"Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 345 және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 509-НҚ бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 21 сәуірдегі № 172 және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 23 сәуірдегі № 172-НҚ бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 24 сәуірде № 38541 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 345 және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 509-НҚ бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 31634 болып тіркелген).

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі
________А. Шаккалиев
      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
_________Ч. Аринов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады