Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті алу туралы хабарлама нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 235 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 15 сәуірде № 38435 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 49-бабы 4-тармағының төртінші бөлігіне және 82-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті алу туралы хабарлама нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2026 жылғы 10 сәуірдегі
№ 235 бұйрығымен бекітілген
  нысан

Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті алу туралы хабарлама

      Сатушының сәйкестендіру нөмірі: __________________________________

      Сатушының атауы: _______________________________________________

      Сатып алушының сәйкестендіру нөмірі: _____________________________

      Сатып алушының атауы: __________________________________________

      Сатып алушы елінің коды: _________________________________________

      Шарттың (келісімшарттың) нөмірі мен күні: __________________________

      ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған акцизделетін тауарлар

      бойынша акциз төленгені туралы, тауарларды импорттаған салық төлеушілердің

      ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің салық органдары қойған белгісінің нөмірі мен күні:

      ______________________________________________

      ТӘТӨ келіп түскен күні: __________________________________________

      Кері қайтарып алынған ТӘТӨ қойылған белгінің нөмірі мен күні: _____

      Түзетілетін ТӘТӨ қойылған белгінің нөмірі мен күні: ________________

Салық түрі

Сомасы

Валюта коды

Қосылған құн салығының сомасы



Акциздер сомасы



      Қолданбалы сервердің қолтаңбасы:

      Сатушының сәйкестендіру нөмірі\ _ ішінен _ парақ

      Ескертпе: аббревиатураларды ашып жазу:

      ТӘТӨ – тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштер;

      ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады