Кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 6 сәуірдегі № 4, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 408, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 22 сәуірдегі № 216/НҚ, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 8 сәуірдегі № 1, Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 60 және бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 8 мамырда № 38693 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Қаржылық мониторинг субъектілерімен жұмыс департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
__________Е. Сарсембаев
      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі
__________Ж. Мадиев
      Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту
агенттігінің Төрағасы
__________М. Омаров
      Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
__________Е. Мырзабосынов
      Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
__________Ж. Элиманов

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2026 жылғы 30 сәуірдегі
№ 408,
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Жасанды
интеллект және цифрлық
даму министрі
2026 жылғы 22 сәуірдегі
№ 216/НҚ,
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігінің
2026 жылғы 8 сәуірдегі
№ 1,
Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2026 жылғы 14 сәуірдегі
№ 60 мен
2026 жылғы 6 сәуірдегі
№ 4 Бірлескен бұйрыққа
қосымша

Күші жойылған кейбір бірлескен бұйрықтардың тізбесі

      1. "Нотариустар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 24 ақпандағы № 15 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 24 ақпандағы № 152 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26963 болып тіркелген).

      2. "Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және айналысты жүзеге асыратын тұлғалар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 20 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 68/НҚ бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26981 болып тіркелген).

      3. "Ақша аударымы қызметін көрсететін пошта операторлары үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 19 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 69/НҚ бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26982 болып тіркелген).

      4. "Тауар биржалары, өз қызметін тауар биржасында жүзеге асыратын және биржалық тауарлармен мәмілелер жасайтын биржалық брокерлер, сондай-ақ тауар биржаларының клирингтік орталықтары үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 16 және Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 2 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26983 болып тіркелген).

      5. "Ойын бизнесі мен лотереяларды ұйымдастырушылар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 17 және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 60 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26984 болып тіркелген).

      6. "Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 16 және Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 2 "Тауар биржасына үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 28 және Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 19 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29505 болып тіркелген).

      7. "Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 19 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 69/НҚ "Ақша аударымы қызметін көрсететін пошта операторлары үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 29 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 330/НҚ бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29650 болып тіркелген).

      8. "Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 20 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 68/НҚ "Цифрлық активтерді шығару, олардың сауда-саттығын ұйымдастыру, сондай-ақ цифрлық активтерді ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке айырбастау бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 30 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 326/НҚ бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29584 болып тіркелген).

      9. "Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 24 ақпандағы № 15 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 24 ақпандағы № 152 "Нотариустар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 31 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 783 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29642 болып тіркелген).

      10. "Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 17 және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 60 "Ойын бизнесі мен лотереяларды ұйымдастырушылар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 32 және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 263 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29585 болып тіркелген).

      11. "Цифрлық активтерді шығару, олардың сауда-саттығын ұйымдастыру, сондай-ақ цифрлық активтерді ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке айырбастау бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 20 және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 68/НҚ бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 10 желтоқсандағы № 10 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 791/НҚ бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35483 болып тіркелген).

      12. "Тауар биржасы үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 16 және Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 2 бірлескен бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 6 және Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м.а. 2025 жылғы 2 сәуірдегі № 5 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35945 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады