Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 6 сәуірдегі № 160-нқ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 8 сәуірде № 38358 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Cауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармақтың екінші, үшінші, бесінші және алтыншы, 2-тармақтың екінші және үшінші, 3-тармақтың екінші, үшінші, төртінші және бесінші, 5-тармақтың екінші және үшінші, 6-тармақтың үшінші және төртінші, 7-тармақтың сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші, 8-тармақтың екінші, үшінші, бесінші және алтыншы, 9- тармақтың екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы, 10- тармақтың екінші, үшінші, бесінші және алтыншы, 11-тармақтың екінші, үшінші, бесінші және алтыншы, 12-тармақтың төртінші және бесінші, 14-тармақтың екінші, үшінші, тоғызыншы және оныншы, 15 -тармақтың үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, аталған Тізбе нормалары алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі
А. Шаккалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылық министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект

      және цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі
2026 жылғы 6 сәуірдегі
№ 160-нқ бұйрығына қосымша

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 215 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9582 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану тәртібін белгілейді.";

      4-тармақтың екінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) түпнұсқалығын тексеру үшін цифрлық ресурстың мекенжайы;";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 862 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18006 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу қағидаларында:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) техникалық реттеудің цифрлық жүйесі – техникалық реттеу тізілімдеріндегі, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің, ұлттық стандарттау жүйесінің және Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттарының бірыңғай тізілімдерінің мәліметтері мен ақпараттарын сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған автоматтандырылған цифрлық жүйе.";

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Ұлттық жоспарды қалыптастыру рәсімдері техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде және (немесе) электрондық нысанда ұсыныстарды жинау және талдау, ұлттық жоспардың жобасын әзірлеу және келісу арқылы жүзеге асырылады және ҚР СТ 1.7 "Ұлттық стандарттау жоспары. Әзірлеу, келісу, бекіту, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тәртібі" (бұдан әрі – ҚР СТ 1.7).

      6. Ұлттық жоспардың қолданылу кезеңінде оған техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде және (немесе) электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жіберілген ұлттық стандарттау жүйесі субъектілерінің ұсыныстары бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол беріледі.";

      11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Ұлттық стандарттау жүйесінің субъектілері жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 1 тамызынан кешіктірмей техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде және (немесе) электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы ұлттық жоспарға енгізу үшін өтінімдерді электрондық құжат немесе электрондық құжаттың (бұдан әрі – өтінім) көшірмесі түрінде жібереді.";

      19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Ұлттық жоспардың жобасы жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 1 тамызынан кешіктірмей ұлттық стандарттау жүйесінің барлық мүдделі субъектілерінің қарауы үшін техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде немесе ұлттық органның интернет - ресурсында күнтізбелік алпыс күнге орналастырылады.

      20. Ұлттық орган ұлттық стандарттау жүйесінің субъектілерін ұлттық жоспар жобасының орналастырылуы туралы техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде және (немесе) электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы хабардар етеді.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Ұлттық орган жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 20 қарашасынан кешіктірмей техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы уәкілетті органға ұлттық жоспар жобасының түпкілікті редакциясын жібереді.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Ұлттық жоспар уәкілетті органның бұйрығымен жоспарланатын жылдың 1 қаңтарынан кешіктірілмей бекітіледі және техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде немесе ұлттық органның интернет - ресурсында жарияланады.".

      3. "Халықаралық, өңірлік стандарттарды (оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында мемлекетаралық стандарттарды келісу, қолданысқа енгізу және күшін жою) және шет мемлекеттердің стандарттарын, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі өңірлік ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидалары мен ұсынымдарын, шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 870 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17989 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Халықаралық, өңірлік стандарттарды (оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында мемлекетаралық стандарттарды келісу, қолданысқа енгізу және күшін жою) және шет мемлекеттердің стандарттарын, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі өңірлік ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидалары мен ұсынымдарын, шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын қолдану қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық, өңірлік стандарттарды (оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында мемлекетаралық стандарттарды келісу, қолданысқа енгізу және күшін жою) және шет мемлекеттердің стандарттарын, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі өңірлік ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидалары мен ұсынымдарын, шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын қолдану қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын қолдану қағидаларында:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) техникалық реттеудің цифрлық жүйесі – техникалық реттеу тізілімдерінде, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінде, ұлттық стандарттау жүйесінде және Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттардың бірыңғай тізілімдерінде қамтылған мәліметтер мен ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған автоматтандырылған цифрлық жүйе;";

      8-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Стандарттау жөніндегі құжатты пайдаланушы тікелей қолдану туралы техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде стандарттау жөніндегі ұлттық органды хабардар етеді.";

      10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қағидалардың 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін хабарлама техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде кері қайтарылады.".

      4. "Ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда), ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, келісу, сараптама жасау, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, күшін жою және қолданысқа енгізу, сондай-ақ тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 918 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18075 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілді:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда), ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, келісу, сараптама жасау, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, күшін жою және қолданысқа енгізу, сондай-ақ тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын қолдану қағидаларында:

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) техникалық реттеудің цифрлық жүйесі – техникалық реттеу тізілімдеріндегі, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің, ұлттық стандарттау жүйесінің және Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттарының бірыңғай тізілімдерінің мәліметтері мен ақпараттарын сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған автоматтандырылған цифрлық жүйе.";

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бастамашылық тәртіппен әзірленетін стандарттау жөніндегі құжаттар туралы ақпарат, оларды әзірлеу басталғанға дейін әзірлеуші стандарттау жөніндегі ұлттық органға (бұдан әрі – СҰО) техникалық реттеудің цифрлық жүйесі немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы электронды түрде не қағаз нұсқасы түрінде жолдайды.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Жария талқылау ҚР СТ 1.2 сәйкес техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде немесе СҰО интернет-ресурсында стандарттау жөніндегі құжаттарды орналастырған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде жүзеге асырылады.";

      12-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық стандарттау жүйесінің өзге де мүдделі субъектілері стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде немесе СҰО интернет-ресурсында қарастырады.";

      13-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Техникалық талқылаудың қорытындылары техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде стандарттау жөніндегі құжаттың ісіне енгізілетін хаттамада көрсетіледі.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Әзірлеуші ресімделген стандарттау жөніндегі құжаттың ісін сараптама жүргізу үшін CҰО-ға техникалық реттеудің цифрлық жүйесі немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы не қағаз нұсқасы түрінде жібереді.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, СҰО техникалық реттеудің цифрлық жүйесі немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы не қағаз нұсқасы түрінде стандарттау жөніндегі құжаттар жобаларының істерін олар келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей пысықтауға қайтарады.";

      27-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Әзірлеуші стандарттау жөніндегі құжатты уәкілетті орган бекіткен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде стандарттау жөніндегі құжаттың ісін техникалық реттеудің цифрлық жүйесі немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы не қағаз нұсқасы түрінде оны CҰО-ға тіркеу үшін мынадай құжаттармен толықтырады:";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Әзірлеуші осы Қағидалардың 16 және 27-тармақтарында көрсетілген құжаттардың толық емес жиынтығын ұсынған жағдайда, CҰО құжаттар ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей әзірлеушіге стандарттау жөніндегі құжаттың ісін техникалық реттеудің цифрлық жүйесі немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы не қағаз нұсқасы түрінде пысықтауға қайтарады.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Стандарттау жөніндегі құжаттардың күші жойылған кезде күшін жоюға бастама жасаған ұлттық стандарттау жүйесінің субъектілері уәкілетті органға техникалық реттеудің цифрлық жүйесі немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы не қағаз нұсқасы түрінде тиісті ұсыныс жібереді.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. CҰО талдау нәтижелері және CҰО ҒТК стандарттау жөніндегі құжаттардың күшін жою туралы ұсынысқа ұсынымдарды уәкілетті органға техникалық реттеудің цифрлық жүйесі немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы не қағаз нұсқасы түрінде жіберіледі. Стандарттау жөніндегі құжаттардың күшін жою туралы мәселені қарау қорытындысы бойынша уәкілетті орган тиісті шешім қабылдайды.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. ТЖКЖС өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге арналған өтініштерді (бұдан әрі – өтініш) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сыныптау және кодтау жөніндегі жұмыстарға қатысатын не оларды өз қызметінде пайдаланатын мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – өтініш берушілер) тауарлардың электрондық каталогының цифрлық жүйесі арқылы береді.";

      53-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Оң шешім қабылданған жағдайда тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар ТЖКЖС тауарлардың электрондық каталогының цифрлық жүйесі арқылы 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде енгізіледі.".

      5. "Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, жұмыс істеу және тарату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 919 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18082 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, жұмыс істеу және тарату қағидаларында:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. ТК қызметі ҰСО ресми сайтында орналастырылған "Цифрлық техникалық комитеттер" (бұдан әрі – цифрлық жүйе) цифрлық жүйесі арқылы немесе жазбаша хат-хабар жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

      Цифрлық жүйе арқылы ТК жұмысының тәртібі негізге алынатын ұлттық стандартпен белгіленеді.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. ТК ережесі мен құрылымын СҰО келісілгеннен кейін ТК төрағасы бекітеді және цифрлық жүйеде орналастырылады.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. ТК-ны тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда тиісті ақпарат цифрлық жүйеге орналастырылады.".

      6. "Өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және "Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру" және "Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру" мемлекеттік қызметтер көрсету, өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат нысанын және типті бекіту белгісінің нысанын белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 931 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18110 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және "Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру" және "Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және "Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру" және "Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-2-бабының 21) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және" Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру" және" Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру" мемлекеттік қызметтер көрсетудің тәртібін айқындайды.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге цифрлық үкіметтің веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүгінеді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өлшем құралдарының типін бекіту туралы анықтама алу үшін мәліметтер толтырады.

      "Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес келтірілген.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы беріледі.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүгінеді және өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификатты алу үшін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтерді толтырады.

      "Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес келтірілген.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы беріледі.";

      36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне түседі.

      37. Цифрлық жүйе істен шыққан жағдайында көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақаулардың туындауын анықтаған сәттен бастап sd@nitec.kz электрондық поштасы бойынша бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салу жолдау арқылы авторизациялау сәтінен бастап қателік туындаған сәтке дейін қателік болған нақты уақытты көрсете отырып, қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі бойынша міндетті түрде ақпарат ұсына отырып, "цифрлық үкімет" цифрлық инфрақұрылымының операторын хабардар етеді.";

      көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшада:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

"цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      ";

      көрсетілген Қағидаларға 6-қосымшада:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

"цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      ".

      7. "Өлшемдерді орындау әдістемелерін және өлшемдерді орындаудың референттік әдістемелерін әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 932 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18108 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өлшемдерді орындау әдістемелерін және өлшемдерді орындаудың референттік әдістемелерін әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабының 13) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Өлшемдерді орындау әдістемелерін және өлшемдерді орындаудың референттік әдістемелерін әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өлшемдерді орындау әдістемелерін және өлшемдерді орындаудың референттік әдістемелерін әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өлшемдерді орындау әдістемелерін және өлшемдерді орындаудың референттік әдістемелерін әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту жәнеөлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Өлшемдерді орындау әдістемелерін (бұдан әрі – ӨОӘ) және референттік ӨОӘ әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде (бұдан әрі – ҚР МӨЖ тізілімі) тіркеу және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-2-бабының 13) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және ӨОӘ және референтті ӨОӘ әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту және ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеу және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде әзірленген және аттестатталған ӨОӘ ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүгінеді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем жүйесінің тізілімінде тіркеу туралы мәліметтерді толтырады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес келтірілген.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы беріледі.";

      49 және 50-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне түседі.

      50. Цифрлық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақаулардың туындауын анықтаған сәттен бастап sd@nitec.kz электрондық поштасы бойынша бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салу жолдау арқылы авторизациялау сәтінен бастап қателік туындаған сәтке дейін қателік болған нақты уақытты көрсете отырып, қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі бойынша міндетті түрде ақпарат ұсына отырып, "цифрлық үкімет" цифрлық инфрақұрылымының операторын хабардар етеді.";

      көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшада:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

"цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      ".

      8. "Стандартты үлгінің типін бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және "Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат ету" және "Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 933 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18106 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабының 23) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Стандартты үлгінің типін бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және "Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат ету" және "Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту" мемлекеттік қызметтерін көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Стандартты үлгінің типін бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және "Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат ету" және "Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту" мемлекеттік қызметтерін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-2-бабының 23) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және стандартты үлгінің типін бекіту және Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде (бұдан әрі – ҚР МӨЖ тізілімі) тіркеу және "Шетелдік шығарылымның стандартты үлгісін пайдалануға рұқсат" және "Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту" мемлекеттік қызметтерін көрсету тәртібін айқындайды.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушімен "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүгінеді және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелде шығарылған стандартты үлгіні қолдануға сертификат алу үшін мәліметтерді толтырады.

      "Шетелдік шығарылымның стандартты үлгісін пайдалануға рұқсат" мемлекеттік қызметін көрсетуге негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес келтірілген.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы беріледі.";

      18-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы беріледі.";

      23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне түседі.

      24. Цифрлық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақаулардың туындауын анықтаған сәттен бастап sd@nitec.kz электрондық поштасы бойынша бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салу жолдау арқылы авторизациялау сәтінен бастап қателік туындаған сәтке дейін қателік болған нақты уақытты көрсете отырып, қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі бойынша міндетті түрде ақпарат ұсына отырып, "цифрлық үкімет" цифрлық инфрақұрылымының операторын хабардар етеді.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

"цифрлық үкіметтің" веб-порталы(бұдан әрі – портал)

      ";

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес шетелдік шығарылымның стандартты үлгісін қолдану үшін куәлік алу анықтамасының электрондық көшірме нысаны.
Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелер арқылы "цифрлықүкімет" шлюзі арқылы қызмет көрсетушіге беріледі.

      ";

      көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшада:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

"цифрлық үкіметтің" веб-порталы(бұдан әрі – портал).

      ";

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік стандарт үлгісін бекіту туралы сертификат алу үшін анықтаманың электронды көшірме нысаны.
Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелер арқылы "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы қызмет көрсетушіге беріледі.

      ".

      9. "Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігін белгілеу қағидаларын және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 934 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18094 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу және өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігін белгілеу қағидаларын және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттың нысанын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабының 11) және 20) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігін белгілеу қағидаларын және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатының нысанын бекітуде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу және өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігін және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттың нысанын белгілеу қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу және өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігін белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабының 11) және 20) тармақшаларына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу және өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігін белгілеу тәртібін айқындайды.",;

      20-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру нәтижелерін ресімдеу техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде "Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру туралы қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 350 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8057 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.";

      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер өлшем құралдарын салыстырып тексеру нәтижелері бойынша қолдануға жарамсыз деп танылса, онда қолданыстағы салыстырып тексеру таңбасының бедері өшіріледі және пайдалану құжаттамасында тиісті жазба жасалады, қолданыстағы өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттың күші жойылады және осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолданысқа жарамсыздығы туралы хабарлама техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде ресімделеді.";

      көрсетілген бұйрыққа қосымша осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      10.  "Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру, жүргізу және қолдап отыру, сондай-ақ нормативтік техникалық құжаттардың, ресми басылымдардың көшірмелерін тарату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 944 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18090 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 9-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру, жүргізу және қолдап отыру, сондай-ақ нормативтік техникалық құжаттардың, ресми басылымдардың көшірмелерін тарату қағидаларында:

      "1. Осы Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру, жүргізу және қолдап отыру, сондай-ақ нормативтік техникалық құжаттардың, ресми басылымдардың көшірмелерін тарату қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бірыңғай қор Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен қалыптастырылатын, басқа нормативтік техникалық құжаттарды, стандарттау жөніндегі құжаттарды (әскери ұлттық стандарттарды және ұйымдардың стандарттарын қоспағанда), сондай-ақ бұлар туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, жалпыға қолжетімді мемлекеттік цифрлық ресурс болып табылады.";

      14-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорының цифрлық жүйелерін, стандарттау жөніндегі құжаттарды каталогтау жүйесін қолдап отыруды және кеңейтуді жолымен жүзеге асырылады.".

      11. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 166-НҚ мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20667 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 11-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 11-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - Портал) - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесі" болып табылатын цифрлық объект;

      3) "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЦҮТШ) – өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процестерін автоматтандыратын цифрлық объект;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге мәліметтерді осы Қағиданың 1-қосымшаға сәйкес "цифрлық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – Портал) жібереді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы беріледі.";

      14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді .

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне түседі.

      15. Цифрлық жүйеде іркіліс болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші техникалық іркілістердің пайда болуы анықталған сәттен бастап дереу "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымының операторын мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы, өтініш бойынша әкімшілік құжаттың нөмірі және коды, немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды, немесе рұқсат құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі бойынша ақпаратты міндетті түрде көрсету арқылы, авторизациялау сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате пайда болған сәтке дейінгі қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып, бірыңғай қолдау қызметі sd@nitec.kz электрондық поштасына сұрау салуды жіберу арқылы хабардар етеді.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

      ";

      реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. Қазақстан Республикасы 616 Салық кодексінің 4-тармағына сәйкес жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым:
1) қызметтің осы түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК) құрайды;
2) лицензияны қайта ресімдеуге лицензиялық алым 1 АЕК құрайды.
Төлем екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізіледі, сондай-ақ "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЦҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

      ".

      12. "Тауардың шығарылған елін растау мақсатында тауарды әкелетін елдердің ақпараттық жүйелерінде экспорттаушыларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 244-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22437 болып тіркелген), мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тауардың шығарылған елін растау мақсатында әкелетін елдердің цифрлық жүйелерінде экспорттаушыларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      " 1. Қоса беріліп отырған Тауардың шығарылған елін растау мақсатында тауарды әкелетін елдердің цифрлық жүйелерінде экспорттаушыларды тіркеу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауардың шығарылған елін растау мақсатында тауарды әкелетін елдердің ақпараттық жүйелерінде экспорттаушыларды тіркеу қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тауардың шығарылған елін растау мақсатында тауарды әкелетін елдердің цифрлық жүйелерінде экспорттаушыларды тіркеу қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Тауардың шығарылған елін растау мақсатында әкелетін елдердің цифрлық жүйелерінде экспорттаушыларды тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Норвегия Корольдігінің және/немесе Швейцария Конфедерациясының аумағына тауарларды әкелу кезінде тарифтік преференцияларды алу үшін тауарлардың шығарылған елін растау мақсатында экспорттаушыларды әкелетін елдердің цифрлық жүйелерінде тіркеу тәртібін белгілейді.";

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) уәкілетті тұлға – тауарлардың шығарылған елін растау мақсатында тауарды әкелетін елдердің цифрлық жүйелерінде уәкілетті ұйымның штатында тұратын және экспорттаушыларды тіркеуді жүзеге асыратын қызметкер.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Тауарларды әкелу елдерінің цифрлық жүйесіне экспорттаушыларды тіркеу тәртібі";

      3-мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Норвегия Корольдігі, Швейцария Конфедерациясы Норвегия Корольдігі, Швейцария Конфедерациясы дамушы және ең аз дамыған елдерден шығарылатын тауарларға қатысты (бұдан әрі – Норвегия мен Швейцарияның ПБЖ) преференциялардың бас жүйесі шеңберінде Норвегия Корольдігінің және/немесе Швейцария Конфедерациясының аумағына тауарларды әкелу кезінде тарифтік преференцияларды алу үшін экспорттаушы тауарды әкелу елдерінің цифрлық жүйелеріне (бұдан әрі – REX жүйесі) тіркеледі.";

      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      4. Экспорттаушы REX жүйесінде тіркелу үшін уәкілетті ұйымға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу нөмірін алуға арналған өтінішті (бұдан әрі – № 1 өтініш) қағаз (пошта арқылы немесе қолма-қол) немесе уәкілетті ұйымның цифрлық жүйесі арқылы электрондық түрде ұсынады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Уәкілетті ұйым REX жүйесінде тіркелгеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде экспорттаушыға тіркеу нөмірін, № 1 өтініштің тіркелген күнін (тіркеу жарамды болып табылатын күнді) және тіркеу нөмірі берілген күнді көрсете отырып, оның REX жүйесінде тіркелгені туралы хабарламаны қағаз немесе электрондық түрде цифрлық жүйе арқылы жібереді.

      Уәкілетті тұлға сондай-ақ тіркеу нөмірін, № 1 өтінішті тіркеу күнін (тіркеу жарамды болып табылатын күні) және тіркеу нөмірін беру күнін экспорттаушының № 1 өтінішінің 7-тармағына енгізеді.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Уәкілетті ұйым осы Қағидарлардың 13-тармағына сәйкес ақпараттарды алған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде REX жүйесіне тиісті өзгерістер енгізеді не тіркеу деректерін өзгертуден бас тартады және тіркеу деректерінің өзгертуден немесе тіркеу деректерін өзгертуден бас тарту себептері туралы экспорттаушыға уәкілетті ұйымның цифрлық жүйесі арқылы қағаз немесе электрондық түрде хабарлама жібереді";

      көрсетілген Қағидаларға 1 қосымша көрсетілген тізбеге 3 қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 2 оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

  Тауардың шығарылған елін
растау мақсатында тауарды
әкелетін елдердің цифрлық
жүйелерінде экспорттаушыларды тіркеу қағидаларына 2-қосымша
нысан

      ".;

      13. "Тауарлардың шығарылған елін растау мақсатында экспорттаушыларды тауарды әкелу елдерінің ақпараттық жүйелерінде тіркеудің негізділігін верификациялауды (тексеруді) жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 358-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22851 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тауарлардың шығарылған елін растау мақсатында экспорттаушыларды тауарды әкелу елдерінің цифрлық жүйелерінде тіркеудің негізділігін верификациялауды (тексеруді) жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тауарлардың шығарылған елін растау мақсатында экспорттаушыларды тауарды әкелу елдерінің цифрлық жүйелерінде тіркеудің негізділігін верификациялауды (тексеруді) жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарлардың шығарылған елін растау мақсатында экспорттаушыларды тауарды әкелу елдерінің ақпараттық жүйелерінде тіркеудің негізділігін верификациялауды (тексеруді) жүзеге асыру қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тауарлардың шығарылған елін растау мақсатында экспорттаушыларды тауарды әкелу елдерінің цифрлық жүйелерінде тіркеудің негізділігін верификациялауды (тексеруді) жүзеге асыру қағидалары"

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы тауарлардың шығарылған елін растау мақсатында тауар әкелу елдерінің цифрлық жүйелерінде экспорттаушыларды тіркеудің негізділігін верификациялауды (тексеруді) жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 7-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және тауарлардың шығарылған елін растау мақсатында тауар әкелу елдерінің цифрлық жүйелерінде экспорттаушыларды тіркеудің негізділігін верификациялауды (тексеруді) жүзеге асыру тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) уәкілетті ұйым – тауарлардың шығарылған елін растау мақсатында тауарды әкелу елдерінің цифрлық жүйелерінде экспорттаушыларды тіркеуді жүзеге асыратын "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.".

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Тауарлардың шығарылған елін растау мақсатында экспорттаушыларды тауарды әкелу елдерінің цифрлық жүйелерінде тіркеудің негізділігін верификациялауды (тексеруді) жүзеге асыру тәртібі";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тауарлардың шығарылған елін растау мақсатында уәкілетті орган тауарлардың шығарылған елін растау мақсатында тауарды әкелу елдерінің цифрлық жүйелерінде (бұдан әрі – REX жүйесі) экспорттаушыларды тіркеудің негізділігін верификациялауды (тексеруді) жүзеге асырады.";

      7 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Уәкілетті орган экспорттаушыны тіркеудің негізділігіне сұрау салу келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 244-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22437 болып тіркелген) тауарлардың шығарылған елін растау мақсатында тауарды әкелу елдерінің цифрлық жүйелерінде экспорттаушыларды тіркеу қағидаларында көзделген экспорттаушының тіркеу нөмірін алуға өтініштің көшірмесін ұсыну үшін уәкілетті ұйымға сұрау салу жібереді, сондай-ақ экспорттаушыларды REX жүйесінде тіркеу үшін негіз болған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 257 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9665 болып тіркелген) бекітілген тауардың шығарылуын растайтын құжаттар тізбесіне (бұдан әрі – құжаттар) сәйкес құжаттардың көшірмелерін қоса береді.".

      14. "Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарын, оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, сондай-ақ сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданысын ұзарту және "Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 399-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22967 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 2-1) тармақшасына, "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптары, оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде:

      Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптарының 2-тармағында:

      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1

*Сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғада жоғары білімінің болуы.
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғалар үшін – тамақ өнеркәсібіне қатысты өндірістік және өңдеу салаларын даярлау бағытында жоғары білімінің немесе мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келетін стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) мамандығы бойынша жоғары білімінің болуы.
Энергетикалық менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғалар үшін – энергетикаға қатысты инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларын даярлау бағытында жоғары білімінің немесе мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келетін стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) мамандығы бойынша жоғары білімінің болуы.
Киберқауіпсіздік менеджменті жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғалар үшін – киберқауіпсіздік, цифрлық технологиялар, физика-математика ғылымдары бағытында жоғары білімінің немесе мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келетін стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) мамандығы бойынша жоғары білімінің болуы.
Экологиялық менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғалар үшін – қоршаған орта, жерге орналастыру, су ресурстары және су пайдалану, физикалық және химиялық, биологиялық ғылымдар даярлау бағытында жоғары білімінің немесе мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келетін стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) мамандығы бойынша жоғары білімінің болуы.
Медициналық бұйымдардың сапа менеджменті жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғалар үшін – медицина, денсаулық сақтау, фармация, фармацевтикалық өндіріс технологиясы, биология және биотехнология немесе инженерлік және өңдеу салалары бағытында жоғары білімінің болуы.
Активтерді басқару менеджменті жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғалар үшін – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес бағытында жоғары білімінің болуы.
Жеткізу тізбегінің қауіпсіздік менеджменті жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғалар үшін – құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, көлік, логистика, көлік тасымалын, қозғалысын және пайдалануды ұйымдастыру бағытында жоғары білімінің болуы.
Жылжымайтын мүлік объектілерін басқару менеджменті жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғалар үшін – қаржы, экология, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, кадастр, жерге орналастыру бағытында жоғары білімінің болуы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы- аудиторға үміткер жеке тұлғалар үшін – құқық, әлеуметтік ғылымдар, бизнес, қаржы, экономика бағытында жоғары білімінің болуы.
Жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғалар үшін – құқық, әскери іс, әлеуметтік ғылымдар бағытында жоғары білімінің болуы.
Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғалар үшін-өндірістерде, сондай-ақ инженерлік, өңдеуші және өнеркәсіп салаларында, педагогикалық және жаратылыстану ғылымдарында, әскери істерде еңбекті қорғау және гигиена бағыттары бойынша жоғары білімнің болуы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында жұмыс тәжірибесі болған жағдайда немесе аттестаттаудың мәлімделген бағытына сәйкес стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) мамандығы бойынша жоғары білімінің болуы.
Егер білімі аттестаттаудың мәлімделген бағытына сәйкес келмеген жағдайда, аттестаттаудың мәлімделген бағыты бойынша сарапшы-аудитор ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы.

Мәліметтер нысаны.


      ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданылуын ұзарту және "Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданылуын ұзарту және "Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Техникалық реттеу туралы Заң) 7-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданылуын ұзарту және "Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін анықтайды.";

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – Нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын цифрлық жүйе.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті беруші жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.";

      22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне автоматты режимде түседі.

      23. Цифрлық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақаулардың туындауын анықтаған сәттен бастап дереу sd@nitec.kz электрондық поштасы бойынша бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салу жіберу арқылы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, өтініштің әкімшілік құжатының нөмірі мен коды немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі бойынша ақпарат міндетті түрде ұсыныла отырып, көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі, авторизация сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате туындаған сәтке дейінгі қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып "цифрлық үкімет" цифрлық инфрақұрылымы операторын хабардар етеді.";

      көрсетілген Қағидаларға 1 және 4-қосымша осы Тізбеге 4 және 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 7-қосымшада:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

"Цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал)

      ";

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестатын алу үшін: осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш; осы бұйрықпен бекітілген сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарына, оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаның мәліметтер нысаны;
мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағылымдамадан өту туралы есептердің (бұдан әрі – есеп) электрондық көшірмелері мынадай мөлшерде: өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша (кемінде екі түрлі схема бойынша сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда) – кемінде бес есеп;
менеджмент жүйесі бойынша – тағылымдамалардың жалпы ұзақтығы кемінде жиырма жұмыс күні болатын кемінде төрт есеп (құжаттаманы талдауды, тексерулерге қатысуды және олар туралы есептер жасауды қоса алғанда); персонал бойынша – кемінде үш есеп немесе тиісті бағыттар бойынша кәсіби қауымдастықтардың ұсынымдары; процесс бойынша – мәлімделетін аттестаттау бағытындағы кемінде үш есеп (сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда). Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестатының қолданылуын ұзарту үшін:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш; осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында сарапшы-аудитор аттестатының қолданысын ұзартуға беретін жеке тұлғаның мәліметтер нысаны;
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәлімделетін аттестаттау бағытындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есептің электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

      ".

      15.  "Тауарларды шығарған елді айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификат беру және оның қолданысының күшін жою, тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттың нысандарын белгілеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23514 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарларды шығарған елді айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификат беру және оның қолданысының күшін жою, тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттың нысандарын белгілеу жөніндегі қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Тауарларды шығарған елді айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификат беру және оның қолданысының күшін жою, тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттың нысандарын белгілеу жөніндегі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 7-2) және 7-3) тармақшасына сәйкес әзірленіп және Тауарларды шығарған елді айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификат беру және оның қолданысының күшін жою, тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттың нысандарын тәртібін айқындайды."

      2-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) уәкілетті ұйымның цифрлық жүйесі – өтінімдерді және құжаттардың электрондық көшірмелерін қабылдау, тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу және оның қолданысын жою жүзеге асырылатын электрондық сертификаттау жүйесі;";

      16-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) өтінімдерді және құжаттардың электрондық көшірмелерін қабылдау жүзеге асырылатын уәкілетті ұйымның цифрлық жүйесі арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес электрондық нысанда Қазақстан Республикасынан экспортталатын, кері экспортталатын тауардың шығу тегі туралы сертификат алуға өтінімдер;";

      17- тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар уәкілетті ұйымның цифрлық жүйесінде қалыптастырылады және ратификацияланған халықаралық келісімдерде/шарттарда және әкелу елі біржақты тәртіппен белгілеген тауардың шығарылған елін айқындау қағидаларында көзделген нысандар бойынша беріледі.";

      28-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Оның орнына тауардың шығу тегі туралы сертификатты немесе оны беруден бас тарту туралы жазбаша дәлелді шешімді беру мерзімі өтінім уәкілетті ұйымда тіркелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен аспайды. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттың орнына беруден бас тарту туралы дәлелді шешім уәкілетті ұйымның цифрлық жүйесі арқылы беріледі.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30.Уәкілетті ұйым верификацияны жүргізу үшін уәкілетті ұйымның цифрлық жүйесінің мәліметтеріне қол жеткізуді ұсынады.";

      45-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тауардың шығу тегі туралы сертификаттың телнұсқасын беруден бас тарту туралы дәлелді шешім уәкілетті ұйымның цифрлық жүйесі арқылы беріледі.";

      62-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "CT-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы Сертификат уәкілетті ұйымның цифрлық жүйесі арқылы электрондық нысанда беріледі. Өтініш берушінің өтініші бойынша "CT-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат уәкілетті ұйымның мөрімен және уәкілетті тұлғаның қолымен куәландырылған қағаз түрінде беріледі.";

      64-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. Уәкілетті ұйымның цифрлық жүйесі арқылы:";

      67-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтініш берушінің осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген өтініштері уәкілетті ұйымның цифрлық жүйесі арқылы беріледі.".

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы Тізбеге 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      16.  "Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығын құру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 255-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32932 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығын құру және оның жұмыс істеу қағидаларында:

      7-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) СТК және ВСФ шаралар жөніндегі ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ететін дерекқорлар мен цифрлық жүйелерді сүйемелдеу және қалыптастыру болып табылады.".

  Өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтардың тізбесіне
1-қосымша
Салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау
және қолдану қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Пластикалық пломбаларды және өздігінен желімделетін лейблдерді таңбалау және габариттік өлшемдері

      Пластикалық пломбалардың нысаны

     


      А – корпустың ені 20 мм;

      Б – корпустың биіктігі 25 мм;

      В – типін бекіту белгісінің биіктігі 5 мм;

      Г – QR-кодтың өлшемі 10×10 мм;

      Д – таңбалау, нөмірлеу және цифрлық ресурстың мекенжай өлшемі 15 мм;

      Е – шифрды, жылды және тоқсанды таңбалаудың өлшемі 10 мм;

      Ж – ашық күйдегі пломбаның биіктігі 30 мм;

      Пластикалық пломбаның қалыңдығы 6,5 мм.

      Өздігінен желімделетін лейблдердің нысаны

     


      А – лейблдің ені 22 мм;

      Б – лейблдің биіктігі 18 мм;

      В – QR-код өлшемі 10×10 мм;

      Г – типін бекіту белгісінің биіктігі 6 мм;

      Д –галограмманың ені 4 мм;

      Е – цифрлық ресурс мекенжайының өлшемі 12 мм;

      Ж – шифрды, жылды және тоқсанды таңбалаудың өлшемі 10 мм;

      З – нөмірлеуді таңбалаудың өлшемі 12 мм;

      И – өрнектердің ені 1,5 мм.

  Өзгерістер енгізілетін
  кейбір бұйрықтардың тізбесіне
  2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Инвестициялар және
  даму министрінің
  2018 жылғы 27 желтоқсандағы
  № 934 бұйрығына
  қосымша
  Нысан

Аккредиттеу белгісі

      ____________________________________________________________________

      (салыстырып тексеру зертханасының немесе салыстырып тексеру зертханасы

      бөлімшесінің атауы)

      ___________________________________________________________________

      (аккредиттеу аттестататының нөмірі)

      Өлшем құралының салыстырып тексеру туралы сертификаты №_________

      _________________________________________________________________

      (өлшем құралының атауы)

      Типі ____________________________________________________________

      Зауыттық нөмірі __________________________________________________

      (өлшем құралының өлшеу диапазоны)

      Дайындаушы_____________________________________________________

      Дайындалған күні ________________________________________________

      Пайдаланушы ____________________________________________________

      (заңды (жеке) тұлғаның атауы)

      Салыстып тексеру __________________________________________сәйкес

      (салыстырып тексеру әдістемесінің белгіленуі және атауы)

      _________________________________________________________________

      (шама бірлігі эталонының атауы, зауыттық нөмірі) шама бірліктері эталондарын

      пайдалана отырып, жүргізілді.

      Салыстырып тексеру нәтижелерінің негізінде өлшем құралы жарамды деп танылды

      және ______________________ дәлдік сыныбы бойынша қолдануға жіберілді.

      Өлшеуді бақылап тексеру туралы ақпарат*: __________________________

      Салыстырып тексеру күні 20_жылғы "_" ____ 20 __ жылғы "_"_____ дейін жарамды.

      Бөлімше (зертхана) басшысы ___________ ___________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда))

      Салыстырып тексеруші___________ _________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда))

      Салыстырып тексеру таңба туралы ақпарат** және техникалық реттеудің ақпараттық

      жүйесімен қалыптастырылған QR коды

      Ескертпе:

      *өлшем нәтижесі метрологиялық бақыланатын шама бірлігінің эталоны;

      **толтыру кезіндегі салыстырып тексеру таңбасының түрі, нөмірі:

      өздігінен желімделетін лейбл үшін: ӨЖЛ-реттік нөмірі;

      пластикалық пломба үшін: ПП-реттік нөмір.

  Өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
  3-қосымша
Тауардың шығарылған елін
растау мақсатында тауарды
әкелетін елдердің цифрлық
жүйелерінде
экспорттаушыларды тіркеу
қағидаларына 1-қосымша
  Нысан

Тіркеу нөмірін алуға арналған өтініш

1

Экспорттаушының атауы, толық мекенжайы (орналасқан жері) және елі, экспорттаушының/трейдердің сәйкестендіру нөмірі
(ТIN)_________________________________________________

2

Байланыс ақпараты, оның ішінде телефон және факс нөмірі (болған жағдайда), электрондық пошта мекенжайы_____________________________

3

Экспорттаушы қызметінің негізгі түрі: өндіріс және/немесе сауда Өндіріс Сауда

4

Норвегия Корольдігі, Швейцария Конфедерациясы преференцияларының бас жүйесінің шеңберінде преференциялық режимге түсетін тауарлардың, үйлестірілген жүйенің тауар позицияларының кодтарын (немесе егер тауарлар үйлестірілген жүйенің жиырмадан астам тауар позицияларына түсетін болса тарауын) көрсететін сипаттамасы_______________________________________________________
__________________________________________________________________

5

Jсы төменде қол қойған:
1) жоғарыда келтірілген мәліметтер дұрыс екендігін мәлімдейді; 2) алдыңғы тіркеудің кері қайтарылмағанын куәландырады; егер кері қайтарылған болса, кез келген осындай кері қайтаруға әкелген жағдайдың түзетілгенін куәландырады;
3) Осы тауарлар үшін Норвегия Корольдігі, Швейцария Конфедерациясының преференцияларының бас жүйесімен айқындалған тарифтік преференцияларды беру мақсаттары үшін Норвегия Корольдігі мен Швейцария Конфедерациясы қолданатын дамушы және неғұрлым аз дамыған елдерден шығарылатын тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидаларына сәйкес келетін және преференциялық режимге жататын тауарлар үшін ғана тауардың шығу тегі туралы өтініштерді рәсімдейді;
4) Норвегия Корольдігі, Швейцария Конфедерациясы преференцияларының бас жүйесінің преференциялық режиміне жататын тауарларды өндіру/жеткізу бойынша тиісті коммерциялық бухгалтерлік есепті жүргізеді және тауардың шығу тегі туралы өтініш жасалған күнетізбелік жылдың соңынан бастап кемінде 3 (үш) жыл тиісті құжаттарды сақтайды;
5) уәкілетті ұйымды экспорттаушының тіркеу нөмірін алған күннен бастап оның тіркеу деректерінде олардың туындауына қарай өзгерістер туралы 3(үш) жұмыс күні ішінде хабардар етеді;
6) уәкілетті ұйыммен өзара іс-қимыл жасайды;
7) Норвегия Корольдігінің, Швейцария Конфедерациясының кедендік органдарына баруды және бухгалтерлік жазбаларды тексеруді қоса алғанда, тауардың шығу тегі туралы оның өтінішінің дәлдігін тексеруді қабылдайды;
8) Норвегия Корольдігі, Швейцария Конфедерациясы преференцияларының бас жүйесі бойынша ол тауарларды экспорттау шарттарына сәйкес келмесе, тауарларды әкелу елдерінің цифрлық жүйесінен алып тастауды талап етеді;
9) Норвегия Корольдігі, Швейцария Конфедерациясы преференцияларының бас жүйесі бойынша тауарларды экспорттауға ниеттенбесе, тауарларды әкелу елдерінің цифрлық жүйесінен алып тастауды талап етеді.
_________________________________________________________
Экспорттаушының Т.А.Ә.(болған жағдайда), лауазымы, күні, қолы

6

Экспорттаушының Еуропалық комиссияның веб-сайтында оның деректерін жариялауға келісімі
Экспорттаушы осы өтініште ұсынылған ақпаратты жариялау туралы келіскен жағдайда, бұл ақпарат Еуропалық комиссия веб-сайтында жарияланады (ec. europa. eu/ tax atio n_ customs/ dds2/ eos/ rex_ home. jsp? Lang=en).
Төменде қол қоюшы осы ақпаратты Еуропалық Комиссияның веб-сайтында жариялауға келіседі. Осы өтініште ұсынылған ақпаратты Еуропалық комиссияның веб-сайтында жариялаумен келіспеген жағдайда, уәкілетті ұйымға сұрату жібереді.
____________________________________________________________
Экспорттаушының Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы, күні, қолы

7

Уәкілетті ұйымның толтыруына арналған жол
Өтініш беруші келесі нөмірмен тіркелді:
Тіркеу нөмірі:_____________________________________
Тіркелген күні _____________________________________
Тіркеу қолданылуы басталатын күн
_____________________________________
Уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы
____________________________________________________________

  Өзгерістер енгізілетін кейбір
  бұйрықтардың тізбесіне
4-қосымша
Сәйкестікті растау жөніндегі
сарапшы-аудиторларды
аттестаттау, аттестаттарының
қолданылуын ұзарту және
Сәйкестікті растау жөніндегі
сарапшы-аудиторды аттестаттау
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына 1-қосымша

________________________________________________________________

(аттестаттау органының толық атауы)

_______________________________________________________________

(аттестаттау бағыты)

      жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлға______________________

      _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, лауазымы, жұмыс

      орны, мекенжайы, телефоны)

Өтініш

      Мені _______________________________________________________________

      (аттестаттау бағыты)

      сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор ретінде аттестаттауды сұраймын.

      Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу саласындағы заңнамасында

      белгіленген сарапшы-аудиторларға қойылатын талаптарды толық орындауға

      міндеттенемін.

      Ақпараттық жүйелерде жазылған, заңмен қорғалатын мәліметтерді пайдалануға

      келісемін __________________________________________________

      20 __ жылғы "__" ____ (Электрондық цифрлық қолтаңба)

      Қоса беріліп отырған құжаттар

      20 __ жылғы "__" ____ (Электрондық цифрлық қолтаңба)

  Өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтардың тізбесіне
5-қосымша
Сәйкестікті растау жөніндегі
сарапшы-аудиторларды
аттестаттау, аттестаттарының
қолданылуын ұзарту және
"Сәйкестікті растау жөніндегі
сарапшы-аудиторды ттестаттау"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына 4-қосымша
Нысан

___________________________________________________________________

(аттестаттау органының толық атауы)

      сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестатының қолданылуын ұзартуға

      беруші жеке тұлғадан___________________________________________

      ______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, лауазымы, жұмыс

      орны, мекенжайы, телефоны)

      Өтініш ______________________________________________________________

      (аттестаттау бағыты) сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестатының

      қолданылуын ұзартуды сұраймын. Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу

      саласындағы заңнамасында белгіленген сарапшы-аудиторларға қойылатын

      талаптарды толық орындауға міндеттенемін.

      Цифрлық жүйелерде жазылған, заңмен қорғалатын мәліметтерді пайдалануға

      келісемін_____________________________________________________________

      20 __ жылғы "__" ____ (Электрондық цифрлық қолтаңба)

      Қоса беріліп отырған құжаттар 20 __ жылғы "__" ____

      (Электрондық цифрлық қолтаңба)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады