ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қабылданған халықаралық міндеттемелерді ескере отырып, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған жоғары технологиялық тауарларын және көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған жоғары технологиялық тауарларын және көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мақсаттары үшін өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған жоғары технологиялық тауарларын және көрсетілетін қызметтерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 389-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29930 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қабылданған халықаралық міндеттемелерді ескере отырып, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған жоғары технологиялық тауарларын және көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қабылданған халықаралық міндеттемелерді ескере отырып, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған жоғары технологиялық тауарларын және көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 389-НҚ бұйрығына қосымша ";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қабылданған халықаралық міндеттемелерді ескере отырып, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі тарапынан сақтандырылуы тиіс өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған жоғары технологиялық тауарларын, көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі және лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2) және 12-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"12-1) бірінші деңгейлі жүйе – түпкілікті форматтан кейінгі логикалық бақылау арқылы қарыз алушының/лизинг алушының Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 93-1-бабы 4-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану мониторингін жүргізу қағидалары шеңберінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын базалық талаптарға сәйкестігі айқындалатын жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылардың өтінімдерінің эталондық электрондық тізілімін қамтитын қаржы агенті жүйесімен интеграцияланған тіркеу жүйесі;
12-2) жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге арналған (бұдан әрі – қаржы агентінің жүйесі) операторлық цифрлық жүйе – жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылардан (бұдан әрі – қарыз алушы/лизинг алушы) өтінімдерді қабылдау және оларды форматты-логикалық бақылауды қолдана отырып өңдеу және өңделген өтінімдерді бірінші деңгейдегі жүйеге беруді жүзеге асыратын екінші деңгейдегі мемлекеттік емес цифрлық жүйе;
12-3) тіркеуші – Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 93-1-бабының 4-тармағына сәйкес жеке кәсіпкерлікті және оларды алушыларды мемлекеттік қолдау шараларының тізілімін енгізу мен мониторингін техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға;";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Субсидиялау, "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 8) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі тарапынан сақтандыруға жататын екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалардың өңдеу өнеркәсібінің қазақстандық шығарылған жоғары технологиялық тауарлары мен қызметтерінің шетелдік сатып алушыларына беретін кредиттер және лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мақсатында өңдеу өнеркәсібінің қазақстандық шығарылған жоғары технологиялық тауарлары мен қызметтерінің тізбесіне енгізілген өңдеу өнеркәсібінің қазақстандық шығарылған жоғары технологиялық тауарлары мен қызметтерінің шетелдік сатып алушыларды қаржыландыруды жүзеге асыратын кредиторлардың/лизингтік компаниялардың пайдасына жүзеге асырылады.";
14, 15, 16, 17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Кредит/қаржы лизингін беру туралы оң шешім қабылданған жағдайда кредитор/лизингтік компания шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қаржы агентіне мынадай құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса бере отырып, қаржы агенті жүйесі арқылы кредитордың/лизингтік компанияның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған субсидия беру туралы өтінімді жібереді:
1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия алуға өтініш-сауалнама;
2) қарызды/қаржы лизингін ерікті сақтандыруға өтініш;
3) кредитор/лизингтік компания нысаны бойынша қарыз алушының/лизинг алушының сауалнамасы;
4) қарыз алушы/лизинг алушы туралы деректерді көрсете отырып, кредитордың/лизингтік компанияның қаржыландыру беру туралы хаты және сақтандырушының сақтандыру шартын жасасу мүмкіндігі туралы хаты. Бұл ретте сақтандырушының уәкілетті органының шешімі қарыз алушыға/лизинг алушыға жалпы лимит белгілеуге беріледі, оның шеңберінде сақтандыру қорғанысы берілетін болады;
5) экспорттық келісімшарт және өңдеуші өнеркәсіпте жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлік субъектісінің мәртебесі мен қызметін/қызмет саласын растайтын экспорттаушының құжаттары (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама);
6) кредитордың/лизингтік компанияның кредит/қаржы лизингін беру туралы шешімі;
7) кредитор/лизингтік компания мен қарыз алушы/лизинг алушы арасындағы кредиттік шарттың/қаржы лизингі шартының (бар болса) көшірмесі;
8) қарыз алушының / лизинг алушының:
қаржы агентінің мүдделі үшінші тұлғаларға субсидиялау шарты шеңберінде алынған ақпаратты және құжаттарды, оның ішінде банктік және коммерциялық құпияны қарыз алушының/лизинг алушының алдын ала жазбаша келісімінсіз ұсынуына;
қаржы агентінің бұқаралық ақпарат құралдарында қарыз алушының атауы, жоба іске асырылатын өңірдің атауы, қарыз алушының, сондай-ақ саланың жобасының атауы мен сипаттамасын жариялауына келісімі;
9) экспорттаушының:
қаржы агентінің мүдделі үшінші тұлғаларға субсидиялау шарты шеңберінде алынған ақпарат пен құжаттарды, оның ішінде банктік және коммерциялық құпияны экспорттаушының алдын ала жазбаша келісімінсіз ұсынуына;
қаржы агентінің бұқаралық ақпарат құралдарында экспорттаушының атауын, жоба іске асырылатын өңірдің атауын, экспорттаушының жобасының, сондай-ақ саланың атаулары мен сипаттамаларын жариялауына келісімі;
10) қарыз алушының шет мемлекеттің заңнамасы бойынша қазақ және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын құжат.
Субсидия беру туралы өтінім қаржы агенті жүйесінде одан әрі өңделуге және қарыз алушының/лизинг алушының базалық талаптарға сәйкестігі туралы бірінші деңгейдегі жүйенің хабарламасын алған кезде төленуге тиіс.
Өтінімде көрсетілген мәліметтер және өтінімді өңдеу мәртебелері қаржы агенті жүйесімен бірінші деңгейдегі жүйеге берілуге тиіс.
Қаржы агентінің жүйесі қарыз алушыдан/лизинг алушыдан заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ тіркеушінің дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп алуға және пайдалануға келісімін алуды қамтамасыз етеді.
15. Құжаттар топтамасы толық емес не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған, сондай-ақ бірінші деңгейдегі жүйемен субсидия алушының базалық талаптарға сәйкес келмеуі анықталған жағдайларда қаржы агенті 1 (бір) жұмыс күні ішінде қаржы агентінің жүйесі арқылы кредиторға/лизингтік компанияға ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін қайтарады. Бұл ретте осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса берілген өтінімді қараудың жалпы мерзімі тоқтатылады және құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап қайта басталады.
16. Кредитордың/лизингтік компанияның уәкілетті органы кредит/қаржы лизингін беру туралы оң шешім, сондай-ақ сақтандырушының уәкілетті органы осы кредит/қаржы лизингі бойынша сақтандыруды беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, қаржы агенті осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса берілген өтінімді алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды және шешім қабылдайды.
17. Қаржы агенті шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде кредиторға/лизингтік компанияға қабылданған шешім, келісім не субсидиялаудан бас тарту туралы, оның ішінде бірінші деңгейдегі жүйенің субсидия алушының базалық талаптарға сәйкес келмеуін анықтауы негізінде бас тарту туралы хабарламаны қаржы агенті жүйесі арқылы жібереді.
18. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса өтінімді қарау қорытындылары бойынша қаржы агентінің, кредитордың/лизингтік компанияның осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген субсидиялауды беру туралы шешім, онда субсидиялауды беру мерзімі және мәміле валютасы көрсетілетін, шешім қабылданған күннен бастап 6 (алты) ай қолданылу мерзімі бар хаттамамен ресімделеді.";
20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Кредитор/лизингтік компания кредит шартын/қаржы лизингі шартын жасасқаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде субсидиялау шартын қалыптастырады және қаржы агентінің жүйесі арқылы электрондық түрде төлемдер кестесі бар SWIFT-хабарламамен аутентификацияланған жасалған кредиттік шарттың/қаржы лизингі шартының электрондық көшірмесін қоса бере отырып, қаржы агентіне жібереді.
Егер кредитор/лизингтік компания осы тармақта белгіленген мерзімдерде субсидиялау шартын уақтылы қалыптастырмаған жағдайда, кредитор/лизингтік компания қаржы агентін кідіріс себептерін түсіндіре отырып, ресми хатпен хабардар етеді.
21. Қаржы агенті субсидиялау шартын кредитор/лизингтік компаниядан алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарайды.
Егер кредиттік шарттың/қаржы лизингі шартының және (немесе) субсидиялау шартының талаптары қаржы агентінің уәкілетті органының қабылданған шешіміне, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, қаржы агенті субсидиялау шартына қол қоймайды. Бұл ретте қаржы агенті 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұл туралы кредиторды/лизингтік компанияны, қарыз алушыны/лизинг алушыны және экспорттаушыны қаржы агенті жүйесі арқылы хабардар етеді. Кредитор/лизингтік компания ескертулерді жойған жағдайда, қаржы агенті субсидиялау шартына қол қояды.
Кредитор/лизингтік компания қаржы агентінің ескертулерімен келіспеген жағдайда, қаржы агенті бұл мәселені түпкілікті шешім қабылдау үшін қаржы агентінің уәкілетті органының қарауына шығарады.";
27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Қаржы агенті қаражат аударылғаннан кейін қаржы агенті жүйесі арқылы қаражатты аудару туралы құжаттың көшірмесін ұсына отырып, кредиторды/лизингтік компанияны хабардар етеді.
Хабарламада кредитордың/лизингтік компанияның атауы, өңір, қарыз алушының/лизинг алушының атауы, субсидиялар сомасы және төлем жүзеге асырылған кезең көрсетіледі.
28. Кредитордың/банк-төлем агентінің қаржылық жағдайы нашарлаған бір немесе бірнеше жағдай туындаған кезде субсидиялау үшін көзделген қаражатты аудару:
1) Standard and Poors (Стандарт энд Пурс) халықаралық рейтинг агенттіктерінің шкаласы бойынша "В" деңгейінен немесе Moody's Investors Service (Моудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фитч) сияқты рейтинг агенттіктерінің бірі берген ұқсас деңгейдегі рейтингтерден төмен кредиттік рейтинг төмендеген кезде;
2) К4 коэффициентінің мәні 0,4 деңгейден төмен болған кезде;
3) қатарынан 2 (екі) ай ішінде пруденциалды нормативтер бұзылған жағдайда, қаржы агенті кредитордың/лизингтік компаниясының қарыз алушының/лизинг алушының кредит/лизинг бойынша толық төлем (негізгі борыш, сыйақының субсидияланатын және субсидияланбайтын бөлігі) жүргізу фактісі туралы хабарламасының немесе қарыз алушының/лизинг алушының сыйақының субсидияланатын бөлігі бойынша қысқа мерзімді кезеңге арналған алдағы міндеттемелерін жабатын, субсидиялау графиктерін негізге ала отырып, төлемдермен жүзеге асырады.
Лизингтік компания қаржы агенті жүйесі арқылы қаржы агентін жоғарыда аталған жағдайлардың біреуі немесе бірнешеуі туындаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде банк-төлем агентінің қаржылық жағдайының нашарлағаны туралы хабардар етеді.
Кредитор/банк-төлем агентінде жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер түзетілген жағдайда қаржы агентінің субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуы осы Қағидалардың 25-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Кредитор/лизингтік компания қарыз алушымен кредиттік шартқа/қаржы лизингі шартына қосымша келісім жасалған жағдайда, ол жасалған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы агентіне және сақтандырушыға оның электрондық көшірмесін қаржы агенті жүйесі арқылы жібереді.".
36-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаржы агенті қаржы агентінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде кредиторға/лизингтік компанияға тиісті хабарлама-хатпен қаржы агенті жүйесі арқылы хаттамадан үзінді көшірмені ресімдейді және жібереді. Қарыз алушыны/лизинг алушыны субсидиялауды қайта бастау туралы шешім қабылдаған кезде қаржы агенті тоқтата тұру кезеңінде өзі төлемеген субсидияларды төлеуді жүргізеді, осы Қағидалардың 35-тармағының 5) немесе 6) тармақшаларында көрсетілген себептер бойынша субсидиялау тоқтатыла тұрған жағдайда, субсидиялау қайта басталған кезде қаржы агенті қарыз алушы/лизинг алушы мерзімі өтіп кеткен күннен бастап төлеуге жататын субсидияларды төлеуді жүргізеді.";
37-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Субсидиялауды тоқтату туралы шешімді қаржы агенті кредитордың/лизингтік компанияның қолдаухаттары (хабарламалары) негізінде, сондай-ақ қаржы агенті жүргізген мониторинг нәтижелері бойынша қабылдайды. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының және оларды алушылардың мониторингі мыналарды қамтитын екінші деңгейдегі жүйеде жүзеге асырылады:
1) бірінші деңгей – осы Қағидалардың 2-тармағының 12-1) тармақшасында көзделген бірінші деңгейлі жүйе;
2) екінші деңгей – осы Қағидалардың 2-тармағының 12-2) тармақшасында көзделген қаржы агентінің жүйесі.";
мынадай мазмұндағы 37-1-тармақпен толықтырылсын:
"37-1. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың екі деңгейлі жүйесі арқылы жүргізілген мониторингтің қорытындылары кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға беріледі.";
38-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Кредитор/лизингтік компания қаржы агенті жүйесі арқылы қаржы агентін хатпен мынадай жағдайларда 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар етеді:";
көрсетілген Қағидаларға қосымшада:
Субсидия алуға өтініш-сауалнамада:
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Өтініш беруші заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ тіркеушінің дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп алуға және пайдалануға келісімін растайды.".
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Экспортты ілгерілету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі |
А. Шаккалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
