Қайта босаған блокқа пайдалы қатты қазбаларды барлауға аукцион өткізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 170 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 17 сәуірде № 38458 тіркелді

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 189-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қайта босаған блокқа пайдалы қатты қазбаларды барлауға аукцион өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интеллект

      және цифрлық даму министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және
құрылыс министрі
2026 жылғы 14 сәуірдегі
№ 170
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
2026 жылғы "___" ____
№ _____ бұйрығымен
бекітілген

Қайта босаған блокқа пайдалы қатты қазбаларды барлауға аукцион өткізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қайта босаған блокқа пайдалы қатты қазбаларды барлауға аукцион өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 189-1-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін қайта босаған бір блокқа үміткер өтініш берушілер арасында аукцион өткізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аукцион – лицензияларға өтініштерді қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган айқындаған қатысушылар өз ұсыныстарын жария түрде растайтын, тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып электрондық нысанда өткізілетін сауда-саттық нысаны;

      2) қол қою бонусы – келісімшарттық аумақта (жер қойнауы учаскесінде), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен келісімшарттық аумақты (жер қойнауы учаскесін) кеңейту кезінде жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алғаны үшін біржолғы тіркелген төлем;

      3) аукцион қадамы – қол қою бонусының мөлшері ұлғайтылатын шама;

      4) аукцион залы – аукцион өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізуді, сақтауды және өңдеуді қамтамасыз ететін тізілім веб-порталының бөлімі;

      5) аукцион қорытындыларының тізілімі – әрбір аукцион бойынша блокты (блоктарды) көрсете отырып, аукционға қатысушылардың аукциондық нөмірлері мен қол қою бонустарының мөлшерлері көрсетілген, аукцион қорытындылары бойынша тізілім веб-порталымен автоматты түрде қалыптастырылатын мәліметтер;

      6) аукциондық нөмір – электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде аукционға қатысу үшін қатысушыға берілетін нөмір;

      7) аукцион объектісі (бұдан әрі – объект) – блокты (блоктарды) лицензияға басым тәртіппен енгізу құқығы;

      8) геоақпараттық сервис (бұдан әрі – геосервис) – аукцион негізінде пайдалы қатты қазбаларды барлау үшін жер қойнауы учаскелері берілетін аумақтар туралы ақпаратты қамтитын, жүйелі бақылаулар, жерүсті түсірілімдері, зерттеулер, түгендеулер нәтижелерін, жерлерді пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау материалдарын, архивтік деректерді, жерлерді қашықтан зондтау деректерін, мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардан алынған мәліметтерді, сондай-ақ жерлер мен жер қойнауының жай-күйі туралы өзге де мәліметтерді енгізу, жинау, өңдеу және талдау үшін арналған ақпараттық сервис;

      9) жеңімпаз – аукционның басқа тіркелген қатысушылары арасында объект үшін ең жоғары қол қою бонусының мөлшерін растаған немесе аукционның жалғыз тіркелген қатысушысы болып табылатын аукцион қатысушысы;

      10) жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы (бұдан әрі – ЖҚПБП) – жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік органдар, жер қойнауын пайдаланушылар және өзге де мүдделі тұлғалар арасындағы мемлекеттік қызметтер көрсетуді және ақпараттық өзара іс-қимылды, оның ішінде басқа да ақпараттандыру объектілерімен интеграциялау арқылы қамтамасыз ететін мемлекеттік ақпараттық жүйе;

      11) көтеру аукционы – қол қою бонусының бастапқы мөлшері алдын ала жарияланған аукцион қадамымен ұлғайтылатын аукцион әдісі;

      12) қатысушы – аукционға қатысу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген жеке немесе заңды тұлға;

      13) қатысуға өтінім – пайдалы қатты қазбаларды барлауға лицензия беру туралы өтініш беруші ұсынған аукционға қатысуға өтінім;

      14) қол қою бонусының ағымдағы мөлшері – аукцион барысында қалыптасатын қол қою бонусының мөлшері;

      15) қол қою бонусының бастапқы мөлшері – Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 762-бабына сәйкес белгіленетін объект бойынша аукцион басталатын қол қою бонусының мөлшері;

      16) қол қою бонусының түпкілікті мөлшері – аукцион қорытындылары бойынша блок (блоктар) бойынша айқындалған қол қою бонусының ең жоғары мөлшері;

      17) лицензия – аукцион қорытындылары бойынша блокқа (блоктарға) басымдық айқындалу нәтижесінде құзыретті орган беретін пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия;

      18) лицензияға өтініш – пайдалы қатты қазбаларды барлауға лицензия беру туралы өтініш;

      19) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы (бұдан әрі – тізілім веб-порталы) – интернет желісінде e-qazyna.kz мекенжайы бойынша қайта босаған, мемлекеттік мүлік тізілімінің сату объектілері туралы электрондық дерекқорға (бұдан әрі – тізілім) қолжетімділіктің бірыңғай нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;

      20) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) – жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын, мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру және есепке алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттер жүктелген заңды тұлға;

      21) электрондық әмиян – қатысушының екінші деңгейдегі банкте бірыңғай оператордың есеп айырысу шотына енгізген ақшасын көрсету үшін тізілімдегі жеке шоты;

      22) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

      23) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – ЭЦҚ құралдарымен жасалған, электрондық құжаттың түпнұсқалығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермегендігін растайтын, электрондық цифрлық белгілер жиынтығы.

      3. Лицензия беру туралы өтініштер, егер аталған сол бір блокқа енгізілетін пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беруге арналған өтініштер қайта босаған блок туралы мәліметтер ЖҚПБП-да орналасқан күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде берілген жағдайда, бірдей басымдыққа ие деп есептеледі.

      Бұл жағдайда өтініштерді қарау басымдығы аукцион қорытындысы бойынша айқындалады.

      4. Аукцион қарау нәтижелерінде құзыретті орган лицензия беруден бас тарту туралы шешім қабылдамаған өтініштер бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлау бойынша операцияларды жүргізу үшін қайта босаған сол бір блокқа үміткер өтініш берушілер арасында өткізіледі.

      5. Аукцион берілетін лицензияға блокты (блоктарды) енгізу үшін басымдықты айқындау мақсатында өткізіледі.

      6. Аукционға қатысу үшін тіркелмеген, ал оған қатыспаған өтініш берушілер тиісті блок бойынша басымдықтан бас тартқан деп есептеледі.

      7. Аукционды ұйымдастыру және өткізу Кодекстің 189-1-бабына және осы Қағидаларға сәйкес тізілім веб-порталында құзыретті органмен жүзеге асырылады.

      8. Бірыңғай оператор ЖҚПБП мен тізілім веб-порталының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

      9. Аукцион пайдалы қатты қазбаларды барлау бойынша операцияларды жүргізу үшін қайта босаған сол бір блокқа үміткер өтініш берушілер арасында артықшылықпен өткізіледі.

      10. Геосервисте қайтадан босаған блоктар бойынша графикалық ақпарат блоктардың нөмірі мен мәртебесі көрсетіле отырып бейнеленеді.

      11. Сәйкес келетін блоктар туралы өтініш берушіні хабардар ету және аукционға қатысуға шақыру құзыретті органмен ЖҚПБП-да қалыптастырылады және тізілім веб-порталындағы қатысушының жеке кабинетінде автоматты түрде орналастырылады. Көрсетілген хабарлама да қайта босаған блоктар бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған өтініштер беру мерзімі аяқталған күннен бастап он күннен кешіктірмей лицензия алуға арналған өтініште көрсетілген өтініш берушінің электрондық мекенжайына құзыретті органмен жіберіледі.

2-тарау. Қайта босаған блокқа пайдалы қатты қазбаларды барлауға аукцион өткізу тәртібі

      12. Аукционды өткізуге дайындық мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) аукцион объектісі анықталады;

      2) әр объекті бойынша қол қойылған бонустың бастапқы мөлшері анықталады;

      3) аукцион өткізу мерзімдері белгіленеді;

      4) аукцион өткізу туралы хабарландыру жарияланады;

      5) қатысушыларды тіркеу өткізіледі.

      13. Аукцион өткізу туралы хабарландыру сол бір қайта босаған блокқа берілген өтініштерді қарау мерзімі өткен күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік және орыс тілдерінде ЖҚПБП және тізілім веб-порталында құзыретті оргнамен жарияланады.

      14. Аукцион қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін қайта босаған еркін бір блокқа берілген өтініштерді қарау мерзімі аяқталған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі. Өтініштерді қараудың көрсетілген мерзімі осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген мерзім аяқталған күннен бастап есептеледі.

      15. Аукцион өткізу туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) аукцион өткізу күні мен уақыты;

      2) объект блоктары бойынша мәліметтер:

      блоктың(тардың) сәйкестендіру нөмірі(лері);

      бастапқы жазылу бонусының мөлшері;

      аукцион өтіп жатқан блокты қамтитын лицензияға өтінім беру мерзімдері және өтінімдер саны;

      3) қатысу өтінімін қабылдау мерзімі;

      4) аукцион өткізу тәртібі, оның ішінде жеңімпазды анықтау шарттары;

      5) тиісті орган мен бірыңғай оператор бойынша байланыс деректері;

      6) аукцион туралы қосымша ақпарат.

      16. Аукционға қатысу үшін тізілімнің веб-порталында мыналарды көрсете отырып алдын ала тіркелу қажет:

      1) жеке тұлғалар үшін: ЖСН, фамилиясы, аты және әкесінің аты (бар болса);

      2) заңды тұлғалар үшін: БСН, толық атауы, бірінші басшының фамилиясы, аты және әкесінің аты (бар болса);

      3) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефон, e-mail).

      17. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы өтінім бергенге дейін тізілім веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

      18. Жеке және заңды тұлғалардың қатысуға өтінімдерін қалыптастыру, қабылдау және өңдеу мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) веб-порталда жеке немесе заңды тұлға қатысуға өтінімді қалыптастырадыы және қол қояды

      2) құзыретті орган қатысуға өтінімді қабылдайды және өңдейді;

      3) тізілім веб-порталында өтінімді өңдеудің ағымдағы мәртебесінің көрсетілуі.

      19. Аукцион қатысушыларын тіркеу хабарландыру жарияланған күннен бастап тізілім веб-порталында оларды тіркегеннен кейін жүргізіледі және аукцион басталғанға бес минут қалғанда аяқталады, сол уақыт өткеннен кейін қатысушылар берген өтінімін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес кері қайтара алмайды.

      20. Қатысу өтінімінде көрсетілген деректер тізілімнің "Заңды тұлғалар", "Жеке тұлғалар", "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік дерекқорларында, "Атқарушы іс органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі" ақпараттық жүйесінде, "Біртұтас орталықтандырылған есеп шоттар" ақпараттық жүйелері мен салық органдарының ақпараттық жүйелерімен ақпараттық өзара әрекеттесу нәтижесінде расталуға жатады.

      21. Деректерді автоматты режимде жоғарыда көрсетілген мемлекеттік дерекқорлардан және тізілім веб-порталының ақпараттық жүйесінен алған жағдайда, мәліметтерді тексеру жүргізіледі.

      Қағидаларының 16 және 19 тармақтарының талаптарына сәйкес келмеушіліктерді анықтау тізілімнің веб-порталында қатысуға өтінімді тіркеуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

      Қатысуға өтінімді тіркеу туралы немесе мұндай өтінімді тіркеуден бас тарту себептері туралы хабарлама автоматты түрде тізілімнің веб-порталындағы қатысушының жеке кабинетінде орналастырылады.

      22. Тізілім веб-порталы аукцион басталғанға дейін кемінде бес минут бұрын қатысу өтінімін кері қайтарған қатысушының аукцион нөмірін жояды.

      23. Құзыреттті орган мен бірыңғай оператор аукционға дайындық және оның өту кезеңінде қатысушыларға қатысты ақпаратты жарияламайды.

      24. Аукцион залында Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жекешелендіру объектілерін сату ережесін бекіту туралы" 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сейсенбіден жұмаға дейін өтеді. Аукцион Астана қаласының уақыты бойынша 10:00-ден бастап 17:00 аралығында өткізіледі, бұл ретте аукцион Астана қаласының уақыты бойынша 15:00-ден кешіктірілмей басталады.

      25. Егер аукцион сағат 17:00-де аяқталғанда жеңімпаз анықталмаса, онда соңғы болып объектіні алу ниетін растаған қатысушы жеңімпаз болып саналады және аталған объекті бойынша аукцион өткізілген болып есептеледі.

      26. Аукционға рұқсат алған қатысушыға тізілім веб-порталы тағайындаған аукцион нөмірі бойынша аукцион залында қатысу мүмкіндігі беріледі.

      Қатысушылар аукцион басталғанға бір сағат ішінде ЭЦҚ және аукцион нөмірін пайдалана отырып, залға кіреді. Аукцион аукцион өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген Астана қаласы уақытымен басталады, қол қою бонусының бастапқы мөлшері аукцион залында автоматты түрде орналастырылады. Бастапқы мөлшерді құзыретті орган республикалық бюджет туралы заңның тиісті қаржы жылына белгіленген және аукцион өткізу туралы хабарламаның орналасу күніне қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 100 еселенген мөлшерінде анықтайды.

      27. Аукцион қадамы мынадай түрде белгіленеді:

      1) қол қою бонусының ағымдағы мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 20000 еселенген мөлшеріне дейін болған кезде аукцион қадамы 25 пайыз мөлшерінде белгіленеді;

      2) қол қою бонусының ағымдағы мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 20000 еселенген мөлшерінен 50000 еселенген мөлшеріне дейін болған кезде аукцион қадамы 20 пайыз мөлшерінде белгіленеді;

      3) қол қою бонусының ағымдағы мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 50000 еселенген мөлшерінен 100000 еселенген мөлшеріне дейін болған кезде аукцион қадамы 15 пайыз мөлшерінде белгіленеді;

      4) қол қою бонусының ағымдағы мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 100000 еселенген мөлшерінен 250000 еселенген мөлшеріне дейін болған кезде аукцион қадамы 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді;

      5) қол қою бонусының ағымдағы мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 250000 еселенген мөлшерінен және одан жоғары болған кезде аукцион қадамы 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      28. Объект бойынша сауда-саттық қатысушылардың бірі растаған қол қою бонусының ең жоғары мөлшеріне дейін жүргізіледі. Егер аукционға тек бір қатысушы тіркелсе, ол қол қою бонусының бастапқы мөлшерін растаған жағдайда аукцион өткізілді деп танылады.

      Аукцион мынадай тәртіппен өткізіледі:

      1) егер аукцион залында қол қою бонусының бастапқы мөлшері расталған сәттен бастап он минут ішінде қатысушы осы Қағидалардың 27-тармағына сәйкес белгіленген аукцион қадамына қол қою бонусының бастапқы мөлшерін ұлғайту арқылы объектіні сатып алуға ниетін растаса, онда қол қою бонусының бастапқы мөлшері белгіленген аукцион қадамына ұлғайтылады;

      2) егер аукцион залында қол қою бонусының бастапқы мөлшері расталған сәттен бастап он минут ішінде қатысушылардың ешқайсысы қол қою бонусының бастапқы мөлшерін ұлғайту арқылы объектіні сатып алуға ниетін растамаса, онда қол қою бонусының бастапқы мөлшерін растаған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал осы объекті бойынша аукцион өткізілді деп есептеледі;

      3) егер қол қою бонусының ағымдағы мөлшері ұлғайтылғаннан кейін он минут ішінде қатысушылардың ешқайсысы қол қою бонусының ағымдағы мөлшерін ұлғайту арқылы объектіні сатып алуға ниетін растамаса, онда объектіні сатып алуға ниетін соңғы болып растаған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал осы объект бойынша аукцион өткізілді деп есептеледі.

      Әрбір сатылған объект бойынша аукцион қорытындылары аукцион қорытындылары туралы хаттамамен ресімделеді, ол аукцион өткізілген күні құзыретті органмен тізілімнің веб-порталында ЭЦП қол қойылады.

      Аукцион қорытындылары туралы хаттама аукцион қорытындыларын және қатысушы растаған қол қою бонусының мөлшерін төлеу жөніндегі міндеттемелерді тіркейтін құжат болып табылады.

      29. Аукцион қорытындылары туралы хаттамада мынадай деректер көрсетіледі:

      1) аукцион және оның қатысушылары туралы мәліметтер;

      2) объект туралы мәліметтер – блок коды(коды);

      3) аукцион қорытындысының тізілімі;

      4) аукцион жеңімпазы туралы мәліметтер.

      Аукцион қорытындысының тізілімі аукцион аяқталғаннан кейінтізілім веб-порталында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.

      30. Аукцион қорытындысы бойынша блокты(тарды) лицензияға қосуға басымдық аукцион жеңімзпазына ол берген лицензияға арналған өтінішке сәйкес беріледі.

      31. Қол қою бонусының максималды мөлшерін растаған қатысушы аукцион (сауда-саттық) жеңімпазы болып танылады.

      32. Аукцион қорытындылары бойынша қол қою бонусын төлеу, құзыретті органға пайдалы қатты қазбаларды барлау операцияларының салдарларын жою жөніндегі міндеттемелерді орындаудың тиісті қамтамасыз етілуін ұсынумен қатар, қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия беру шарты болып табылады. Қол қою бонусы жеңімпаздың электрондық әмиянына аукцион қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей төленуге тиіс.

      Аукцион қорытындылары бойынша қол қою бонусының төленбеуі және (немесе) пайдалы қатты қазбаларды барлау операцияларының салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындаудың тиісті қамтамасыз етілуінің белгіленген мерзімде ұсынылмауы құзыретті органның пайдалы қатты қазбаларды барлауға лицензия беруден бас тартуына әкеп соғады.

      33. Қол қою бонусы Қағидаларда белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда, аукцион қорытындылары тізіліміне сәйкес өзі растаған қол қою бонусы мөлшерін ескере отырып, кезектілік тәртібімен әрбір келесі қатысушы (бұдан әрі – келесі қатысушы) жеңімпаз болып есептеледі. Келесі қатысушыға оның лицензияға берген өтінішіне сәйкес блокты (блоктарды) лицензияға енгізуге басымдық та ауысады. Бұл жағдайда қол қою бонусы жеңімпаз мәртебесінен айырылған аукционның алдыңғы қатысушысы үшін қол қою бонусын төлеу мерзімі өткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде төленуге тиіс.

      34. Аукцион қорытындылары бойынша блокты (блоктарды) енгізуге басымдық Кодекстің 19-бабы 2-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде және 186-бабының 3-тармағында көзделген барлау аумағын қалыптастыру шарттарының сақталуын ескере отырып белгіленеді. Көрсетілген талаптарды сақтау мүмкін болмаған жағдайда, аукцион қорытындылары бойынша блокты (блоктарды) енгізуге басымдық келесі қатысушыға ауысады. Көрсетілген қатысушыға өзі растаған мөлшерде қол қою бонусын төлеу жөніндегі міндет те ауысады.

      35. Аукцион қорытындылары бойынша блокқа (блоктарға) қатысты айқындалған немесе осы Қағидалардың 31, 32 және 33-тармақтарына сәйкес айқындалған қол қою бонусы сомасын төлеу жөніндегі міндеттеме барлауға лицензия беру шарты болып табылады, ал оның орындалмауы – лицензия беруден бас тартуға негіз болып табылады. Бұл жағдайда жеңімпаз жеңімпазды тікелей немесе жана бақылайтын немесе оның бақылауындағы адамдар аукцион өткізу күнінен бастап 5 жыл ішінде кейінгі аукциондарға рұқсат алуға жатпайды. аталған адамдарға осы мерзім ішішнде жер қойнауын пайдалану құқығына көшуге рұқсатты және (немесе) оларды пайдалану кезінде жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді беруге тыйым салынады.

      36. Қол қою бонусының түпкілікті мөлшерін төлеу қатысушының электрондық әмиянды толықтыруы және кейіннен оның ЖҚПБП-де қол қою бонусының түпкілікті мөлшерін бюджетке аудару туралы өтінішке қол қоюы арқылы тікелей жүргізіледі.

      37. Қатысушыға басымдық пен міндеттемелердің оған ауысуы туралы хабарламаны құзыретті орган ЖҚПБП-да қалыптастырады және тізілімнің веб-порталындағы қатысушының жеке кабинетінде автоматты түрде орналастырады.

      38. Лицензия бойынша қол қою бонусының түпкілікті сомасы аукцион (аукциондар) қорытындылары бойынша төленуге жататын қол қою бонусының (бонустарының) сомасынан және лицензия берілгеннен кейін төленуге жататын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген қол қою бонусы сомасынан қалыптастырылады.

      39. Қатысушылардың бірде-бірі қол қою бонусын төлемеген жағдайда, құзыретті орган ЭЦҚ пайдалана отырып тізілімнің веб-порталында аукцион нәтижелерін жою туралы актіге қол қояды.

      40. Қол қою бонусы, оның ішінде өтініш беруші Жер қойнауы туралы кодекстің талаптарына сәйкес қатты пайдалы қазбаларды барлау операцияларының салдарларын жою жөніндегі міндеттемелерді орындаудың тиісті қамтамасыз етілуін құзыретті органға қол қою бонусы төленген күннен бастап есептелетін қырық жұмыс күні ішінде ұсыну мерзімін сақтамаған жағдайда да, қайтарылуға жатпайды.

      41. Аукцион барысында аукционға қатысуға кедергі келтіретін техникалық іркіліс туындаған кезде қатысушы:

      1) тізілімнің веб-порталымен тұрақты байланыстың болмауы сәтінен бастап 30 секунд ішінде аукцион қатысушысының мониторына бірыңғай оператордың байланыс деректері бар электрондық хабарламаны шығару арқылы хабардар етіледі;

      2) бірыңғай оператордың байланыс деректері бойынша телефон немесе электрондық хабарлама арқылы бұл туралы дереу хабарлайды.

      42. Бірыңғай оператор техникалық іркіліс фактісін тіркейді және ол тізілімнің веб-порталы тарапында болған жағдайда, тізілімнің веб-порталында ақпарат орналастыру арқылы аукционның барлық қатысушыларын хабардар етеді.

      43. Қатысушының компьютерлік және (немесе) телекоммуникациялық жабдығында техникалық ақау болған кезде аукцион жалғасады.

      Осы Қағидалардың 41-тармағында көрсетілген, аукцион өткізуге немесе аукцион өткізу рәсіміне кедергі келтіретін тізілімнің веб-порталында техникалық ақау фактісі болған жағдайда, бірыңғай оператор бұл туралы құзыретті органды жазбаша хабардар етеді және аукционға қатысқан қатысушыларды тізілімнің веб-порталында ақпарат орналастыру және қатысушының тізілімнің веб-порталында көрсетілген электрондық мекенжайына электрондық хабарлама жіберу арқылы осы аукционды жалғастыру күні мен уақыты туралы міндетті түрде алдын ала хабардар ете отырып, аукционды техникалық ақау жойылған күннен кейінгі келесі жұмыс күніне ауыстырады.

      44. Егер аукционға бірде-бір өтініш беруші қатыспаған болса, аукцион өткізілмеді деп танылады. Аукцион өткізілмеген жағдайда не аукцион өткізілгеннен кейін осы Қағидалардың 32-тармағында көзделген міндеттемелер орындалмаған жағдайда, қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия беру туралы өтініштерді қарау басымдығы Кодекстің 189-бабына сәйкес олардың келіп түсу кезектілігі тәртібімен айқындалады.

      45. Аукционды өткізілмеген деп тану тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын және құзыретті орган ЭЦҚ-мен қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

      46. Аукционды қатысушының немесе құзыретті органның талабы бойынша жарамсыз деп тану сот шешімі бойынша жүргізіледі.

      47. Лицензия берілгенге дейін аукционның жарамдылығына дау айтылған жағдайда, сот шешімі шығарылғанға дейін оны беру тоқтатыла тұрады.

      48. Аукционды жарамсыз деп тану берілген лицензияның жарамсыздығына әкеп соғады.

      49. Аукционды ұйымдастыру және өткізу барысында туындайтын даулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрі
2026 жылғы 14 сәуірдегі
№ 170
Қайта босаған блокқа
пайдалы қатты қазбаларды
барлауға аукцион өткізу
қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Аукционға қатысуға өтінім

      1. Мына:

      __________________________________________________________________

      (аукцион объектісі, пайдалы қатты қазбалардың учаскесі (блок) туралы мәлімет) объекті бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін қайта босаған сол бір блокқа үміткер өтініш берушілер арасында аукцион өткізу туралы хабарландыруды қарап және осы Аукционды өткізу қағидаларымен танысып,

      __________________________________________________________________

      (фамилиясы, аты және әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы) атынан аукционға қатысу өтінімін қабылдауды және e-qazyna.kz мекенжайы бойынша мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында 20_ жылы " " ______ өтетін аукционға қатысушы ретінде тіркеуді сұраймын.

      2. Аукцион объектісі бойынша мәліметтер: _______________________________

      3. Қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуім (біздің сәйкессіздігіміз) немесе осы өтінімде көрсетілген мәліметтердің дұрыс еместігі анықталған жағдайда, мен аукционға қатысу құқығынан айырылатындығыммен келісемін.

      4. Берілген ақпараттың шынайылығын растаймын және жалған мәліметтер бергені үшін "жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы кодексінде көзделген жауапкершілік туралы хабардармын.

      5. Егер мені жеңімпаз деп таныса және белгіленген мерзімде жазылу бонусын төлемесем, осы өтінімде көрсетілген барлық блоктар бойынша қатты пайдалы қазбаларды барлау лицензиясын алу туралы өтінімнен бас тартатынымды растаймын.

      6. Мен заңмен қорғалатын құпияға жататын, ақпараттық жүйелер мен дерекқорларда сақталған өзім (біздің) туралы мәліметтердің қолданылуына келісемін.

      7. Дербес деректерді жинауға және өңдеуге (жүйелеуді, жинақтауды, сақтауды (оның ішінде талап қойылған жағдайда) қоса алғанда), оларды Қағидаларға сәйкес пайдалануға және таратуға өз келісімімді растаймын.

      8.Өзім туралы мәліметтерді ұсынамын:

      Заңды тұлға үшін:

      Атауы: _______________________________________________________

      Бизнес сәйкестендіру нөмірі: ____________________________________

      Басшының фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса): ________________

      Мекенжайы: ___________________________________________________

      Телефон (факс) нөмірі: _________________________________________

      Жеке сәйкестендіру коды: ______________________________________

      Банктің сәйкестендіру коды: ____________________________________

      Банктің атауы: ________________________________________________

      Бенефициар коды: _____________________________________________

      Жеке тұлға үшін:

      Фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса): _________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі: ______________________________________

      Паспорт деректері: _____________________________________________

      Мекенжайы: ___________________________________________________

      Телефон нөмірі: _______________________________________________

      жеке сәйкестендіру коды: ________________________________________

      Банктің сәйкестендіру коды: ____________________________________

      Банктің атауы: ________________________________________________

      Бенефициар коды: ____________________________________________

      Қатысушы тарапынан қол қойылып, 20 жылы "" _____ сағатт__:__ жолданды:

      ЭЦҚ деректері

      ЭЦҚ қол қою күні мен уақыты

      Өтінім қабылданғаны туралы хабарлама:

      Тиісті орган тарапынан 20__ жылы "____" ____ сағат __:__қабылданды

      ЭЦҚ деректері

      ЭЦҚ қол қою күні мен уақыты

      Қатысушының аукцион нөмірі (аукцион аяқталғаннан кейін беріледі)

  Қайта босаған блокқа
пайдалы қатты қазбаларды
барлауға аукцион өткізу
қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Аукцион қорытындысының тізілімі

      Аукцион нөмірі: _______________________________________________

      Аукцион басталу күні мен уақыты: _______________________________

      Сауда-саттық объектісі бойынша мәліметтер: ________________________

      Бастапқы жазылу бонусының мөлшері, теңге: ______________________

      № аукцион қадамы

      Қол қою бонус мөлшерін растау күні мен уақыты

      Қатысушының аукцион нөмірі

      Қол қою бонусының расталған мөлшері

      1

      2

      3

      4

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады