"Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 152 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 158 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 15 сәуірде № 38429 тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36055 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін цифрлық объектісі арқылы www.otbasybank.kz (бұдан әрі - Сайт) сілтемесі бойынша дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялауға өтінішке қол қояды және көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялауға өтініштерді көрсетілетін қызметті алушының заңды өкілдері береді және көрсетілетін қызметті берушінің филиалдарында қаралады.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Көрсетілетін қызметтерді алушыға және оның отбасы мүшелеріне қойылатын негізгі талаптарға сәйкестігін тексеруді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелер арқылы жүргізеді.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сатысы туралы мәліметтердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтер мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне автоматты түрде енгізіледі.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Жергілікті атқарушы орган көрсетілетін қызметті алушы жеке тұрғын үй қорынан жалға алатын тұрғынжайдың нысаналы пайдаланылуына кемінде тоқсанына бір рет мониторингті жүзеге асырады.

      Жалға алу шартында көрсетілген мекенжай бойынша үшінші тұлғалардың тұру фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы күнтізбелік үш күн ішінде өзі қоныстанады.

      Бұзушылықтар жойылмаған және (немесе) жалдау шартын талаптарының бұзушылықтары қайта анықталған жағдайда, жергілікті атқарушы орган 2 (екі) жұмыс күні ішінде, оларды қайта бастау мүмкіндігінсіз субсидиялауды тоқтату туралы көрсетілетін қызметті берушіге мәлімет жібереді.

      Жергілікті атқарушы органнан түскен мәліметтерді қарау нәтижесі бойынша қызмет беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылданған шешімдер туралы ақпаратты оның мекенжайына жібереді.

      Жақын туыстарынан және ерлі-зайыптылардан, оның ішінде бұрынғы ерлі-зайыптылардан, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың жақын туыстарынан тұрғынжайды жалдау фактісі анықталған жағдайда, болашақта оларды қайта бастау мүмкіндігінсіз субсидиялауды тоқтату үшін мәліметтер екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі.";

      көрсетілген Қағидаға 5-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты оның ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші және он алтыншы абзацтарын қоспағанда, ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің
міндетін атқарушы
Р. Исакулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және цифрлық

      даму министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 10 сәуірдегі № 158
Бұйрыққа қосымша
Жеке тұрғын үй қорынан жалға
алынған тұрғынжай үшін
жалдау ақысының бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
5-қосымша

"Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптарының тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылыс жинақ банкі (бұдан әрі – "Отбасы банк" АҚ).

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауын

Жоқ

3

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

"Отбасы банк" АҚ ресми интернет-ресурсы Орталық мемлекеттік орган айқындаған www.​otb​asyb​ank.​kz цифрлық объектісі арқылы.

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара цифрландырылған).

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Төлемдерді тағайындау туралы хабарлама не мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

8

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызметтерді көрсетуші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұма күндерін қоса алғанда көрсетіледі.

9

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметтерді алушының куәландырылған ЭЦҚ арқылы жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекеленген санаттарына төлем тағайындау туралы өтініші Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат цифрлық жүйелерге сұрау салуларға сәйкес "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алынады.

10

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметтерді алушы ұсынған мемлекеттік қызметтерді алу үшін құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталса:
2) көрсетілетін қызметтерді алушының және (немесе) мемлекеттік қызметтерді қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметтерді алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметтерді алуды талап ететін қызметтерге немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар екендігі;
4) көрсетілетін қызметтерді алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметтерді алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылса
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған.
6) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса), оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекетік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
2. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, сондай-ақ "1414" Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. 8-800-080-7777.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді портал арқылы электрондық нысанда алу үшін қызметтерді электрондық нысанда алу субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бір реттік парольдерді пайдалана алады.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады