Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 13 мамырдағы № 88 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 15 мамырда № 38715 тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық мәдениет және саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрі
Е. Нысанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар
министрі
2026 жылғы 13 мамырдағы
№ 88 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 286 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23901 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларында:

      2-тармағының 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4) қоғамдық тыңдаулар – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесінде (бұдан әрі – Цифрлық жүйе) ашық жиналыстар өткізу, жария талқылауларын жүргізу арқылы қоршаған ортаны қорғау және Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы мәселелері қозғалатын мемлекеттік және басқарушылық шешімдерді қабылдауға қоғамның қатысу нысандарының бірі;";

      2-тармағының 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "5) видеоконференцбайланыс – өзара қашық бірнеше абоненттің нақты уақыт режимінде аудио- және видеоақпарат алмасу мүмкіндігі беріліп, интерактивтік өзара іс-қимыл жасауы үшін цифрлық технологиялар пайдаланылатын көрсетілетін байланыс қызметі;";

      3 және 4-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Қоғамдық тыңдаулар жөніндегі ақпаратты Цифрлық жүйеде, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының және Кодекстің 52-бабының 3-тармағында санамаланған салалардағы мемлекеттік бағдарламалардың жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында орналастыру үшін, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Қоғамдық тыңдаулар" арнайы айдары құрылады.

      4. Цифрлық жүйені қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы жүргізеді.

      Цифрлық жүйе демалыс, мереке күндерін және жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы жұмыс істейді. Сағат 18.00-ден кейін келіп түскен сұрату хаттары мен қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы хабарландыруларды тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.";

      8-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Қоғамдық тыңдаулардың бастамашысы (бұдан әрі – Бастамашы) жұртшылық үшін қолжетімді болатын, ұсынылатын орындарды, қоғамдық тыңдаулардың басталатын күні мен уақытын көрсете отырып, қатысы бар аумақтың шегінде толық немесе ішінара орналасқан тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың) Цифрлық жүйе арқылы қоғамдық тыңдауларды өткізуге сұрау салу хатын жібереді.";

      11-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "11. Бастамашы қоғамдық тыңдауларды өткізу орны, күні мен уақыты келісілгеннен кейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымына және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына Цифрлық жүйе арқылы мыналарды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Қоғамдық тыңдаулар" айдарының толтырылған нысанын;

      2) осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес қоғамдық тыңдаулардың нысанасына қарай қоғамдық тыңдауларға шығарылатын құжаттар топтамасын;

      3) қоғамдық тыңдаулар өткізуді келісу туралы жауап хатты;

      4) қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарландыруды немесе оның мерзімдік баспа басылымында (газетте) және кемінде бір теле немесе радиоарнада уақтылы орналастырылғанын растайтын құжатты жібереді.";

      14 және 15-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:

      "14. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары тыңдауларды өткізу күні мен уақытын келісе отырып, Бастамашы мүдделі мемлекеттік органдардың, оның ішінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (ауданның, облыстық және аудандық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (ауданның, облыстық және аудандық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының әкімшілік-аумақтық бірліктердің (ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің), Бастамашы хабарлайтын және шақыратын ұйымдардың тізбесімен Цифрлық жүйе арқылы хабардар етеді.

      15. Қоғамдық тыңдауға шығарылатын құжаттар Цифрлық жүйеге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының ресми интернет-ресурсына, сондай-ақ әзірлеуші мемлекеттік органның интернет-ресурсына қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын танысу үшін орналастырылады.";

      16-тармағының 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) жобаның атауы, қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күні, орны мен уақыты көрсетілген, Цифрлық жүйеге сілтеме жасалған, еркін нысандағы хабарландырулардың мүдделі жұртшылық үшін қолжетімді орындарда таратылуын ұйымдастырады.

      Мүдделі жұртшылықты хабардар ету үшін ақпараттандырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де тәсілдерін қосымша пайдалануға болады.";

      18 және 19-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:

      "18. Мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылық ескертулері мен ұсыныстарын Цифрлық жүйеде орналастырады, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органына қоғамдық тыңдаулар басталатын күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей қоғамдық тыңдауларға шығарылатын құжаттарға жазбаша нысанда (қағаз немесе электрондық жеткізгіште) ескертулері мен ұсыныстарын жібереді немесе қоғамдық тыңдаулардың өткізу барысында айтады.

      Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органы немесе әзірлеуші мемлекеттік орган мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтан алынған жазбаша нысандағы (қағаз немесе электрондық жеткізгіштердегі) ескертулер мен ұсыныстарды жиынтық кестеге енгізеді, ол жобамен бірге қоғамдық тыңдауларға шығарылады.

      19. Алынған ескертпелер мен ұсыныстарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы Цифрлық жүйедегі "Қоғамдық тыңдаулар" айдарында және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары ресми интернет-ресурсқа орналастырады.";

      23-тармағының 3) және 4) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) Цифрлық жүйеде және ресми интернет-ресурста орналастырылған құжаттарда баяндалған ақпарат баяндамаға және ашық жиналыс арқылы өткізілетін қоғамдық тыңдауларда тыңдалатын құжаттарға сәйкес келмеген жағдайда;

      4) белгіленген қызметті жүзеге асыру нәтижесінде аумағына әсер етуі мүмкін әкімшілік-аумақтық бірліктер тізбесіне кірмейтін әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында қоғамдық тыңдауларды өткізген жағдайда өтпеді деп есептеледі.

      Жоғарыда аталған себептер бойынша өткізілмеген тыңдаулар туралы қоғамдық тыңдаулардың төрағасы хабарлайды.

      Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы үш жұмыс күні ішінде Ақпараттық жүйеде және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының және әзірлеуші мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарына өткізілмеген қоғамдық тыңдаулар туралы хабарламаны "Қоғамдық тыңдаулар" айдарында орналастырады.";

      29-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "29. Аумағында қоғамдық тыңдаулар өткізілген әкімшілік-аумақтық бірліктің (астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органы немесе әзірлеуші мемлекеттік орган қол қойылған хаттаманы, қоғамдық тыңдаулардың видео және аудиожазбасын оған қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзім ішінде Цифрлық жүйеде және өзінің ресми интернет-ресурсына орналастырады.

      Хаттаманы Цифрлық жүйеде орналастырған кезде әкімшілік-аумақтық бірліктің (астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органы оны өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.";

      37-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "37. Сараптама комиссиясы отырысының хаттамасы қол қойылған күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей Цифрлық жүйеде орналастырылады, сондай-ақ оны астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары және әзірлеуші мемлекеттік орган ресми интернет-ресурсқа орналастырады.";

      39 және 40-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:

      "39. Цифрлық жүйеде жария талқылау нысанындағы қоғамдық тыңдауларды Бастамашы:

      1) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу барысында № 165 Қағидалардың 9-тармағында көзделген тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалар бойынша;

      2) Кодекстің 87-бабының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8, 9) тармақшаларында санамаланған жобалар бойынша;

      3) экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламаларының жобаларын әзірлеу кезінде, оның ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бұрын келісілген бағдарламаларды толық немесе ішінара қайта қарайтын жағдайда;

      4) ең озық қолжетімді техникалар жөніндегі анықтамалықтардың жобаларын әзірлеу кезінде өткізеді.

      40. Жария талқылаулар нысанындағы қоғамдық тыңдауларды өткізу үшін Бастамашы жария талқылаулар басталатын күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей, толық немесе ішінара қатысты аумақтың шегінде орналасқан барлық тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің) аумағында таратылатын кемінде бір бұқаралық ақпарат құралында (мерзімді баспасөз басылымында, телеарна немесе радиоарна арқылы), сондай-ақ мүдделі жұртшылық үшін қолжетімді орындарда еркін нысанда Бастамашысын, жобаның атауын, қоғамдық тыңдаулар өткізу мерзімдерін осы Қағидалардың 43-тармағына және Цифрлық жүйедегі сілтемеге сәйкес көрсетілген, қазақ және орыс тілдеріндегі хабарландыруды жариялауды ұйымдастырады.";

      42-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "42. Жария талқылаулар арқылы қоғамдық тыңдауларды өткізу үшін Бастамашы Цифрлық жүйеге мынадай құжаттарды орналастырады:

      1) № 165 Қағидалардың 9-тармағында көзделген тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану бойынша жобалау құжаттамасы;

      2) Кодекстің 87-бабының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8, 9) тармақшаларында санамаланған объектілер бойынша жобалау құжаттамасы;

      3) экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламаларының жобаларын;

      4) ең озық қолжетімді техникалар жөніндегі анықтамалықтардың жобаларын;

      5) кемінде бір бұқаралық ақпарат құралында (мерзімді баспасөз басылымында, телеарна немесе радиоарна арқылы) жария талқылаулар арқылы қоғамдық тыңдаулар өткізілетіндігі туралы хабарландырудың уақтылы және мүдделі жұртшылық үшін қолжетімді орындарда орналастырылғандығын растайтын құжатты.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы осы Қағидалардың 42-тармағында көрсетілген құжаттарды екі жұмыс күні ішінде Цифрлық жүйеде жариялайды.

      Ұсынылған құжаттар 39 және 43-тармақтарға сәйкес келмеген, сондай-ақ осы Қағидалардың 40-тармағында көрсетілген мерзім сақталмаған жағдайда, ведомстволық бағыныстағы ұйым оларды пысықтауға қайтарады.";

      44-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "44. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы келіп түскен ескертулер мен ұсыныстарды бір күн ішінде Цифрлық жүйеде орналастырады.

      Жария талқылау мерзімі кезеңінде көзделіп отырған қызметтің бастамашысы Цифрлық жүйеге келіп түскен ескертулер мен ұсыныстарға жауап береді.";

      46-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "46. Аумағында қоғамдық тыңдаулар өткізілген тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзім ішінде оны Цифрлық жүйеде және өзінің ресми интернет-ресурсына орналастырады.";

      1-қосымшасы осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      5-қосымшасы осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 13 тамыздағы № 327 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23994 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау өлшемшарттарында:

      21-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "21. Экологиялық қолайсыз аумақтар бойынша медициналық-демографиялық көрсеткіштер осы климаттық-географиялық аймақтардың бақылау (аялық) аумақтарындағы ұқсас көрсеткіштермен салыстырылады. Осындай бақылау (аялық) аумақтары ретінде елді мекендер немесе олардың жеке бөліктері қабылданады, оларда өмір сүрудің ұқсас әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, қолайлы экологиялық (әлеуметтік-гигиеналық) ахуал бар, қоршаған орта сапасына әсер ететін факторлар жоқ.

      Осындай көрсеткіштерді қала және ауыл халқы үшін бөлек анықталады. Бірнеше ең аз көрсеткіштердің орташа шамасы бақылау (аялық) мәні ретінде қабылданады. Бақылау шамасы ретінде республика мен облыс бойынша орташа көрсеткіштері пайдаланылады, 10 жылға есептелген және (немесе) олардың осы кезең үшін қарқыны. Антропогенді табиғатты қоршаған ортаның факторларымен этиологиялық байланыстағы салыстырмалы сирек кездесетін аурулар, сондай-ақ ерекше аурулар және денсаулық жай-күйінің басқа да бұзылулары үшін айрықшалық жасалуы мүмкін. Сондай-ақ сараптама жүргізу сәтіне олардың шамасымен салыстыру үшін бақылау сандары ретінде өткен жылдарға аумақ бойынша деректерді пайдалануға рұқсат беріледі. Медициналық көрсеткіштерді есептеу кезінде мемлекеттік медициналық статистиканың, арнайы цифрлық жүйелердің, жеке аурулар бойынша тіркелімдердің, сондай-ақ популяциялық немесе когорталы зерттеулердің (ұсынылатын ақпараттың жоғары дәлелін ескере отыра) нәтижелері пайдаланылуы мүмкін.".

      3. "Ластағыштардың шығарындылары мен көшірілуінің тіркелімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 31 тамыздағы № 346 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24214 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ластағыштардың шығарындылары мен көшірілуінің тіркелімін жүргізу қағидаларында:

      7-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркеліміне ақпаратты операторлар ластағыштардың шығарылуы мен көшірілу тіркелімінің цифрлық жүйесіндегі есептілік нысанын толтыру және осы нысанға тиісті оператор өзінің атынан көрсетілген тіркелімге ақпарат беруге уәкілеттік берілген тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою арқылы береді.";

      20-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "20. Жұртшылықтың ластағыштардың шығарындылары мен көшірілуінің тіркелімінде қамтылған ақпаратқа кедергісіз қол жеткізуі болмаған жағдайларда, уәкілетті орган мыналарды қамтамасыз етеді:

      "экологиялық ақпарат беру" мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметті арқылы;

      сұрау салу бойынша тиісті сұрау салуды алғаннан кейін күнтізбелік бір айдан кешіктірмей ұсыну;

      жұртшылық үшін қолжетімді орындарда (уәкілетті органның аумақтық органдарында) ластағыштардың шығарындылары мен тасымалдары тіркелімінің деректеріне электрондық қолжетімділікті ұйымдастыру.".

      4. "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстары мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 7 қыркүйектегі № 359 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24277 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстары мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізу қағидаларында:

      2-тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) цифрландыру объектілерін интеграциялау – Қазақстан Республикасында пайдаланылатын деректерді берудің стандартты хаттамалары негізінде цифрландыру объектілері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;";

      2-тармағының 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4) Кадастрлардың бірыңғай жүйесі – Қазақстан Республикасының табиғи және экономикалық әлеуетін бірыңғай жалпымемлекеттік кешенді есепке алу мен бағалауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарының мемлекеттік кадастрларының барлық түрін біріктіретін салааралық цифрлық жүйе.";

      4-тармағының 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) автоматтандырылған цифрлық технологияларды қолдану;";

      5-тармағының 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) цифрлық ресурстарға жедел санкцияланған қолжетімділікті қамтамасыз ету, мемлекеттік статистикалық есептілікті және шолу-талдау сипатындағы құжаттарды автоматтандырылған қалыптастыру.";

      7 және 8-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Кадастрлардың бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету деректердің салыстырмалылығы мен ақпараттық ресурстардың үйлесімділігін қамтамасыз ететін бірыңғай ұйымдастырушылық, әдіснамалық және цифрлық тәсіл негізінде жүзеге асырылады.

      8. Кадастрлардың бірыңғай жүйесінің кіші жүйелерін ақпаратпен толықтыру мен жаңартуды меншік цифрлық жүйелері бар арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес көрсетілген цифрлық жүйелерді интеграциялау арқылы электрондық түрде жүзеге асырады.";

      13-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "13. "Су кадастры" кіші жүйесі мемлекеттік су кадастры деректерінің негізінде Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 12 маусымдағы № 131-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36269 болып тіркелген) Мемлекеттік су кадастрын жүргізу қағидаларына сәйкес қалыптастырылады.";

      21-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "21. Кадастрлардың бірыңғай жүйесін енгізу кезінде "Киберқауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысына сәйкес киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптар ескеріледі.".

  Тізбеге 1-қосымша
Қоғамдық тыңдауларды өткізу
қағидаларына 1-қосымша
Нысан

"Қоғамдық тыңдаулар" арнайы айдары

      Қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарландыру:

      1) жобаның атауын;

      2) аумағына ықпал ету мүмкін болатын және аумағында қоғамдық тыңдаулар өткізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізімін (егер тыңдаудың бір тақырыбы бойынша қоғамдық тыңдаулар бірден артық әкімшілік-аумақтық бірлікте өткізілетін болса), учаскенің географиялық координаттары және әсер ету аумағының географиялық координаттары;

      3) қоғамдық тыңдаулар өткізілетін орнын, басталатын күні мен уақытын. Ашық жиналысты өткізу мерзімі қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың шешімі бойынша қатарынан бес жұмыс күніне дейін ұзартылады;

      4) Бастамашының деректемелері мен байланыс деректерін;

      5) ықтимал әсерлер туралы есептерді әзірлеушілердің немесе стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептерді дайындау бойынша сырттан тартылған сарапшылардың немесе мемлекеттік экологиялық сараптама объектілерінің құжаттамасын, тиімділікті арттыру бағдарламаларын, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеушілердің деректемелері мен байланыс деректерін;

      6) қоғамдық тыңдауларға шығарылатын материалдармен, ал кейін қоғамдық тыңдаулардың жарияланған хаттамасымен танысу үшін, Цифрлық жүйеге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсына сілтемені;

      7) көзделіп отырған қызмет, өткізілетін қоғамдық тыңдаулар туралы қосымша ақпарат алуға, сондай-ақ көзделіп отырған қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін сұрату үшін электрондық мекенжайы мен телефон нөмірін (-лерін);

      8) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органының жұртшылық пен мүдделі жұртшылық өз ескертулері мен ұсыныстарын қоғамдық тыңдауларға шығарылатын құжаттар бойынша жазбаша немесе электрондық нысанда жіберетін электрондық мекенжайы мен пошталық мекенжайы;

      9) мерзімді басылымда (газетте) қоғамдық тыңдаулар өткізілетіндігі туралы хабарландырудың уақытылы орналастырылғандығын растайтын құжатты;

      10) кемінде бір теле- немесе радиоарнада қоғамдық тыңдаулардың өткізілетіндігі туралы хабарландырудың уақытылы орналастырылғандығы растайтын құжатты;

      11) түсіру күні мен уақыты көрсетілетін бұрыштық электрондық мөртабаны бар, көпшілікке қолжетімді жерлерде орналастырылған, ашық жиналыстар арқылы қоғамдық тыңдаулар өткізілетіндігі туралы хабарландырулардың суретін;

      12) видеоконференцбайланыс платформасына сілтемесін қамтиды.

  Тізбеге 2-қосымша
Қоғамдық тыңдауларды өткізу
қағидаларына 5-қосымша
  Нысан

Ашық жиналыстар нысанында өткізілетін қоғамдық тыңдаулар хаттамасы

      1. Аумағында қызмет жүзеге асырылатын немесе аумағына ықпал етілетін әкімшілік-аумақтық бірліктің (астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың) немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің) әкімі аппаратының жергілікті атқарушы органының атауы:

      _______________________________________________________________

      2. Қоғамдық тыңдаулардың тақырыбы:

      _______________________________________________________________

      (қаралатын жобалау құжаттардың толық, нақты атауы)

      3. Қоғамдық тыңдауларға шығарылатын құжаттар жіберілген қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органның (астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың) немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің) әкімі аппаратының атауы.

      4. Көзделіп отырған қызметтің орналасатын жері:

      _______________________________________________________________

      (көзделіп отырған қызмет учаскесі аумағының толық, нақты мекенжайы,

      географиялық координаттары)

      5. Көзделіп отырған қызметтің ықтимал әсеріне қатысы бар барлық әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауы:

      _______________________________________________________________

      (белгіленген көзделіп отырған қызметті жүзеге асыру нәтижесінде аумағына әсер етуі мүмкін және аумағында қоғамдық тыңдаулар өткізілетін әкімшілік -аумақтық бірліктердің тізбесі)

      6. Бастамашының деректемелері және байланыс деректері:

      _____________________________________________________________

      (оның ішінде нақты атауы, заңды және нақты мекенжайы, БСН, телефондары, факстары, электрондық пошталары, сайттары)

      7. Ықтимал әсерлер туралы есептерді әзірлеушілердің немесе стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептерді дайындау бойынша сырттан тартылған сарапшылардың немесе мемлекеттік экологиялық сараптама объектілерінің құжаттамасын әзірлеушілердің деректемелері мен байланыс деректері.

      _______________________________________________________________

      (оның ішінде нақты атауы, заңды және нақты мекенжайы, БСН, телефондары, факстары, электрондық пошталары, сайттары)

      8. Қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күн, уақыт, орын (қоғамдық тыңдаулардың ашық жиналысы өткізілетін күн (күндер) және уақыт):

      _______________________________________________________________

      (қатысушыларды тіркеу басталатын күн, уақыт, қоғамдық тыңдаулардың басталу және аяқталу уақыты, тыңдаулар өткізілетін орынның толық және нақты мекенжайы. Қоғамдық тыңдаулар ұзартылатын жағдайда барлық күндер көрсетіледі)

      9. Бастамашы жіберген сұрату хатының көшірмесі және қоғамдық тыңдауларды өткізу шарттарын келісу туралы әкімшілік-аумақтық бірліктердің (астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары ұсынған жауап хаттың көшірмесі осы қоғамдық тыңдаулар хаттамасына қоса беріледі.

      10. Қоғамдық тыңдауларға қатысушыларды тіркеу парағы осы қоғамдық тыңдаулар хаттамасына қоса беріледі.

      11. Қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде келесі жолдармен таратылды:

      1) Цифрлық жүйеде;

      2) жергілікті атқарушы органның (астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың) ресми интернет-ресурсында немесе әзірлеуші мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында

      _______________________________________________________________

      (ресми интернет-ресурстардың атауы, сілтемелер және жарияланған күні)

      3) қоғамдық тыңдаулар басталған күнге дейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей, бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде кемінде бір газетте және қатысы бар аумақтың шегінде толық немесе ішінара орналасқан тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында таратылатын кемінде бір теле-немесе радиоарна арқылы бұқаралық ақпарат құралдарында:

      _______________________________________________________________

      (газеттегі хабарландырудың атауын, нөмірін және жарияланған күнін көрсету, сондай-ақ газеттің сканерленген титулдық беті мен қоғамдық тыңдаулар өткізілетіндігі туралы хабарландыру берілген бетті қамтитын, сканерленген хабарландыруды қоса ұсыну)

      _______________________________________________________________

      (теле- немесе радиоарнаның атауын, хабарландыру жарияланған күнді көрсету, теле немесе радиоарнада жарияланған қоғамдық тыңдаулар өткізілетіндігі туралы хабарландырудың видео және аудиожазбасы бар электрондық жеткізгіш қоғамдық тыңдаулардың хаттамасына қоса тіркелуі (жариялануы) тиіс)

      4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің) аумағында мүдделі жұртшылық үшін қолжетімді орындарда, ______ мекенжайы бойынша _________ дана хабарландыру.

      Осы қоғамдық тыңдау хаттамасына фотоматериалдар қоса беріледі.

      12. Қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың шешімдері:

      _______________________________________________________________

      (хатшыны таңдау туралы. Қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың санын көрсету: "қарсы емес", "қарсы", "қалыс қалды")

      _______________________________________________________________

      (регламентті бекіту туралы. Қоғамдық қатысушылардың санын көрсету:

      "қарсы емес", "қарсы", "қалыс қалды")

      13. Барлық тыңдалған баяндамалар туралы мәліметтер:

      _______________________________________________________________

      (баяндамашының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), лауазымы, өкілі болып отырған ұйымның атауы)

      _______________________________________________________________

      (баяндаманың тақырыбы, беттердің, слайдтардың, файлдардың, плакаттардың, сызбалардың саны)

      Қоғамдық тыңдауларға шығарылып отырған құжаттар бойынша баяндамалардың мәтіні осы қоғамдық тыңдаулар хаттамасына қоса беріледі.

      14. Мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың осы Қағидаларының 18-тармағына сәйкес жазбаша нысанда ұсынылған немесе қоғамдық тыңдауларды өткізу барысында айтылған барлық ескертулер мен ұсыныстарын, әрбір ескерту және ұсыныс бойынша бастамашының жауаптары мен түсініктемелерін қамтитын жиынтық кесте. Қоғамдық тыңдаулардың тақырыбына мүлде қатысы жоқ ескертулер мен ұсыныстар кестеге "қоғамдық тыңдаулардың тақырыбына қатысы жоқ" деген белгімен енгізіледі.

      15. Қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың жоба және қаралатындардың сапасы туралы пікірі (негіздемесімен), құжаттардың, тыңдалған баяндамалардың толықтығы және оларды түсінудің қолжетімділігі тұрғысынан, оларды жақсарту бойынша ұсынымдар:

      _______________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), лауазымы, өкілдігінің атауы ұйымдар, пікірлер мен ұсыныстар)

      16. Қоғамдық тыңдаулар хаттамасына шағымдану Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес сот және сотқа дейінгі тәртіппен мүмкін болады.

      17. Қоғамдық тыңдаулардың төрағасы:

      _______________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), лауазымы, өкілі болып табылатын ұйымның атауы, қолы, күні)

      18. Қоғамдық тыңдаулардың хатшысы:

      ______________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), лауазымы, өкілі болып табылатын ұйымның атауы, қолы, күні)

Қоғамдық тыңдаулар өткізілгенге дейін және өткізу кезінде келіп түскен ескертулер мен ұсыныстардың жиынтық кестесі

р/с

Қатысушылардың ескертулері мен ұсыныстары (қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, өкілі болып отырған ұйымның атауы)

Ескертулер мен ұсыныстарға жауаптар (жауап берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және/немесе лауазымы, өкілі болып отырған ұйымның атауы)

Ескерту
(алынып тасталған/алынбаған ескерту немесе ұсыныс, "қоғамдық тыңдау тақырыбына қатысы жоқ")










Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады