Қарыздар және микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 84 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 51 бірлескен қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 30 сәуірде № 38605 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 718-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 53-бабының 5-тармағына және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 1-тармағына сәйкес, банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлері:

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақтың екінші абзацының 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізілетін редакциясын осы бірлескен қаулының 5-т. үшінші абзацынан қараңыз.

      екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар беретін банктік қарыздар бойынша – кепілсіз банктік қарыздар бойынша – 46 (қырық алты) пайыз; кепілмен қамтамасыз етілген банктік қарыздар бойынша – 35 (отыз бес) пайыз; ипотекалық тұрғын ұй қарыздары бойынша – 25 (жиырма бес) пайыз;

      микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін микрокредиттер бойынша – 46 (қырық алты) пайыз;

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 15 мамырдағы № 92 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38746 болып тіркелген) бекітілген Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптарға 5-қосымшаның 3-тармағында көзделген талаптарға сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін микрокредиттер бойынша – күніне 0,3 (нөл бүтін оннан үш) пайыздан кем, бірақ 179 (жүз жетпіс тоғыз) пайыздан аспайды.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.06.2026 № 101 және ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2026 № 79 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) бірлескен қаулысымен.

      2. Осы бірлескен қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының бірлескен қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Заң департаментімен бірлесіп осы бірлескен қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бірлескен қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2027 жылғы 1 қаңтардан бастап осы бірлескен қаулының 1-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар беретін банктік қарыздар бойынша – кепілсіз банктік қарыздар бойынша – 46 (қырық алты) пайыз; кепілмен қамтамасыз етілген банктік қарыздар бойынша – 35 (отыз бес) пайыз.

      Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлері қарыз мөлшерінің қатынасы коэффициентінің (бұдан әрі – ҚКК) кепіл нысанасының құнына шекті мәніне байланысты мынадай мөлшерде белгіленеді:

      ҚКК мәні қоса алғанда 0,7-ге (нөл бүтін оннан жетіге) дейін болғанда – 20 (жиырма) пайыз;

      ҚКК мәні 0,7-ден (нөл бүтін оннан жетіден) жоғары болғанда – 25 (жиырма бес) пайыз.

      Осы тармақтың мақсаттары үшін ҚКК ипотекалық тұрғын үй қарызы сомасының кепіл нысанасының құнына қатынасы ретінде айқындалады және мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      қарыз сомасы – шарт талаптары бойынша ипотекалық тұрғын үй қарызының сомасы;

      кепіл нысанасының құны – сатып алу-сату шартында көрсетілген жылжымайтын мүлік объектісінің құны мен "Бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес бағалаушы айқындаған және ипотекалық тұрғын үй қарызын беру күнінде өзекті болып табылатын жылжымайтын мүлік объектісінің нарықтық құны арасындағы ең төмен мән. Банктік салым шарты бойынша құқықтар түрінде қосымша кепіл болған кезде ҚКК коэффициентін есептеу үшін кепіл нысанасының құны банктік салым шарты бойынша құқықтарды кепілге беру күніне банктік салымның сомасына ұлғайтылады.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.06.2026 № 101 және ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2026 № 79 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
________Т. Сулейменов
      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
_________М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2026 жылғы 29 сәуірдегі
№ 51 мен
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
  Басқармасының
2026 жылғы 28 сәуірдегі
№ 84 бірлескен қаулысына
қосымша

Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының бірлескен қаулыларының тізбесі

      1. "Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 62 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 19 тамыздағы № 45 бірлескен қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34960 болып тіркелген).

      2. "Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 62 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 19 тамыздағы № 45 бірлескен қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 13 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 22 мамырдағы № 27 бірлескен қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36204 болып тіркелген).

      3. "Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 62 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 19 тамыздағы № 45 бірлескен қаулысының құрылымдық элементінің қолданылуын тоқтата тұру туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 20 тамыздағы № 35 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 25 тамыздағы № 48 бірлескен қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36790 болып тіркелген).

      4. "Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 62 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 19 тамыздағы № 45 бірлескен қаулысының құрылымдық элементінің қолданылуын тоқтата тұру туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 83 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 97 бірлескен қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37698 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады