"Тұтыну бағасының индексін құру әдіснамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының м.а. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 230 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қатені түзеу

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2026 жылғы 17 сәуірдегі № 8 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 24 сәуірде № 38548 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тұтыну бағасының индексін құру әдіснамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының м.а. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 230 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12955 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 38) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұтыну бағасының индексін құру әдіснамасында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Тұтыну бағасының индексін құру әдіснамасы (бұдан әрі – Әдіснама) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілетін және халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын статистикалық әдіснамаға жатады.";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4-1) веб-скрейпинг – веб-ресурстардың беттерінен деректерді алу;

      4-2) дашборд – әртүрлі дереккөздерден деректерді агрегациялауды және оларды графикалық индикаторлар түрінде ұсынуды қамтамасыз ететін, нақты уақыт режимінде негізгі көрсеткіштерді орталықтандырылған мониторингілеуге арналған интерактивті визуалды интерфейс.";

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге арналған бағалардың (тарифтердің) ақпарат көздері және оларды байқау әдістері;";

      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Халықаралық еңбек ұйымы, Халықаралық Валюта Қоры, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Еуропалық қауымдастықтың статистикалық бюросы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы және Дүниежүзілік банкі дайындаған "Тұтыну бағасының индексі жөніндегі нұсқау: тұжырымдама және әдістер" (2020 жыл);";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Индексті байқау саласы аумақты географиялық қамтуды, есепке алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің ассортиментін, үй шаруашылықтары мен сауда объектілерінің типтерін, деректерді алу әдістерін біріктіреді.";

      11 және 12-тармақтар алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:

      14-1. ТБИ-ді қалыптастыру үшін ақпарат көзі ретінде тұтыну тауарлары мен ақылы қызметтердің бағаларына жүргізілетін жалпы мемлекеттік статистикалық байқау деректері, веб-скрейпинг деректері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2022 жылғы 7 қазандағы № 129 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 7 қазандағы № 1045 бірлескен бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросына салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді және құпия ақпаратты ұсыну қағидаларын, сондай-ақ ұсынылатын мәліметтер мен құпия ақпараттардың тізбесіне" сәйкес алынатын бақылау-касса машиналары чектерінің мәліметтері пайдаланылады (бұдан әрі – БКМ мәліметтері).

      БКМ мәліметтері мен веб-скрейпинг деректерінің жарамдылығы олардың осы Әдіснамада белгіленген репрезентативтілік (қамту үлесі), ассортимент тұрақтылығы, жаңарту жиілігі және МЖТЖ-мен техникалық салыстырмалылық критерийлеріне сәйкестігімен айқындалады. БКМ мәліметтері мен веб-скрейпинг деректерін қолдану ақпараттың жеделдігін, толықтығын және ауқымдылығын қамтамасыз етеді.

      Тұтыну тауарлары мен ақылы қызметтер бағаларына жалпымемлекеттік статистикалық байқау елді мекендердің, базалық объектілердің, тауарлардың (қызметтердің) және олардың базалық объектідегі түрлерінің іріктелген жиынтығы бойынша жүзеге асырылады.";

      15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Бағаны тiркеу іріктемелі статистикалық байқау қағидаттарына негізделеді және өңірдің елді мекендерінің, елді мекеннің сауда объектілерінің, тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің), олардың базалық объектідегі әртүрлілігінің тек бір бөлігін қамтиды.

      16. Іріктемеде қалалық және ауылдық аумақтардың болуы халықтың бөлінуіне, бағалардың өзгерістеріне және шығыстар құрылымындағы ерекшеліктерге байланысты. Қамтуға ірі қалалар (астана, республикалық маңызы бар қалалар, облыс орталықтары) және бағаны тіркеу негіздеріне белгіленген талаптарды ескере отырып, сауда мен көрсетілетін қызметтердің қолданыстағы саласы тұрақты бағалық ақпарат алуды қамтамасыз ететін халықтың басым көпшілігі тұратын аудан орталықтары кіреді. Басқа елді мекендердегі баға өзгерісінің үрдістері белгілі бір уақыт кезеңіндегі ірі қалалардағы баға қозғалысын қайталайды.";

      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

      "16-1. Сауда объектілерінің қамтылуы сауда жасауға қатысты үй шаруашылықтарының мінез-құлқымен анықталады. Баға тіркеуді аумақтық статистика бөлімшелерінің тиісті лауазымды адамдары (бұдан әрі – маман) сауда объектілерінде жүргізеді. Үй шаруашылықтары сауда жасайтын барлық сауда объектілері ТБИ қамтылуына енгізіледі және базалық объектілерді іріктеу үшін іріктеменің негізін құрайды.

      Базалық объектілердің іріктеме жиынтығына қойылатын негізгі өлшемшарттар – өңірлік және салалық бөліністерде репрезентативті болуы тиіс.

      Бағалары тіркелетін базалық объектілерге, тауарларға (көрсетілетін қызметтерге) қатысты іріктеме көлемі мен іріктеу әдістері қадағаланатын бағалардың репрезентативті сипатын және индекстің дәйектілігі бойынша талаптарды сақтау үшін олардың жеткіліктілігін қамтамасыз етеді.

      Базалық объектілерді, тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) іріктеу үшін ТБИ құру кезінде ықтималдық емес іріктеу әдісі пайдаланылады:

      1) "алып тастау" әдісі. Іріктемеге өзге бірліктерді енгізудің нөлдік мүмкіндігін қалдыра отырып, іріктеменің ең ірі бірліктерінің саны белгілілікпен іріктеледі. Базалық объектілерде орталықтандырыла берілген ерекшелігінің шеңберінде едәуір көп сатылатын тауар (көрсетілетін қызмет) іріктеліп алынады;

      2) "үлестік іріктеу" әдісі. Алынған іріктемеде бірліктер баршаға мәлім сипаттамалары тұрғысынан алып қаралып, бас жиынтықтағыдай сол пропорциямен берілген. Тауарлардың кіші тобы, сауда объектісінің түрі, орналасқан жері және басқалары сипаттама болып табылады. Бірліктерді іс жүзінде таңдау соңғы іріктеме құрамы үлестік іріктеу өлшемшарттарына жауап беретіндей субъективті әдістерді пайдаланумен жүргізіледі. Нәтижесінде іріктеме өздігінен салмақталған болады;

      3) "репрезентативті өнімдер" әдісі. Ерекшеліктерге сәйкес орталықтандырыла берілген тізбе бойынша тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) таңдағанда қолданылады.

      Базалық объектілер, тауарлар (көрсетілетін қызметтер) іріктемесін жаңарту ескі іріктемені толықтай қарап, оның неғұрлым кешірек кезеңде бас жиынтыққа қатысты репрезентивтілігін қамтамасыз етуге арналғанын білдіреді. Іріктемені жаңартудың жиілігі тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) нақты тобындағы ассортименттің өзгеріс қарқынына байланысты.

      Тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) әртүрлі түрлері мен базалық объектілерінің пайда болып отыратын және жоғалып кетіп отыратын базалық объектілер, тауарлар (көрсетілетін қызметтер) іріктемесін жаңартуға арналған қарапайым агрегаттары деңгейіндегі серпінді өзгерістерді сипаттаудың үш тәсілі бар:

      1) белгілі бір уақыт ішінде толық қарапайым агрегат үшін тауарлар (көрсетілетін қызметтер) іріктемесін жаңарту жолымен;

      2) тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) бір түрін немесе базалық объектісін басқа тауар түріне немесе базалық объектісіне ауыстыру жолымен;

      3) индекс тобы ішінде байқаудың жекелеген элементтерін (тауарлар (көрсетілетін қызметтер) және базалық объектілерін) қосу немесе алып тастау жолымен.

      Егер нарықта қандай да бір нақты ескі түріне ауыстырылмайтын, ұзақ пайдаланатын тауардың жаңа маркасы не моделі пайда болса, онда оны оның енгізілу уақытынан бастап іріктемеге қосады.

      Байқауда жоқ тауар (көрсетілетін қызмет) іріктемеден ауыстырусыз жойылады, баға өзгерістері қалған тауарлар (көрсетілетін қызметтер) үшін есептеледі. Егер көптеген немесе барлық базалық объектілерінде осы қарапайым агрегаттың барлық түрлері жоғалып кетсе және мұның өзінде алдағы уақытта индексті қалыптастыруға арналған бағаларға байқаудың жеткілікті санын қамтамасыз ету үшін агрегаттың осыған ұқсас түрлерін таңдауға мүмкіндік болмаса, қарапайым агрегаттарды жою қажет болып табылады.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. МЖТЖ негізінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтер кластарын нақтылау үшін ведомстволық жіктеуіш статусы бар және ішкі кластар, 8 белгіге дейін түрлері мен ішкі түрлері айқындалған МЖТЖ Тауарлық айқындамаларының номенклатурасы (бұдан әрі – МЖТЖН) әзірленді.

      МЖТЖН мынадай нақтылау деңгейлеріне бөлінеді:

      1) бөлім – 1 деңгей (2 белгі);

      2) топ – 2 деңгей (3 белгі);

      3) класс – 3 деңгей (4 белгі);

      4) ішкі класс – 4 деңгей (5 белгі);

      5) тауардың, көрсетілетін қызметтің түрі – 5 деңгей (6 белгі);

      6) тауардың, көрсетілетін қызметтің ішкі түрі – 6 деңгей (8 белгі).

      МЖТЖН негiзгi он үш бөлiмі мынадай тауарлар және көрсетілетін қызметтерді қамтиды:

      1) тамақ өнімдері және алкогольсiз сусындар;

      2) алкогольді ішімдіктер, темекi өнімдері;

      3) киім және аяқкиім. Киім, трикотаж бұйымдарын, үлкендер мен балаларға арналған аяқкиімнің барлық түрлерін, сонымен қоса киімді тігу мен күту және аяқ киімді жөндеу бойынша көрсетілетін қызметтерін қамтиды;

      4) тұрғын үй қызметтерi, су, электр энергиясы, газ және отынның өзге де түрлерi. Халықтың тұрғын үйді, ыстық және суық суды, жылытуды, газды, электр энергиясын пайдаланғаны үшін ақы төленетін қызметтерді, сондай-ақ пәтерлерді және оған арналған тауарларды жөндеу, тұрғын үй иесінің жалгерлік төлемі бойынша көрсетілетін қызметтерді біріктіреді;

      5) үй тұрмысының заттары, тұрмыстық техника және тұрғын үйді ағымдағы күтіп ұстау. Жиһаз, кілемдер, тұрмыстық техника, ыдыс-аяқ, жуғыш және тазалағыш заттар және басқаларды есепке алады;

      6) денсаулық сақтау. Фармацевтикалық препараттар мен медициналық қызметтерді біріктіреді;

      7) көлік. Жеке көлік құралдарын, жанар жағар майларын сатып алуды, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету, қоғамдық көлік қызметтері бойынша көрсетілетін қызметтерді есепке алады;

      8) ақпарат және байланыс. Ақпараттық-коммуникациялық қызметтер мен жабдықтарды қамтиды;

      9) демалыс, спорт және мәдениет. Мәдени шаралармен, спортпен шұғылдану, ойындар мен бос уақытта шұғылданатын өзге де шаралармен байланысты тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді қамтиды;

      10) білім беру. Мектепке дейінгі және бастауыш, жалпы орта, орта кәсіптік және жоғары білімді есепке алады. Ересектерге арналған білім беру бағдарламаларын қамтиды;

      11) мейрамханалар және қонақүйлер. Қонақүйлерде орналастыру қызметтері мен мейрамхана, дәмхана және асханалардағы тамақ өнімдері мен сусындарды тұтынуды қамтиды;

      12) сақтандыру және қаржылық қызметтер;

      13) жеке күтім, әлеуметтік қорғау және өзге де тауарлар мен көрсетілетін қызметтер. Басқа топтарға кірмеген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді (жеке қызмет көрсету, құқықтық, ритуалдық қызметтер және басқалар) біріктіреді.

      МЖТЖН-нің маңызды бөлімдері бойынша тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) топтар мен кластарға жіктеу осы Әдіснаманың 1-қосымшасында келтірілген.

      МЖТЖН-ға сәйкес тауар (көрсетілетін қызмет) түрі кодының құрылымы осы Әдіснаманың 2-қосымшасында келтірілген.";

      25, 26, 27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Бағаларды тіркеудің аса маңызды принциптерінің бірі баға өзгерісінің үздіксіздігі мен "тазалығын" сақтау болып табылады. Бағаның таза өзгерістерін қадағалау салыстырылатын екі кезеңде де сапасы бірдей бір тауар (қызмет)-өкілге баға белгіленуін, оларды өткізу бірдей сату және төлеу шарттарында, тең мәнді мөлшер бірліктерінде жүзеге асырылуын көздейді.

      Тауарлар (көрсетілетін қызметтер) салғастырымдылығының басты қағидаты олардың бағаларын айқындайтын белгілері арасында елеулі айырмашылықтарының болмауы болып табылады. Егер баға өнімнің сол ассортиментті түріне тіркелсе, сапалық сипаттамасы бірдей және бірдей сауда объектілерінде өткізілетін болған жағдайда, екі кезеңде (айда) тауардың (көрсетілетін қызметтің) бағасы (тарифы) салғастырымды болып есептеледі.

      26. Веб-скрейпинг негізінде тұтыну тауарлары мен ақылы қызметтердің бағалары айдың 20-шы күніне республика бойынша өңірлерге бөлінбей тіркеледі. БКМ мәліметтері бойынша бағалар есепті айдың 1-інен 20-сына дейін БКМ пайдаланылған орны (аумақтық тиесілігі) бойынша, тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету күні көрсетіле отырып, салықтарды қоса алғанда есепке алынады.

      27. Жалпы мемлекеттік статистикалық байқау бойынша бағаларды тіркеу тауарды өткізу (қызмет көрсету) орындарында тікелей жүргізіледі. Тіркеу жүргізілген күні төленген (қолданыстағы) бағалар (тарифтер), салықтарды қоса алғанда, бақылауға алынады. Бағалар (тарифтер) деңгейінің кез келген өзгерісі немесе баға қалыптастырушы факторлар мен өзге де себептерге байланысты олардың жаңа деңгейі тіркеледі. Тіркеу кезінде сапасының немесе санының (стандартты өлшем бірлігінің көлемінің) өзгеруі нәтижесінде туындаған бағалар мен тарифтердің ауытқуы есепке алынбайды.

      Баға тұтыну тауарларына базалық объектілерді аралау және оларды бағалықтан санау арқылы мамандармен тіркеледі, қажет болған жағдайда базалық объектілердің білікті қызметкерлерімен консультация немесе базардағы сатушыларға пікіртерім жүргізіледі. Бағаларды тіркеу кезінде статистикалық нысанның қағаз тасығышымен қатар тауардың штрих-кодын сканерлеуді, бағаны енгізу мен растауды, баға көрсеткішінің фотосуретін қоса беруді және деректерді беруді көздейтін мобильді қосымшаны пайдалануға болады.

      Ақылы қызметтерге бағаларды (тарифтерді) тіркеу баға (тарифтер) орналастырылған прейскуранттар негізінде тіркелетін базалық объектілерді (шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметі, моншаға бару, химиялық тазалау және басқа) аралау жолымен жүзеге асырылады, немесе ақылы қызмет көрсететін адамдардан (аяқ киім жөндеу, тұрмыстық техниканы жөндеу, киімдерді шақтау және басқа) сұрау арқылы жүргізіледі.

      Тауарлар мен ақылы көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлеріне бағалар (тарифтер) интернет-ресурс арқылы (жолаушылардың теміржол көлігі мен әуе көлігі қызметі, медициналық қызметтің жекелеген түрлері және басқа), маркетплейстерде немесе телефон (факс) арқылы тіркеледі. Баға туралы ақпаратты телефон арқылы қабылдаған жағдайда олардың қызметкерлерімен жеке байланысты ұстап тұру мақсатында және бағаны анықтағанда өкіл тауарды (көрсетілетін қызметті) таңдаған кезде қателіктерді болдырмау мақсатында, сондай-ақ іріктелген тауарлардың, өкіл тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) ерекшеліктерінің салыстырмалылығына көз жеткізу үшін мамандар базалық объектілерге кезең-кезеңімен (тоқсанына бір рет) барып тұрады.

      Ұзақ уақыт кезеңіне бағаларды (тарифтерді) белгілеу тән ұйымдарға (шипажай, медициналық және білім беру мекемелері, салттық қызмет көрсететін ұйымдар және басқа) көрсетілетін қызметтерге бағалар (тарифтер) туралы ақпаратты беру өтінішімен ресми хат жолданады. Бағалар (тарифтер) ұсынылған прейскуранттар негізінде тіркеледі. Деректердің дәйектілігін бақылау мақсатында алынған бағалық ақпаратты растау үшін мамандар тоқсанына кемінде бір рет базалық объектілерді аралайды.

      Тұрғын үй-коммуналдық қызметтеріне тарифтер қызметтердің тиісті түрлері үшін сәйкес тұрғындарға ұсынылатын төлем құжаттары (түбіртектер) негізінде тіркеледі. Тарифтер өзгерген жағдайда олардың жаңа деңгейі табиғи монополия және реттелетін нарық саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және осы қызмет түрлерін көрсететін ұйымдардың бұйрықтарымен расталады.

      28. Жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша бағаларды тіркеу алдын ала құрастырылған кестеге сәйкес ай сайын жүзеге асырылады. Нақты базалық объектідегі тауардың (көрсетілетін қызметтің) белгілі бір түріне бағаны тіркеудің негізгі шарты өткен кезеңдегідей айдың сол күніне тіркелген бағалар болып табылады. Ауытқуы 1-2 күннен аспауы тиіс.

      Күнделікті сұраныстағы тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) негізгі түрі (тағамдық өнімдер, киімнің кейбір түрлері, үйге және жеке бас гигиенасына арналған тауарлар, ақы төленуі міндетті қызметтер және басқалары) бойынша бағаны қадағалау бір ай ішінде бірнеше рет жүргізіледі. Ұзақ уақыт пайдаланылатын тауарлардың бағасы айына бір-екі рет тіркеледі. Оларды тіркеу бір айға бөлінеді.

      Тез бұзылатын өнiмдер бойынша бағаларды тiркеу үшін күннiң бiрiншi жартысы таңдалады. Базалық объектіні жабар алдында қолдағы тауарлардың мөлшері немесе оларға ақауын барынша азайту үшін бағалар төмендетілгенде, тиісінше оларға бағалар репрезентативті емес.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Жеңілдіктер және жаппай сату көп жағдайда, жаңа емес, тауарлық түрін жоғалтқан, моральдық тозған, сәнді үлгіден шыққан, бүлінген немесе ақауы бар, таратып, жаппай сату бағаларымен сатылатын тауарларға қолданылады.

      Тауарларға уақытша бірқатар қосымша тауарлар саны қосылатын және арнайы акциялар болатын "2-ін сатып алсаң 1-і тегін" немесе әр тауарға сыйлық қоса берілетін тауарлар бағасы тіркеуге жатпайды.

      Тұтынушылардың тек шектелген топтарына (зейнеткерлер, студенттер және басқалары) ұсынылатын тауарлардың жеңілдіктер бағасы тіркелмейді.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. ТБИ жоғары деңгейдегі классификациясының салмағын құраушылар бөліктері үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтынуға жұмсаған шығыстары туралы ұлттық шоттар деректері негізінде айқындалады. Тұтыну құрылымындағы айырмашылықтар мен өңірлер арасындағы баға динамикасын есепке алу үшін ТБИ-дің өңірлік салмақтары қалыптастырылады, бұл ретте қосымша бөлшек сауда көлемдері туралы деректер пайдаланылады. Жалпы тұтыну шығыстарындағы әрбір шығын бабының үлесі оның салмағы болып табылады.

      Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер айқындамалары бойынша өңірлік салмақтар үтірден кейін сегіз белгімен есептеледі және "Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер" тобы бойынша 1,00000000 құрайды.

      БКМ мәліметтері бойынша төменгі деңгейдегі классификацияның салмағын құраушылар өткізілген тауарлар көлеміндегі айырмашылықтарды есепке алу үшін ірі, орта және шағын сауда кәсіпорындары бойынша есептеледі.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Тауарлық айқындамалар типтік болмаған жағдайда, яғни олардың үш шаруашылығы шығындарындағы тұтынушылық мәндері төмендеген кезде оларға жаңарту жүргізіледі.

      Шығыстардың қолданыстағы кластарына жатқызу мүмкін емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жаңа түрлері жыл басында салмақтау сызбасын ауыстыру кезеңінде байқауға қосылады. Шығыстардың қолдағы кластарына жататын қолданыстағы тауарлардың жаңа үлгілері мен ассортиментті түрлері олардың нарықтағы үлесі елеулі және тұрақты деп бағаланғанда байқауға енгізіледі.

      Салмақтау схемасын өзектендіру жүйелі түрде (жылына кемінде бір рет) жүзеге асырылады, үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтынуға жұмсаған шығыстары туралы ең соңғы жылдық деректер пайдаланылады.";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Жалпымемлекеттік статистикалық байқау деректері бойынша әрбір тауар позициясы бойынша жеке баға индексі әрбір өңір бойынша, веб-скрейпинг негізінде жиналатын деректер бойынша – тұтастай республика бойынша есептеледі.

      Бағаның жеке индекстерін есептеу үшін бағаның жеке индекстерінің қарапайым (салмақталмаған) орташа геометриялық формуласы қолданылады, бұл салмақтанбаған геометриялық орташа бағаның (Джевонс индексі) қатынасына баламалы:

     


      мұнда,

     

– тауар (көрсетілетін қызмет) j түрі бойынша жеке баға индексі;

     

– жеке баға индекстері;

      t, t-1 – тиісінше, салыстырудың есепті және өткен кезеңдері;

      pt, pt-1 – тиісті кезеңдегі өкіл тауар (көрсетілетін қызмет) бірлігінің бағасы;

      j – бірнеше нақты өкіл тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) біріктіретін тауар (көрсетілетін қызмет) түрі (бірден n-ге дейін);

      n – тауар (көрсетілетін қызмет) түрін анықтайтын өкіл тауарлар (көрсетілетін қызметтер) саны.

      БКМ мәліметтері бойынша тауар (қызмет) түрі бойынша жеке баға индексі әрбір өңір бойынша келесі формула бойынша есептеледі:

     

      (2)

      мұнда,

     

– r өңірі бойынша j тауар (қызмет) түрі бойынша баға индексі;

     

– r өңірі бойынша k (1,2) базалық объектілер страталары бойынша j тауар (қызмет) түрі бойынша баға индексі;

      Wjk1r,Wjk2r – r өңірі бойынша j тауар түрі бойынша k (1,2) базалық объектілер страталары бойынша бөлшек тауар айналымы мен көрсетілген қызметтер көлемі жылдық деректерінің үлесі (меншікті салмағы).

      1 – базалық объектілер стратасы – ірі, орта базалық объектілер, 2 – базалық объектілер стратасы – шағын базалық объектілер.

      Базалық объектілер страталары бойынша тауар (қызмет) түрі бойынша баға индексі осы Әдіснаманың 54-тармағының (1) формуласына сәйкес есептеледі.

      Бағалардың алынған жеке индекстері біріктірілген баға индекстерін құру үшін бастапқы ақпарат болып табылады.";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Әрбір айқындама, тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) топтары және тұтастай барлық тауарлар (көрсетілетін қызметтер) бойынша республикалық баға индекстерінде өңірлер бойынша баға өзгерісінің әсерін анықтайды. Индекстерді республикалық деңгейде біріктіру үшін республика бойынша оның көлеміндегі әр өңірдің үй шаруашылықтары шығыстарының үлес салмағы пайдаланылады.

      Республика бойынша жекелеген тауарлық айқындамалар бойынша бағаның жеке индекстері мынадай формула бойынша анықталады:

     


      мұнда,

      Ij – республика бойынша j тауардың (көрсетілетін қызметтің) жеке баға индекстері;

      Ij1, Ij2,..., Ij20 – өңірлер бойынша j тауардың (көрсетілетін қызметтің) жеке баға индекстері;

      Wo1,..., Wo20 – республика бойынша олардың жалпы көлеміндегі әрбір өңірдің үй шаруашылықтары шығыстарының үлесі (үлес салмағы).

      Республика бойынша жекелеген тауарлық айқындамалар бойынша алынған бағаның жеке индекстері топтар және тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) барлық жиынтығы бойынша баға индекстерін есептеу үшін қолданылады.";

      66 және 67-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "66. Халықаралық Валюта Қоры әзірлеген Деректерді таратудың арнайы халықаралық стандартына сәйкес ақпаратты шығарудың алдын ала белгіленген мерзіміне сәйкес ТБИ ай сайын жарияланады. Ақпарат барлық пайдаланушылар үшін Бюроның интернет-ресурсында бір мезгілде таратылады.

      Топтар, кластар және тауардың (көрсетілетін қызметтердің) түрлері бойынша егжей-тегжейлі баға өзгерістері туралы ақпарат "Талдау" Ақпараттық-Талдау жүйесінде жарияланады.

      67. Қоғамның индекске деген сенімін қамтамасыз ету мақсатында бағаны тіркеу рәсімдерін сипаттау және индексті есептеу тәртібі буклеттер, брошюралар, дашборд түрінде жарияланады және Бюро сайтында қолжетімді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұтыну бағасының индексін құру әдіснамасына 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Баға статистикасы департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Баға статистикасы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің Ұлттық
статистика бюросының басшысы
М. Турлубаев

  "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
  Қаржы министрлiгі
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
басшысының 2026 жылғы
17 сәуірдегі № 8
бұйрығына қосымша
Тұтыну бағасының индексін
құру әдіснамасына
  1-қосымша

Мақсаттар бойынша жеке тұтыну жіктеуішіне тауарлық айқындамалардың номенклатурасының негізгі бөлімдері бойынша топтар мен кластардың тауарларын (көрсетілетін қызметтерін) бөлу

Бөлім

Атауы

Топтар

Кластар

Ішкі кластар

01

Тамақ өнімдері және алкогольсiз сусындар

2

15

51

02

Алкогольді ішімдіктер, темекi өнімдері

2

4

5

03

Киім және аяқкиім

2

5

11

04

Тұрғын үй қызметтерi, су, электр энергиясы, газ және отынның өзге түрлерi

4

11

13

05

Үй тұрмысының заттары, тұрмыстық техника және тұрғын үйді ағымдағы күтіп ұстау

6

10

24

06

Денсаулық сақтау

4

7

11

07

Көлік

4

11

20

08

Ақпарат және байланыс

3

9

11

09

Демалыс, спорт және мәдениет

7

11

14

10

Білім беру

5

5

5

11

Мейрамханалар және қонақүйлер

2

3

4

12

Сақтандыру және қаржылық қызметтер

2

4

5

13

Жеке күтім, әлеуметтік қорғау және өзге де тауарлар мен көрсетілетін қызметтер

3

6

7


Барлығы

46

101

181


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады