Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 12 мамырдағы № 300 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 14 мамырда № 38706 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 290 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9623 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттыру қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Біліктілікті арттыру курсының міндетті сағаттары өзіне қаржылық есептіліктің халықаралық және ұлттық стандарттары бойынша теориялық және практикалық мәселелерді, Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын және экономика, қаржы, аудит, менеджмент, салықтық, азаматтық, банктiк, сақтандыру және әлеуметтік заңнамалары саласында басқа мәселелерді және есепке алу процестерін цифрландыру зерделеуді қамтиды.".

      2. "Кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 16 наурыздағы № 175 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10703 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 11) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсiби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттауды жүргiзу қағидаларында:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Кәсіби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы  5-тармағының 1) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк саласындағы қызметті реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) әзірлеген және бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымдарын аккредиттеу (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тәртібін айқындайды.

      2. "Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру" және "Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру" деген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) www.egov.kz, www.elicense.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетеді (бұдан әрi – портал).";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші цифрлық саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін, сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылым операторына, оның ішінде Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын цифрлық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші sd@nitec.kz электрондық пошта арқылы бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салуды жіберу арқылы "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы операторын (оператор) мемлекеттік қызметтің атауы, өтініштің әкімшілік құжатының нөмірі мен коды (ӨӘҚНМК), немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі (ӨБСН), әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды (ӘҚНМК ЕД), немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі (РБҚБСН), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), немесе көрсетілетін қызметті алушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) авторизациялау сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате туындаған сәтке дейін қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып, 1 (бір) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.";

      10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндерінде жүгінген кезде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сұрау салуды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмауы және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар болуы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күн мерзімі ішінде сұрау салуды одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартады.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы кәсіби ұйымды аккредиттеу туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.";

      11. Сұрау салуды өңдеуді, оның ішінде тіркеуді көрсетілетін қызметті беруші "Е-лицензиялау" цифрлық жүйесінде сұрау салу келіп түскен сәттен бастап жүзеге асырады: 

      куәлік беру кезінде:

      1) көрсетілетін қызметті алушы қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсутуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде 8-тармағында көрсетліген құжаттарды ұсынған көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы бойынша басқарма қызметкері қабылдайды және кейіннен орындаушыға бөлу үшін көрсетілетін қызметті берушінің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тиісті басқармасына береді – бір жұмыс күні ішінде;

      2) орындаушы берілген құжаттардың толықтығын осы Қағидалардың  8-тармағы 1-қосымшасына сәйкес тексереді – бір жұмыс күн ішінде;

      3) орындаушы құжаттың мазмұнын қарастырады – бір жұмыс күні ішінде;

      4) дайындау және бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы басқарма басшысымен, көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметі басқармасының басшысымен қорытынды жобасын, куәлікті беру туралы бұйрық жобасын келісу, сондай-ақ оларды көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының бекітуі, бұйрықты тіркеу немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау және аккредиттеу туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру – екі жұмыс жұмыс күні ішінде;

      куәлікті қайта рәсімдеу кезінде:

      1) көрсетілетін қызметті алушы қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында көрсетліген құжаттарды ұсынған көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы бойынша басқарма қызметкері қабылдайды және кейіннен орындаушыға бөлу үшін көрсетілетін қызметті берушінің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тиісті басқармасына береді – бір жұмыс күні ішінде;

      2) дайындау және бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы басқарма басшысымен, көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметі басқармасының басшысымен қорытынды жобасын, куәлікті қайта рәсімдеу туралы бұйрық жобасын келісу, сондай-ақ оларды көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының бекітуі, бұйрықты тіркеу немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау және қайта рәсімдеу туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру – екі жұмыс күн ішінде.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүгінген кезде сұрау салуды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттардың болу фактісі анықталған жағдайда қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде сұрау салуды одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.

      Сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.";

      корсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалары осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      корсетілген Қағидаларға 4-қосымшасы осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланған күннен кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғышқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 2-тармағының екінші, үшінші және алтыншы абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2026 жылғы 12 мамырдағы
  № 300 бұйрығына 1-қосымша
Кәсіптік ұйымдарды,
сертификаттау жөнiндегi
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына 1-қосымша

"Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі– көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Сұрау салуды қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі-портал)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Куәлік беру–5 (бес) жұмыс күні;
куәлікті қайта ресімдеу –3 (үш) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Кәсіби ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру, куәлікті қайта ресімдеу, немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші-Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған;
Порталда-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжттар мен мәліметтердің

1) кәсіптік ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) мәліметтер нысаны;
3) оқыту іс-шараларын өткізу жоспарын көрсете отырып, өз мүшелерінің біліктілігін арттыру жүйесінің болуын растайтын құжаттың (бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдармен өзара іс-қимыл туралы келісім) электрондық (сканерленген) көшірмесін ұсынады.
Заңды мекенжайы өзгерген жағдайда кәсіби ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін, сондай-ақ аккредиттеу туралы куәлік жоғалған, бүлінген кезде үшін, егер бұрын берілген куәлік қағаз нысанда ресімделген болса, порталда басшының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды толтыру қажет.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші "цифлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Аккредиттеу туралы куәлікті беруден, қайта ресімдеуден бас тарту үшін негіздер болып табылады:
1) аккредиттеу, қайта ресімдеу туралы куәлікті және (немесе) олардағы деректерді (мәліметтерді) алу үшін сертификаттау жөніндегі ұйымдар ұсынған құжаттардың дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымдарға қатысты қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы аккредиттеу туралы куәлікті беруден, қайта ресімдеуден бас тарту үшін негіз болып табылады;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777. Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған www.gov.kz.

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2026 жылғы 12 мамырдағы
№ 300 бұйрығына 2-қосымша
Кәсіптік ұйымдарды,
сертификаттау жөнiндегi
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына 2-қосымша
  Нысаны

Сұрау салу

      Аккредиттеуді (қайта рәсімдеу, телнұсқасын беру) өтінемін

      __________________________________________________________________

      Қызметті жүзеге асыру үшін кәсіби ұйымның, сертификат жөніндегі ұйымның

      (қажеттісінің астын сызып көрсету) толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Орналасқан жері:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін Барлық көрсетілген ақпарат, сондай-ақ қоса берілген құжаттар

      дұрыс және жарамды болып табылады

      "___" ___________ 20__ жыл

      Кәсіби ұйымның, сертификаттау жөніндегі ұйымның басшысы

      (қажеттісінің астын сызып көрсету) ____________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2026 жылғы 12 мамырдағы
№ 300 бұйрығына 3-қосымша
Кәсіптік ұйымдарды,
сертификаттау жөнiндегi
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына 4-қосымша
  Нысаны

"Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Сұрау салуды қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Куәлік беру – 10 (он) жұмыс күні;
куәлікті қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру, куәлікті қайта ресімдеу, куәліктің телнұсқасын беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші-Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған;
Порталда-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

1) сертификаттау жөніндегі ұйым басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) мәліметтер нысаны;
3) "қаржылық есеп және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары бойынша есептілік", "Басқарушылық есеп", "Қаржы және қаржылық менеджмент", "Салықтар", "Құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және әлеуметтік заңнамасы)" пәндері бойынша емтихан модульдерін және емтихандар нәтижелерін бағалау тәртібін қамтитын сертификаттау бағдарламалары бойынша электрондық құжат нысанындағы материалдар; сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу үшін материалдардың мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкес келетін қазақ және орыс тілдеріндегі "Этика";
4) кәсіби бухгалтерді сертификаттау бойынша емтихандарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы бекітілген ереже:
тест сұрақтары мен ситуациялық тапсырмаларды қамтитын емтихан модульдерінің құрылымы;
сертификаттау пәндері бойынша емтихандардың ұзақтығы кемінде үш сағат;
кәсіби бухгалтерге кандидаттардың (бұдан әрі – кандидат) емтихан жұмыстарын тексеру мерзімдері емтихан тапсырған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды;
сертификаттарды беру мерзімі сертификаттаудың соңғы пәні бойынша оң нәтиже алған күннен бастап күнтізбелік он төрт күннен аспайды;
кандидаттың "Қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік" пәні бойынша оң нәтиже алуы, ол нәтиже бекітілген күннен бастап келесі үш жыл ішінде ғана жарамды деп танылатын болады, "Басқарушылық есеп", "Қаржы және қаржылық менеджмент", "Салықтар", "Құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және әлеуметтік заңнамасы)", "Этика" – нәтиже бекітілген күннен бастап келесі бес жыл ішінде;
5) көрсетілген Комиссия төрағасының, оның мүшелерінің, тәуелсіз байқаушылардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі және оның құрамы көрсетілген емтихан комиссиясы туралы бекітілген ереже электрондық құжат нысанында бекітілсін;
6) апелляциялық комиссия (Кеңес) туралы бекітілген Ережені, оның құрамын, шағым беру мерзімін және қарау мерзімдерін, шағымның нысанын және комиссияның (кеңестің) электрондық құжат нысанындағы шешімін белгілей отырып, емтихан нәтижелері бойынша шағымдарды сотқа дейін қарауды жүргізу тәртібін көрсете отырып, қабылдайды.
Заңды мекенжайы өзгерген жағдайда бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін, сондай-ақ бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік жоғалған, бүлінген кезде үшін, егер бұрын берілген куәлік қағаз нысанда ресімделген болса, порталда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу толтырылады.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "Цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Аккредиттеу туралы куәлікті беруден, қайта ресімдеуден бас тарту үшін негіздер болып табылады:
1) аккредиттеу, қайта ресімдеу туралы куәлікті және (немесе) олардағы деректерді (мәліметтерді) алу үшін сертификаттау жөніндегі ұйымдар ұсынған құжаттардың анық установстігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымдарға қатысты қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы аккредиттеу туралы куәлікті беруден, қайта ресімдеуден бас тарту үшін негіз болып табылады;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекетті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған www.gov.kz.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады