"Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 25 сәуірдегі № 101 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 28 сәуірде № 38563 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11704 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларында:

      17-тармақта:

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) көрсетілетін қызметті алушы соңғы үш ай ішінде осы Қағидалардың 28-тармағының бірінші бөлігінде және (немесе) 29-тармағында белгіленген талаптарды үш реттен артық бұзуға жол бермеген кезде;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) көрсетілетін қызметті алушының соңғы жиырма айда осы Қағидалардың 27-тармағының бірінші абзацының талаптарын сақтамау фактілері болмаған кезде.

      Бұл ретте, шетелдік рұқсат алуға сұрау салу басқа отандық тасымалдаушының шетелдік рұқсаты пайдаланылған автокөлік құралына, сондай-ақ шетелдік рұқсатты басқа отандық тасымалдаушыға берген көрсетілген қызметті алушының автокөлік құралдарына АЖ-дан бас тартылады.

      Осы тармақтың 3) және 5) тармақшаларының талаптары жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға шетелдік рұқсат алуға қолданылмайды.

      Электрондық түрдегі шетелдік рұқсаттар рұқсат беру куәлігі мен рұқсат карточкасы түріне қарамастан беріледі.

      Автокөлік құралдарын есепке алу, сондай-ақ осы Қағидалардың талаптарының бұзылуын тіркеу ИАЖ арқылы автокөлік құралдарының сәйкестендіру нөмірі (VIN) бойынша жүргізіледі.";

      мынадай редакциядағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:

      "17-1. Осы Қағидалардың 17-тармағының 6) және 10) тармақшаларында көрсетілген мерзімдерді есептеу кері тәртіппен жүргізіледі және мерзім сұрау салу келіп түскен күннен басталып, соңғы айдың тиісті күнімен аяқталады, ал егер соңғы айда мұндай күн болмаса, мерзім сол айдың соңғы күнінде аяқталады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Осы Қағидаларға 4-қосымшада белгіленген нысан бойынша екі қосымша өтінімге дейін беруге және олар бойынша жиынтығында жүктерді тасымалдауға төрт шетелдік рұқсаттан аспайтын рұқсат алуға жол беріледі.";

      27, 28, 29 және 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Отандық тасымалдаушының шетелдік рұқсат бланкілерін басқа отандық тасымалдаушыға беруіне, сол сияқты отандық тасымалдаушының басқа отандық тасымалдаушының шетелдік рұқсат бланкілерін пайдалануына жол берілмейді.

      Отандық тасымалдаушының осы тасымалдаушының рұқсат карточкасында көрсетілмеген автокөлік құралдарына (тіркемелер мен жартылай тіркемелерді қоспағанда) шетелдік рұқсаттарды пайдалануына, тазартылатын автокөлік құралдарынан басқа жол берілмейді.

      Осы тармақтың талаптары бұзылған кезде АЖ-дағы шетелдік рұқсаттар басқа тасымалдаушыға берілген ретінде есепке алынады.

      28. Шетелдік рұқсаттар рәсімделген автокөлік құралының Қазақстан Республикасының аумағынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында орналасқан автомобиль өткізу пункттері арқылы (Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы өткізу пункттерін қоспағанда) шығу мерзімі мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы хабарлама қызмет алушының жеке кабинетіне жіберілген күннен бастап күнтізбелік 50 (елу) күннен аспауға тиіс.

      Көрсетілген талап Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан, шетелдік рұқсаттар алынған және олардың пайдалану мерзімі өткен автокөлік құралдарына, сондай-ақ осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберілген күнге дейін күнтізбелік 10 (он) күн бұрын Қазақстан Республикасының аумағынан шыққан автокөлік құралдарына қолданылмайды.

      29. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында орналасқан жолаушыларды, багажды және жүктерді тұрақты емес тасымалдауға арналған пайдаланылған шетелдік рұқсаттар, өткізу пункттерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында орналасқан автомобиль өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасының аумағына шетелдік рұқсаттар ресімделген автокөлік құралы кірген сәттен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірілмей, көрсетілетін қызметті берушіге жеке түрде берілген жері бойынша қайтарылуға жатады.

      30. Электрондық рұқсаттарды қоспағанда, шетелдік рұқсаттарды көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады.

      Аумақтық органдарға қайтарылған шетелдік рұқсаттар ай сайын 5-ші күнге дейін уәкілетті органға беріледі және олардың қолданылу мерзімі аяқталған сәттен бастап бір жыл бойы сақталады.";

      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Мемлекеттік аумақтық кірістер органдары ай сайын үшінші күннен кешіктірмей аумақтық органдарға Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шетелдік автокөлік құралдарының жүріп өтуі бойынша есепті және шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алымды төлегені туралы түбіртектері бар жүкқұжаттардың көшірмелерін осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 7-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Көлік министрінің міндетін атқарушы
М. Калиакпаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігі Ұлттық

      статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Көлік министрінің міндетін
атқарушы
2026 жылғы 25 сәуірдегі
№ 101 Бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының
халықаралық қатынастағы
автомобильмен
тасымалдауларында рұқсат беру
жүйесін қолдану қағидаларына
7-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің аумақтық органдары.

      Әкімшілік деректер нысаны мынадай интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz.

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шетелдік автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi бойынша есептi және шетелдік автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алымды төлегенi туралы түбiртектерi бар жүкқұжаттардың көшiрмелерi бойынша есеп.

      Әкімшілік деректер нысанының индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): О7

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есепті кезең: 20 ____ жылғы __ (ай)

      Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: Мемлекеттік кірістердің аумақтық органдары.

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі әрбір айдың 3-күніне дейін.

      ЖСН/БСН


      (деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды)

      Жинау әдісі: электрондық



Есепті ай ішінде

Жиыны

KZ түріндегі әмбебап рұқсаттар

Үшінші елден/елге жүктерді тасымалдауға арналған рұқсаттар (квота бойынша берілген)

KZ түріндегі әмбебап рұқсаттар

Үшінші елден/елге жүктерді тасымалдауға арналған рұқсаттар (квота бойынша берілген)

Шетел мемлекетіне квота бойынша берілген

Мемлекеттік кірістер органының қызметкерлері берген

Шетел мемлекетіне квота бойынша берілген

Мемлекеттік кірістер органының қызметкерлері берген

кіруге/ шығуға

транзит

транзит

ҚР-ға жүктің кіруіне

ҚР-дан жүктің шығуына

кіруге/ шығуға

транзит

транзит

ҚР-ға жүктің кіруіне

ҚР-дан жүктің шығуына

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Австрия











Әзербайжан











Ангилья











Армения











Ауғанстан











Беларусь











Бельгия











Болгария











Венгрия











Германия











Греция











Грузия











Дания











Испания











Иран











Италия











Қытай











"А"











"В"











"С"











Қырғызстан











Латвия











Литва











Молдавия











Нидерланды











Норвегия











Польша











Ресей Федерациясы
















Румыния











Словакия











Словения











Тәжікстан











Түркіменстан











Түркия











Өзбекстан











Украина











Франция











Финляндия











Хорватия











Чехия











Швейцария











Швеция











Эстония











Атауы_____________________
___________________________________

Мекенжайы________________
____________________________

      Телефон_____________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы________________________________________

      Орындаушы___________________________________ _______________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ____________________________________________________________

      ____________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

      Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын адамдарды қоспағанда)

      ___________________________________________

  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға қосымша

      "Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шетелдік автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi бойынша есептi және шетелдік автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алымды төлегенi туралы түбiртектерi бар жүкқұжаттардың көшiрмелерi бойынша есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме (индекс – О7 айлық кезеңділік)

      Нысанның 1-бағанында шет мемлекеттерге квота бойынша берілген және мемлекеттік кірістер органының қызметкерлері берген KZ түріндегі әмбебап рұқсаттар көрсетіледі.

      Нысанның 2-бағанында үшінші елден/елге жүктерді тасымалдауға арналған рұқсаттар (квота бойынша берілген) көрсетіледі.

      Нысанның 3-бағанында, шет мемлекеттерге квота бойынша берілген және мемлекеттік кірістер органының қызметкерлері берген KZ түріндегі әмбебап рұқсаттар көрсетіледі.

      Нысанның 4-бағанында үшінші елден/елге жүктерді тасымалдауға арналған рұқсаттар (квота бойынша берілген) көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады