"Көлік-логистика орталықтарын жайластыру және техникалық жарақтандыру жөніндегі үлгілік талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 650 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2026 жылғы 14 мамырдағы № 116 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 14 мамырда № 38713 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Көлік-логистика орталықтарын жайластыру және техникалық жарақтандыру жөніндегі үлгілік талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 650 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11694 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлік-логистикалық орталықтарды жайластыру және техникалық жарақтандыру жөніндегі үлгілік талаптарда:

      31-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) кеден ісі саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесімен интеграциялаудың техникалық мүмкіндігі бола отырып, көлік құралдарының салмақтық параметрлерін автоматты режимде айқындауға мүмкіндік беретін көлік құралдарының салмақтық параметрлерін автоматты айқындау жүйесі;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) кеден ісі саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесімен интеграциялаудың техникалық мүмкіндігінің болуымен автокөлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлерін оқуды, автокөлік құралдарының мемлекеттік тіркеу белгілерінің дерекқорын сақтауды, жүргізуді қамтамасыз ететін көлік құралдарын электрондық есепке алу жүйелері.".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Көлік саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жыл 12 шілдеден кейін қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
Н. Сауранбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интеллект және

      инновациялық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады