"Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын орындау және аяқтау сатыларында олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру туралы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 600 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 7 сәуірдегі № 172 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 9 сәуірде № 38374 тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын орындау және аяқтау сатыларында олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру туралы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 600 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35566 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын орындау және аяқтау сатыларында олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру туралы ережеде:

      1-тармақта:

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) мониторинг актісі – мониторингті жүзеге асыру қорытындылары бойынша мониторинг тобы қалыптастыратын, оның ішінде сол жерге бара отырып, мониторинг тобының бағаларын, ұсынымдары мен қорытындыларын қағаз жеткізгіште және (немесе) осы Ережеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысанға сәйкес ұйымдастырушының автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы қамтитын құжат;";

      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) ұйымдастырушының автоматтандырылған цифрлық жүйесі (https://is.ncste.kz) (бұдан әрі – цифрлық жүйе) – объектілер мен мониторинг субъектілерін тіркеуге, оларды өңдеуге және сақтауға, олар бойынша іздестіруді жүзеге асыруға, мониторинг актілерін қалыптастыруға, сарапшылардың дерекқорын өзектендіруге мүмкіндік беретін, сондай-ақ мониторингтік топқа және орындаушыларға (бірлесіп орындаушыларға) құжаттарға ЭЦҚ (электрондық-цифрлық қолтаңба) арқылы қол қоюға мүмкіндік беретін ұйымдастырушының ақпараттық платформасы, бағдарламалық және аппараттық құралдардың жиынтығы, интернет-ресурсы;";

      20) тармақша алып тасталсын;

      21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "21) шығындардың негізділігін бағалау жөніндегі сарапшы (бұдан әрі – экономикалық сарапшы) – мониторингті жүзеге асыру үшін ұйымдастырушы сараптамалық қызметтер көрсетуге арналған шарт негізінде тартатын, бөлінген қаражатты пайдаланудың негізділігіне, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, оның ішінде шетелде уақытша болатын, сонымен қатар сол мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген шет мемлекетте тұрақты тұруға құқығы бар құжатымен Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, кірісті алуға бағытталған жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, процестер мен қызметтерді нарыққа шығарудың өзектілігіне сараптамалық баға беретін, "Қаржы", "Экономика", "Есеп және аудит", "Бизнес және басқару" мамандықтары бойынша жоғары білімі бар, сондай-ақ мамандығы бойынша кемінде он жыл жұмыс өтілі бар, ҒҒТҚН коммерцияландыру жобалары үшін кемінде 5 (бес) жыл практикалық жұмыс тәжірибесінің болуы қажет және сарапшы ретінде әрекет етуді көздейтін жеке тұлға;";

      4-тармақтың 1) және 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) орындалған жұмыстардың сәйкестігін және іске асырудың барлық кезеңі үшін шартқа (шарттарға) сәйкес қабылданған міндеттемелер бойынша бюджет қаражатын жұмсаудың негізділігіне мониторинг жүргізу;

      2) ҒҒТЖБ, ІҒЗ, ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларында қойылған міндеттерге қол жеткізуді, сондай-ақ олардың күнтізбелік жоспарды, техникалық ерекшелікті орындау нәтижелілігін және іске асыруға арналған шығындардың тиімділігіне мониторинг жүргізу;";

      7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ғылыми сарапшылар (қазақстандық сарапшы);";

      10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) сарапшыларды іріктеуді жүзеге асырады және ғылыми зерттеулердің мониторингін жүзеге асыру үшін өзге де ұйымдарды, қазақстандық ғалымдарды тартады;";

      11, 12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Менеджер:

      1) мониторингтік топтың жұмысын сүйемелдеуді және ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      2) жұмыс жоспарын әзірлеуді, мониторинг актілерін ресімдеуді және қол қоюды қамтамасыз етеді;

      3) сарапшылармен бірлесіп жабдықтың бар-жоғына және нысаналы пайдаланылуына мониторинг жүргізеді, анықталған бұзушылықтарды мониторинг актісінде көрсетеді және тіркейді.

      12. Ғылыми сарапшы:

      1) шарт кестесіне сәйкес мәлімделген нәтижелерді ресімдеу үшін растайтын құжаттардың сәйкестігіне мониторинг жүргізеді;

      2) зерттеу тобының мүшелері орындаған жұмыс нәтижелерінің шарттың талаптарына сәйкестігіне мониторинг жүргізеді;

      3) халықаралық ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру шеңберінде мақсаттарға қол жеткізілгенін көрсететін растаушы құжаттарға мониторинг жүргізеді (бірлесу болған жағдайда);

      4) сатып алынған жабдықтың (тауардың) зерттеу тақырыбының бағытына сәйкестігіне мониторинг жүргізеді;

      5) шетелдік рецензияланатын ғылыми журналдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған отандық немесе шетелдік ғылыми басылымдарда жарияланымдар мен мақалалардың және конкурстық құжаттаманың және күнтізбелік жоспардың талаптарына сәйкес қаржыландыру көзін көрсете отырып, ҒҒТЖБ, ІҒЗ, ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларының сәйкестендіру тіркеу нөмірі мен атаулары туралы ақпараттың бар-жоғына және сәйкестігіне мониторинг жүргізеді;

      6) Web of Science деректер қорының Science Citation Index Expanded-та индекстелген және (немесе) Scopus дерекқорында CiteScore бойынша процентилі бар рецензияланған ғылыми басылымдарда индекстелген журналдардың процентиліне және (немесе) квартиліне конкурстық құжаттамада және күнтізбелік жоспарда белгіленген мәлімделген нәтижелерімен сәйкестігіне мониторинг жүргізеді;

      7) орындалатын жұмыстардың күнтізбелік жоспарға, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігіне мониторинг жүргізеді;

      8) орындаушыда ғылыми және (немесе) ғылыми–техникалық қызмет субъектісін аккредиттеу туралы куәліктің болуына мониторинг жүргізеді;

      9) іске асырылу барысына және нәтижелілігіне (оларды орындау және (немесе) аяқтау сатыларында) мониторинг жүргізеді;

      10) іске асырылу барысына және күтілетін нәтижелеріне әсер ететін тәуекелдерге мониторинг жүргізеді;

      11) күтілетін нәтижелерге қол жеткізуіне мониторинг жүргізеді;

      12) жоспарланған және өткізілген іс-шаралар арқылы ҒҒТЖБ, ІҒЗ, ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларының мақсаттарына қол жеткізу мүмкіндіктеріне мониторинг жүргізеді.

      13. Экономикалық сарапшы:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8265 болып тіркелген) "Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес барлық төлемдер мен сатып алулар бойынша аяқталған операциялар фактісін растайтын бастапқы құжаттардың бар-жоғына мониторинг жүргізеді;

      2) шығыстар сметасы бойынша сатып алынатын жабдықтың (тауарлардың) болуына мониторинг жүргізеді;

      3) штаттық кестенің, лауазымдық нұсқаулықтардың, құжаттардың конкурстық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігіне мониторинг жүргізеді;

      4) орындаушының жеке әріптес тарапынан келісім бойынша қаржы алғанын куәландыратын құжаттарға (егер қоса қаржыландыру болған жағдайда) мониторинг жүргізеді;

      5) орындалған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сәйкестігіне, шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражатының жұмсалу негізділігіне мониторинг жүргізеді;

      6) шығындар тиімділігіне мониторинг жүргізеді;

      7) іске асыру барысы мен күтілетін нәтижелерге әсер ететін тәуекелдерге мониторинг жүргізеді;

      8) әлеуметтік-экономикалық әсерлерге мониторинг жүргізеді.";

      15, 16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Мониторингті жыл сайын уәкілетті орган және (немесе) салалық уәкілетті орган немесе ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтi қаржыландыратын уәкiлеттi орган не Ғылым қоры айқындайтын заңды тұлға шарт жасасқан күннен бастап 6 (алты) ай өткен соң объектілерді іске асыру жылдары бойынша жүргізеді.

      Объектілердің орындарына бару арқылы мониторинг процесінде шығыстар сметасына сәйкес материалдар мен жабдықтарды сатып алу фактісін анықтау және Шарттың күнтізбелік жоспарында көрсетілген іс-шараларды орындау, сондай-ақ қаржылық және техникалық құжаттаманың түпнұсқаларымен салыстыру және талдау жолымен ұйымдастырушыға ұсынылатын құжаттардың дұрыстығын белгілеу мақсатында мониторинг объектілерінің қызметіне кешенді мониторинг жүргізеді.

      Объектілердің қашықтан жүргізілетін мониторингі бірінші жылы жүзеге асырылады (іске асыру мерзімі екі жылға дейінгі жобалар мен бағдарламаларды, ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын қоспағанда).

      Объектілердің орындарына бару арқылы мониторинг жобалар мен бағдарламаларды, ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын іске асырудың екінші және үшінші жылда жүзеге асырылады.

      16. Мониторинг процесінде ҰҒК-ның үзінді көшірмелері бойынша ІҒЗ жүзеге асыру шеңберінде ғылыми инфрақұрылыммен ағымдағы қамтамасыз ету бойынша шығыстарды қозғамай, ғылыми зерттеулерге арналған шығыстарға мониторинг жүргізеді.

      17. Мониторинг нәтижелері бойынша мониторингтік топ осы Ережеге 1 және 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мониторинг актісін қалыптастырады және қол қояды (әрбір бетіне қол қойылады) және бұдан әрі орындаушыға (ұйымның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам және ғылыми басшы немесе жауапты адам) қол қоюға ұсынылады.

      Мониторингтік топ мониторинг нәтижелері бойынша төмендегі негізделген әрі уәжделген шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) одан әрі қаржыландыруға ұсынылады;

      2) одан әрі қаржыландыруға ұсынылмайды;

      3) мониторинг тобының ескертулері жойылғаннан кейін, одан әрі қаржыландыруға ұсынылады;

      4) ҰҒК-ның қарауына ұсынылады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Мониторингтік топтың ұсынымдарымен мониторинг актілері тиісті ҰҒК-ге қарау және шешім қабылдау үшін мынадай мерзімдерде:

      1) қорытынды ҒҒТЖБ, ІҒЗ бойынша – ағымдағы есепті жылдың 1 қарашасынан кешіктірілмей;

      2) аралық ҒҒТЖБ, ІҒЗ бойынша – ағымдағы есепті жылдың 15 қарашасынан кешіктірілмей;

      3) ҒҒТҚН коммерцияландыру жобалары бойынша – ағымдағы есепті жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірілмей жіберіледі.";

      мынадай мазмұндағы 23-тармақпен толықтырылсын:

      "23. Мониторинг барысында анықталған ескертулерді жою жөніндегі ұсынымдары бар мониторинг актісін алған орындаушы не грант алушы ескертулерді мынадай мерзімдерде:

      1) аяқталу сатысындағы ҒҒТЖБ, ІҒЗ, ҒҒТҚН коммерцияландыру жобалары бойынша – ағымдағы жылғы 25 қазаннан кешіктірмей;

      2) іске асыру сатысындағы ҒҒТЖБ, ІҒЗ, ҒҒТҚН коммерцияландыру жобалары бойынша – ағымдағы жылғы 10 қарашадан кешіктірмей жою ұсынылады.";

      Осы Ережеге 1-қосымшада:

      1-тармақта:

      6 реттік нөмірінің жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6

Жобаның/бағдарламаның ғылыми жетекшісі
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы)


      ";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жабдықтың болуына және талаптарға сәйкестігіне мониторинг жүргізу";

      ескертуде:

      "(тегі, аты, әкесінің аты) (бар болған жағдайда)" сөздері "(тегі, аты, әкесінің аты) (ол болған жағдайда)" сөздерімен ауыстырылсын;

      Осы Ережеге 2-қосымшада:

      1-тармақта:

      7 реттік нөмірінің жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7

Жобаның ғылыми жетекшісі (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы)


      ";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жабдықтың болуына және талаптарға сәйкестігіне мониторинг жүргізу";

      ескертуде:

      "(тегі, аты, әкесінің аты) (бар болған жағдайда)" сөздері "(тегі, аты, әкесінің аты) (ол болған жағдайда)" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Су ресурстары және ирригация министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады