"Ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 7-1/1130 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 802 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 130 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2026 жылғы 17 сәуірдегі № 27 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 21 сәуірдегі № 38488 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 7-1/1130 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 802 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12636 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

      15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Өлшемшарттарда бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылаудан немесе талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізуден босату айқындалған жағдайда бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) субъективті өлшемшарттар бойынша цифрлық жүйені қолдана отырып бақылау және қадағалау субъектілерінің ветеринария саласындағы жоғары тәуекел дәрежесінен орташа тәуекел дәрежесіне немесе орташа тәуекел дәрежесінен төмен тәуекел дәрежесіне ауыстырылады.

      16. Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу графиктерін немесе тізімдерін қалыптастыратын цифрлық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқау қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.

      Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың цифрлық жүйесі болмаған кезде бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеру жүзеге асырылатын бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) санының ең төменгі жол берілетін шегі ветеринария саласындағы осындай бақылау субъектілерінің жалпы санының бес пайызынан аспауы тиіс.";

      Ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 1-қосымшада:

      реттік нөмірі 174-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

174.

Цифрлық жүйеге берілген ветеринариялық анықтамалар туралы мәліметтерді енгізу жөніндегі талаптардың сақталуы

Өрескел

      ";

      реттік нөмірі 301-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

301.

Цифрлық жүйеге берілген ветеринариялық анықтамалар туралы мәліметтерді енгізу жөніндегі талаптардың сақталуы

Өрескел

      ";

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға қатысты ветеринария саласындағы тексеру парағында:

      реттік нөмірі 20-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

20.

Цифрлық жүйеге берілген ветеринариялық анықтамалар туралы мәліметтерді енгізу жөніндегі талаптардың сақталуы



      ";

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық анықтама беруді жүзеге асыратын жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлеріне қатысты ветеринария саласындағы тексеру парағында:

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4.

Цифрлық жүйеге берілген ветеринариялық анықтамалар туралы мәліметтерді енгізу жөніндегі талаптардың сақталуы



      ".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
_________А. Амрин
      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
_________А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының Құқықтық

      статистика және арнайы есепке

      алу жөніндегі комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады