"Көмірсутек шикізаты мен уранды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы және "Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 339 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 мамырдағы № 323 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 5 мамырдағы № 228 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 6 мамырда № 38684 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескетпесі!
      Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Көмірсутек шикізаты мен уранды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы және "Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 339 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 мамырдағы № 323 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20787 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      Бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      Бұйрыққа 3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      Бұйрыққа 4-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      Бұйрыққа 5-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      Бұйрыққа 6-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратура

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интеллект

      және цифрлық даму

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология табиғи ресурстар

      министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2026 жылғы 5 мамырдағы
№ 228
Бұйрыққа 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 30 мамырдағы
№ 323 бұйрығына
1-қосымша

"Жер асты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жер асты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. "Жер асты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Кодекстің 26-бабының 1-тармағына сәйкес кен іздеушілікке арналған лицензия бұдан әрі – лицензия қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарымен, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша облыстың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын аумақтарға беріледі.

      3. Қағидалар жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) қолданылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

      4. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін www.egov.kz цифрлық үкіметтің веб-порталы арқылы "Жер асты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған өтінішті ұсынады. Процестің сипаттамаларын, көрсетілетін қызметтің нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын тізбе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.

      5. Қоса берілген құжаттары бар өтініш бірегей есептік нөмірі, тіркеу күні мен уақыты (сағаты, минуты) беріле отырып, олар келіп түскен күні "Бірыңғай жер қойнауын пайдалану платформасы" цифрлық объектісінде (бұдан әрі – ЖҚПБП) тіркеледі.

      Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері, көрсетілген қызметті берушінің жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Бұл ретте, құжатқа қол қойылғанға дейін ЖҚПБП электрондық құжатқа рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесімен берілетін нөмірді (ӘҚНК) алу үшін www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталына сұрау жібереді.

      6. Өтінішті ЖҚПБП-да тіркегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Мемлекеттік цифрлық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын туралы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

      7. Мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      8. Жауапты орындаушы ЖҚПБП-ға өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Тізбенің 10-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің келесі нәтижесін береді:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының кепілін тіркеу туралы анықтама;

      2) Тізбенің 11-тармағында көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолы қойылған (бұдан әрі – ЭЦҚ) электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетіне" жолданады.

      Өтініштің және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің тіркеу деректері мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрында автоматты түрде тіркеледі.

      9. ЖҚПБП арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілетін кезде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушіге, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      11. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2) тармақшасына сәйкес:

      уәкілетті орган – оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      12. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 4-тармағына сәйкес, қажет болған жағдайда шағымды қарау мерзімі:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда, он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

  "Жер асты суларын, емдік
балшықты және пайдалы қатты
қазбаларды барлауға, өндіруге
немесе бірлесіп
барлау мен өндіруге жер
қойнауын пайдалану құқығының
кепіл шартын
тіркеу" мемлекеттік қызметтер
көрсету қағидаларына
1-қосымша
____________________________
(уәкілетті органның атауы)

Өтініш

      Сізден жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеуді сұраймын:

      Келісімшарттың/лицензияның нөмірі, келісімшарттың/лицензияның жасалған

      күні______________________________________________________________________.

      Жер қойнауын пайдалану операциясының түрі: ________________________________.

      Пайдалы қазба:____________________________________________________________.

      Кен орнының атауы/ блоктардың

      №:_____________________________________________________________________________Жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шарты/жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес) шартына қосымша келісім туралы мәліметтер:

      Шарттың нөмірі мен жасалған күні: ___________________________________________.

      Кепіл ұстаушының атауы: __________________________________________________.

      Міндеттеме сомасы:_ ______________________________________________________.

      Міндеттемені өтеу мерзімі: __________________________________________________.

      Тіркелетін құжаттар:

      Жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шарты.

      Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:

      атауы / тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)

      _________________________________________________________________________________.

      бизнес сәйкестендіру нөмірі/ жеке сәйкестендіру нөмірі

      _________________________________________________________________________.

      телефон нөмірі: ____________________________________________________________

      ұялы телефон нөмірі: ________________________________________________________

      e-mail: ____________________________________________________________________

      банк деректемелері:_________________________________________________________

      банктік сәйкестендіру коды__________________________________________________

      банктің атауы______________________________________________________________

      бенефициар коды___________________________________________________________

      Өтінішке қоса беріледі:

      1)______________________________________________________________;

      2)______________________________________________________________;

      Цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісемін.

      Өтініште және қоса беріліп отырған құжаттарда көрсетілген барлық мәліметтер сенімді болып табылатынын растаймын.

      Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасының деректері;

      Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою күні мен уақыты.

      20 _ жылғы "__" _____ _____ сағат ____ минут.

  "Жер асты суларын, емдік
балшықты және пайдалы қатты
қазбаларды барлауға, өндіруге
немесе бірлесіп барлау мен
өндіруге жер қойнауын
пайдалану құқығының кепіл
шартын тіркеу" мемлекеттік
қызметтер көрсету
қағидаларына
2-қосымша

"Жер асты суларын, емдік балшықты және пайдалы қатты қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлесіп барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Жер асты суларын, емдік балшықты және пайдалы қатты қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлесіп барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

4.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілі

"цифрлық үкімет" веб-порталы www.egov.kz.; "Жер қойнауын пайдалану бірыңғай платформасы" цифрлық объектісі (бұдан әрі - ЖҚПБП).

5.

Мемлекеттік қызмет көрсемемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

2 (екі) жұмыс күн.

6.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған)

7.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Нысан бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының кепілін тіркеу туралы куәлік не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

8.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 8-00-ден 17-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін;
2) ЖҚПБП - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

10.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) өтініш;
2) белгіленген тәртіппен қол қойылған жер қойнауын пайдалану құқығының кепілі туралы шарттың (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) электрондық көшірмесі немесе жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) қосымша келісім. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, мемлекеттік цифрлық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген шешімі (үкімі) бар;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

12

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жанындағы бірыңғай байланыс орталығы: 1465.

  "Жер асты суларын, емдік
балшықты және пайдалы қатты
қазбаларды барлауға, өндіруге
немесе бірлесіп барлау мен
өндіруге жер қойнауын
пайдалану құқығының
кепіл шартын тіркеу"
мемлекеттік қызметтер
көрсету қағидаларына
3-қосымша

Жер қойнауын пайдалану құқығының кепілін тіркеу туралы куәлік

      № ______ "__"______20 жыл

      Жер қойнауын пайдалану құқықтарының кепілін мемлекеттік тіркеудің электрондық

      тізілімінде жер қойнауын пайдалану құқығы кепілінің тіркелгені туралы мәліметтер:

      тіркеу нөмірі _____________________________________________________________

      тіркеу күні _______________________________________________________________

      Жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге қою шарты туралы мәліметтер:

      кепіл берушінің БСН-ы: ____________________________________________________

      кепіл берушінің атауы: ____________________________________________________

      кепіл ұстаушының БСН-ы: __________________________________________________

      кепіл ұстаушының атауы: ___________________________________________________

      кен орнының атауы: ________________________________________________________

      жер қойнауын пайдалану операциясының түрі: _________________________________

      келісімшарттың/лицензияның нөмірі: _________________________________________

      келісімшарттың/лицензияның жасалған күні: ___________________________________

      міндеттеменің валютасы: ____________________________________________________

      міндеттеме сомасы: _________________________________________________________

      міндеттемені өтеу мерзімі: 00.00.20__ жыл.

      Көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы деректері;

      Электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған күні мен уақыты.

      "__" _____ 20 _ жыл _____ сағат ____ минут.

  "Жер асты суларын, емдік
балшықты және пайдалы қатты
қазбаларды барлауға, өндіруге
немесе бірлесіп барлау мен
өндіруге жер қойнауын
пайдалану құқығының кепіл
шартын тіркеу" мемлекеттік
қызметтер көрсету
қағидаларына
4-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

      "Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі" ММ __.__.__ жылғы № ______ өтінішіңізді қарап, Қазақстан Республикасының аумағында, келесі себептен ___________________________ жер қойнауын пайдалану құқығының кепілін тіркеу туралы куәлік беруден бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы деректері;

      Электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған күні мен уақыты.

      20 _ жылғы "__" _____ _____ сағат ____ минут.

  бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 30 мамырдағы
№ 323 бұйрығына
2-қосымша

"Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және өндіруге, кен іздеуге жер қойнауын пайдалану құқығының кепілін (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      3. Қағидалар жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) қолданылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

      4. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін www.egov.kz "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы "Жер асты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған өтінішті ұсынады. Процестің сипаттамаларын, көрсетілетін қызметтің нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын тізбе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.

      5. Қоса берілген құжаттары бар өтініш бірегей есептік нөмірі, тіркеу күні мен уақыты (сағаты, минуты) беріле отырып, олар келіп түскен күні "Жер қойнауын пайдалану бірыңғай платформасы" цифрлық объектісінде (бұдан әрі – ЖҚПБП) тіркеледі.

      Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері, көрсетілген қызметті берушінің жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Бұл ретте, құжатқа қол қойылғанға дейін ЖҚПБП электрондық құжатқа рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесімен берілетін нөмірді (ӘҚНК) алу үшін www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталына сұрау жібереді.

      6. Өтінішті ЖҚПБП-да тіркегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, мемлекеттік цифрлық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      8. Жауапты орындаушы Тізбенің 10-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің келесі нәтижесін береді:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының кепілін (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) тіркеу туралы куәлік;

      2) Тізбенің 11-тармағында көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.

      Өтініштің тіркеу деректері және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрында автоматты түрде тіркеледі.

      9. ЖҚПБП арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілген кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушіге, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      11. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес:

      уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган– тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      12. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу үшін 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлға шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

  "Кең таралған пайдалы
қазбаларды барлауға, өндіруге
арналған жер қойнауын
пайдалану құқығының
кепілшартын тіркеу"
мемлекеттік қызметтер
көрсету қағидаларына
1-қосымша
________________________
(уәкілетті органның атауы)

Өтініш

      Сізден жер қойнауын пайдалану құқығының кепілін тіркеуді сұраймын:

      Келісімшарт/лицензия нөмірі, келісімшарт/лицензия жасалған күн:

      _________________________________________________________________________.

      Жер қойнауын пайдалану операциясының түрі: ________________________________.

      Пайдалы қазба:____________________________________________________________.

      Кен орнының атауы/ блоктардың №: _________________________________________.

      Жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шарты туралы мәліметтер:

      Шарттың нөмірі мен жасалған күні: ___________________________________________.

      Кепіл ұстаушының атауы: ___________________________________________________.

      Міндеттеме сомасы:__ ______________________________________________________.

      Міндеттемені өтеу мерзімі: __________________________________________________.

      Тіркелетін құжаттар:

      Жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шарты.

      Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:

      атауы / тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)

      _________________________________________________________________________________

      бизнес сәйкестендіру нөмірі/ жеке сәйкестендіру нөмірі

      _______________________________________________________

      телефон нөмірі: ____________________________________________________________

      ұялы телефон нөмірі: _____________________________________________

      e-mail: ___________________________________________________________________

      банк деректемелері:_______________________________________________

      банктік сәйкестендіру коды__________________________________________________

      банктің атауы____________________________________________________

      бенефициар коды___________________________________________________________

      Өтінішке қоса беріледі:

      1) _______________________________________________________________;

      2) ______________________________________________________________;

      Цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісемін.

      Өтініште және қоса беріліп отырған құжаттарда көрсетілген барлық мәліметтер сенімді болып табылатынын растаймын.

      Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы деректері;

      Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою күні мен уақыты.

      20 _ жылғы "__" _____ _____ сағат ____ минут.

  "Кең таралған пайдалы
қазбаларды барлауға, өндіруге
арналған жер қойнауын
пайдалану құқығының кепіл
шартын тіркеу" мемлекеттік
қызметтер көрсету
қағидаларына
2-қосымша

"Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары.

4.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілі

"цифрлық үкімет" веб-порталы www.egov.kz.; "Жер қойнауын пайдалану бірыңғай платформасы" цифрлық объектісі (бұдан әрі - ЖҚПБП).

5.

Мемлекеттік қызмет көрсемемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

2 (екі) жұмыс күні.

6.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

7.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Нысан бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының кепілін тіркеу туралы куәлік не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

8.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 8-00-ден 17-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін;
2) ЖҚПБП - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

10.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) өтініш;
2) белгіленген тәртіппен қол қойылған жер қойнауын пайдалану құқығының кепілі туралы шарттың (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) электрондық көшірмесі немесе жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартына қосымша келісім (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес). Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, мемлекеттік цифрлық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)
туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.

11.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты
соттың белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген шешімі (үкімі) бар.

12.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жанындағы бірыңғай байланыс орталығы: 1465.

  Кең таралған пайдалы
қазбаларды барлауға, өндіруге
немесе бірлескен барлауға және
өндіруге, кен іздеуге
жер қойнауын пайдалану
құқығының кепілін (жер
қойнауын пайдалану
құқығындағы үлесті) тіркеу
қағидаларына
3-қосымша

Жер қойнауын пайдалану құқығының кепілін тіркеу туралы куәлік

      № ______ "__"______20 жыл

      Жер қойнауын пайдалану құқықтарының кепілін мемлекеттік тіркеудің электрондық

      тізілімінде жер қойнауын пайдалану құқығы кепілінің тіркелгені туралы мәліметтер:

      тіркеу нөмірі _____________________________________________________________

      тіркеу күні _______________________________________________________________

      Жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге қою шарты туралы мәліметтер:

      кепіл берушінің БСН-ы: ____________________________________________________

      кепіл берушінің атауы: ____________________________________________________

      кепіл ұстаушының БСН-ы: __________________________________________________

      кепіл ұстаушының атауы: ___________________________________________________

      кен орнының атауы: ________________________________________________________

      жер қойнауын пайдалану операциясының түрі: _________________________________

      келісімшарттың/лицензияның нөмірі: _________________________________________

      келісімшарттың/лицензияның жасалған күні: ___________________________________

      міндеттеменің валютасы: ____________________________________________________

      міндеттеме сомасы: _________________________________________________________

      міндеттемені өтеу мерзімі: 00.00.20__ жыл.

      Көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы деректері;

      Электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған күні мен уақыты.

      "__" _____ 20 _ жыл _____ сағат ____ минут.

  Кең таралған пайдалы
қазбаларды барлауға, өндіруге
немесе бірлескен барлауға және
өндіруге, кен іздеуге
жер қойнауын пайдалану
құқығының кепілін (жер
қойнауын пайдалану
құқығындағы үлесті) тіркеу
қағидаларына
4-қосымша

Мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап

      "Астана, Алматы және Шымкент облыстарының, қалаларының жергілікті атқарушы органдары Сіздің __.__.__ ж. ._ _._ № ______ өтінішіңізді қарап, Қазақстан Республикасының аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепілін тіркеу туралы куәлікті мына себептер бойынша беруге бас тартады: ________________________________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы деректері;

      Электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған күні мен уақыты.

      20 _ жылғы "__" _____ _____ сағат ____ минут.

      Бұйрыққа 3-қосымша

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 30 мамырдағы
№ 323 бұйрығына
3-қосымша

"Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасау" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасау" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. "Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      3. Қағидалар жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) қолданылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

      4. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін www.egov.kz цифрлық үкіметтің веб-порталы арқылы "Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасасу" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған өтінішті береді. Процестің сипаттамаларын, көрсетілетін қызметтің нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын Тізбе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшада баяндалған.

      5. Қоса берілген құжаттары бар өтініш бірегей есептік нөмірді, тіркеу күні мен уақытын (сағатын, минутын) бере отырып, олар келіп түскен күні "Жер қойнауын пайдалану бірыңғай платформасы" цифрлық объектісінде (бұдан әрі – ЖҚПБП) тіркеледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Бұл ретте, құжатқа қол қойылғанға дейін ЖҚПБП электрондық құжатқа электрондық құжатқа рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесімен берілетін нөмірді (ӘҚНК) алу үшін www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталына сұрау жібереді.

      6. Өтінішті ЖҚПБП-да тіркегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, Мемлекеттік цифрлық объектілерінде ұсталатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық объектілерінен "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі 8 ай 10 күнді құрайды.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 28 (жиырма сегіз) күнтізбелік күні ішінде "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 32-тарауында белгіленген Тізбенің 10-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың дұрыстығын және сәйкестігін тексереді және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің келесі нәтижесін береді:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасасу туралы хабарлама;

      2) Тізбенің 11-тармағында көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тарту.

      9. Тізбенің 11-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болған кезде көрсетілетін қызметті беруші ЖҚПБП арқылы көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің 73-бабына сәйкес алдын ала шешім бойынша өтініш берушіге позиция білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының ЖҚПБП жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау көрсетілетін қызметті алушы хабарлама алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті алған күннен бастап бір айдан кешіктірілмейтін келіссөздердің басталу күні туралы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді.

      11. Келіссөздер жүргізу мерзімі алты айдан аспауға тиіс. Келіссөздердің қорытындылары хаттамамен рәсімделеді.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы бұл туралы көрсетілетін қызметті берушіні жазбаша хабардар ете отырып, кез келген уақытта келіссөздерден және қайта өңдеу туралы келісім жасасудан бас тартуға құқылы.

      13. Келіссөздер нәтижелері бойынша келісілген қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімнің жобасын Кодекстің талаптарына сәйкес құқықтық және экономикалық сараптамалар жүргізуді ұйымдастыру үшін көрсетілетін қызметті беруші ұсынады. Сараптама жүргізу мерзімі сараптама жүргізу үшін қажетті тиісті құжаттарды алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күнді құрайды.

      14. Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімнің жобасы сараптамалардың оң қорытындысымен 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге жіберіледі.

      15. Көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖҚПБП арқылы қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасасу туралы хабарлама жіберіледі. Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы Келісім оған барлық тараптар қол қойғаннан кейін жасалған болып есептеледі.

      16. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді цифрлық саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне автоматты режимде түседі.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi

      17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушіге, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      18. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші - оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган– тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      19. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу үшін 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлға шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      20. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

  "Қатты пайдалы қазбаларды
қайта өңдеу туралы келісім
жасасу" мемлекеттік қызметтер
көрсету қағидаларына
1-қосымша
Уәкілетті органның атауы
_________________________

Өтініш

Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасасуыңызды сұраймын.

      Шикізаттың (пайдалы қазбаның) түрі: ________________________________________.

      Кен орындарының атауы: ___________________________________________________.

      Келісімшарттың тіркеу нөмірі және жасалған күні: ______________________________.

      Жер қойнауын пайдалану операциясының түрі: _________________________________

      Қатты пайдалы қазбалардың/кең таралған пайдалы қазбалардың түрі:

      _________________________________________________________________________.

      Лицензияның/келісімшарттың қолданылу мерзімі:_ _____________________________.

      Кен орнының орналасқан жері: _______________________________________________.

      Үлестік салмағы: __________________________________________________________.

      Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу жобасының сипаттамасы (шикізаттың(пайдалы қазбаның) болжамды көзі):_______________________________________________________.

      Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу жобасын іске асыру орны:

      _________________________________________________________________________.

      Инвестициялау үшін таңдалған басым қызмет түрі (түрлері) (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің сыныптары деңгейінде): _______________________________________________________________________________.

      Заңды тұлғаның тіркелген активтеріне қосылған құн салығын есепке алмағанда салынатын инвестициялар көлемі (тіркелген активті пайдалануға енгізу күніне дейінгі шығындар есепке алынады, бірақ қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасасуға өтініш берілген күнге дейінгі 24 айдан ерте емес, және (немесе) пайдалануға енгізілгенге дейінгі болашақ кезеңдердің шығындары) _______________ теңге.

      Жобаны қаржыландыру көздері, болуы:

      1. меншікті қаражат: _____ теңге;

      2. қарыз қаражаты: _____ теңге;

      3. бюджеттік қаражат: _____ теңге.

      Қоса берілетін құжаттар:

      Соңғы есепті кезеңге арналған қаржылық есептілік, аудиторлық қорытындысымен бірге, не соңғы алты айдағы банк шоттары бойынша ақша қаражаттарының қалдықтары мен қозғалысы туралы үзінді көшірме, немесе меншікті қаражаттың бар екенін растайтын өзге де құжаттар.

      Қарыз шартының немесе банк қарызы шартының көшірмесі, не жобаны қаржыландыру көздерін растайтын өзге де құжаттар.

      Бюджет қаражатынан қаржыландыруды растайтын шарттың көшірмесі немесе бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды растайтын өзге де құжаттар.

      Жобаны іске асыру үшін талап етілетін инвестициялық преференциялар:

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инвестициялық

      преференциялардың түрі:_________________________________________________________;

      Талап етілетін инвестициялық преференциялардың мерзімі мен көлемі:____________.

      Өзіміз туралы мәліметтер ұсынамын (ұсынамыз):

      Заңды тұлға үшін:

      атауы _________________________________________________________________

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) _____________________________________

      телефон (факс) нөмірі: _________________________________________________

      ұялы телефон нөмірі: _________________________________________________

      e-mail: _______________________________________________________________

      банктік деректемелер: _________________________________________________

      банктік сәйкестендіру коды: ___________________________________________

      банктің атауы: ________________________________________________________

      бенефициар коды: _____________________________________________________

      Жер қойнауын пайдаланушының қызметін тікелей және (немесе) жанама бақылайтын тұлғалар және (немесе) ұйымдар туралы мәліметтер ("Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 47-бабына сәйкес):

      __________________________________________________________________________

      Өтінімге қоса беріледі:

      1)________________________________________________________________________

      2)________________________________________________________________________

      жеке тұлға үшін:

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) ________________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) _____________________________________________

      паспорт деректері __________________________________________________________

      азаматтығы _______________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: ______________________________________________________

      ұялы телефон нөмірі: _______________________________________________________

      e-mail: ___________________________________________________________________

      Банктік деректемелер:

      банктік сәйкестендіру коды __________________________________________________

      банктің атауы______________________________________________________________

      бенефициар коды __________________________________________________________

      Өтінімге қоса беріледі:

      1)________________________________________________________________________

      2)________________________________________________________________________.

      Цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісемін.

      Өтініште және қоса беріліп отырған құжаттарда көрсетілген барлық мәліметтер сенімді болып табылатынын растаймын.

      Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы деректері;

      Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою күні мен уақыты.

      "__" _____ 20 _ жыл _____ сағат ____ минут.

Қайта өңдеу жобасының бизнес-жоспарын жасау жөніндегі талаптар

      1. Қайта өңдеу жобасының бизнес-жоспары мынадай бөлімдерден тұрады:

      1) жобаның түйіндемесі;

      2) технологиялық бөлім;

      3) коммерциялық бөлім;

      4) әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер ету;

      5) қаржылық бөлім.

      2. Жобаның түйіндемесі мыналарды:

      1) заңды тұлға туралы ақпаратты:

      заңды тұлғаның атауын;

      заңды тұлғаның басшысын (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса));

      заңды және нақты мекенжайын, телефонын, электрондық поштаны;

      2) жоба бойынша ақпаратты:

      жобаның атауын;

      жобаның мақсатын;

      қайта өңдеу жобасын іске асыру орнын (облыс, аудан);

      болжамды қайта өңдеу жобасының сипатын (жаңа өндірістерді құру, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту және жаңарту));

      құрылатын жұмыс орындарының санын (уақытша және тұрақты) қамтиды.

      3. Технологиялық бөлім мыналарды:

      1) сатып алынатын және пайдаланылатын тіркелген активтерді, сондай-ақ технологиялық процесте импортталатын шикізат пен материалдарды көрсете отырып, қайта өңдеу жобасы технологиясының сипаттамасын;

      2) қайта өңдеу жобасында қазіргі заманғы технологияларды қолдануды;

      3) осы қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық және шығын сипаттамаларына арналған балама шешімдерге салыстырмалы талдауды;

      4) осы қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаны іске асыру кестесін қамтиды;

      4. Коммерциялық бөлім мыналарды:

      1) шикізатты, материалдар мен жабдықтарды жеткізу туралы мәліметтерді:

      пайдаланылатын шикізат пен материалдар түрлерінің тізбесін;

      Қазақстан Республикасының аумағында және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өндірістің болуын ескере отырып, шикізат пен материалдар (отандық және импорттық) нарығын талдауды (осы шикізат пен материалдар импорты кезінде толтырылады));

      пайдаланылатын шикізат пен материалдардың атауы мен көлемін көрсете отырып, инвестициялық жоба шеңберінде жабдықта шығарылатын дайын өнім бірлігін өндіруге импортталатын шикізат пен материалдар шығыстарының орташаланған нормасын;

      қажетті технологиялық жабдықтардың тізбесін;

      пайдаланылатын технологиялық жабдықтың сипаттамасы және оның жаңалығын (жабдықтың шығарылған күні және моделі);

      инвестициялық преференцияларды беруге өтінім берген заңды тұлғамен шарттық қатынастардың болуын көрсете отырып, технологиялық жабдықтар мен шикізатты жеткізушілерді;

      көліктік шығыстарды, монтаждау және іске қосу-жөндеу жұмыстарын ескере отырып, технологиялық жабдықтың құнын;

      2) маркетинг: өнімді өткізу - қандай өңірлерге, қандай тұтынушыларға, шетелде қандай елдерге жеткізу болжанып отырғандығын, нарықта ұқсас, өзара алмастырылатын немесе өзара толықтыратын тауарлардың, қызметтердің бар-жоғын, олардың өндірісінің болашақ өсуін бағалауды, соңғы бірнеше жылдағы тауарлар импортының және/немесе экспортының серпінін, көлемі мен бағасын, негізгі бәсекелестерді көрсетуді қамтиды.

      5. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер ету мыналарды:

      1) қайта өңдеу жобасының тікелей қатысушылары туралы мәліметтерді: жобалау салушы, бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қызметтерді орындаушы (іздестіру және жобалау қызметін, инжинирингтік қызметтерді қоса алғанда), жабдықтарды жеткізуші, шикізат пен материалдарды жеткізуші, делдалдар;

      2)осы қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның еңбек ресурстарына қажеттілігін (саны);

      3) осы қосымшаға сәйкес нысан бойынша тартылатын шетелдік жұмыс күші туралы мәліметтерді, олардың санын;

      4) тартылатын шетелдік жұмыс күшінің функционалдық міндеттерін бөлуді;

      5) осы қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндіріс іске қосылғаннан кейін жұмысшыларға қажеттілікті;

      6) инвестициялық жобаны іске асыру кезіндегі күтілетін әлеуметтік әсерді;

      7) шетелдік жұмыс күшін кейіннен ауыстыру үшін жергілікті кадрлардың біліктілік деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын;

      8) жобаның қоршаған ортаның жай-күйіне әсері және зиянды әсерді азайту жөніндегі іс- шаралар жоспарын;

      9) жоба технологиясының қоршаған ортаға әсері бойынша халықаралық стандарттар мен нормативтерге сәйкестігін қамтиды.

      6. Қаржылық бөлім мыналарды:

      1) инвестицияларды бағалауды: толық инвестициялық шығындар (негізгі және айналым капиталына инвестициялар);

      2) инвестициялық жобаны іске асыру құны, қаржыландыру көздерін:

      меншікті қаражат;

      қарыз қаражаты (кредиттер немесе шаруашылық жүргізуші субъектілердің тартылған қаражаты) және/немесе грант;

      бюджеттік қаражат;

      3) қаржылық талдауды:

      инвестициялық преференцияларды ескерместен және тиісті инвестициялық преференцияларды ескере отырып модельдерді есептеуді қамтитын жобаның қаржылық моделін;

      жобаның өмірлік циклі үшін таза дисконтталған табысты;

      жобаның өмірлік циклі үшін кірістіліктің ішкі нормасын;

      жобаның өтелу мерзімін (қарапайым және дисконтталған);

      пайданың қарапайым нормасын (рентабельділік);

      осы қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық және жергілікті бюджет үшін шартты шығындар мен кірістердің есебін қамтиды.

      Ескертпе: қайта өңдеу жобасының бизнес-жоспары тігілуі және нөмірленуі, бірінші басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен (ол болған жағдайда) куәландыруы қажет.

      Нысан

      Техникалық шешімдер бойынша баламалы шешімдерді салыстырмалы талдау және құндық сипаттамалары

Көрсеткіштер атауы

Көрсеткіштердің мәні

ұсынылатын үлгі

аналогтар

1.

2.

      Нысан

      Жобаны іске асыру кестесі

Жұмыс атауы

Күнтізбелік жыл

Қорытынды

1 жартыжылдық

2 жартыжылдық

Тіркелген активтерге инвестициялар (мың теңге)

1.

2.

3.

Шикізат пен материалдарға инвестициялар (мың теңге)

1.

2.

3.

Құрылатын және / немесе сақталатын жұмыс орындарының саны

      Нысан

      Жобаның еңбек ресурстарына қажеттілігі (саны))

Құрылыс кезеңінде

Пайдалануға берілгеннен кейін (1 жыл)

Қазақстан Республикасының азаматтары

Шетелдік жұмыс күші

Қазақстан Республикасының азаматтары

Шетел жұмыс күші

      Нысан

      Тартылатын шетелдік жұмыс күші туралы мәліметтер, олардың саны

Мамандық атауы (тарифтік разряд, санат)

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса, оның ішінде латын әріптерімен)

Туған күні

Азаматтығы/ тұрақты тұратын елі

Тарту кезеңі (ай, жыл)

1. Басшылар:

2. Жоғары білімі бар мамандар:

3. Білікті жұмысшылар:

Барлығы (адам ):

      Нысан

      Өндірісті пайдалануға енгізгеннен кейін қызметкерлерге қажеттілік

р/с

Кәсіптердің атауы

Біліктілік деңгейі (тарифтік разряд, санат)

Саны

      Нысан

      Республикалық және жергілікті бюджеттер үшін шартты шығындар мен кірістерді есептеу

Салық түрлері және басқа да міндетті бюджетке төлемдерді

Күнтізбелік жыл

Күнтізбелік жыл

Барлығы

Преференцияны есепке алмай бюджетке түсетін түсімдер

Преференцияларды ескере отырып бюджетке түсетін түсімдер

Корпоративтік табыс салығы

Мүлік салығы

Жер салығы

Кеден баждары

Әлеуметтік салық

Зейнетақы аударымдары

  Қатты пайдалы қазбаларды
қайта өңдеу туралы келісім
жасасу қағидаларына
2-қосымша

"Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасасу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасасу

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілі

"цифрлық үкімет" веб-порталы www.egov.kz.; "Жер қойнауын пайдалану бірыңғай платформасы" цифрлық объектісі (бұдан әрі - ЖҚПБП).

5

Мемлекеттік қызмет және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

8 ай 10 күн.

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасасу туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

8

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін;
2) ЖҚПБП - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) электрондық құжат нысанында сұрау салу көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған;
2) қайта өңдеу жобасының қаржы-экономикалық моделінің электрондық көшірмесі;
3) көрсетілген қайта өңдеу жобасының бизнес-жоспарын жасау жөніндегі талаптарға сәйкес қайта өңдеу жобасының бизнес-жоспарының электрондық көшірмесі;
4) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 244-бабының мазмұнына сәйкес келетін пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жобасының электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, мемлекеттік цифрлық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) ұсынылған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті деректердің (мәліметтердің) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 242, 243 және 244-аптарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жанындағы бірыңғай байланыс орталығы: 1465.

  "Қатты пайдалы қазбаларды
қайта өңдеу туралы келісім
жасау" мемлекеттік қызметтер
көрсету қағидаларына
3-қосымша

Хабарлама

  _________________________
(заңды тұлғаның атауы)
немесе жеке тұлғаның тегі,
аты, әкесінің аты (бар болса)

      "Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі" ММ сіздің _.___ жылғы "___"___________ _____________ № өтінішіңізге келіссөздердің басталған күні туралы хабарлайды (келіссөздердің басталған күні).

      Көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы деректері;

      Электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған күні мен уақыты.

      20 _ жылғы "__" _____ _____ сағат ____ минут.

  "Қатты пайдалы қазбаларды
қайта өңдеу туралы келісім
жасау" мемлекеттік қызметтер
көрсету қағидаларына
4-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

  _________________________
(заңды тұлғаның атауы)
немесе жеке тұлғаның тегі,
аты, әкесінің аты (бар болса)

      "Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі" ММ сіздің (күні) (өтініш нөмірі) өтінішіңізді қарап келесіні хабарлайды:

      (Хаттың мәтіні).

      Көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы деректері;

      Электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған күні мен уақыты.

      20 _ жылғы "__" _____ _____ сағат ____ минут.

  Қатты пайдалы қазбаларды
қайта өңдеу туралы келісім
жасасу қағидаларына
5-қосымша

Хабарлама

      "_________________" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 202___ жылғы "____"______ қаулысына сәйкес Уәкілетті органның атауы Сіздің ____жылғы

      "__" ___.______________.№ __ өтінішіңізге қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасалғаны туралы хабарлайды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы деректері;

      Электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған күні мен уақыты.

      20 _ жылғы "__" _____ _____ сағат ____ минут.

  Бұйрыққа 4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2018 жылғы 20 мамырдағы
№ 323 бұйрығына
4-қосымша

"Жер қойнауы учаскесін өзгертуге өтініш" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жер қойнауы учаскесін өзгерту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. "Жер қойнауы учаскесін қайта өзгерту қағидалары" (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызметін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      3. Қағидалар жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) қолданылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

      4. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін www.egov.kz цифрлық үкіметтің веб-порталы арқылы "Жер қойнауы учаскесін өзгертуге өтініш" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – тізбе) 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған өтініш ұсынады. Процестің сипаттамаларын, көрсетілетін қызметтің нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын тізбе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де ақпарат осы Қағидаларға 2-қосымшада баяндалған.

      5. Өтініштер бірегей есептік нөмірін, тіркеу күні мен уақытын (сағатын, минутын) көрсете отырып, олар келіп түскен күні "Жер қойнауын пайдалану бірыңғай платформасы" цифрландыру объектісінде (бұдан әрі – ЖҚПБП) тіркеледі.

      Бұл ретте, құжатқа қол қойылғанға дейін ЖҚПБП электрондық құжатқа электрондық құжатқа рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесімен берілетін нөмірді (ӘҚНК) алу үшін www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталына сұрау жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Мемлекеттік цифрлық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі 30 (отыз) жұмыс күнін құрайды.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 31-тарауында белгіленген Тізбенің 10-тармағында көрсетілген, ұсынылған құжаттардың дұрыстығын және сәйкестігін тексереді және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мынадай нәтижесін береді:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензия беру;

      2) тізбенің 11-тармағында көрсетілген негіздер бойынша 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тарту.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Қабылданған шешім оң бағаланған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіге жер қойнауы учаскесін қайта құруға өтініш беруден дәлелді бас тартуды жібереді.

      Қабылданған шешім теріс бағаланған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіге жер қойнауы учаскесін өзгертуге өтініш беру туралы хабарлама жібереді.

      Инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші дәлелді бас тартуды қалыптастырады және оны ЖҚПБП арқылы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына (бұдан әрі – Бас прокуратура) келісуге жібереді.

      Бас прокуратура қабылданған шешімді алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде келіседі не келісуден бас тартады.

      Бас прокуратурамен келісу қорытындылары бойынша қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті беруші инвесторлар тізіліміне енгізілген көрсетілетін қызметті алушыны Бас прокуратураның жауабы келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді цифрлық саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне автоматты режимде түседі.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушіге, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      11. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес қарауға жатады:

      көрсетілетін қызмет беруші - оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.

      12. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу үшін 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлға шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

  "Жер қойнауы учаскесін
өзгертуге өтініш" мемлекеттік
қызметтер көрсету
қағидаларына
1-қосымша
______________________
(мемлекеттік органның атауы)

Жер қойнауы учаскесін өзгертуге өтініш

      Жер қойнауы учаскесінің аумақтық

      шекараларын____________________________________________________________________________

      (өзгерту әдісін көрсету)

      жолымен өзгертуді сұраймын.

      Өндіру учаскесін қосу туралы:

      Жер қойнауының негізгі учаскесіне қатты пайдалы қазбаларды өндіруге берілген лицензияның нөмірі мен берілген күні:

      _________________________________________________________________________.

      Лицензиаттың толық атауы: _________________________________________________.

      Жер қойнауының негізгі учаскесі аумағының ауданы: ___________________________________.

      Негізгі өндіру учаскесінің географиялық координаттарының нүктелері:

Бұрыштық нүктелер №

Бұрыштық нүктелердің координаттары

Солтүстік ендік

Шығыс бойлығы

градус

минут

секунд

градус

минут

секунд

1

2

...

      Қосылатын жер қойнауы учаскесіне қатты пайдалы қазбаларды өндіруге берілген лицензияның нөмірі мен берілген күні: _____________________________________________.

      Лицензиаттың толық атауы: _________________________________________________.

      Қосылатын жер қойнауы учаскесі аумағының ауданы: __________________________________.

      Қосылатын өндіру учаскесінің географиялық координаттарының нүктелері:

Бұрыштық нүктелер №

Бұрыштық нүктелердің координаттары

Солтүстік ендік

Шығыс бойлығы

градус

минут

секунд

градус

минут

секунд

1

2

...

      Жер қойнауы учаскесін бөліп шығару туралы:

      Лицензияның нөмірі және берілген күні _______________________________________

      Лицензиаттың толық атауы ____________________________________________.

      Бөліп шығаруға жататын блоктың (блоктардың) коды және атауы: _______________________,

      не болмаса аумақтың ауданы: _______ және бөліп шығарылатын жер қойнауы учаскесінің географиялық координаттарының нүктелері:

Бұрыштық нүктелер №

Бұрыштық нүктелердің координаттары

Солтүстік ендік

Шығыс бойлығы

градус

минут

секунд

градус

минут

секунд

1

2

...

      Өзі(міз) туралы мәліметтер ұсынамын (ұсынамыз):

      заңды тұлға үшін:

      атауы __________________________________________________________________________

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі _______________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі ______________________________________________________

      ұялы телефон нөмірі ________________________________________________________

      e-mail _________________________________________________________________

      банктік деректемелері _______________________________________________________

      банктің сәйкестендіру коды __________________________________________________

      банк атауы _________________________________________________________

      бенефициар коды __________________________________________________________

      Өтінішке қоса беріледі:

      1.________________________________________________________________________;

      2.________________________________________________________________________;

      жеке тұлға үшін:

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) _________________________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________________

      паспорт деректері __________________________________________________________

      азаматтығы ________________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі ______________________________________________________

      ұялы телефон нөмірі ________________________________________________________

      e-mail ____________________________________________________________________

      банктік деректемелері:

      банктің сәйкестендіру коды __________________________________________________

      банк атауы ________________________________________________________________

      бенефициар коды ___________________________________________________________

      Өтінішке қоса беріледі:

      1.________________________________________________________________________;

      2.________________________________________________________________________.

      Цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісемін.

      Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы деректері;

      Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою күні мен уақыты.

      "__" _____ 20 _ жыл _____ сағат ____ минут.

  "Жер қойнауы учаскесін
өзгертуге өтініш" мемлекеттік
қызметтер көрсету
қағидаларына
2-қосымша

"Жер қойнауы учаскесін өзгертуге өтініш" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Жер қойнауы учаскесін өзгертуге өтініш

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілі

"цифрлық үкімет" веб-порталы www.egov.kz.; "Жер қойнауын пайдалану бірыңғай платформасы" цифрлық объектісі (бұдан әрі - ЖҚПБП).

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

30 (отыз) жұмыс күні

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Нысан бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензия беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

8

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін;
2) ЖҚПБП - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) электрондық құжат нысаны бойынша өтініш;
2) егер бөлу жүргізілетін жер қойнауы учаскесіне лицензия бойынша және негізгі немесе қосылатын өндіру учаскесін өндіруге лицензия бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы кепілмен ауыртпалық салынса, кепіл ұстаушының бөлуге немесе қосылуға алдын ала келісімінің электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, мемлекеттік цифрлық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 31-тарауында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;.
3) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

12

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жанындағы бірыңғай байланыс орталығы: 1465.

  "Жер қойнауы учаскесін
өзгертуге өтініш" мемлекеттік
қызметтер көрсету
қағидаларына
3-қосымша

Мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап

      "Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі" ММ Сіздің __.__.__ ж. № ________ өтінішіңізді қарап, Сізге Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауы учаскесін өзгертуден келесі себеппен бас тартады: ____________________._____________________________.

      Көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы деректері;

      Электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған күні мен уақыты.

      20 _ жылғы "__" _____ _____ сағат ____ минут.

  Бұйрыққа 5-қосымша
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 30 мамырдағы
№ 323 бұйрығына
5-қосымша

"Таратылған қорды пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Таратылған қорды пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. "Таратылған қорды пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      3. Қағидалар жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) қолданылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

      4. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін www.egov.kz цифрлық үкіметтің веб-порталы арқылы "Таратылған қорды пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (әрі қарай - Тізбе) 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған өтінішті береді. Процестің сипаттамаларын, көрсетілетін қызметтің нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын Тізбе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.

      5. Қоса берілген құжаттары бар өтініш бірегей есептік нөмірді, тіркеу күні мен уақытын (сағатын, минутын) бере отырып, олар келіп түскен күні "Жер қойнауын пайдалану бірыңғай платформасы" цифрлық объектісінде (бұдан әрі – ЖҚПБП) тіркеледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Бұл ретте, құжатқа қол қойылғанға дейін ЖҚПБП электрондық құжатқа электрондық құжатқа рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесімен берілетін нөмірді (ӘҚНК) алу үшін www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталына сұрау жібереді.

      6. Өтінішті ЖҚПБП-да тіркегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі, мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, келісімшартта айқындалған жер қойнауы учаскесі аумағының шекарасы шегінде арнайы су пайдалануға рұқсат туралы мәліметтер, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның келісу-хаттарының электрондық көшірмелері, мемлекеттік цифрлық жүйеде қамтылған бұзылған жерлерді рекультивациялау жобасына мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындысы жүйелерінде, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      7. Мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды.

      8. Жауапты орындаушы Тізбенің 10-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді және мемлекеттік қызметтің келесі нәтижесін береді:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тарату қорын пайдалануға рұқсат;

      2) тізбенің 11-тармағында көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тарту.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының ЖҚПБП-дағы жеке кабинетінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын орналастырылады. Тыңдау хабарлама орналастырылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне цифрлық саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік қызмет рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы көрсетілетін кезде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

3-тарау. Мемлекеттік қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушіге, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      11. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес қаралуға жатады:

      көрсетілетін қызметті беруші – оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      12. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 4-тармағына сәйкес, қажет болған жағдайда шағымды қарау мерзімі:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда, он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

  "Таратылған қорды пайдалануға
рұқсат беру" мемлекеттік
қызметтер көрсету
қағидаларына
1-қосымша
________________________
(уәкілетті органның атауы)

Өтініш

      Таратылған қорды пайдалануға рұқсат беруіңізді сұраймын.

      Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмірі: ____________________________

      Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тіркелген күні: ______________

      Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың бұзылған күні: _______________

      Жер қойнауын пайдалану операциясының түрі: _________________________________

      Пайдалы қазбаның атауы: ____________________________________________________

      Кен орнының атауы: ________________________________________________________

      Тарату қорын пайдаланудың қажеттілігі немесе себептерінің сипаттамасы:

      __________________________________________________________________________

      Өзім (өзіміз) туралы мәліметтерді ұсынамын (ұсынамыз):

      заңды тұлға үшін:

      атауы _____________________________________________________________________

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі _________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: ______________________________________________________

      ұялы телефон нөмірі: ________________________________________________________

      e-mail: ____________________________________________________________________

      банктік деректемелері: ______________________________________________________

      жеке сәйкестендіру коды __________________________________________________

      банктің сәйкестендіру коды __________________________________________________

      банк атауы ________________________________________________________________

      бенефициар коды ___________________________________________________________

      Өтінімге қоса беріледі:

      1.________________________________________________________________________;

      2.________________________________________________________________________.

      жеке тұлға үшін:

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) ________________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________________

      паспорт деректері __________________________________________________________

      азаматтығы ________________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: ______________________________________________________

      ұялы телефон нөмірі: ________________________________________________________

      e-mail: ____________________________________________________________________

      банктік деректемелері:

      жеке сәйкестендіру коды ____________________________________________________

      банктің сәйкестендіру коды __________________________________________________

      банк атауы ________________________________________________________________

      бенефициар коды ___________________________________________________________

      Өтінімге қоса беріледі:

      1.________________________________________________________________________;

      2.________________________________________________________________________.

      Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға келісім беремін.

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 66-бабының 4 тармағына сәйкес жалған мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы хабардармын. Өтініште көрсетілген мәліметтердің және өтінішке қоса берілген құжаттардың дұрыстығын растаймын.

      Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы деректері;

      Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою күні мен уақыты.

      "__" _____ 20 _ жыл _____ сағат ____ минут.

  "Таратылған қорды
пайдалануға рұқсат беру"
мемлекеттік қызметтер
көрсету қағидаларына
2-қосымша

"Таратылған қорды пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Таратылған қорды пайдалануға рұқсат беру

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілі

"цифрлық үкімет" веб-порталы www.egov.kz.; "Жер қойнауын пайдалану бірыңғай платформасы" цифрлық объектісі (бұдан әрі - ЖҚПБП).

5

Мемлекеттік қызмет көрсемемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

7 (жеті) жұмыс күні.

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Таратылған қорды пайдалануға рұқсат беру немесе бас тарту туралы дәлелді жауап

8

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 8-00-ден 17-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін;
2) ЖҚПБП - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9
10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес әзірленген және бекітілген тарату жөніндегі жұмыстардың жобасына келісім-хаттардың электрондық көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, мемлекеттік цифрлық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.

Қатты пайдалы қазбаларды барлау кезінде:
1) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның келісу хаттарының электрондық көшірмелері, бұзылған жерлерді рекультивациялау жобасына мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындысы.

Тарату жұмыстарын жүргізу қажеттілігі болмаған жағдайда:
1) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) тексеру актісінің электрондық көшірмесі немесе тарату жұмыстарын жүргізу қажеттілігінің жоқтығын растайтын барлық келісімшарттық аумақты қайтару актісі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, мемлекеттік цифрлық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.

Барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жүргізілген жағдайда:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою актісінің электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, мемлекеттік цифрлық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады

11

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
3) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 54-бабының 1-тармағына сәйкес тарату жұмыстарын жүргізбей, келісімшарттық аумақтың бір бөлігін (бөліктерін) қайтару кезінде осы Қағидаларда көзделген құжаттарды ұсыну.

12

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс Министрлігі жанындағы бірыңғай байланыс орталығы: 1465.

  "Таратылған қорды
пайдалануға рұқсат беру"
мемлекеттік қызметтер
көрсету қағидаларына
3-қосымша
_____________________________
(заңды тұлғаның атауы немесе
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса)
_____________________________
(мекенжай)

Жауап

      Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі сіздің тарату қорды пайдалануға рұқсат алуға өтінішіңізді қарап, мынадай шешім қабылдады: рұқсат ету немесе бас тарту.

      Көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы деректері;

      Электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған күні мен уақыты.

      20 _ жылғы "__" _____ _____ сағат ____ минут.

  "Таратылған қорды
пайдалануға рұқсат беру"
мемлекеттік қызметтер
көрсету қағидаларына
4-қосымша
___________________________
(заңды тұлғаның атауы немесе
тегі, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты)
___________________________
(мекенжай)

Мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап

      Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі сіздің тарату қорды пайдалануға рұқсат алуға өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды.

      (Бас тарту негіздемесі)

      Көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы деректері;

      Электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған күні мен уақыты.

      20 _ жылғы "__" _____ _____ сағат ____ минут.

  Бұйрыққа 6-қосымша
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 30 мамырдағы
№ 323 бұйрығына
6-қосымша

"Барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау массасын алуға және (немесе) топырақты ауыстыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау массасын алуға және (немесе) топырақты ауыстыруға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. "Барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау массасын алуға және (немесе) топырақты ауыстыруға рұқсат беру" (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызметін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі (бұдан әрі – қызмет беруші) көрсетеді.

      3. Қағидалар жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) қолданылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 1–қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау массасын алуға және (немесе) топырақтың орнын ауыстыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш жібереді. Процестің сипаттамаларын, көрсетілетін қызметтің нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын Тізбе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшада баяндалған.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу қажеттілігінің жоқтығы туралы қорытындыны қамтитын, көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингінің нәтижелері туралы экологиялық рұқсатты немесе қорытындыны алады.

      5. Қоса берілген құжаттары бар өтініш бірегей есептік нөмір, тіркеу күні мен уақыты (сағаты, минуты) беріле отырып, ол келіп түскен күні "Жер қойнауын пайдалану бірыңғай платформасы" цифрлық объектісінде (бұдан әрі – ЖҚПБП) тіркеледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Бұл ретте, құжатқа қол қойылғанға дейін ЖҚПБП электрондық құжатқа электрондық құжатқа рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесімен берілетін нөмірді (ӘҚНК) алу үшін www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталына сұрау жібереді.

      6. Өтінішті ЖҚПБП-да тіркегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

      7. Мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

      8. Жауапты орындаушы өтініш тіркелген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 194-бабының 7-тармағында көзделген талаптар мен шарттардың, сондай-ақ Тізбенің 10-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мынадай нәтижесін береді:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тау-кен массасын алуға және (немесе) барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде топырақтың орнын ауыстыруға рұқсат беру;

      2) Тізбенің 11-тармағында көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тарту.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші дәлелді бас тартуды қалыптастырады және оны ЖҚПБП арқылы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына (бұдан әрі – Бас прокуратура) келісуге жібереді.

      Бас прокуратура қабылданған шешімді алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде келіседі не келісуден бас тартады.

      Бас прокуратурамен келісу қорытындылары бойынша қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті беруші инвесторлар тізіліміне енгізілген көрсетілетін қызметті алушыны Бас прокуратураның жауабы келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      Қабылданған шешім оң бағаланған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіге мың текше метрден асатын көлемде барлау учаскесінде тау-кен массасын алуға және (немесе) топырақтың орнын ауыстыруға рұқсат беруден дәлелді бас тартуды жібереді.

      Қабылданған шешім теріс бағаланған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіге мың текше метрден асатын көлемде барлау учаскесінде тау-кен массасын алуға және (немесе) топырақтың орнын ауыстыруға рұқсат беру туралы хабарлама жібереді.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді цифрлық саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне автоматты режимде түседі.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушіге, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      11. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес:

      уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган– тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      12. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу үшін 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлға шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

  Бір мың текше метрден асатын
көлемде барлау учаскесінде
тау-кен массасын алуға және
(немесе) топырақтың орнын
ауыстыруға рұқсат
беру қағидаларына
1-қосымша

Барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау-кен массасын алуға және (немесе) топырақтың орнын ауыстыруға рұқсат беруге өтініш

      Барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау массасын алуға және (немесе) топырақты ауыстыруға рұқсат беруіңізді сұраймын.

      Лицензияның нөмірі: _______________________________________________________

      Лицензия берілген күні: ____________________________________________________

      Сұралып отырған көлемнен асудың мақсаты: ___________________________________

      Сұралып отырған көлемнен асу мөлшері: _______________________________________

      Өзім (өзіміз) туралы мәліметтерді ұсынамын (ұсынамыз):

      заңды тұлға үшін:

      атауы ___________________________________________________________________________

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі _________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: ______________________________________________________

      ұялы телефон нөмірі: ________________________________________________________

      e-mail: ___________________________________________________________________________

      банктік деректемелері: ______________________________________________________

      банктің сәйкестендіру коды __________________________________________________

      банк атауы ________________________________________________________________

      бенефициар коды ___________________________________________________________

      Өтінімге қоса беріледі:

      1.________________________________________________________________________

      2.________________________________________________________________________

      жеке тұлға үшін:

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) ________________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі __________________________________________________

      паспорт деректері _________________________________________________________

      азаматтығы ________________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: _____________________________________________________

      ұялы телефон нөмірі: _______________________________________________

      e-mail: _________________________________________________________________

      банктік деректемелері:

      банктің сәйкестендіру коды __________________________________________________

      банк атауы _______________________________________________________________

      бенефициар коды ___________________________________________________________

      Өтінімге қоса беріледі:

      1.________________________________________________________________________

      2.________________________________________________________________________

      Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға келісім беремін.

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 66-бабының 4 тармағына сәйкес жалған мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы хабардармын. Өтініште көрсетілген мәліметтердің және өтінішке қоса берілген құжаттардың дұрыстығын растаймын.

      Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы деректері;

      Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою күні мен уақыты.

      "__" _____ 20 _ жыл _____ сағат ____ минут.

  Барлау учаскесінде
бір мың текше метрден
асатын көлемде тау массасын
алуға және (немесе) топырақтың
орнын ауыстыруға рұқсат
беру қағидаларына
2-қосымша

"Барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау массасын алуға және (немесе) топырақты ауыстыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау массасын алуға және (немесе) топырақты ауыстыруға рұқсат беру

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілі

"цифрлық үкімет" веб-порталы www.egov.kz.; "Жер қойнауын пайдалану бірыңғай платформасы" цифрлық объектісі (бұдан әрі - ЖҚПБП).

5

Мемлекеттік қызмет көрсемемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

көрсету мерзімі - 10 (он) жұмыс күні.

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау-кен массасын алуға және (немесе) топырақты ауыстыруға рұқсат беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

8

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші-Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 8-00-ден 17-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін;
2) ЖҚПБП - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) электрондық көшірмесі қатты пайдалы қазбалар ресурстарын бағалау мақсаттары үшін алынатын тау-кен массасы және (немесе) орны ауыстырылатын топырақ көлемінің сұрау салынатын асып кетуінің негізділігін растайтын құзыретті тұлғаның қорытындысы, сондай-ақ құзыретті тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат.
3) өтініш берген кезде өтініш берушінің атынан әрекет ететін адамның өкілеттігін растайтын құжат, егер мұндай адамды өтініш беруші тағайындаса.
Өтініш және қоса беріліп отырған құжаттар қазақ немесе орыс тілдерінде жасалады. Егер өтінішті шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға берсе, өтінішке қоса берілетін құжаттар нотариус куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аударманың әрбір құжатына қосымшамен бірге шет тілінде жасалуы мүмкін.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, мемлекеттік цифрлық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және / немесе ұсынылған құжаттардың "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 194-бабының 7-тармағында көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

12

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жанындағы бірыңғай байланыс орталығы: 1465.

  Барлау учаскесінде бір мың
текше метрден асатын көлемде
тау массасын алуға және (немесе)
топырақтың орнын ауыстыруға
рұқсат беру қағидаларына
3-қосымша

Барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау массасын алуға және (немесе) топырақты ауыстыруға рұқсат беру

      Берілді_____________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) не заңды тұлғаның атауы,

      өтініш берушінің мекенжайы)

      _________________________________________________________________________________

      (лицензияның нөмірі, берілген күні, лицензияның түрі)

      _________________________________________________________________________________

      құзыретті тұлғаның қорытындысы негізінде

      _________________________________________________________________________________

      (құзыретті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), құзыретті тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат))

      _________________________________________________________________________________

      (барлау учаскесінде алынатын массаның көлемі және (немесе) топырақтың орнын ауыстыру)

      Көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы деректері;

      Электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған күні мен уақыты.

      20 _ жылғы "__" _____ _____ сағат ____ минут.

  Барлау учаскесінде бір мың
текше метрден асатын көлемде
тау массасын алуға және (немесе)
топырақтың орнын ауыстыруға
рұқсат беру қағидаларына
4-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

      [Уәкілетті органның атауы] [күні] [өтініш нөмірі] Сіздің өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды:

      (Хат мәтіні)

      Көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы деректері;

      Электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған күні мен уақыты.

      20 _ жылғы "__" _____ _____ сағат ____ минут.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады