Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 15 мамырдағы № 191 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 18 мамырда № 38731 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықпен бекітілген тізбедегі 1-тармақтың үшінші абзацын, 2-тармақтың үшінші, бесінші және жетінші абзацтарын, 3-тармақтың жетінші, тоғызыншы, он екінші, он жетінші, жиырма бірінші, жиырма үшінші және жиырма алтыншы абзацтарын, 4-тармақтың бесінші, сегізінші, оныншы, он сегізінші, жиырма екінші, жиырма бесінші, жиырма тоғызыншы, отыз екінші және отыз алтыншы абзацтарын, 5-тармақтың үшінші, бесінші және жетінші абзацтарын, 6-тармақтың үшінші абзацын, 7-тармақтың жетінші, тоғызыншы, он төртінші, жиырма үшінші, жиырма бесінші, жиырма тоғызыншы және отыз бірінші абзацтарын, 8-тармақтың жетінші, тоғызыншы, он екінші, он төртінші және он сегізінші абзацтарын, 9-тармақтың жетінші, тоғызыншы, он үшінші, он бесінші, жиырма төртінші, жиырма алтыншы, жиырма сегізінші, отызыншы, отыз екінші, отыз сегізінші, қырық төртінші және елуінші абзацтарын, 10-тармақтың үшінші абзацын, 11-тармақтың үшінші абзацын, 12-тармақтың үшінші абзацын, 13-тармақтың үшінші абзацын, 14-тармақтың үшінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2026 жылғы 15 мамырдағы
№ 191 бұйрығымен
  бекітілген

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Хаттамалар мен нұсқамалар нысандарын, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасау мен шығару қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 8/624 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9061 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес хаттамалар мен нұсқамаларды жасау мен шығару қағидаларында:

      7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама электрондық нысанда жасалған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысушыларға оның "цифрлық үкіметтің" веб-порталында және (немесе) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның цифрлық сервисінде орналастырылғаны туралы хабарланады.".

      2. "Пестицидтердi өндiру (формуляциялау), пестицидтердi өткiзу, пестицидтердi аэрозольдік және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 4-4/704 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11927 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пестицидтерді өндіру (формуляциялау), пестицидтерді өткізу, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестіктігін растайтын құжаттардың тізбесінде:

      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі және мыналардан тұратын өндірістік-техникалық базаның болуы: пестицидтерді сақтауға арналған өндірістік және қойма үй-жайлары, пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға) арналған жабдықтар.

Өндірістік үй-жайларға құқық белгілейтін құжаттар немесе осы шарттар бір жылдан кем мерзімге жасалған жағдайда жалдау немесе өтеусіз пайдалану немесе сенімгерлік басқару шартының көшірмесі;
өндіруші зауыттардың жабдықтарға арналған пайдалану паспорттары;
санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі

Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде (жалдау /өтеусіз пайдалану/бір жылдан астам мерзімге сенімгерлік басқару) үй-жайлар болған жағдайда, ақпарат "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" цифрлық жүйесінен алынады

      ";

      реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6

Пестицидтерді сақтауға арналған меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі қойма үй-жайларының болуы

Үй-жайларға құқық белгілейтін құжаттар немесе осы шарттар бір жылдан кем мерзімге жасалған жағдайда жалдау немесе өтеусіз пайдалану немесе сенімгерлік басқару шартының көшірмесі

Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде (бір жылдан астам мерзімге жалдау /өтеусіз пайдалану/сенімгерлік басқару) үй-жайлар болған жағдайда, ақпарат "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" цифрлық жүйесінен алынады

      ";

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10

Пестицидтерді сақтауға арналған, өнеркәсіптік, өрт, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына жауап беретін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі қойма үй-жайларының болуы

Үй-жайларға құқық белгілейтін құжаттар немесе осы шарттар бір жылдан кем мерзімге жасалған жағдайда жалдау немесе өтеусіз пайдалану немесе сенімгерлік басқару шартының көшірмесі;
санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі

Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде (бір жылдан астам мерзімге жалдау /өтеусіз пайдалану/сенімгерлік басқару) үй-жайлар болған жағдайда, ақпарат "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" цифрлық жүйесінен алынады

      ".

      3. "Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11687 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Өсімдіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 7) тармақшасына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пестицидтердi тiркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттiк тiркеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өсімдіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 7) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындайды.";

      3-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-2. Тіркелушіге (өтініш берушіге) "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы (бұдан әрі – портал) "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.";

      40-тармақтың бірінші және екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне келіп түседі.";

      57-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "57-1. Ведомство осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпараттың әділет органында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығына, "цифрлық үкіметтің" операторына жібереді.";

      58-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен тіркелушінің (өтінім берушінің) шағымы Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.";

      көрсетілген бұйрыққа 1-1-қосымшада:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

"Цифрлық үкіметтің" www. egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы

      ";

      реттік нөмірі 6-жолда орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізілсін, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалсын;

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Ұсақмөлдекті сынақтар өткізу үшін:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11687 болып тіркелген) бекітілген Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларына (бұдан әріҚағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтердi ұсақмөлдекті сынақтардан өткізуге өтiнiм;
2) Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидке арналған қысқаша дерекнаманың электрондық көшірмесі;
3) өсiмдiк шаруашылығы өнiмі мен қоршаған орта объектілеріндегі өтінім берілген пестицидтер құрамы нормативтерінің электрондық көшірмесі;
4) өсiмдiк шаруашылығы өнiмі мен қоршаған орта объектілерінде өтінім берілген пестицидтердің қалдық мөлшерлерін анықтау жөніндегі әдiстемелік нұсқаулардың электрондық көшірмелері;
5) пестицидтi өндіруші елде пестицидтi және оның әсер етуші заттарын өндіруге рұқсатты куәландыратын электрондық құжаттың көшірмесі;
6) пестицидті ұсақмөлдекті сынақтардан өткізуге өтінім берілген әсер етуші заттың немесе пестицидтің өзі 2001 жылғы 22 мамырдағы Орнықты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясының ("Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 6 қазандағы № 131 шешімімен енгізілген) әкелуге тыйым салынған және А және В қосымшаларының күші қолданылатын өсімдіктерді қорғау құралдарының және басқа да орнықты органикалық ластағыштардың тізбесіне (бұдан әріТізбе) және (немесе) "Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған әлеуетті қауіпті химиялық, биологиялық заттардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-276/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21804 болып тіркелген) сәйкес Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған әлеуетті қауіпті химиялық, биологиялық заттардың тізіліміне (бұдан әріТізілім) енгізілмегенін растайтын уәкілетті мемлекеттік органдардың хаттарының электрондық көшірмелері.
Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкіметтің" шлюзі арқылы мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
Өндірістік сынақтар өткізу үшін:
1) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтерді өндiрiстiк сынақтардан өткізуге өтінім.
Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкіметтің" шлюзі арқылы мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
Пестицидке тіркеу куәлігін алу үшін:
1) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті мемлекеттік тіркеуге өтінім;
2) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтің биологиялық және шаруашылыққа тиімділігін бағалау жөніндегі ұсақмөлдекті сынақтардың нәтижелері туралы есептің және Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтің биологиялық және шаруашылыққа тиімділігін бағалау жөніндегі өндірістік сынақтардың нәтижелері туралы есептің (бұдан әріпестицидтің ұсақмөлдекті және өндірістік сынақтарының нәтижелері туралы есептер) электрондық көшірмелері;
3) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімдік шаруашылығы өнімінде және қоршаған орта объектілерінде пестицидтің қалдық мөлшерінің құрамын анықтау жөнінде жұмыстар жүргізу нәтижелері туралы есептің электрондық көшірмесі;
4) Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтің өндірістік сынақтарын бағалау актісінің электрондық көшірмесі;
5) Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидке арналған қысқаша дерекнаманың электрондық көшірмесі;
6) қызметін рұқсат беру құжаттары (аккредиттеу, сертификат) негізінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың әсер етуші зат және пестицидтің препараттық нысанын токсикологиялық-гигиеналық бағалау жөніндегі қорытындының электрондық көшірмесі (нотариалды куәландырылған көшірмесі не электрондық құжат);
7) пестицидті экологиялық-токсикологиялық және токсикологиялық-балық шаруашылығы бағалауы туралы есептердің электрондық көшірмелері (қызметін рұқсат беру құжаттары (аккредиттеу, сертификат) негізінде Украинада, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға жол беріледі (нотариалды куәландырылған көшірме не электрондық құжат));
8) балара шаруашылығы мен мал шаруашылығы үшін пестицидті ветеринариялық-санитариялық, экологиялық-токсикологиялық бағалау туралы есептердің электрондық көшірмелері (қызметін рұқсат беру құжаттары (аккредиттеу, сертификат) негізінде Украинада, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға жол беріледі (нотариалды куәландырылған көшірмесі не электрондық құжат));
9) пестицидтегі әсер етуші затты анықтаудың талдамалық әдісінің электрондық көшірмесі. Тіркелуші (өтініш беруші) әдісті Қазақстан Республикасының жағдайына бейімдеуді жүргізеді;
10) Қазақстан Республикасындағы тамақ өнімдерінде, ауыл шаруашылығы өнімдерінде, қоршаған орта объектілерінде және биологиялық ортада пестицидтің (қажет болған жағдайда метаболиттердің) қалдық мөлшерін айқындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулардың электрондық көшірмелері;
11) өсімдік шаруашылығы өніміндегі және қоршаған орта объектілеріндегі пестицид құрамы нормативтерінің электрондық көшірмелері (өсімдік шаруашылығы өніміндегі пестицидтің ең жоғары жол берілетін деңгейі, су айдындарының суындағы пестицидтің шекті жол берілетін концентрациясы (бұдан әрі – ШЖК), жұмыс аймағының ауасындағы ШЖК, жұмыс аймағының ауасындағы және атмосфералық ауадағы пестицидтің әсер етуінің шамаланған қауіпсіз деңгейі, топырақтағы ШЖК (Қазақстан Республикасы халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен немесе Украинада, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде бекітілген);
12) пестицидті өндіруші мен тіркелуші (өтініш беруші) арасындағы пестицидті өндіруге арналған лицензиялық келісімнің, сондай-ақ пестицидті өндірушіге тиісті уәкілетті органдар берген пестицидті өндіруге арналған лицензияның немесе рұқсаттың электрондық көшірмесі;
13) "Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының талаптарына сәйкес пестицид өндіруші немесе пестицидті тіркеуші (өтініш беруші) әзірлеген химиялық өнімнің қауіпсіздік паспортының электрондық көшірмесі;
14) Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті тасымалдау, сақтау, қолдану және зарарсыздандыру жөніндегі ұсыныстардың электрондық көшірмелері;
15) Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтің ыдысындағы заттаңбасының қазақ және орыс тілдерінде ақпараты бар электрондық көшірмесі.
Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкіметтің" шлюзі арқылы мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
Пестицидке тіркеу куәлігін алу үшін (тіркелген пестицидті пайдалану (қолдану) саласын кеңейту кезінде):
1) Қағидаларға 14-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркелген пестицидті пайдалану (қолдану) саласы кеңейтуге өтінім;
2) пестицидтің ұсақмөлдекті және өндірістік сынақтарының нәтижелері туралы есептердің электрондық көшірмелері;
3) Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтің өндірістік сынақтарын бағалау актісінің электрондық көшірмесі;
4) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімдік шаруашылығы өнімінде және қоршаған орта объектілерінде пестицидтің қалдық мөлшерінің құрамын анықтау жөнінде жұмыстар жүргізу нәтижелері туралы есептің электрондық көшірмесі;
5) тамақ өнімдерінде, ауыл шаруашылығы өнімдерінде, қоршаған орта объектілерінде пестицидтің (қажет болған жағдайда метаболиттердің) қалдық мөлшерін айқындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулардың электрондық көшірмелері (Қазақстан Республикасында бейімделген әдістемелерді ұсынуға жол беріледі);
6) өсімдік шаруашылығы өніміндегі және қоршаған орта объектілеріндегі пестицидтердің құрамы нормативтерінің электрондық көшірмелері (өсімдік шаруашылығы өніміндегі пестицидтің ең жоғары жол берілген деңгейі, су айдындарының суындағы ШЖК, жұмыс аймағының ауасындағы ШЖК, жұмыс аймағының ауасындағы және атмосфералық ауадағы пестицидтің әсер етуінің шамаланған қауіпсіз деңгейі, топырақтағы ШЖК) (Қазақстан Республикасы немесе Украина, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган бекіткен);
7) қызметін рұқсат беру құжаттары (аккредиттеу, сертификат) негізінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың әсер етуші зат және пестицидтің препараттық нысанын токсикологиялық-гигиеналық бағалау жөніндегі қорытындының электрондық көшірмесі (нотариалды куәландырылған көшірмесі не электрондық құжат);
8) пестицидті экологиялық-токсикологиялық және токсикологиялық-балық шаруашылығы бағалауы туралы есептердің электрондық көшірмелері (қызметін рұқсат беру құжаттары (аккредиттеу, сертификат) негізінде Украинада, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға жол беріледі (нотариалды куәландырылған көшірмесі не электрондық құжат));
9) балара шаруашылығы мен мал шаруашылығы үшін пестицидті ветеринариялық-санитариялық, экологиялық-токсикологиялық бағалау туралы есептердің электрондық көшірмелері (қызметін рұқсат беру құжаттары (аккредиттеу, сертификат) негізінде (Украинада, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға жол беріледі (нотариалды куәландырылған көшірмесі не электрондық құжат));
10) Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтерді тасымалдау, сақтау, қолдану және залалсыздандыру жөніндегі ұсыныстардың электрондық көшірмесі;
11) Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтің ыдысындағы заттаңбасының қазақ және орыс тілдерінде ақпараты бар электрондық көшірмесі;
12) пестицидке бұрын берілген тіркеу куәлігінің электрондық көшірмесі.
Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкіметтің" шлюзі арқылы мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
Пестицидтерді уақытша тіркеуді алу үшін:
1) Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті уақытша тіркеуге арналған өтінім;
2) ғылыми-зерттеу мекемелерінің анықталған зиянды немесе аса қауіпті зиянды организмдерге немесе карантиндік объектілерге қарсы жүргізудің қажеттілігін талдай және негіздей отырып, тәуекелі төмен биологиялық препаратты, пестицидті уақытша тіркеуді жүргізудің орындылығы туралы кемінде 2 (екі) ұсынымының болуы;
3) Еуразиялық экономикалық Одақ мемлекеттерінде осындай қолдану саласы бойынша (сол дақылда және сол зиянды организмдерге қарсы) пестицидтің, тәуекелі төмен биологиялық препараттың мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың болуы.
Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкіметтің" шлюзі арқылы мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
Тіркелген пестицидті өндірушіні оны өндірудің рецептурасы мен технологиясын сақтай отырып ауыстырған немесе қосқан кезде:
1) Қағидаларға 15-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рецептурасы мен тіркелген пестицидті өндіру технологиясы сақтала отырып, оны өндіруші ауысқан немесе қосылған кездегі өтінім;
2) тіркелуші (өтініш беруші) мен пестицидті өндіруші арасындағы пестицидті өндіруге арналған лицензиялық келісімнің, сондай-ақ тиісті мемлекеттік уәкілетті органдар жаңа пестицидті өндірушіге берген пестицидті өндіруге арналған лицензияның немесе рұқсаттың электрондық көшірмесі;
3) аккредиттелген (сертификатталған) зертханада жүргізілген, пестицид және оның әсер етуші заттарының (оның ішінде әсер етуші заттағы ілеспе қоспалар бойынша) құрамының тіркелген пестицид пен оның әсер етуші затының құрамының бірдейлігін растайтын зертханалық талдау деректері (Украинада, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде және басқа елдерде қызметті жүзеге асыратын зертханаларда жүргізілген зертханалық талдау нәтижелерін ұсынуға жол беріледі, егер оларда рұқсат беру құжаттары (аккредиттеу, сертификат) және (немесе) халықаралық стандарттарға (GLP, ISO) сәйкестік сертификаты болса (нотариалды куәландырылған көшірме не электрондық құжат));
4) пестицидке бұрын берілген тіркеу куәлігінің түпнұсқасының электрондық көшірмесі (пестицидке тіркеу куәлігін қағаз түрінде алған жағдайда).
Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкіметтің" шлюзі арқылы мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
Пестицидті қайта тіркеу үшін:
1) Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті қайта тіркеуге арналған өтінім;
2) пестицидтерге бұрын берілген тіркеу куәлігінің түпнұсқасының электрондық көшірмесі (пестицидке тіркеу куәлігін қағаз түрінде алған жағдайда);
3) Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидке арналған қысқаша дерекнаманың электрондық көшірмесі;
4) рұқсат беру құжаттары (аккредиттеу, сертификат) негізінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қызметін жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың әсер етуші зат және пестицидтің препараттық нысанын токсикологиялық-гигиеналық бағалау жөніндегі қорытындының электрондық көшірмесі (нотариалды куәландырылған көшірмесі не электрондық құжат);
5) пестицидті экологиялық-токсикологиялық және токсикологиялық-балық шаруашылығы бағалауы туралы есептердің электрондық көшірмелері (рұқсат беру құжаттары (аккредиттеу, сертификат) негізінде Украинада, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қызметін жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға жол беріледі (нотариалды куәландырылған көшірме не электрондық құжат));
6) балара шаруашылығы мен мал шаруашылығына арналған пестицидті ветеринариялық-санитариялық, экологиялық-токсикологиялық бағалау туралы есептердің электрондық көшірмелері (рұқсат беру құжаттары (аккредиттеу, сертификат) негізінде (Украинада, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге қызметін жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға жол беріледі (нотариалды куәландырылған көшірмесі не электрондық құжат));
7) пестицидті өндіруші мен тіркелуші (өтініш беруші) арасындағы пестицидті өндіруге арналған лицензиялық келісімнің, сондай-ақ пестицидті өндірушіге тиісті уәкілетті органдар берген пестицидті өндіруге арналған лицензияның немесе рұқсаттың электрондық көшірмесі.
Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкіметтің" шлюзі арқылы мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
Тіркелуші (өтініш беруші) ауысқан кезде:
1) Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркелушіні (өтінім беруші) ауыстыруға арналған өтінім;
2) тіркелушінің (өтініш берушінің) атынан тіркелушіні (өтініш берушіні) ауыстыру туралы хат, сондай-ақ пестицидті мемлекеттік тіркеу құқықтары жаңа тіркелушіге (өтініш берушіге) берілгенін немесе тіркелушінің (өтініш берушінің) қайта ұйымдастырылғанын растайтын құжаттар (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары болмаған кезде нотариалды куәландырылған көшірмелері);
3) жаңа тіркелуші (өтініш беруші) атынан пестицидті мемлекеттік тіркеу құқығын алғанын және пестицидтің саудадағы атауын, әсер етуші затты өндірушіні және пестицидтің препараттық нысанын өндірушіні, пестицидті пайдалану (қолдану) регламенттерін сақтағанын растайтын хат;
4) пестицидке бұрын берілген тіркеу куәлігінің түпнұсқасының электрондық көшірмесі (пестицидке тіркеу куәлігін қағаз түрінде алған жағдайда);
5) осы Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген, жаңа тіркелушінің (өтініш берушінің) атынан ресімделген құжаттар;
6) заңды тұлғалар үшін заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама (Қазақстан Республикасының бейрезиденттерітіркелушілері (өтініш берушілері) үшін салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы болмаған кезде нотариалды куәландырылған көшірмесі).
Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкіметтің" шлюзі арқылы мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
Тіркелушінің (өтініш берушінің) атауы өзгерген кезде:
1) Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркелушінің (өтінім берушінің) атауын өзгертуге арналған өтінім;
2) тіркелушінің (өтініш берушінің) атынан пестицидтің саудадағы атауын сақтай отырып, тіркелушінің (өтініш берушінің) атауын өзгерту туралы, әрекет етуші затты өндіруші және пестицидтің препараттық нысанын өндіруші хаты, пестицидті пайдалану (қолдану) регламенттері, сондай-ақ тіркелушінің (өтініш берушінің) атауының өзгергенін растайтын құжаттар (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары болмаған кезде нотариалды куәландырылған көшірмелер);
3) пестицидке бұрын берілген тіркеу куәлігінің түпнұсқасының электрондық көшірмесі (пестицидке тіркеу куәлігін қағаз түрінде алған жағдайда);
4) заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамазаңды тұлғалар үшін (нотариалды куәландырылған көшірмесі, Қазақстан Республикасының бейрезидентітіркелушілер (өтініш берушілер) үшін салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы болмаған кезде).
Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифлық үкіметтің" шлюзі арқылы мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

      ";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін 20 _____ жылғы "_____" _________________________________

      (қолы).";

      көрсетілген Қағидаларға 7-қосымшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін 20 _____ жылғы "_____" _____________ ____________________

      (қолы).".

      4. "Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларда:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау тәртібін айқындайды.

      Өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпараттың әділет органында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығына, "цифрлық үкіметтің" операторына жібереді.";

      25-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерге әкетуге фитосанитариялық сертификат алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тиісті аумақтық бөлімшеге (көрсетілетін қызметті берушіге) электрондық нысанда "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы не қағаз түрінде аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесіне не "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) № 1 Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.";

      29-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) барлық қажетті құжаттар ұсынылған кезде Мемлекеттік корпорация жұмыскері оларды "Халыққа қызмет көрсету орталықтарына арналған интеграцияланған цифрлық жүйе" цифрлық жүйесінде (бұдан әрі – ХҚО ИЦЖ) тіркейді;

      3) көрсетілетін қызметті алушының жеке басы сәйкестендірілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы туралы тиісті ақпарат және берілген құжаттардың тізімі ХҚО ИЦЖ-ға енгізіледі және ББАЖ АЖ-ға жіберіледі және көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.";

      79-тармақтың үшінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес қарауға жатады:";

      79-тармақтың алтыншы бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілетті орган ведомствосының, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:";

      көрсетілген Қағидаларға 8-қосымшада:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру тәсілдері

Жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) өтініштерін қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал);
3) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асыпылады

      ";

      реттік нөмірі 6-жолда орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізілсін, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалсын реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушініңҚазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін.
Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесініңдүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 16-30-ға дейін (көрсетілетін қызметті алушы сағат 16-30-дан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінгенде, құжаттарды қабылдау, тіркеу және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) порталдыңжөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

      ";

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес нысан бойынша карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерге әкетуге арналған фитосанитариялық сертификатты алуға өтініш;
2) карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы (бар болса);
3) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынатын электрондық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).
порталға жүгінген кезде:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес нысан бойынша карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерге әкетуге арналған фитосанитариялық сертификатты алуға көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысының электрондық көшірмесі (бар болса).
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан цифрлық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      ";

      көрсетілген Қағидаларға 12-қосымшада:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру тәсілдері

Жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) өтініштерін қабылдау www.egov.kz "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады

      ";

      реттік нөмірі 6-жолда орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізілсін, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалсын;

      реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

      ";

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш жолдайды.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан цифрлық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      ";

      көрсетілген Қағидаларға 19-қосымшада:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру тәсілдері

Жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) өтініштерін қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      ";

      реттік нөмірі 6-жолда орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізілсін, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалсын;

      реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушініңҚазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесідүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 16-30-ға дейін (көрсетілетін қызметті алушы сағат 16-30-дан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, құжаттарды қабылдау, тіркеу және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) порталдыңжөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

      ";

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген кезде:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынатын электрондық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілдігіне өкілеттікті куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).
порталға жүгінген кезде:
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан цифрлық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      ".

      5. "Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтарында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 158 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18552 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен және Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтарындағы бақылау пункттерінде автомобиль қатынасы шегінде агроөнеркәсіптік кешен өнімдеріне мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің лауазымды адамдары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен өзара іс-қимыл жасау кезінде кеден органдары мен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйелері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы (электрондық байланыс істен шыққан, болмаған немесе ақпараттық өзара іс-қимылға кедергі келтіретін өзге де жағдайлар туындаған жағдайда – қолда бар байланыс құралдарын пайдалана отырып) бақылау пунктіндегі ведомстволардың аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктіне өнімдері бар жеке және заңды тұлғалардың және көлік құралдарының келгені туралы хабардар етеді.";

      16-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) кеден органдарының және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның интеграцияланған цифрлық жүйелеріне (электрондық байланыстың істен шығуы, болмауы немесе ақпараттық өзара іс-қимылға кедергі келтіретін өзге де жағдайлардың туындау жағдайларын қоспағанда);";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде ведомстволардың аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары өнімдердің межелі (жеткізілу) орнындағы тиісті ведомствоның аумақтық бөлімшесін, экспорттаушы елді хабардар ете отырып, өнімдер туралы, қабылданған шешім, мемлекеттік бақылау мен қадағалау нәтижелері, өнімдердің иесі, өнімдердің межелі (жеткізілу) орны туралы ілеспе құжаттың (немесе өнімдердің қауіпсіздігін растайтын өзге де құжаттың) нөмірі, көлік құралының түрі мен оның тіркеу нөмірі туралы мәліметтер мен деректерді тиісті цифрлық жүйеге енгізеді, осы Қағидалардың 8-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес шешімдер қабылданған жағдайда, оның негізінде осындай шешім қабылданған себептерді көрсетеді.".

      6. "Жеке және заңды тұлғаларға жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіру шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 118 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20373 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіру шығындарын өтеу қағидаларында:

      12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жеке және заңды тұлғалардың банктік шотына өтемді аудару үшін "Қазынашылық-Клиент" цифрлық жүйесіне жүктелетін өтемді төлеуге берілетін шотты қалыптастырады және жібереді.".

      7. "Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 299 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21494 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект.

      4) "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЦҮТШ) – төлемдерді электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде жүргізу туралы ақпаратты беру процестерін автоматтандыратын цифрлық объект;";

      6-тармақтың екінші, үшінші және төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы, пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді өткізуге, пестицидтерді аэрозольдік немесе фумигациялық тәсілдермен қолдануға лицензияның бар-жоғы туралы, салық органында есепке қойылғаны туралы, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы ("ЦҮТШ" арқылы төленген жағдайда) мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

      Цифрлық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.

      Портал мен цифрлық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы "Киберқауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

      Өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпараттың әділет органында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығына, "цифрлық үкіметтің" операторына жібереді.";

      18-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:";

      19-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

"Цифрлық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы.

      ";

      реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға ақылы негізде көрсетіледi.
Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензия беру үшін көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 616-бабының 4-тармағына сәйкес 10 (он) айлық есептік көрсеткішті құрайтын лицензиялық алым төленеді.
Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ қолма-қол емес нысанда "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЦҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

      ";

      реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www. gov. kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

      ";

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында осы Тізбеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беруге өтiнiш;
2) ЦҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) сыртқы сауда шартының (келісімшартының) электрондық көшірмесі, оның қосымшалары және (немесе) толықтырулары (бір реттік лицензияларға), ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниетін растайтын өзге құжаттың электрондық көшірмесі;
4) көрсетiлетiн қызметтi алушының "Тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініштердің нысандарын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 67 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11074 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 67 бұйрық) белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы, пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді өткізуге, пестицидтерді аэрозольдік немесе фумигациялық тәсілдермен қолдануға лицензияның бар-жоғы туралы, салық органында есепке қойылғаны туралы, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы (ЦҮТШ арқылы төленген жағдайда) мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

      ";

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 77 арқылы алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www. gov. kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың цифрлық жүйелерінде авторландырылған субъектілер үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың цифрлық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторландырудан өтеді, бұдан әрі "Цифрлық құжаттар" бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды.

      ";

      8. "Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми-зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 309 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21404 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми-зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми-зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру" мемлекеттiк қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми-зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру" мемлекеттік қызметті көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;";

      4-тармақтың үшінші және төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

      Портал мен цифрлық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы "Киберқауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.";

      7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпараттың әділет органында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығына, "цифрлық үкіметтің" операторына жібереді.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

www.egov.kz "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы.

      ".

      реттік нөмірі 6-жолда орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізілсін, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалсын;

      реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      ".

      9. "Пестицидтердi өндiру (формуляциялау), пестицидтердi өткiзу, пестицидтердi аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 334 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21589 болып тіркелген") мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Пестицидтердi өндiру (формуляциялау), пестицидтердi өткiзу, пестицидтердi аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Пестицидтердi өндiру (формуляциялау), пестицидтердi өткiзу, пестицидтердi аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттiк қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Пестицидтердi өндiру (формуляциялау), пестицидтердi өткiзу, пестицидтердi аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттiк қызметті көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;";

      5-тармақтың екінші, үшінші және төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы, лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан цифрлық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Портал мен цифрлық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы "Киберқауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.";

      14-тармақтың 4) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер дара кәсіпкер-лицензиаттың заңды мекенжайы, заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің мекенжайы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес елді мекендер атауының, көшелер атауының өзгеруіне байланысты өзгерген болса, осы Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу жүзеге асырылмайды. Лицензиаттардың мекенжайларының мұндай өзгеруі мемлекеттік цифрлық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне келіп түседі.

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі және көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпараттың әділет органында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығына, "цифрлық үкіметтің" операторына жібереді.";

      21-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес қарауға жатады:";

      22-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

www. egov. kz "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы

      ";

      реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға ақылы негізде көрсетiледi.
Мемлекеттiк қызметті көрсету кезiнде көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 616-бабының 4-тармағына сәйкес жекелеген қызмет түрлерімен айналысу үшін лицензиялық алым төленеді,ол:
1) лицензия бергені үшін – 10 (он) айлық есептік көрсеткішті;
2) лицензияларды қайта ресімдегені үшін – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайтын лицензиялық алым төленеді. Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ қолма-қол емес нысанда "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЦҮТШ) арқылы жүзеге асырылады. Лицензияға қосымшаларды беру кезінде лицензиялық алым алынбайды. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабында көзделген жағдайларда лицензиялар және (немесе) лицензияға қосымшалар беру кезінде лицензиялық алым алынбайды.

      ";

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:
1) жеке тұлғаның көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында осы мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініші;
заңды тұлғаның көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында осы мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініші;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 4-4/704 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11927 болып тіркелген) (бұдан әрі – біліктілік талаптары) пестицидтердi өндiру (формуляциялау), пестицидтердi өткiзу, пестицидтердi аэрозольдік және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызметтерге қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес пестицидтерді өндіру (формуляциялау) жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;
біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес пестицидтерді өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;
біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;
заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастыру жағдайларынан басқа, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
1) жеке тұлғаның көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 3-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші;
заңды тұлғаның көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 4-қосымшаға сәйкес, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші;
2) ақпараты мемлекеттік цифрлық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері;
заңды тұлға-лицензиатты бөлініп шығару және бөліну нысандарында қайта ұйымдастыру кезінде:
1) жеке тұлғаның көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 3-қосымшаға сәйкес, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші;
заңды тұлғаның көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 4-қосымшаға сәйкес, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші;
2) ақпараты мемлекеттік цифрлық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері;
3) заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастырылған кезде бөлініп шыққан заңды тұлғаға лицензияны қайта ресімдеуге бөліну жүргізілген Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген заңды тұлғаның келісімі туралы шешімнің көшірмесі;
4) біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес пестицидтерді өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;
біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес пестицидтерді өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;
біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы, лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
Төлем екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы лицензиялық алымды төлеу туралы түбіртектің электрондық көшірмесін ұсынады.

      ";

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефоны 8 (7172) 55-59-61, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың цифрлық жүйелерінде авторизацияланған субъектілер үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың цифрлық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторландырудан өтеді, бұдан әрі "Цифрлық құжаттар" бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды.

      ";

      "Пестицидтерді өндіру (формуляциялау), пестицидтерді өткізу, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 1-қосымшаның оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осымен:

      барлық көрсетілген деректер ресми байланыс деректері болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмағандығы;

      барлық қоса беріліп отырған құжаттардың шындыққа сәйкес келетіндігі және жарамды болып табылатындығы;

      көрсетілетін қызметті алушының лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады.";

      "Пестицидтерді өндіру (формуляциялау), пестицидтерді өткізу, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 2-қосымшаның оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осымен:

      барлық көрсетілген деректер ресми байланыс деректері болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмағандығы;

      барлық қоса беріліп отырған құжаттардың шындыққа сәйкес келетіндігі және жарамды болып табылатындығы;

      көрсетілетін қызметті алушының лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады.";

      "Пестицидтерді өндіру (формуляциялау), пестицидтерді өткізу, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 3-қосымшаның оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осымен:

      барлық көрсетілген деректер ресми байланыс деректері болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмағандығы;

      барлық қоса беріліп отырған құжаттардың шындыққа сәйкес келетіндігі және жарамды болып табылатындығы;

      көрсетілетін қызметті алушының лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады.";

      "Пестицидтерді өндіру (формуляциялау), пестицидтерді өткізу, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 4-қосымшаның оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осымен:

      барлық көрсетілген деректер ресми байланыс деректері болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмағандығы;

      барлық қоса беріліп отырған құжаттардың шындыққа сәйкес келетіндігі және жарамды болып табылатындығы;

      көрсетілетін қызметті алушының лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады.".

      10. "Биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 23 қарашадағы № 380 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30687 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесінде:

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мәліметтер мен деректерді жинау рұқсат беру жүйесінің, мемлекеттік бақылаудың, есептік құжаттаманың, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің, ішкі және сыртқы бағалау нәтижелерінің, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қарамағындағы цифрлық жүйелердің деректері, сондай-ақ ашық көздерден алынған деректер бойынша жүзеге асырылады.".

      11. "Референттік (референс-) зерттеулерді жүзеге асыру және жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 28 қарашадағы № 393 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30948 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Референттік (референс-) зерттеулерді жүзеге асыру және жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларында:

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшаның 8-тармағының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.".

      12. "Биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 1 қарашадағы № 359 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30428 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесінде:

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мәліметтер мен деректерді жинау рұқсат беру жүйесінің, мемлекеттік бақылаудың, есептік құжаттаманың, жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің, ішкі және сыртқы бағалау нәтижелерінің, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қарамағындағы цифрлық жүйелердің деректері, сондай-ақ ашық көздерден алынған деректер бойынша жүзеге асырылады.".

      13. "Өсімдіктер карантині саласында тергеп-тексеру жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 228 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34662 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өсімдіктер карантині саласында тергеп-тексеру жүргізу қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Аумақтық бөлімшенің басшысы шешімге қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органды, өкілдері тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамына енгізілген мүдделі мемлекеттік органдарды "Тексерулер субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі" цифрлық жүйесі арқылы тергеп-тексеру жүргізудің басталғаны туралы хабарлама жіберу жолымен хабардар етеді.".

      14. "Өсімдіктерді қорғау саласындағы тергеп-тексеру жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 229 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34658 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өсімдіктерді қорғау саласындағы тергеп-тексеру жүргізу қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Аумақтық бөлімшенің басшысы шешімге қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органды, өкілдері тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамына енгізілген мүдделі мемлекеттік органдарды "Тексерулер субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі" цифрлық жүйесі арқылы тергеп-тексеру жүргізудің басталғаны туралы хабарлама жіберу жолымен хабардар етеді.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады