"Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 224 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 316 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 4 мамырда № 38646 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 224 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20173 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес "Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 10) және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ұсынуға қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;

      11) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы)";

      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не портал арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсетулерге негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 9-тармағына сәйкес құжаттар мен сынау объектілерін ұсына отырып жүгінеді.";

      7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметті көрсетілетін қызметті алушы "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады."

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту Тізбенің 10-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.";

      10-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бір жұмыс күнінің ішінде азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытындының екі данасына сынау зертханасының басшысы қол қояды, азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытындының екі данасын тіркеу үшін кеңсеге береді және "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы" цифрлық жүйесіне азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды берілгені туралы мәлімет енгізеді. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" сынау хаттамасының электрондық көшірмесін қоса отырып, сынау зертханасы басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған сынау объектілерін қайтару орнын көрсете отырып хабарлама жолдайды;";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттар мен сынау объектілерін ұсынған көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін хабардар етеді.

      Құжаттар мен сынау объектілерін ұсынған көрсетілетін қызметті алушыға тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жолданады. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші хаттама жасайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты болған жағдайда тыңдау рәсімі өткізілмеуі мүмкін.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтер енгізуді қамтамасыз етеді.";

      көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел-криминалистикалық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшiлiк ететiн орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап күшіне енетін осы бұйрықтың 1-тармағының жетінші, сегізінші, тоғызыншы, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші және жиырма бесінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бұл ретте көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша 2026 жылғы 12 шілдеге дейін осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда қолданыста болатыны белгіленсін.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
2026 жылғы 29 сәуірдегі
№ 316 бұйрыққа
1-қосымша
"Азаматтық және қызметтiк
қарудың және оған патрондардың,
сондай-ақ конструкциясы жағынан
қаруға ұқсас бұйымдардың
криминалистикалық талаптарға
сәйкестігіне қорытынды беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша
  ___________________________________
көрсетілетін қызметті беруші ұйымының
___________________________________
атауы, атауы және заңды мекенжайы,
_________________________________
телефоны, көрсетілетін қызметті алушының
____________________________
электрондық поштасы

ӨТІНІШ

      Объектілер тізімдемесіне сәйкес ұсынылған сынау нәтижелері бойынша азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беруді сұраймын.

      Қосымша: тізімдемеге сәйкес құжаттар______парақта және объектілер саны _______данада, құжаттар мен объектілердің тізімдемесі ________парақта.

      Осылармен:

      көрсетілетін қызметті алушының барлық көрсетілген деректері байланыс жасау үшін ресми болып табылатыны және оларға қорытынды беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жолдауға болатыны;

      барлық қоса берілген құжаттар мен объектілер шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны расталады;

      цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келіседі.

      Заңды тұлғаның басшысы немесе сенімхат негізінде өкілі

      ________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және электрондық цифрлық қолтаңбасы

      Толтырылған күні 20 _____жылғы "____"_______________

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
2026 жылғы 29 сәуірдегі
№ 316 бұйрыққа
2-қосымша
"Азаматтық және қызметтiк
қарудың және оған
атрондардың,
сондай-ақ конструкциясы жағынан
қаруға ұқсас бұйымдардың
криминалистикалық талаптарға
сәйкестігіне қорытынды беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
  2-қосымша

"Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметке негізгі талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

2

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Аумақтық полиция органдары

3

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

Көрсету мерзімі – он үш жұмыс күні

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электронды (ішінара цифрландырылған)/Қағаз түрінде

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі

8

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі. Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) тәулік бойы.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында: www.mvd.gov.kz "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлімінде;
2) www.egov.kz, www.elicense.kz "цифрлық үкімет" веб-порталында орналастырылған.

9

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар, мәліметтер мен сынау объектілерінің тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге:
1) заңды тұлғаның өкілі үшін сенімхатпен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтініші;
2) фирманың каталогы, мемлекеттік және орыс тілдеріне аударылған сынау объектісі паспортының түпнұсқасы және/немесе оны пайдалану жөніндегі нұсқаулық;
3) келісімшарттың көшірмесі және өтініш беруші фирманың басшылығы куәландырған Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген партиядағы сынау объектіcі нөмірлерінің тізбесі.
Порталға:
1) заңды тұлғаның өкілі үшін сенімхатпен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтініші;
2) фирманың каталогының электрондық көшірмесі, мемлекеттік және орыс тілдеріне аударылған сынау объектісі паспортының түпнұсқасының электрондық көшірмесі және/немесе оны пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың электрондық көшірмесі;
3) келісімшарттың және өтініш беруші фирманың басшылығы куәландырған Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген партиядағы сынау объектілері нөмірлері тізбесінің электрондық көшірмесі.
Сынау объектілері:
атыс, ұңғысыз, белгі беру, газды, электр, пневматикалық, оқсыз атылатын қаруды, оның патрондарын, сондай-ақ конструкциялық жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сынау кезінде:
тегіс ұңғылы және ойық атыс қаруы – әр модельдің немесе модификацияның кемінде он дана патроны бар бір данасы;
ұңғысыз атыс қаруы, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қару – әр модельдің немесе модификацияның кемінде он дана патроны бар бір данасы;
оқсыз атылатын, газды, белгі беру, электр, пневматикалық қару – әр модельдің немесе модификацияның кемінде он дана патроны бар бір данасы (газды қару үшін кемінде бес дана бос патрон қосымша ұсынылады);
конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдар - әр модельдің немесе модификацияның бір данасы;
қызметтік және азаматтық қарудың патрондары – өндіруші кәсіпорынның бастапқы орамасында кемінде он дана;
суық және лақтырылатын қаруға, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарға сынау жүргізу үшін:
суық және лақтырылатын қару болып табылатын объектілер – әр модельдің немесе модификацияның бір данасы;
конструкциясы жағынан суық және лақтыратын қаруға ұқсас бұйымдар – әр модельдің немесе модификацияның бір данасы;
конструкциясы жағынан суық және лақтыратын қаруға ұқсас бұйымдарға шаруашылық-тұрмыстық мақсаттағы бұйымдар – әр модельдің немесе модификацияның бір данасы;
арбалеттерге немесе садақтарға снарядтар – әр модификацияның бес бірлігі ұсынылады.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) құжаттары туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

11

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, көзделетін өзге де талаптар

1) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін мемлекеттік қызметті ЭЦҚ болған кезде портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар;
3) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсы: www.mvd.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8-800-080-7777.

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
2026 жылғы 29 сәуірдегі
№ 316 бұйрыққа
3-қосымша
"Азаматтық және қызметтiк
қарудың және оған патрондардың,
сондай-ақ конструкциясы жағынан
қаруға ұқсас бұйымдардың
криминалистикалық талаптарға
сәйкестігіне қорытынды беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
  2-қосымша

"Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметке негізгі талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

2

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Аумақтық полиция органдары

3

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

Көрсету мерзімі – он үш жұмыс күні

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)/Қағаз түрінде

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі

8

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі. Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) тәулік бойы.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында: www.mvd.gov.kz "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлімінде;
2) www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталында орналастырылған.

9

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар, мәліметтер мен сынау объектілерінің тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге:
1) заңды тұлғаның өкілі үшін сенімхатпен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтініші;
2) фирманың каталогы, мемлекеттік және орыс тілдеріне аударылған сынау объектісі паспортының түпнұсқасы және/немесе оны пайдалану жөніндегі нұсқаулық;
3) келісімшарттың көшірмесі және өтініш беруші фирманың басшылығы куәландырған Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген партиядағы сынау объектіcі нөмірлерінің тізбесі.
Порталға:
1) заңды тұлғаның өкілі үшін сенімхатпен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтініші;
2) фирманың каталогының электрондық көшірмесі, мемлекеттік және орыс тілдеріне аударылған сынау объектісі паспортының түпнұсқасының электрондық көшірмесі және/немесе оны пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың электрондық көшірмесі;
3) келісімшарттың және өтініш беруші фирманың басшылығы куәландырған Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген партиядағы сынау объектілері нөмірлері тізбесінің электрондық көшірмесі.
Сынау объектілері:
атыс, ұңғысыз, белгі беру, газды, электр, пневматикалық, оқсыз атылатын қаруды, оның патрондарын, сондай-ақ конструкциялық жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сынау кезінде:
тегіс ұңғылы және ойық атыс қаруы – әр модельдің немесе модификацияның кемінде он дана патроны бар бір данасы;
ұңғысыз атыс қаруы, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қару – әр модельдің немесе модификацияның кемінде он дана патроны бар бір данасы;
оқсыз атылатын, газды, белгі беру, электр, пневматикалық қару – әр модельдің немесе модификацияның кемінде он дана патроны бар бір данасы (газды қару үшін кемінде бес дана бос патрон қосымша ұсынылады);
конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдар - әр модельдің немесе модификацияның бір данасы;
қызметтік және азаматтық қарудың патрондары – өндіруші кәсіпорынның бастапқы орамасында кемінде он дана;
суық және лақтырылатын қаруға, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарға сынау жүргізу үшін:
суық және лақтырылатын қару болып табылатын объектілер – әр модельдің немесе модификацияның бір данасы;
конструкциясы жағынан суық және лақтыратын қаруға ұқсас бұйымдар – әр модельдің немесе модификацияның бір данасы;
конструкциясы жағынан суық және лақтыратын қаруға ұқсас бұйымдарға шаруашылық-тұрмыстық мақсаттағы бұйымдар – әр модельдің немесе модификацияның бір данасы;
арбалеттерге немесе садақтарға снарядтар – әр модификацияның бес бірлігі ұсынылады.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) құжаттары туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

11

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, көзделетін өзге де талаптар

1) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін мемлекеттік қызметті ЭЦҚ болған кезде портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар;
3) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсы: www.mvd.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8-800-080-7777.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады