ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.07.2026 ж. қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Этил спиртін өндіру, алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату, сондай-ақ алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 60 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10422 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Этил спиртін өндіру, алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату, сондай-ақ алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесінде:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3. | Этил спирті өндірісінің паспортында көрсетілген мәліметтерге сәйкес, меншік құқығындағы стационарлық үй-жайлар | Меншік құқығындағы стационарлық өндірістік үй-жайлардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес) | Көрсетілетін қызметті беруші жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесінен (бұдан әрі – ЖМБМК ЦЖ) алады. |
";
реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
10. | Денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю станцияларының, сауда базарларының, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттарын және аумақтарынан тысқары орналасқан алкоголь өнімін өндіру паспортында көрсетілген мәліметтерге сәйкес меншік құқығындағы стационарлық үй-жайлар | Меншік құқығындағы стационарлық өндірістік үй-жайлардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтердің нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес) | Көрсетілетін қызметті беруші ЖМБМК ЦЖ-дан алады. Стационарлық үй-жайдың болуын лицензиар Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 51-бабына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылау және қадағалау жолымен белгілейді. |
";
реттік нөмірі 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
17. | Денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, денешынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю станцияларының, сауда базарларының, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттарынан тысқары және аумақтарында орналасқан, меншік құқығындағы немесе уақытша иелік ету (пайдалану), өтеусіз пайдалану құқығындағы, сондай-ақ басқа лицензиатқа берілмеген алкогольдік өнімді сақтауға, қабылдауға және босатуға арналған қойма үй-жайлар | Жүргізілген тіркеу туралы тіркеуші органның белгісі бар құқық белгілейтін құжат | Көрсетілетін қызметті беруші ЖМБМК ЦЖ-дан алады |
Шарт бір жылдан кем мерзімге жасаған жағдайда, жалға алу немесе өтеусіз пайдалану шартының көшірмесі |
";
реттік нөмірі 21-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
21. | Денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, денешынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю станцияларының, сауда базарларының, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттарынан тысқары және аумақтарында орналасқан, меншік құқығындағы немесе уақытша иелік ету (пайдалану), өтеусіз пайдалану құқығындағы, тұрақты тұруға қарағанда өзге мақсатқа пайдалануға арналған стационарлық үй-жайлар | Жүргізілген тіркеу туралы тіркеуші органның белгісі бар құқық белгілейтін құжат | Көрсетілетін қызметті беруші ЖМБМК ЦЖ-дан алады. |
Шарт бір жылдан кем мерзімге жасаған жағдайда, жалға алу немесе өтеусіз пайдалану шартының көшірмесі |
".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеде қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы |
Е. Биржанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі