БҰЙЫРАМЫН:
1. "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық аткілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Автомобиль магистральдар, темір жол көлігі желілері, метрополитеннің жерүсті учаскелері үшін, сондай-ақ әуе кемелерінің ұшу және қону, ғарыш аппараттарын ұшыру аймағындағы ұшудың стандартты бағыттарының бойында проекциядан жер бетіне СҚА режимі бар және химиялық, биологиялық және физикалық әсерлерден гигиеналық нормативтерде белгіленген мәндерге дейін төмендетуді қамтамасыз ететін, объектіден қашықтық (бұдан әрі – санитариялық ажырау) белгіленеді.
Санитариялық ажыраудың шамасы әрбір нақты жағдайда атмосфералық ауадағы ластаушы заттар шығарындыларының таралуын және физикалық әсер ету (шу, діріл, ЭМӨ және басқа физикалық факторлар) деңгейлерін есептеу негізінде белгіленеді.
Санитариялық ажырауды белгілеу кезінде, оның ішінде Санитариялық қағидалардың 2-8-қосымшаларында көрсетілген объектілер үшін ғарыш аппараттарын ұшыруды, әуе кемелерінің ұшу және қону аймағындағы ұшудың стандартты бағыттары бойындағы әуеайлақ маңы аумағындағы санитариялық ажырауды қоспағанда, санитариялық ажырауды негіздеу жобасын әзірлеу талап етілмейді (осы Санитариялық қағидаларға 9-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес санитариялық ажырау белгіленеді).";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Әуежайлар, аэродромдар, вертодромдар айналасында әрбір нақты жағдайда атмосфералық ауа ластануының таралуы мен атмосфералық ауаға физикалық әсер ету (шу, діріл, ЭМӨ және басқалар) деңгейлері есептерінің негізінде, сондай-ақ заттық зерттеулер мен өлшеулердің, (қауіптіліктің I және II сыныптарындағы объектілерге арналған) халықтың денсаулығы мен өмірі үшін тәуекелді бағалау нәтижелерінің негізінде пайдаланудың ерекше режимі бар арнайы аумақ (өндірістік объектілерден СҚА және әуе кемелерінің ұшу және қону, ғарыш аппараттарын ұшыру аймағындағы ұшудың стандартты бағыттарының бойында проекциядан жер бетіне әуеайлақ маңы аумағындағы санитариялық ажырау) белгіленеді, оның өлшемі ластанудың атмосфералық ауаға әсерін (химиялық, биологиялық, физикалық) гигиеналық нормативтерде белгіленген мәндерге дейін азайтуды қамтамасыз етеді.
Есептеулерді, заттық зерттеулерді және өлшеулерді, (қауіптіліктің I және II сыныптарындағы объектілерге арналған) халықтың денсаулығы мен өмірі үшін тәуекелді бағалауды қоса алғанда, ұйымдастыру мен жүргізу іс-шаралардың орындалуын аэродромдар мен вертодромдардың меншік иелері қамтамасыз етеді.";
мынадай мазмұндағы 24-1 тармақпен толықтырылсын:
"24-1. Әуеайлақ маңы аумағындағы санитариялық ажырау шекараларында жобалау құжаттамасында халықты химиялық және/немесе физикалық әсерден қорғау жөніндегі негізделген іс-шаралар әзірленген және іске асырылған жағдайда қолданыстағы тұрғын және қоғамдық құрылыстарды қоспағанда әуе қозғалысын және әуе тасымалын ұйымдастыруға және қызмет көрсетуге, жолаушылар мен әуе кемелеріне қызмет көрсетуге арналмаған объектілерді, сондай-ақ әуежай инфрақұрылымына жатпайтын объектілерді орналастыруға жол берілмейді.".
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы |
Т. Мұратов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикаcының
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
