысы: ______________
(сараптама түрі, сараптама қорытындысының нөмірі мен күні).
Құрылыс-монтаждау өндірісінің басталғаны туралы хабарлама: ____________
(хабарламаның нөмірі мен күні).
Объект құрылысының басталу күні: ______________.
Объектіні пайдалануға беру мерзімі: ______________.
Объектінің қабаттылығы: ______________.
Объектінің жалпы ауданы: ______________.
Объектінің жалпы тұрғын ауданы: ______________.
Тұрғын үй-жайлардың саны: ______________.
Тұрғын емес үй-жайлардың саны (бар болса): ______________.
Тұрақ орындарының саны (бар болса): ______________.
Екінші деңгейдегі банктің жобасына қатысу (екінші деңгейдегі банктің атауы):
______________.
Үлескерлердің ақшасын тартуға арналған рұқсаттың объектіні пайдалануға беру
күніне дейін заңды күші болады.
Әкім (Әкімнің орынбасары) _____________
(көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы туралы
мәліметтер)
| Үлескерлердің ақшасын | |
| тартуға рұқсат беру және | |
| "Үлескерлердің ақшасын | |
| тартуға рұқсат беру" | |
| мемлекеттік көрсетілетін | |
| қызмет қағидаларына | |
| 3-қосымша |
нысан
Дәлелді бас тарту
________ (МО атауы), Сіздің _____ (өтінім күні) жылғы № _____ (өтінім нөмірі)
өтініміңізді қарап, келесіні хабарлайды.
"Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес ("Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 352 бұйрығы), Сізге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды.
Бас тартудың негізі: __________________________________________
(бас тарту себебі (анықтамалық бойынша)).
Басшының Т.А.Ә. (болған жағдайда) _____________
(көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы туралы мәліметтер)