БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 212-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 71 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21350 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
осы бірлескен бұйрықпен бекітілген Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын тексеру парағында:
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
| " |
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 9 және 10-жолдармен толықтырылсын:
"
№ | Талаптар тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 |
9 | Сауда қызметін және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің немесе ұйымдардың есептен жеуіне, тұтынушыларды тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тұтыну қасиеттеріне немесе сапасына қатысты алдауына немесе жаңылыстыруына жол бермеу | ||
10 | Сатушының (дайындаушының) бағалар заттаңбасымен ресімделген, сауда объектісінің ішкі және сыртқы витриналарына қойылған тауардың құнын теңгемен көрсету міндеттері |
| " |
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде оны "Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі" ақпараттық жүйесіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
__________С. Жумангарин |
|
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы |
__________А. Бижанова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі комитеті