"Апостиль қоюдың бірыңғай қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2021 жылғы 4 қарашадағы № 950, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 15 қарашадағы № 702, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 16 қарашадағы № 1182, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 2021 жылғы 16 қарашадағы № 30, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 24 қарашадағы № 363, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а. 2021 жылғы 24 қарашадағы № 155, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 29 қарашадағы № 574 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 851 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 27 наурыздағы № 289, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 17 сәуірдегі № 283, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2026 жылғы 28 наурыздағы № 204, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 2, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2026 жылғы 31 наурыздағы № 143-НҚ, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 68, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 9 сәуірдегі № 82-НҚ, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 23 сәуірдегі № 208 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2026 жылғы 4 сәуірдегі № 330 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 38620 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Апостиль қоюдың бірыңғай қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2021 жылғы 4 қарашадағы № 950, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 15 қарашадағы № 702, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 16 қарашадағы № 1182, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 2021 жылғы 16 қарашадағы № 30, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 24 қарашадағы № 363, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а. 2021 жылғы 24 қарашадағы № 155, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 29 қарашадағы № 574 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 851 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25789 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Апостиль қоюдың бірыңғай қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) апостиль - құжатқа қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ осы қағаз немесе электрондық нысандағы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба;

      2) апостиль қоятын адамдар – уәкілетті мемлекеттік органдардың апостиль қою жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын лауазымды адамдары;

      3) "Е-Апостиль" цифрлық жүйесі (бұдан әрі – "Е-Апостиль" ЦЖ) – құжаттарды тіркеуге және апостиль "мөртаңбасын" электрондық түрде беруге арналған, апостиль қойылған құжаттардың орталықтандырылған есебі мен бірыңғай архивін қамтамасыз ететін цифрлық жүйе;

      4) "жұлдызша" - апостиль қойған мемлекеттік органның елтаңбалы мөрі қойылатын құжат парақтары бекітілген жерге жабыстырылатын тығыз қағаз;

      5) құжат - материалдық жеткізгіште дәлме-дәл жазып алынған, сәйкестендіруге мүмкіндік беретін ақпарат;

      6) құжаттарды тіркеу кітабы - қағаз тасығышта ұсынылған апостиль қойылған құжаттарды тіркеу журналы;

      7) цифрлық архив – (бұдан әрі – ЦА) архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындаған тәртіппен электрондық нысанда ұйымдастырылған және сақталатын электрондық архивтік құжаттар мен архивтік құжаттардың электрондық көшірмелерінің жиынтығы;

      8) уәкілетті мемлекеттік органдар – "Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысын орындау үшін апостиль қоятын мемлекеттік органдар;

      9) электрондық құжат - ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған құжат;

      10) цифрлық тіркелім - апостиль қойылған құжаттардың электрондық тізбесі;

      11) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "ортақ терезесін" білдіретін цифрлық объект;

      12) "Цифрлық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ЦҮШ) – "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерін өзге де цифрлық объектілермен интеграциялауға арналған цифрлық объект;

      13) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық таңба құралын пайдаланумен құрылған цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы);

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Ресми құжаттарға апостиль қою саласында мемлекеттік қызметтер көрсету "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Апостиль электрондық нысанда уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ қойылған ресми құжаттың апостиль және электрондық не сканерленген көшірмесі қамтылған Portable Document Format (PDF) форматындағы файл түрінде қойылады.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Лауазымды тұлға "Е-Апостиль" ЦЖ немесе ЦА арқылы электрондық апостиль қалыптастырады және ЦҮШ арқылы ЭЦҚ қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін порталдағы өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жібереді.";

      28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Цифрлық тіркелім қағаз, сондай-ақ электрондық нысанда берілген барлық апостильдердің архивтелуін қамтамасыз етеді.

      29. Апостиль электрондық нысанда қойылатын құжаттар бойынша тіркеу құжаттардың цифрлық тіркелімінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.";

      2-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құжаттардың цифрлық тіркелімі".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін әділет, ғылым және жоғары білім, ағарту, қаржы, мәдениет және ақпарат, ішкі істер, қорғаныс вице-министрлеріне, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарына және Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысының орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың он сегізінші абзацты қоспағанда, 2026 жылғы 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры __________Б. Асылов
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі __________Д. Косанов
      Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі __________Е. Саденов
      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
__________Ж. Сулейменова
      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
__________К. Искаков
      Қазақстан Республикасының
Сот әкімшілігінің басшысы
__________Н. Ахметзакиров
      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
__________Д. Темирбеков
      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
__________С. Нурбек
      Қазақстан Республикасы Әділет министрі __________Е. Сарсембаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады