ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға берудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22891 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру қағидаларында:
4-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) заңды тұлғаларға трансферттер беру;";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Бәсекелес ортаға беруге орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, конституциялық құрылысты қорғауға, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғауға бағытталған, капиталды сыртқа шығаруды, жоғары қадағалауды, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді, жедел-іздестіру қызметін, сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі, сондай-ақ ұлттық, ақпараттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, қорғаныс, көші-қон, мемлекеттік статистика салаларындағы функцияларын және берілуі мемлекет мүдделеріне залал келтіруі мүмкін өзге де функцияларын қоспағандағы функциялары қаралады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының аутсорсингін жүзеге асыру қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Аутсорсингке орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, конституциялық құрылысты қорғауға, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғауға бағытталған, капиталды сыртқа шығаруды, жоғары қадағалауды, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді, жедел-іздестіру қызметін, сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі, сондай-ақ ұлттық, ақпараттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, қорғаныс, көші-қон, мемлекеттік статистика салаларындағы функциялары және берілуі мемлекет мүдделеріне залал келтіруі мүмкін өзге де функциялары жатпайды.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін іріктеу әдістемесінде:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) ажырамас мемлекеттік функциялар – орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функциялары ("Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, конституциялық құрылысты қорғауға, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғауға бағытталған, капиталды сыртқа шығаруды, жоғары қадағалауды, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді, жедел-іздестіру қызметін, сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі, сондай-ақ ұлттық, ақпараттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, қорғаныс, көші-қон, мемлекеттік статистика салаларындағы функциялар және берілуі мемлекет мүдделеріне залал келтіруі мүмкін өзге де функциялар) немесе стратегиялық функциялар немесе мемлекеттік мәжбүрлеу құқығын іске асыруға байланысты немесе мемлекеттік меншікке билік ету құқығына қатысты немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар бойынша халықаралық міндеттемелер мен міндеттемелер шеңберінде іске асырылатын функциялар;";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу қағидаларында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Функцияның бәсекелес ортада іске асырылуының нәтижесі есептіліктің тиісті кезеңіндегі өлшенетін ақпараттарды (мәліметтерді) жүйелі түрде жинақтау, процестерді бақылау, цифрлық жүйелер деректерін қадағалау (тіркеу, тізілімдер, базалар), өлшенетін сандық және сапалық көрсеткіштерді салыстыру арқылы айқындалады.".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін оның 1-тармағының он үшінші, он төртінші, он бесінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5. 2026 жылғы 12 шілдеден бастап:
осы бұйрықтың 1-тармағының алтыншы абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"11. Бәсекелес ортаға беруге орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, конституциялық құрылысты қорғауға, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғауға бағытталған, капиталды сыртқа шығаруды, жоғары қадағалауды, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді, жедел-іздестіру қызметін, сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік, киберқауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, қорғаныс, көші-қон, мемлекеттік статистика салаларындағы функцияларын және берілуі мемлекет мүдделеріне залал келтіруі мүмкін өзге де функцияларын қоспағандағы функциялары қаралады.";
осы бұйрықтың 1-тармағының тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"4. Аутсорсингке орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, конституциялық құрылысты қорғауға, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғауға бағытталған, капиталды сыртқа шығаруды, жоғары қадағалауды, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді, жедел-іздестіру қызметін, сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік, киберқауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, қорғаныс, көші-қон, мемлекеттік статистика салаларындағы функциялар және берілуі мемлекет мүдделеріне залал келтіруі мүмкін өзге де функциялары жатпайды.";
осы бұйрықтың 1-тармағының он екінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"1) ажырамас мемлекеттік функциялар – орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функциялары ("Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, конституциялық құрылысты қорғауға, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғауға бағытталған, капиталды сыртқа шығаруды, жоғары қадағалауды, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді, жедел-іздестіру қызметін, сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік, киберқауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, қорғаныс, көші-қон, мемлекеттік статистика салаларындағы функциялар және берілуі мемлекет мүдделеріне залал келтіруі мүмкін өзге де функциялар) немесе стратегиялық функциялар немесе мемлекеттік мәжбүрлеу құқығын іске асыруға байланысты немесе мемлекеттік меншікке билік ету құқығына қатысты немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар бойынша халықаралық міндеттемелер мен міндеттемелер шеңберінде жүзеге асырылатын функциялар;".
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
С. Жумангарин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект
және цифрлық даму министрлігі
