"Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 8 мамырдағы № 48 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 12 мамырда № 38701 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10111 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) цифрландыру саласындағы уәкілетті орган – цифрландыру және "электрондық үкімет" саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;";

      8-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) мемлекеттік цифрлық жүйелерді беру;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) ұлттық қауіпсіздік органдарының киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған объектілерін цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісіне беру;";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Осы Қағидалардың 8-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда мемлекеттік цифрлық жүйелер баланс ұстаушының ұсынысы негізінде тендер өткізбей сенімгерлік басқаруға беріледі.

      Баланс ұстаушы цифрландыру саласындағы уәкілетті органға құнын бағалай отырып, мемлекеттік цифрлық жүйелерді сүйемелдеу жұмыстары түрлерінің тізбесін және техникалық тапсырманы ұсынады.

      Мемлекеттік цифрлық жүйелерді дамыту мақсатында сенімгерлік басқаруға беруге жол берілмейді.

      Баланс ұстаушы мемлекеттік цифрлық жүйені сенімгерлік басқаруға беруді, оның ішінде оны сүйемелдеуге байланысты шығыстарды цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі.";

      10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Осы Қағидалардың 8-тармағының 1) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, объектіні тендер өткізбей сенімгерлік басқаруға беру объектіні сенімгерлік басқаруға беру өтініші (бұдан әрі – өтініш) негізінде жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады