"Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 және "Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 23 сәуірдегі № 30 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 29 сәуірде № 38576 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14778 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 47-1-тармағы толықтырылсын:

      "47-1. Уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі өз өкілеттіктерін жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінен және табиғи монополия субъектілерінен, жеке және заңды тұлғалардан, оның ішінде мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарынан өз өкілеттіктерін, оның ішінде өтініштерді қарау және мемлекеттік бақылау жүргізу жөніндегі өкілеттіктерін жүзеге асыру шеңберінде қажетті ақпаратты сұрататады және алады.".

      2. "Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19242 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 196-1-тармағы толықтырылсын:

      "196-1. Табиғи монополия субъектісі осы Қағидалардың 284-1-тармағында көзделген ақпаратты мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде тұрақты негізде орналастырады және (немесе) өзектендіреді.";

      197-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "197. Заңның 24-1-бабына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне қосуды қоспағанда, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосу мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес 6-нысан бойынша сәулет және қала құрылысы органы сәулет-жоспарлау тапсырмасын, топографияны дайындау кезінде қалыптастыратын және мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы электрондық нысанда табиғи монополия субъектісіне жіберетін техникалық шарттарды беруге арналған өтінішті беру;

      2) табиғи монополия субъектісінің сәулет және қала құрылысы органының техникалық шарттар беруге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемін ұлғайтуға арналған өтінішін қарауы;

      3) табиғи монополия субъектісінің техникалық шарттарды сәулет және қала құрылысы органына және мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы жіберуі;

      4) сәулет және қала құрылысы органдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12684 болып тіркелген) (бұдан әрі – Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары) сәйкес сәулет-жоспарлау тапсырмасымен және топографиямен бірге жүзеге асыратын техникалық шарттарды беруге арналған өтінішті қарау нәтижесін беру;

      5) тұтынушының берілген техникалық шарттарға сәйкес барлық жұмыстарды орындауы;

      6) тұтынушының жұмыстардың аяқталғаны және табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға әзірлігі туралы хабарлауы.";

      199-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "199. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес 1, 3, 4 және 5-нысандар бойынша табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды беруге өтініш қабылдауды және оны қарау нәтижесін беруді, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес 6-нысан бойынша құрылыс объектілерін табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға техникалық шарттар беруге сәулет және қала құрылысы органының өтінішін қарау нәтижесін қабылдауды және беруді қоспағанда, Мемлекеттік корпорация "цифрлық үкімет" веб-порталы, табиғи монополия субъектісінің кеңсесі, уәкілетті органның цифрлық жүйесі немесе мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы жүзеге асырады.";

      417-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "417. Уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық органы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінен және табиғи монополия субъектілерінен, жеке және заңды тұлғалардан, оның ішінде мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарынан өз өкілеттіктерін, оның ішінде өтініштерді қарау және мемлекеттік бақылау жүргізу жөніндегі өкілеттіктерін жүзеге асыру шеңберінде қажетті ақпаратты сұратады және алады.".

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және ирригация
министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады