"Тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 29 қазандағы № 397 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 7 сәуірдегі № 126 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 9 сәуірде № 38381 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 12.07.2026 ж.бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 29 қазандағы № 397 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37267 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау қағидаларына:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жүйелі байқаулар, жерүсті түсірілімдері, зерттеп-қараулар, түгендеу нәтижелері, жерлерді пайдалану мен қорғауға қатысты материалдар, мұрағат деректері, жерлерді қашықтықтан зондтау деректері, мемлекеттік цифрлық жүйелерден және цифрлық ресурстардан алынған мәліметтер жерлерді мониторингтеу үшін ақпарат көздері болып табылады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мониторингтеуді жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган:

      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) бастамасы бойынша жүргізілетін жерлерді түгендеу;

      2) құрылыс салуға бөлінген жер учаскелерінде салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер туралы мемлекеттік қала құрылысы кадастрынан алынған ақпаратты талдау;

      3) "Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 86 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9981 болып тіркелген) сәйкес салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендерді мониторингтеу;

      4) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінен ақпарат алу нәтижелері бойынша жүзеге асырады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жер учаскелерін есепке алуды және мониторингті жүзеге асыру барысында жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган игеру мерзімі өтіп кеткен не күнтізбелік жылдың тиісті тоқсанының соңына дейін мерзімі аяқталатын объектілер салу үшін берілген жер учаскелері бойынша:

      1) мемлекеттік қала құрылысы кадастрынан осындай жер учаскелерінде салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер туралы мәліметтер алу үшін тиісті жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне;

      2) осындай жер учаскелерінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізіле бастағаны (құрылыс басталған кезде) туралы хабарламалар, сондай-ақ салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің салыну мерзімін көрсете отырып, оларға мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша мәліметтер алу үшін тиісті жергілікті атқарушы органның мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне;

      3) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесінен жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын (кадастрлық нөмірі, нысаналы мақсаты, алаңы, сондай-ақ жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар туралы мәліметтер), сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқықтарды және ауыртпалықтарды мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер алу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына тиісті сұранымдар жібереді.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Жүйелі байқаулар, жерүсті түсірілімдері, зерттеп-қараулар, түгендеу нәтижелері, жерлерді пайдалану мен қорғауға қатысты материалдар, мұрағат деректері, жерлерді қашықтықтан зондтау деректері, мемлекеттік цифрлық жүйелерден және цифрлық ресурстардан алынған мәліметтер жерлерді мониторингтеу үшін ақпарат көздері болып табылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады