"Технологиялық болжауды жүзеге асырудың, салалық технологиялық құзырет орталықтарының жұмыс істеуінің, технологиялық платформаларды ұйымдастырудың және нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеудің әдістемесі мен өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 133/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 198 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 22 сәуірде № 38506 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Технологиялық болжауды жүзеге асырудың, салалық технологиялық құзырет орталықтарының жұмыс істеуінің, технологиялық платформаларды ұйымдастырудың және нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеудің әдістемесі мен өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 133/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27772 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Технологиялық болжауды жүзеге асырудың, салалық технологиялық құзырет орталықтарының жұмыс істеуінің, технологиялық платформаларды ұйымдастырудың және нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеудің әдістемесі мен өлшемшарттарында:

      2-тармақта:

      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – инновациялық технологиялық даму саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрі – ЖҒТК) – мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру мақсатында жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган;";

      5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) нысаналы технологиялық бағдарлама – негізгі (басым) технологияларды дамыту және мемлекеттің, кәсіпкерлік субъектілер мен ғылымның өзара іс-қимылына негізделген саланың (салалардың) технологиялық міндеттерін шешу жөніндегі шаралар кешені;

      6) технологиялық құзыреттердің салалық орталықтары – тиісті саланы технологиялық дамыту мақсаттары үшін мемлекеттік органдар айқындайтын, салалық және салааралық сипаттағы тиісті құзыреттерге ие сарапшылары бар заңды тұлғалар;";

      6-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) басым бағыттарды дамытудың технологиялық жол карталарын әзірлеу үшін цифрлық базаны қалыптастыру – әлеуетті нарықтық тауашаларды анықтау және туындайтын нарықтар үшін бәсекеге қабілетті өнімдерді барынша жылдам әзірлеуге мүмкіндік беретін технологияларды таңдау.";

      12-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) технологиялық болжау нәтижелерін ЖҒТК қарауына шығару.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Салалық технологиялық құзырет орталықтарының негізгі міндеттері тиісті саланы технологиялық болжамдауды жүзеге асыру, нысаналы технологиялық бағдарламаны әзірлеу мен іске асыруға жәрдемдесу, жеделдетілген технологиялық даму үшін әлемдік технологиялық трендтерді, ғылыми жетістіктерді мониторингтеу, ағымдағы жағдайлар мен бәсекелестік артықшылықтарды, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қажеттілігі мен мүдделілігін айқындау, тиісті саланың кәсіпкерлік субъектілері арасында инновациялық қызметтің үздік практикалары мен тәжірибесін таратуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасына шетелдік инвестицияларды тарту мақсатында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру болып табылады.";

      19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы өз құзыреті шегінде жетекшілік ететін бағыттарда салалық технологиялық құзырет орталықтарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды уәкілетті органға қарау үшін енгізеді.

      20. Тиісті саланың немесе технологиялық бағыттың мемлекеттік технологиялық саясатын тұжырымдау және ғылымын дамыту және оның сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар салалық технологиялық құзырет орталықтарын айқындайды.";

      27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы өз құзыреті шегінде технологиялық платформаларды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды уәкілетті органға қарау үшін (технологиялық платформаларды ұйымдастыру үйлестірушісін көрсете отырып) енгізеді.

      28. Мемлекеттік органдардың салаларда технологиялық платформаларды ұйымдастыру бойынша бастамаларын қарау ЖҒТК міндеттеріне жатады.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Технологиялық саясатты іске асыру үшін салалық технологиялық құзырет орталықтары Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 241-5-бабының 4-тармағына сәйкес тиісті мемлекеттік органдар бекітетін нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлейді.";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Жетекшілік ететін бағыттардағы мемлекеттік органдар нысаналы технологиялық бағдарламаның жобасын мақсаттарға, өлшемшарттар мен құрылымға сәйкестігі тұрғысынан қарау қорытындылары бойынша мүдделі ұйымдармен келіскеннен кейін ЖҒТК қарауына ұсыныстар енгізеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының оныншы және он бірінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады