"Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 69 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 61 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 16 сәуірде № 38448 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 69 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9947 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) тұрақты құрам – оқушылардың контингентіне ОРММИК және СДБМИ директорының бұйрығымен қабылданған спортшылар;

      2) оқушы – ОРММИК және СДБМИ-де білім алатын тұлға;

      3) топтар (оқу кезеңдері бойынша) – оқу-жаттығу топтары, спорттық жетілдіру топтары және жоғары спорт шеберлігі топтары;

      4) үміткерлердің резервтік тізімі – тұрақты құрамға кірмеген ОРММИК мен СДБМИ түсуге үміткерлер, санды кему тәртібімен жиналған баллдардың сомасы бойынша.";

      мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтарымен толықтырылсын:

      "3-1. ОРММИК және СДБМИ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – "Білім туралы" Заңы), "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" бұйрығын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, тиісті типтердегі және түрлердегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) бұйрығын, осы Қағидалар мен ОРММИК және СДБМИ жарғысын басшылыққа алады.

      3-2. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген, төтенше жағдайлар жарияланған жағдайларда "Білім туралы" Заңының 37-2-бабының 2-тармағына сәйкес ОРММИК және СДБМИ білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен барлық білім алушылар үшін қашықтан оқытуды енгізеді.";

      5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. ОРММИК және СДБМИ-ге қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 3 қыркүйектегі № 169 бұйрығымен бекітілген Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждеріне және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарына оқуға қабылдау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36792 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      6. ОРММИК және СДБМИ контингенті басқа ОРММИК және СДБМИ-де, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде, спорт түрлері бойынша федерацияларда, жалпы білім беретін мектептердің жанындағы спорт секцияларында, дене дайындығы балалар-жасөспірімдер клубтарында, спорт түрлері бойынша спорт клубтарында алдын ала дайындықтан өткен және таңдап алынған спорт түрі бойынша жалпы дене және арнайы дене дайындығынан емтихан тапсырған оқушылардан кему ретімен алынған баллдар сомасы бойынша жинақталады.

      Негізгі және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша үміткерлердің резервтік тізімге енгізу конкурстық комиссияның шешімі негізінде жүзеге асырылады. Резервтік тізімге енгізілген үміткерлер ОРММИК және СДБМИ тұрақты құрамына оқу жылының ішінде бос орын болған жағдайда кему ретімен алынған баллдар сомасы бойынша қабылданады.

      Бос орындардың болуы туралы ақпарат ақпараттық стендтерде және ОРММИК және СДБМИ интернет-ресурсында орналастырылады.

      7. Оқу-жаттығу жұмысының режимі және топтардың толымдылығы (оқыту кезеңдері бойынша) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес белгіленеді.";

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларды ОРММИК-ке ауыстыру тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10297 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. ОРММИК және СДБМИ-де негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламасына, спорт түрі бойынша жаттығу және жарыс дағдыларына сәйкес қажетті білім көлемін алуға бағытталған оқу-тәрбие және оқу-жаттығу процестері Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 14 шiлдедегi № 129 "Спорттық даярлықтың ұлттық стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес іске асырылады."

      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:

      "14-1. Білім алушыларды оқу-жаттығу процестері мен жарыстарда спорттық жабдықтармен, мүкәммалмен және жабдықтармен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 82 "Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерде өткізілетін спорттық іс-шараларға дайындалу және қатысу кезеңінде спортшыларды, жаттықтырушыларды және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Педагогикалық қызметпен айналысуға тиісті бейіндер бойынша арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар тұлғалар жіберіледі.

      Республикалық ОРММИК жаттықтырушы-оқытушылық қызметке біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санаттан төмен емес жаттықтырушы-оқытушылар жіберіледі. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ОРММИК және СДБМИ-на біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санаттан төмен емес немесе "Қазақстан Республикасының спорт шебері" спорттық атағы бар біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. ОРММИК және СДБМИ алқалы басқару нысандары педагогикалық және қамқоршылық кеңестер болып табылады.";

      22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. ОРММИК және СДБМИ-де оқушыларға академиялық демалыс беру "Білім туралы" Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      23. Медициналық персонал білім алушылардың денсаулығын қорғауды және нығайтуды, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауды, профилактикалық іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ білім алушылардың тәулік бойы болуын ескере отырып, гигиеналық негізделген жұмыс режимін ұйымдастырады.";

      мынадай мазмұндағы 26-тармақпен толықтырылсын:

      "26. ОРММИК және СДБМИ білім беру саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесімен автоматтандырылған ақпарат алмасуды және деректерді өзектендіруді және ұлттық білім беру деректер базасында деректерді өзектендіруді қамтамасыз етеді.";

      Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидаларына қосымшасының ескертпесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе:

      1. Бірінші, екінші, үшінші, төртінші және бесінші топтарға жататын спорт түрлері бойынша топтардағы адам саны:

      1) бірінші топ: биатлон, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, тау шаңғысы спорты, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы, коньки тебу спорты, шорт-трек, жеңіл атлетика, желкенді спорт, суға секіру, батуттық гимнастика, трамплиннен шаңғымен секіру, жүзу, әртістік жүзу (үйлесімді жүзу), спорттық өрмелеу, садақ ату, оқ ату, стендтік ату, қазіргі бессайыс, конькимен мәнерлеп сырғанау, фристайл (акробатика, могул), семсерлесу, велосипед спорты (велотрек, тас жол, маунтинбайк), триатлон, үстел теннисі;

      2) екінші топ: жоғары жетістіктер спортына кіретін олимпиадалық ойын спорт түрлері;

      3) үшінші топ: жоғары жетістіктер спортына кіретін барлық басқа олимпиадалық спорт түрлері;

      4) төртінші топ: слалом есу, байдарка мен каноэде есу, академиялық есу, жағажай волейболы;

      5) бесінші топ: теннис.".

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының отыз екінші, отыз үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
Е. Мырзабосынов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады