Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 718-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 53-бабының 5-тармағына және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 1-тармағына сәйкес, банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлері:
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1-тармақтың екінші абзацының осы редакциясы 01.07.2026 дейін қолданыста болады және 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізілетін редакциясын осы бірлескен қаулының 5-т. үшінші абзацынан қараңыз.
екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар беретін банктік қарыздар бойынша – кепілсіз банктік қарыздар бойынша – 46 (қырық алты) пайыз; кепілмен қамтамасыз етілген банктік қарыздар бойынша – 35 (отыз бес) пайыз; ипотекалық тұрғын ұй қарыздары бойынша – 25 (жиырма бес) пайыз;
микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін микрокредиттер бойынша – 46 (қырық алты) пайыз;
микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар күнтізбелік қырық бес күнге дейінгі мерзімге беретін микрокредиттер бойынша республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің қырық бес еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде – күніне 0,3 (нөл бүтін оннан үш) пайыздан кем, бірақ 179 (жүз жетпіс тоғыз) пайыздан аспайды.
Банктік қарыз шартын, микрокредит беру туралы шартты жасау, банктік қарыз, микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін өзгерту және (немесе) банктік қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты жаңа комиссиялар мен өзге де төлемдерді өзгерту немесе енгізу күніне жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі осы тармақта айқындалған шекті мөлшерден аспауға тиіс.
2. Осы бірлескен қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының бірлескен қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Заң департаментімен бірлесіп осы бірлескен қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бірлескен қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2026 жылғы 1 шілдеден бастап осы бірлескен қаулының 1-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар беретін банктік қарыздар бойынша – кепілсіз банктік қарыздар бойынша – 46 (қырық алты) пайыз; кепілмен қамтамасыз етілген банктік қарыздар бойынша – 35 (отыз бес) пайыз; ипотекалық тұрғын ұй қарыздары бойынша – 20 (жиырма) пайыз;".
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы |
________Т. Сулейменов |
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
_________М. Абылкасымова |
Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының бірлескен қаулыларының тізбесі
1. "Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 62 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 19 тамыздағы № 45 бірлескен қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34960 болып тіркелген).
2. "Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 62 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 19 тамыздағы № 45 бірлескен қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 13 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 22 мамырдағы № 27 бірлескен қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36204 болып тіркелген).
3. "Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 62 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 19 тамыздағы № 45 бірлескен қаулысының құрылымдық элементінің қолданылуын тоқтата тұру туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 20 тамыздағы № 35 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 25 тамыздағы № 48 бірлескен қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36790 болып тіркелген).
4. "Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 62 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 19 тамыздағы № 45 бірлескен қаулысының құрылымдық элементінің қолданылуын тоқтата тұру туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 83 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 97 бірлескен қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37698 болып тіркелген).