ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10194 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы |
А. Амрин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Қызметті немесе белгілі бір іс-қимылдарды жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама*
1. _________________________________________________
( мемлекеттік органның толық атауы )
2. Осымен ________________________________________
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан
жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі
болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-
сәйкестендіру нөмірі)/ жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),
жеке сәйкестендіру нөмірі)
_______________________________ бойынша қызметті жүзеге асыруды бастағаны
_____________________________________ бойынша іс-қимылды жүзеге асыруды
бастағаны____________________________________ бойынша қызметті
(қызметтің немесе іс-қимылдың атауы көрсетіледі)
жүзеге асыруды тоқтатқаны
жеке тұлғаның заңды мекенжайының ______________________________
заңды тұлғаның орналасқан жері ________________________________
қызметті немесе іс-қимылды жүзеге асыру мекенжайының __________
хабарламада көрсетілген деректердің**__________________________
таксимен тасымалдау жүзеге асырылатын көлік құралдарының бірлігі***_____
(тиісті жолда Х белгісі қойылады)
өзгергендігі туралы хабарлайды.
3. Заңды тұлғаның орналасқан жерінің мекенжайы/жеке тұлғаның заңды мекенжайы
_______________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін-елі, пошталық индексі, облысы,
қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
________________________________________________
4. Электрондық пошта ___________________________
5. Телефондар _____________________________________
6. Факс __________________________________________
7. Қызметті жүзеге асыру мекенжайы(лары) ______________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,
көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
8. Қосымша мәліметтер _________________________
(Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті ақпарат
көрсетіледі. Таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыру үшін таксимен
тасымалдау жүзеге асырылатын көлік құралдарының маркасы, шығарылған жылы
және мемлекеттік тіркеу нөмірі көрсетіледі)
9. Хабарламаға _______________________ қоса беріледі.
(құжаттар атауы және парақтар саны көрсетіледі)
10. Қызметтің немесе белгілі бір іс-қимылдың жүзеге асырылуы
_________________________ басталады.
(уақыты мен мерзімі)
11. Қызметтің немесе белгілі бір іс-қимылдың жүзеге асырылуы ______
тоқтатылады (уақыты мен мерзімі)****
Осы хабарламаны бере отырып, өтініш беруші мына төмендегілерді растайды:
көрсетілген барлық деректер ресми болып табылады және оларға
қызметті немесе іс-қимылды жүзеге асыру мәселелері бойынша кез
келген ақпарат жолдануы мүмкін;
өтініш берушіге мәлімделген қызметтің түрімен немесе
жекелеген іс-қимылдармен айналысуға сот тыйым салмайды;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келеді және
жарамды болып табылады;
өтініш беруші қызметті немесе іс-қимылды жүзеге асыруды
бастағанға дейін одан әрі де орындау үшін міндетті Қазақстан
Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді.
12. Өтініш беруші ________________________________________________
___________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Мөр орны (болған жағдайда) Берілген күні және уақыты
20__ жылғы "__" ________ "___" сағ. "___" мин.
13. Тұлға хабарламаны сенімхат бойынша берген жағдайда:
Сенім білдірілген тұлға ____________________________
___________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
_____________________________________________________
Сенімхаттың күні және нөмірі
Берілген күні және уақыты: 20__ жылғы "__" ______ "__" сағ. "__" мин.
Ескертпе:
*белгілі бір іс-қимылдар деп Заңға 3-қосымшада көзделген Хабарламалар тізбесінің
(бұдан әрі - Тізбе) 3, 36, 39, 40, 42, 48, 54-тармақтарында көрсетілген іс-қимылдарды
қоспағанда, Тізбеде көрсетілген іс-қимылдар түсініледі;
**хабарламада көрсетілген тіркеу деректері өзгергенде толтырылады. Осы жолда заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) бұрынғы толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
***таксимен тасымалдау жүзеге асырылатын көлік құралдарының бірлігі өзгерген кезде таксимен тасымалдау жүзеге асырылатын көлік құралдарының маркасы, шығарылған жылы және мемлекеттік тіркеу нөмірі толтырылады;
****осы жол Қазақстан Республикасының заңдарында хабарлама беру кезінде қызметті немесе іс-қимылды жүзеге асыруды тоқтату уақыты мен күні туралы ақпаратты ұсыну белгіленген жағдайларда ғана толтырылады.