ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Активті иемдену (пайда болу) көздерінің заңдылығын тексеруді тағайындау және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 11 қазандағы № 186 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33540 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Активті иемдену (пайда болу) көздерінің заңдылығын тексеруді тағайындау және жүргізу қағидаларында:
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Тексеруге бастамашы лауазымды адам ретінде активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның активтерді қайтару жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы немесе оның орынбасары, не олардың міндеттерін атқаратын адамдар бола алады.
5. Тексеру активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган басшысының не оның міндетін атқарушы адамның тексеруге бастамашы болған активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамы баянатының негізінде қабылданатын шешімі бойынша жүзеге асырылады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Тексерушілер, оның ішінде 2023 жылғы 11 қазаннан бастап тағайындалған тексеру бойынша тексерушілер ретінде активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның активтерді қайтару жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамдары, сондай-ақ осы Қағидалардың 16-тармағында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының қызметкерлері танылады.";
9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қаулының нөмірі және күні, қаулыға қол қоятын активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның, не өзге де уәкілетті лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), тексеру негіздері;";
12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Тексеруді жүргізетін тұлғалардың құрамы, тексеру нысанасы мен кезеңі тексеруді тағайындаған активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның, не өзге де уәкілетті лауазымды адамның шешімі бойынша өзгертілуі (толықтырылуы) мүмкін.";
15-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның активтерді қайтару жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамының өмірі мен денсаулығына қатер төнген кезде, сондай-ақ оның заңды қызметіне кедергі келтіру қатері туындаған кезде тексеруді жүзеге асыратын тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тексеруге құқық қорғау органдарының қызметкерлері тартылуы мүмкін.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының не оның орынбасарының келісуі бойынша тексеруді, оның ішінде 2023 жылғы 11 қазаннан бастап тағайындалған тексеруді жүргізуге Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының басқа құрылымдық бөлімшелерінің, прокуратура органдары ведомстволарының, әскери және көлік прокуратурасы органдарының, облыстардың прокуратуралары мен оларға теңестірілген (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) прокуратуралардың, аудандық және оларға теңестірілген (қалалық, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған) прокуратуралардың қызметкерлері тартылуы мүмкін.";
17-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы қаулыға Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры не активтерді қайтару жөніндегі жұмысқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары қол қояды.";
18-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Сараптама тағайындау туралы қаулыны активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам, не өзге де уәкілетті лауазымды адам шығарады.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Қызметкерлерді және (немесе) мамандарды (жұмыскерлерді) бөлу, мәліметтер мен істерді талап ету туралы талаптарға активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам, не өзге де уәкілетті лауазымды адам, не тексеруді тағайындау туралы қаулыда көрсетілген тұлғалар, не олардың тікелей басшылары қол қояды.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Уәкілетті органдарға жіберілетін тексеру жүргізу туралы талаптарға активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам, не өзге де уәкілетті лауазымды адам қол қояды.".
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 17 желтоқсаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
|
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры |
Б. Асылов |
