"Креативті индустрияға мемлекеттік қолдау көрсету мен оны ынталандыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 693-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2026 жылғы 21 сәуірдегі № 199-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 23 сәуірде № 38526 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Креативті индустрияға мемлекеттік қолдау көрсету мен оны ынталандыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 693-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37732 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Креативті индустрияға мемлекеттік қолдау көрсету мен оны ынталандыру қағидаларында:

      2-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) креативті индустриялар субъектісі – креативті қызметке қатысатын, креативті қызмет нәтижелерін жасауды, шығаруды, қайта жаңғыртуды, жаппай таратуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;";

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) креативті индустриялар субъектілерінің тізілімі – креативті индустриялар саласында мемлекеттік қолдау шараларын тиімді көрсету мақсатында уәкілетті орган әкімшілендіретін креативті индустриялар субъектілерін тіркеуге және есепке алуға арналған онлайн-платформа;";

      5-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) цифрлық қолдау – онлайн-платформалар, маркетплейстер, цифрлық технологиялар;";

      9-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакция жазылсын:

      "3) Тізбеге сәйкес қызмет түрлеріне сәйкес келуі не осы Қағидалардың 2-тарауында көрсетілген мамандандырылған бағдарламалар мен инфрақұрылымдық қолдау бойынша креативті индустрияның жекелеген бағыттарына сәйкес келуі;";

      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) креативті индустриялар субъектілерінің тізілімінде тіркелген болуы.";

      23-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) цифрлық технологиялар саласындағы шешімдер, сайттарды әзірлеу және қолдап отыру, цифрлық платформалар;".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Креативті индустриялар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он алтыншы, он жетінші және он сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтүзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің
міндетін атқарушы
К. Искаков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады