ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 38) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 38) тармақшасына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру тәртібін, сондай-ақ "Ветеринариялық паспорт беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.";
1-1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Мемлекеттік қызметті ветеринариялық ұйымдар көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ветеринариялық ұйымға не портал арқылы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады.
"Ветеринариялық паспорт беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 6-1-қосымшада жазылған.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастау туралы мәліметтерді ветеринариялық ұйым "цифрлық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден алады.
Өтініш портал арқылы берілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы порталда өтініштің электрондық нысанын толтырады. Көрсетілетін қызметті алушы ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі, жынысы, түсі, аты, бірдейлендіру тәсілі туралы мәліметтерді дерекқорға сұраным жіберу арқылы дерекқордан алады. Сұраным келіп түскеннен кейін дерекқор көрсетілетін қызметті алушының дерекқорында тіркелген ауыл шаруашылығы жануарларының тізімін автоматты түрде өңдейді және қалыптастырады. Көрсетілетін қызметті алушы ауыл шаруашылығы жануарларының қалыптастырылған тізімінен ветеринариялық паспорт алу үшін ауыл шаруашылығы жануар(лар)ын таңдайды. Көрсетілетін қызметті алушы өтініштің электрондық нысанын толтырғаннан кейін өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қояды және ветеринариялық паспортты алу үшін портал арқылы ветеринариялық ұйымға жібереді.
Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы цифрлық заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеде көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, ветеринариялық ұйым өтінішті қабылдаудан бас тартады.";
40-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"40-2. Ветеринариялық ұйым Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізілуін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Министрлік осы Қағидаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық акті бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызмет берушіге, "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 6-1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 9-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 151 бұйрығына 1-қосымша Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына 2-қосымша |
|
| Нысан |
Ветеринариялық паспорт Ветеринарный паспорт
Ветеринариялық паспорттың нөмipi/Номер ветеринарного паспорта: ________*
Ауыл шаруашылығы жануары иесiнiң аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе
атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі /Фамилия, имя,
отчество (при наличии) или наименование владельца сельскохозяйственного
животного, индивидуальный идентификационный номер или бизнес-
идентификационный номер
____________________________________________________________________
Ауыл шаруашылығы жануары иесiнiң мекенжайы/Адрес владельца
сельскохозяйственного животного _______________________________________
_____________________________________________________________________
Ауыл шаруашылығы жануарының түрі/Вид сельскохозяйственного животного
____________________________________________________________________
Ветеринариялық паспорт берілген топтағы (отардағы) жануарлар саны (ұсақ мал мен
шошқалар тобына (отарына) ветеринариялық паспорт берілген кезде)/ Количество
животных в группе (отаре), на которых выдан ветеринарный паспорт (при выдаче
ветеринарного паспорта на группу (отару) мелкого рогатого скота и свиней)
_____________________________________________________________
Ауыл шаруашылығы жануары туралы деректер/Данные о сельскохозяйственном
животном:
Р/с № | Ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі / Индивидуальный номер сельскохозяйственного животного | Жынысы / Пол | Түci / Масть | Аты / Кличка | Жасы (туған күні) / Возраст (дата рождения) | Бiрдейлендiру әдici / Способ идентификации | Малдың тегi туралы деректер (асыл тұқымды жануар үшін)** / Данные о родителях (для племенного животного)** |
Берiлген күнi 20 __ жылғы __ _______ / Дата выдачи __ _____ 20 _ года
Электрондық құжаттың түпнұсқалығын Сіз egov.kz сайтында, сондай-ақ "цифрлық үкіметтің" веб-порталының мобильді қосымшасы арқылы тексере аласыз.
Проверить подлинность электронного документа Вы можете на egov.kz, а также посредством мобильного приложения веб-портала "цифрового правительства".

Бұл құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.
Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан "Об электронном документе и электронной цифровой подписи" равнозначен документу на бумажном носителе.
Ескертпе/ Примечание:
* Ветеринариялық паспорттың нөмipi ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмiрiне сәйкес келедi. Ұсақ малдың, шошқалардың тобына (отарына) ветеринариялық паспорт бергенде ветеринариялық паспорттың нөмірінде ауыл шаруашылығы жануарының тиісті түрінің жеке нөмірінің алғашқы төрт символы көрсетіледі/Номер ветеринарного паспорта соответствует индивидуальному номеру сельскохозяйственного животного. При выдаче ветеринарного паспорта на группу (отару) мелкого рогатого скота, свиней в номере ветеринарного паспорта указываются первые четыре символа индивидуального номера соответствующего вида сельскохозяйственного животного;
** асыл тұқымды жануардың жеке нөмірі/индивидуальный номер племенного животного.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 151 бұйрығына 2-қосымша Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына 6-1-қосымша |
"Ветеринариялық паспорт беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме Выписка из ветеринарного паспорта
20 __ жылғы "____" _______ № _____ / №______ от "__" _____ 20 _ года.
Ауыл шаруашылығы жануары иесiнiң аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе
атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі /Фамилия, имя,
отчество (при наличии) или наименование владельца сельскохозяйственного
животного, индивидуальный идентификационный номер или бизнес-
идентификационный номер __________________________________
Ауыл шаруашылығы жануары иесінің мекенжайы/Адрес владельца
сельскохозяйственного животного ______________________________________
____________________________________________________________________
Ауыл шаруашылығы жануарының түpi/Вид сельскохозяйственного животного
__________________________________________________________
Ауыл шаруашылығы жануары туралы деректер/Данные о сельскохозяйственном животном:
Р/с № | Ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі / Индивидуальный номер сельскохозяйственного животного | Жынысы / Пол | Түci / Масть | Аты / Кличка | Жасы (туған күні) / Возраст (дата рождения) | Бiрдейлендiру әдici / Способ идентификации | Малдың тегi туралы деректер (асыл тұқымды жануар үшін)* / Данные о родителях (для племенного животного)* |
Берiлген күнi 20 __ жылғы __ _______/Дата выдачи __ _____ 20 _ год
Электрондық құжаттың түпнұсқалығын Сіз egov.kz сайтында, сондай-ақ "цифрлық үкіметтің" веб-порталының мобильді қосымшасы арқылы тексере аласыз.
Проверить подлинность электронного документа Вы можете на egov.kz, а также посредством мобильного приложения веб-портала "циврового правительства".

Бұл құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.
Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан "Об электронном документе и электронной цифровой подписи" равнозначен документу на бумажном носителе.
Ескертпе/ Примечание:
* асыл тұқымды жануарлардың жеке нөмірі/индивидуальный номер племенных животных.
