"Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 130 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2026 жылғы 15 мамырдағы № 92 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 18 мамырда № 38742 тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 130 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20823 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 8-қосымша осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а.
Н. Шарбиев

      КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интеллект және цифрлық

      даму министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрінің м. а.
2026 жылғы 15 мамырдағы
№ 92 Бұйрыққа 8-қосымша
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрінің
2020 жылғы 2 маусымдағы
№130 бұйрығына 8-қосымша

"Қауіпті қалдықтардың экспортына және импортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы"Қауіпті қалдықтардың экспортына және импортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 346-бабының 2-тармағына (бұдан әрі – Кодекс), сондай-ақ қауіпті қалдықтардың трансшекаралық тасымалын және олардың шығарылуын бақылау туралы Базель Конвенциясына (бұдан әрі – Базель конвенциясы) сәйкес әзірленді және "Қауіпті қалдықтардың экспортына және импортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік субъектілері ретінде тіркелген және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қауіпті қалдықтарды экспорттау және импорттау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, тиісті рұқсат беру құжаттары бар жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

      3. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі осы Қағидаларға өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды өзектендіреді және "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – тізбе) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жазылған.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының

      8-бабына сәйкес "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден қол жеткізуге алынады.

      Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:

      Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін көрсетілетін қызметті беруші қауіпті қалдықтардың экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына, оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін өтініш нысандарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №67 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1074 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда жарияланған) бекітілген лицензиялар нысандарына және (немесе) лицензияға қосымшаға сәйкестігіне мәліметтердің электрондық нысанын толтырудың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда, 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 5-қосымшаның 11-тармағына сәйкес өтінішті әрі қараудан бас тартады.

      Ұсынылған құжаттардың толықтығы анықталған жағдайда, орындаушы 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 5-қосымшаның 10-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші қауіпті қалдықтардың экспортына және импортына лицензияны 3 (үш) жұмыс күні ішінде дайындайды.

      Қызмет алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, алдын ала бас тарту туралы хабарлама және өтініш берушінің ұстанымын ұсыну Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің

      73-бабына сәйкес порталдың жеке кабинеті арқылы цифрлық нысанда жүзеге асырылады. Барлық түсіндірмелер мен құжаттар қашықтан жолданады, көзбе-көз іс-шараларды өткізуге жол берілмейді, барлық әрекеттер цифрлық жүйеде автоматты түрде тіркеледі.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      5. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысты шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысына осы Қағидаларға 5-қосымшаның 9-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      мемлекеттік қызметті тікелей көрсетілетін қызметті беруші тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Шағымды қарау мерзімін ұзартуға тек бір рет және тек мемлекеттік органдарға немесе ұйымдарға ресми сұрау салулар жолданған жағдайда ғана жол беріледі, жолданған сұрау салулардың тізбесі мен олардың жіберілген күндер өтініш берушінің жеке кабинетінде орналастырылады, мерзімді ұзартудың өзге негіздері қолданылмайды.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда лауазымды тұлға шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      6. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабының 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгіне алады.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін есепке алғандағы өзге де талаптар

      7. Көрсетілетін қызметті алушы порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді ұсынудың бірыңғай байланыс орталығы арқылы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

      8. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпараттық қызметтердің байланыс телефондары: бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Қауіпті қалдықтардың
экспортына және импортына
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына 1-қосымша
  Нысан

Қауіпті қалдықтардың экспортына лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алу үшін жеке тұлғаның өтініші

1. Өтініш №

2. 202 жылғы " " бастап 202 жылғы " " аралығында

3. Лицензия түрі| ЭКСПОРТ

4. № Келісімшарт

5. Қызметті алушы |

6. Сатып алушы

7. Жеткізілетін ел|

8. Сатып алушы ел |

9. Келісімшарт валютасы |

10. Құны

11.Статистикалық құны

12. Шығарылған ел|

13. Мөлшері

14. Өлшем бірлігі

15. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына арналған тауар коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіз

18. Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамы Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Лауазымы Телефоны Электрондық цифрлық қолтаңба орны, күні

  "Қауіпті қалдықтардың
экспортына және импортына"
лицензия беру мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына 2-қосымша
  Нысан

Қауіпті қалдықтардың импортына лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алу үшін жеке тұлғаның өтініші

1. Өтініш №

2. 202 жылғы " " бастап 202 жылғы " " аралығында

3. Лицензия түрі| ИМПОРТ

4. № Келісімшарт

5. Қызметті алушы |

6. Сатып алушы

7. Жеткізілетін ел||

8. Сатып алушы ел |

9. Келісімшарт валютасы |

10. Құны

11.Статистикалық құны

12. Шығарылған ел|

13. Мөлшері

14. Өлшем бірлігі

15. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына арналған тауар коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіз

18. Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамы Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Лауазымы Телефоны Электрондық цифрлық қолтаңба орны, күні

  "Қауіпті қалдықтардың
экспортына және импортына"
лицензия беру мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына 3-қосымша
Нысан

Қауіпті қалдықтардың экспортына лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алу үшін заңды тұлғаның өтініші

1.Өтініш №

2. 202 жылғы " " бастап 202 жылғы " " аралығында

3. Лицензия түрі| ЭКСПОРТ

4. № Келісімшарт

5. Қызметті алушы |

6. Сатып алушы

7. Жөнелтуші ел|

8. Сатып алушы ел

9. Келісім-шарт валютасы |

10. Құны

11.Статистикалық құны

12. Шығарылған ел |

13. Мөлшері

14. Өлшем бірлігі

15. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына арналған тауар коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіз

18. Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамы Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Лауазымы Телефоны Электрондық цифрлық қолтаңба орны, күні

  "Қауіпті қалдықтардың
  экспортына және импортына"
лицензия беру мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына 4-қосымша
  Нысан

Қауіпті қалдықтардың импортына лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алу үшін заңды тұлғаның өтініші

1.Өтініш №

2. 202 жылғы " " бастап 202 жылғы " " аралығында

3. Лицензия түрі| ИМПОРТ

4. № Келісім-шарт

5. Қызметті алушы |

6. Сатып алушы

7. Жөнелтуші ел |

8. Сатушы ел |

9. Келісім-шарт валютасы |

10. Құны

11.Статистикалық құны

12. Шығарылған ел |

13. Мөлшері

14. Өлшем бірлігі

15. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына арналған тауар коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіз

18. Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамы Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Лауазымы Телефоны Электрондық цифрлық қолтаңба орны, күні

  "Қауіпті қалдықтардың
экспортына және импортына"
лицензия беру мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына 5-қосымша
  Нысан


Мемлекеттік көрсетілетін қызмет талабы

1

Мемлекеттік қызметтің атауы

"Қауіпті қалдықтардың экспортына және импортына лицензия беру"

2

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

"Цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы www.egov.kz.

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркеген сәттен бастап: лицензияны және лицензияға қосымшаны 15 (он бес) жұмыс күні ішінде беру.

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электронды (жартылай цифрландырылған).

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Қауіпті қалдықтардың экспортына және импортына лицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет талабының 11-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

8

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері)

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға ақылы негізде көрсетіледі. Қауіпті қалдықтардың экспортына және импортына лицензия бергені үшін лицензиялық алым "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 2025 жылғы 18 шілдедегі
616-бабына сәйкес жүзеге асырылады және лицензия беру үшін 10 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу қолма – қол және қолма – қол емес нысанда, екінші деңгейдегі банктер мен жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ТШЭУ) арқылы жүзеге асырылады

9

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін;
Демалыс күндері: сенбі және жексенбі.
Портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда) өтінішті тіркеу және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары келесі мекенжайларда орналастырылған:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында.

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

қауіпті қалдықтарды экспорттауға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық түрде алу үшін жеке тұлғаның өтініші электрондық нысанда, қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады;
қауіпті қалдықтарды импорттауға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық түрде алу үшін жеке тұлғаның өтініші электрондық нысанда, қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады;
қауіпті қалдықтарды экспорттауға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық түрде алу үшін заңды тұлғаның өтініші электрондық нысанда, қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады;
қауіпті қалдықтарды экспорттауға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық түрде алу үшін заңды тұлғаның өтініші цифрлық нысанда, қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылып, осы Қағидаларға
4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады;
лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі немесе лицензияның болуы туралы мәліметтер егер қызметтің мұндай түрі Одақтың кедендік аумағында лицензиялау енгізілген тауар айналымымен байланысты болса, лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыру (егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе);
келісімшарт (тар)дың (шарттардың) көшірмесі тасымалдауға;
мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының көшірмесі;
Базель конвенциясының 6 – бабының
1-тармағына сәйкес қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау туралы хабарлама (3 (үш) данада);
Базель конвенциясының V B қосымшасына сәйкес қалдықтарды тасымалдау туралы құжат 3 (үш) данада);
қауіпті қалдықтарды пайдаланудың техникалық (технологиялық) мүмкіндіктерінің болуы туралы ақпарат (қауіпті қалдықтарды шикізат ретінде пайдалану мүмкіндігін растайтын технологиялық регламенттен үзінді көшірме немесе басқа қауіпті қалдықтардың немесе олардың қалдықтарының пайда болуына жол бермейтін, оларды пайдалануға тартуды растайтын басқа құжат), (қауіпті қалдықтар әкелінген жағдайда);
Базель конвенциясының 6 – бабының 11-тармағына сәйкес қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау кезінде сақтандыруды, кепілді немесе басқа кепілдікті қамтамасыз етуді растайтын құжаттың көшірмесі;
қалдықтарды пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияның көшірмесі.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

11) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) лицензиялық алым енгізілмесе;
3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
4) лицензиар өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес еместігі туралы тиісті келісуші мемлекеттік органнан жауап алса;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мәлімделген қызмет түрін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
6) сот орындаушысының ұсынысы негізінде соттың көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салуы; 7) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда;
8) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады