БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бонитирлеу жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9818 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген өнімділіктің етті бағытындағы ірі қара малды бонитирлеу жөніндегі нұсқаулықта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Өнімділіктің етті бағытындағы ірі қара малды бонитирлеу жыл сайын барлық шаруашылықтарда, олардың меншік және шаруашылық нысандарына қарамастан, тамыз айынан қазан айына дейін (аймаққа және жануарлардың жай-күйіне байланысты) жүргізіледі.
"Асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 3-3/1084 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12897 болып тіркелген) сәйкес тиісті республикалық палата берген асыл тұқымды жануар мәртебесі бар өнімділіктің етті бағытындағы ірі қара мал бонитирлеуге жатады.
Асыл тұқымды жануар мәртебесі жоқ ірі қара мал иелерінің қалауы бойынша бонитирленеді.
Алты айға дейінгі төлдер, бордақыдағы жануарлар, өгіздер және піштірілген жануарлар бонитирлеуге жатпайды.
Бонитирлеу кезінде алты айға толмаған жас төлдерді әрі қарай асыл тұқымдық мақсатта өткізу кезінде бонитирлеуге жол беріледі.";
көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшамен бекітілген биязы жүнді қой тұқымдарын бонитирлеу жөніндегі нұсқаулықта:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Бонитирлеу нәтижелерін бонитер (сыныптаушы) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасына енгізеді және электрондық цифрлық қолтаңбасымен растайды.";
осы бұйрыққа 4-қосымшамен бекітілген биязылау жүнді қой тұқымдарын бонитирлеу жөніндегі нұсқаулықта:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Бонитирлеу нәтижелерін бонитер (сыныптаушы) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасына енгізеді және электрондық цифрлық қолтаңбасымен растайды.";
көрсетілген бұйрыққа 5-қосымшамен бекітілген өнімділіктің етті-майлы бағытындағы қойларды бонитирлеу жөніндегі нұсқаулықта:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Бонитирлеу нәтижелерін бонитер (сыныптаушы) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасына енгізеді және электрондық цифрлық қолтаңбасымен растайды.";
көрсетілген нұсқаулыққа 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 8-қосымшамен бекітілген шошқаларды бонитирлеу жөніндегі нұсқаулықта:
13-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 166 бұйрығына қосымша Өнімділіктің етті-майлы бағытындағы қойларды бонитирлеу жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша |
Тұқымның шартты белгілері мен шифрлары
Тұқымның аты | Өнімділік бағыты бойынша тұқымдардың жіктелуі | Жүн түріне байланысты тұқымның жіктелуі | Шартты белгілер (түрі, тұқым массиві) | Тұқымның шифры |
Байсары | етті-майлы | қылшық жүнді | БАЙ | - |
Еділбай | етті-майлы | қылшық жүнді | Е | 3301 |
Қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқымы | етті-майлы | қылшық жүнді | ҚҚҚ | 3316 |
Сарыарқа құйрықты қылшық жүнді қой тұқымы | етті-майлы | қылшық жүнді | СҚҚ | - |
Ордабасы | етті-майлы | қылшық жүнді | О | - |
Дегерес етті-жүнді құйрықты қой тұқымы: биязылау жүнді ұяң жүнді | етті-майлы | биязылау жүнді ұяң жүнді | ДБ ДҰ | 2110 3205 |
Қазақтың құйрықты ұяң жүнді қой тұқымы | етті-майлы | ұяң жүнді | ҚҚҰ | 3207 |